Похожие презентации:
Қартар үйі
1. Қартар үйі
Қазіргі қарттар үйі әу баста жасы ұлғайып,қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерді
әлеуметтік қорғау мақсатымен, өткен ғасырдың
50-60 жылдары құрылған мекеме десетін.
Таяуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі
отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын
марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Егде
жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде
өмір сүруде, ал олардың көбінің дені сау,
табысты балалары бар.
2.
Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздіңдәстүрімізде жоқ, ата салтымызда болмаған. Қоғам
туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді
әрекеттерді масқара құбылыс ретінде бағалауы тиіс», —
деген еді ерекше қынжылыспен. Міне, Елбасының бұл
сөзінен қазақ халқының қатыгездікке бой алдырып, қарт
ата-аналарына қасірет шектіруге дейін қадам
басқандығын қатаң ескерткендігін аңғару қиын емес-ті.
Әуелі Елбасының қарттар үйінде 7 мыңдай қартымыз
бар деуіне біз аздап түзету енгізгіміз келеді. Олай
дейтініміз, бүгінгі статистикалық мәліметтер мүлдем
басқаша сайрайды. Енді солардың бір-екеуіне жүгініп
көрелік. Қазақстан Республикасының статистика
агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі қарттар үйі
67-ге жетіп, онда 12 мың адам тұрып жатса керек.
Олардың көп бөлігі ШҚО-да (11 қарттар үйі, 2380 орын)
жұмыс істейтін көрінеді.
3.
Одан кейінгі орында Ақмола облысы (10 қарттар үйі, 1103 орын) жәнеҚостанай облысы (9 қарттар үйі, 1129 орын) тұр десе, еліміздің Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүргізген есебі
бойынша 2012 жылы қарттар үйінің саны 87-ге жетіп, мұнда 35 мыңға
жуық адам орналасты деп дабыл қағып отыр. Әрі олардың 45,5 пайызын
әйелдер қауымы құрайды деп хабарлайды. Міне, шындық пен
жалғандықтың арасы жер мен көктей. Бір кемшілігі, бұл мәліметтерде
қай ұлттың өкілі қанша пайызын құрайтындығы ашық жазылмаған.
4. Қатыгездіктің мың мысалы
Ардагерлер үйінде кімдер жоқ дерсіз: мұнда ғалым да,инженер де бар. Тіпті, кезінде оқу-ағарту министрінің
орынбасары болып қызмет атқарған Әуезхан Қанафин де
осы жерде өмір сүріп жатыр. Алаш арысы Жүсіпбек
Аймауытұлының баласы да осы үйде дүниеден өтті.
Мұндағы қарттарымыздың өмірі қапастағы құстың өмірі
сияқты. Олар жастықта бейнет көрді. Бірақ Алла оларға
соның зейнетін көруді жазбаған сияқты. Тағдырларына
налып еріксіз жылайды, бірақ жұбататын қасында туысы
жоқ. «Бір аяғы төрде, бір аяғы көрде тұрған қарттардың
бала-шағасы жоқ емес. Тек «Он бала бір әкеге жүк болмай,
бір әке он балаға жүк болғанның кері», — дейді Алматыдағы
Ардагерлер үйі директорының орынбасары Мұрат Әбенұлы.
Міне, қарттар үйіндегі қарттардың жағдайы осылай.
Сондағы қарттардың жәутеңдеген мұңды көздері мен
жылулық күткен жүректеріндегі орны толмас өкініштерінің
табын ет жүректі кім де болса сезінбеу мүмкін емес!
5.
Көзінен бұлбұл ұшып мақпал күйіпТар бөлме болды тағдыр тартқан сыйы
Ардақты әкелер мен аналардың
Баратын жері ме еді қарттар үйі
Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын
Күтеді терезеден аңсағанын
Әкесі жатыр мұнда қанша адамның
Арманы жатыр мұнда қанша ананың
Осы ма қартайғанда көрмегені
Бір орын жетпеді ме бөлмедегі
Бауырым, ата-анаңа не жасасаң
Алдыңа сенің де ертең сол келеді
6.
Жүзінен көрдім ұғып шаршағанынКүтеді терезеден аңсағанын
Әкесі жатыр мұнда қанша адамның
Арманы жатыр мұнда қанша ананың
Қарттықтың ортақ ақ бар күйі
Есіне келер ұрпақ сақтар жиі
Қасиет болса егер ұл мен қызда
Қазақта болмау керек қарттар үйі
Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын
Күтеді- ау терезеден аңсағанын
Әкесі жатыр мұнда қанша адамның
Арманы жатыр мұнда қанша ананың