1.67M
Категории: БиологияБиология ЭкологияЭкология

Қызыл кітапқа енген сирек қорғауға алынған өсімдіктер

1.

«Болашақ» жоғарғы медициналық колледжі
Тақырыбы: Қызыл кітапқа енген сирек қорғауға алынған өсімдіктер
Пәні: Ботаника
Тобы: Фм:11-22-1гр
Орындаған: Қордашова Жансая
Қабылдаған: Қаниева Қарлығаш

2.

“Қызыл кітапта” дүниежүзінде жоғалып кету қаупі бар ерекше қорғалатын жануарлар
мен өсімдіктер жазылған. Кітапта ерекше қорғалатын өсімдік мен жануар атауы ғана
емес, сонымен қатар олардың қазіргі саны мен жағдайы да көрсетіледі. “Қызыл
кітапқа” енген жануарлар мен өсімдіктер ерекше қорғалуы керек.
“Қызыл кітапта” халықаралық, ұлттық немесе аудандық болып бөлінеді. Әр елдің өз
“Қызыл кітабы” бар. Кей мемлекетте бұл кітап заң құжаты түрінде қолданылады, яғни
онда жазылған жануар мен өсімдікті бүлдірсе, қылмыскердің қалай жазаланатыны да
бекітілген.
Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар. Қара
беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі.
Мысалы, енді ғаламшарымызда теңіз сиыры жоқ. Қызыл беттерде жойылу қаупі бар
жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық
арада ілбіс немес қар барысы секілді жануарлар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу
қаупінде тұрмыз. “Қызыл кітаптың” сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан
жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ
аюлар немесе қоқиқаздар. Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар
тізімі берілген. Мысалы, көк кит. Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол
жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған орасан жылан – анакондалар жатады. Жасыл
беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен өсімдіктер тізім
берілген. Мысалы, құндыз.
Қазақстанның қызыл кітабына омыртқалылардың 129 түрі, балық пен дөңгелек
ауыздылардың 18 түрі, 3 қосмекенді, 10 бауырымен жорғалаушы, сонымен қатар
құстың 58 түрі, 40 сүтқоректі жануар енген.
Сонымен қатар Қазақстанның қызыл кітабына өсімдіктердің 373 түрі мен
саңырауқұлақтың 13 түрі және 1 қына енген.

3.

Эндемик
өсімдіктер
Дәрілік және
емдік маңызы
бар
өсімдіктер
Күннен күнге
жойылып бара
жатқан
өсімдіктер
Мәдени
өсімдіктер
Қызыл Кітапқа енген
өсімдіктер
Сирек орман
өсімдіктері
мен тоған суы
өсімдіктері
Қазақстан
флорасында
саны шектеулі
өсімдіктер
Жануарлар
тарапынан
азайып бара
жатқан
өсімдіктер
Тек бір
аймақта ғана
таралған
өсімдіктер

4.

Северцов жалғаншөлмасағы (лат. Pseuderemostachys sewerzovii) – ерінгүлділер тұқымдасына
жататын сирек кездесетін, жеке типті туыстың дерлік эндемиктік түрі. Негізгі таралу
ауданы Қаратау жотасы мен Талас Алатауының батыс бөлігі. Жекелеген оқшау тіршілік ортасы
қырғыз жотасы мен Қаржантаудан анықталды. Тасты және шағыл тасты беткейлерде, тау етегі мен
субальпі белдеулерінің басына деін өседі. Көлемі 10 шаршы метр жерде шағын топ болып кездеседі,
бірақ тығыздығы жоғары, бір шаршы метрде 100-180 бұтаққа жетеді. Жынысты жетілген өркендер
үлесі әр жылда әр түрлі, бірақ әдетте 10%-дан аспайды. Қара қошқыл-ақшыл көк "ерінді" гүлдері
мен түйнек тәрізді жуандаған тамыры бар қысқа сабақты ерекше сәндік өсімдік. Мәдени түрде тек
Алматы қаласы ботаника бағында өсірілді. Табиғаттан әкелінген даралары 18 жыл өсіп, 1-2 рет ғана
гүлдеді. Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында қорғалады.

5.

Ақсары жоңышқасы (Medіcago ochroleuca) –
бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа
туысының бір түрі, көп жылдық өсімдік.
Қазақстанда Талас Алатауының батысындағы
Ақсу-Жабағылы тауының солтүстік тасты
беткейлерінде, биік тау белдеулерінде, аршалы
бұта, орман арасында өседі. Биіктігі 75 – 80 см,
сабағы тік, жапырақтары үш құлақты,
жапырақшалары ұзынша, түкті, кейде жалаң
болады. Гүлі сары түсті, бұршағы имек,
бозқоңыр түсті келеді. Маусым – шілде
айларында гүлдейді. Тамыз – қыркүйекте
жеміс береді. Тұқымынан және өсімді жолмен
көбейеді. Ақсары жоңышқа – құнарлы мал
азығы. Сирек кездесетіндіктен Ақсу-Жабағылы
қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның
Қызыл кітабына енгізілген.

6.

Жапырақсыз орашық , жапырақсыз епипогон (лат. Epipogium aphyllum) –
сүйсіндер тұқымдасына жататын сирек кездесетін түр, таралу аймағының оңтүстік
шекарасында орналасқан. Алтай тауларында (Азутау, Күршім жотасы, Тарбағатай,
Иванов жотасы) және Қазақ шоқыларының шығыс бөлінгінде (Кент және Желтау
таулары) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Жапония, Корея, Солтүстік Қытай, Қиыр
Шығыс, Кавказ, Оңтүстік Сібір және Еуропаның солтүстік-шығысында оқшауланған
тіршілік орталары бар. Ылғалды қылқан жапырақты және аралас ормандарда , кейде
шалшықтанған жерлерде де өседі. Ерекше сапрофитті (саңырауқұлақ есебінен
тіршілік етеді) нәзік маржан тәрізді тамырсабағы бар. Құрамында 50, сирек 100
өсімдік бар оқшауланған бір-бірінен алшақ орналасқан топ болып өседі. Вегетативті
жолмен көбейеді. Жаңа өркен ұзын (10 см) созылған тамырсабақ ұшында орналасқан
бүршігінен өседі. Популяция саны төмен және жер үсті өркендерін есептегенде , әр
жылы әр түрлі болады. Ең жақсы популяциялары Марқакөл қорығы мен оның
маңында орналасқан. Түр малды шектен тыс бағу, ормандарды кесу, ылғалдылық
тәртібінің бұзылуынан зардап шегіп отыр. Марқакөлден басқа Батыс Алтай қорығы
мен Қатонқарағай ұлттық паркінде қорғалады. Қазақ шоқыларындағы тіршілік
орталарын ерекше қорғауға алу қажет.

7.

Тораңғы

8.

Тораңғы (лат. Populus section Turanga) – талдар тұқымдасының (лат. Salixacede) теректер (лат. Populus)
туысына жататын ағаш[1]. Қазақстан аумағында тораңғы ағашының 3 түрі өседі. Оның бірінші түрі –
қара тораңғы (лат. Populus diversiolia), ал екінші түрі – ақ тораңғы (лат. Populus pruinosа) деп аталады.
Бұлардан басқа Литвинов тораңғысы да өседі (Винтерголлер, 1976).
Кейбір системалық жүйелерде өзінше бөлек туыс деп есептеледі. Шөлді Арал аймағынан БалқашАлакөл ойысына дейінгі аралықта бұрынғы өзен арналарында, озен жағаларында құмды массивтердің
арасындағы егістіктерде, тіпті, кейде тақырға ұқсас сортаң жерлерде кездеседі. Бұл теңдесі жоқ жуан
діңді және шашыраңқы жарты шар тәрізді әдемі ағаш. Ұзын жолақты қабығы сарғыш-сұр, тереңде,
ұзын сызатта жіңішке. Түрге тән белгілі жас өркендер мен қысқа бұтақтардағы жапырақ пішіні болып
табылад, түрдің атауы да осыған байланысты берілген. Жас өркендердегі жапырақтар қысқа сағақты,
сопақша қияқ тәрізді үшкір тақталы, тақта ұзындығы 7 см-дейін. Бұтақтағы жапырақтар ұзын бүйірі
қысыңқы сағақты, ұзынжығы бірдей, дөңгелек тақталы, жиегі теріс немесе иілген тісті. Тораңғы басқа
теректер сияқты екі үйлі ағаш, желдің көмегімен тозаңданады. Аталық масақтар қысқа, тығыз, жуан
ұзынждығы 2,5 см және жуандығы 0,5 см, гүлдер сагны көп қою қошқыл түсті тозаңқаптары бар. Жеміс
беретін сырғалар аталықтарынан екі есе ұзын. Гүлдеу мерзімінің басында олар тік немесе жоғары қарай
қиғаш, кейін доға тәрізді төменге иіледі. Жемістері - барынша үлкен, ұзындығы 1 см шамасында
қауашақтар бөтелке тәрізді, үстіңгі беті тегіс немесе қыртыстанған. Олар екі жақты ашылады. Тұқым
саны көп, ұсақ, жұқа жібек тәрізді түктер шоғының көмегімен желмен тез таралады. Тораңғы, шөлдің
ландшафттардың жандандыратын, безендіретін тамаша ағаш. Ерекше сән беретін мықты кәрі ағаш.
Биіктігі 30 метрге дейін, діңінің диаметрі 2 метр, өкінішке орай табиғатта мұндай ағаш өте аз.

9.

Жауқазын– лалагүлдер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктің ерте көктемде
пісетін ақ түйнекті баданасы; Лалагүл тұқымдасы

10.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Правила