Похожие презентации:
Озон қабаты
1.
2.
Озонқабаты
3.
Озон қабаты – озонның жоғарыконцентрациясымен ерекшеленетін
стратосфералық қабат. Озон оттегінің Күн
радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін
бөлшектерін сіңіруінен пайда болады. Озон
Күннің ультракүлгін сәлелерінің және электр
разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек
ыдырап, қайта қосылу нәтижесінде үш атомды
озон пайда болады. Озонның ең үлкен
концентрациясы 20 – 25 км биіктікте болады,
мұнда озонның тығыздығы жер бетіне
қарағанда 10 есе көп. Озон қабатының жер
бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ол
ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей,
сәулеленудің алдын алады. Салдары ретінде
мутациялық өзгерістерге ұшырау болып
табылады.
4.
Озон жыртығы, озон тесігі – озоносфера қабатының жарылуынан пайда болады. Антарктида мен Арктикадаерекше байқалады. Бұл құбылыс 20 ғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оның пайда болу себебі әлі
күнге дейін талас тудыруда. Озон тесігі табиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайдарға байланысты, әсіресе
өнеркәсіпте және күнделікті түрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондарды пайдалануға
байланысты пайда болады деп есептелінеді. Соңғы 20 жылда озон жыртығы аясы ұлғая түсті. Озон жыртығы
арқылы күннің ультракүлгін сәлелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы
тірі огранизмдерге қауіп-қатер туғызады. Түрлі вирусты жіне қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкеледі.
Сондай-ақ күннің ультракүлгін радиациясының жоғарылауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез процессі мен
протеиннің түзілуі тежеледі. 1985 ж. Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 ж. Монреаль
хаттамасы қабылданған. Озон жыртығыгы алғаш рет 1985 ж. Ағылшын зерттеушісі Дж. Фарман байқаған.
5.
1. Озон қабаты жайлы не білесің?2. Озон тесігі туралы тағы қандай
ақпаратпен бөлісе аласың?
3. Мәселені шешуге қандай
ұсыныстар айта аласың?