Жамбыл облысы Білім басқармасының Меркі аудандық білім бөлімінің Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі
1.19M
Категория: ПедагогикаПедагогика

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдары

1. Жамбыл облысы Білім басқармасының Меркі аудандық білім бөлімінің Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:
Ата- аналармен
жүргізілетін жұмыстардың
тиімді жолдары
Әлеуметтік педагог:
М.А.Ермуханова

2.

Адам ата- анадан туғанда
есті болмайды, естіп, көріп,
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы жаманды танидыдағы,
сондайдан білгені, көргені көп
болған адам білімді болады
Абай

3.

Ата-аналармен жұмысты тиімді
ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
-Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
-Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына
үлкен әсер ететінін атап өту;
Мектептің бала тәрбиелеудегі саясатын отбасының дұрыс
түсінуі, ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықта
түрлі формадағы жұмыстар жүргізе отырып, баланың тұлға
ретінде дамуына жағдай жасау.
Міндеттері:
Сынып жетекшілерге ата – аналармен жүргізілетін
жұмысты ұйымдастырудың жаңа формаларын насихаттап,
болашақта нәтижелі жұмыс жасату.

4.

5.

Күтілетін нәтиже:
Ата – анамен сынып жетекші ынтымақтаса
байланысу арқылы қазақстандық ұлтжанды,
төзімді,рухани құнды, рух – жігері шыңдалған белсенді
тұлға қалыптасады.

6.

Кіріспе
Қазіргі заман талабына сай оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни
әр баланы жеке қайталанбас тұлға ретінде қабылдап, оның жан – жақты
дамуын зерттей отырып, оқытып, тәрбиелеу сол баланың ата- анасының
қатысуынсыз іске аспайтындығы бәрімізге мәлім болып отыр. Осындай
күрделі, жауапкершілігі мол міндеттерді іске асыруда ата- аналардың
рөлі зор екендігін ескере келе, адамның жеке басының қасиеттері, әдетте
бес жасқа дейін қалыптасады деген пікір бар. Бұл сөздің растығын
өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені адам баласы қажетті қасиеттердің
бәрін мектеп жасына дейін бойына сіңіруге тырысады. Бала әр нәрсеге
құмар: айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын сезінуге
талпынып, өз құрбыларымен және ересектермен нағыз байланысқа
түседі. Ал осы баланы жан – жақты дамытып, өзін танытатын жеке
тұлға ретінде тәрбиелеу – ата- ана мен мұғалімнің міндеті. Бала
алғашқы тәрбие негізін отбасынан алады. Отбасы белгі дәстүрлердің,
жағымды өңегелердің, мұралар мен салт – дәстүрлердің сақтаушысы.
Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата – ана
және отбасы мүшелері нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның
өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат
болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.

7.

Ата–ананың міндеті - мәдениетті адам тәрбиелеуге
және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеп,
жүйелі білім алуына жағдай жасағаны дұрыс,
ата–аналар жиналысына қатысып, мұғаліммен
кездесіп, пікір алысып, баласының мектеп
өмірімен толық араласуына және қоғамдық ісшараларға қатысуға бейімдеу.

8.

Ұстаздың ата-анамен жұмысының мазмұны негізгі үш
блоктан тұрады.
Психологиялық
педогогикалық білімдерін
көтеру
Ата –аналарды оқутәрбие үрдесіне тарту
Ата-аналарды мектеп
басқару ісіне қатыстыру
-Дәріс беру,семинар.
-Конференция
-Ашық
сабақтар,сыныптық
іс-шаралар
-Ата-аналар жиналысы
-Үйірме, біріккен
шығармашылық істер
-Қамқорлыққа алу
-Материалдықтехникалық жағдайы
-Мектеп кеңесі
-сынып
кеңесі,сыныптағы
ата-аналар комитеті.

9.

Қорытындылау
Жан-жак Руссо “Бала туғанда ақ
қағаздай болып туады, оның үстіне
шимайды қалай салсаң қағаз бетіне солай
түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің
қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді”
деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала
тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының
еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы,
сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
English     Русский Правила