4.72M
Категория: БиологияБиология

Бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері мен функциялары

1.

Бұлшық еттердің
физиологиялық қасиеттері мен
функциялары
• ЛҚалыптҚқққыққ
Лектор - қалыпты физиология кафедрасы
доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовна.
semeymedicaluniversity
www.ssmu.kz SSMUofficial

2.

Тірек-қимыл аппараты

3.

Бұлшық еттер түрлері:
1. Қаңқаның көлденең жолақты
бұлшық еттері;
2. Жүректің бұлшық еттері;
3. Бірыңғай салалы бұлшық еттер.

4.

5.

Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуы
қамтамасыз етеді:
1. Ағзаның кеңістікте қозғалуы
2. Дене мүшелерінің қозғалуы
3. Позаны ұстап тұру
4. Жылу өндіру

6.

Бұлшықет элементтері
• Трофикалық аппарат
• Энергетикалық (қуаттық) аппарат
• Арнамалы аппарат
• Жиырылу аппараты

7.

Бұлшықеттің трофикалық аппараты
Оны ядролар мен органеллалар құрайды.
Жиырылу белоктарының синтезін
қамтамасыз етеді.
Бұлшықеттің қуаттық аппараты
Оларды АТФ түзетін митохондриялар
құрайды.

8.

Бұлшықеттің арнамалы аппараты
• Т-жүйесі, триада құрайды. Ол беткей
мембрананың вертикальды өсінділерінен
және құрамында кальций ионы бар
саркоплазмалық ретикулумның екі бүйірлік
цистерналарынан түзілген.

9.

Бұлшықеттердің жиырылғыш аппараты
Оны құрайды:
1. жиырылу белоктары: актин және миозин;
2. модуляторлы белоктар: тропонин және
тропомиозин

10.

Қаңқа бұлшықетінің құрылымы
• Қаңқа бұлшықетінің құрылымдық бірлігібұлшықет талшығы.
• Қаңқа бұлшықетінің функциялық бірлігінейромоторлы немесе қозғалтқыш бірлік.
• Қозғалтқыш бірлік-мотонейрон мен оның
иннервациялайтын бұлшықет талшықтары
тобынан құралады.

11.

ҚҚрл Қозғалтқыш бірлікікҚҚ
• Қозғалтқыш бірлік құрамына енетін
бұлшықет талшықтарының саны әр түрлі
болады және ол бұлшықеттің атқаратын
қызметіне тәуелді.
• Бүтін бұлшықет бірнеше
мотонейрондармен иннервацияланады.
• Бір бұлшықет талшығы әр түрлі
мотонейрондардан иннервация алады.

12.

Қозғалтқыш бірліктің құрылымы
Жұлын
Мотонейрон
Қозғалтқыш
бірліктер
Бұлшықет
талшықтары
Бұлшықет

13.

Бұлшықет талшықтарының
функциялық жіктелуі
Қаңқалық
Тонустық
(Толыққанды ӘП
қамтамасыз ете
алмайды)
Жүректік
Фазалық
(Толыққанды
ӘП қамтамасыз
етеді)
(тез және баяу)
Интрафузальды
талшықтар бұлшықет
ұршығының ішінде
орналасқан
Бірыыңғай салалы
Тонустық
(базальды
тонус)
Экстрафузалды
талшықтар (барлық
басқа талшықтар)
Фазалықтонустық:
Автоматияға
қабілетті және
автоматияға
қабілетсіз

14.

Қаңқа бұлшықет талшықтарының жіктелуі
Тотықтандырғыш сипатты баяу фазалық талшықтар :
• талшықтары осы топқа жататын бұлшықеттер қою қызыл
түсті болады (қызыл бұлшықеттер);
• көп мөлшерлі миоглобин белогі бар, ол оттегіні қосып ала
алады;
• адамның қалпын сақтау қызметін атқарады;
• қатты қажу өте баяу туындайды (миоглобин мен
митохондрийлардың көп болуынан);
• қажудан кейін қызметін тез қалпына келтіреді;
• бұл бұлшықеттердің қозғалтқыш бірліктері көптеген
бұлшықет талшықтарынан тұрады.

15.

Қаңқа бұлшықет талшықтарының жіктелуі
Тотықтандырғыш сипатты жылдам фазалық талшықтар :
• митохондрийлардың көп мөлшері;
• тотығу фосфорлану арқылы АТФ түзуге қабілетті;
• жылдам, жігерлі қимылдарды орындайды;
• айтарлықтай шаршамай жылдам жиырылуды жүзеге
асырады;
• қозғалтқыш бірлігіндегі талшықтардың саны баяу фазалық
талшықтарға қарағанда аз.

16.

Қаңқа бұлшықет талшықтарының жіктелуі
Гликолитикалық тотығу түрі бар жылдам фазалық
талшықтар:
• миоглобин жоқ (ақ бұлшықеттер);
• олардағы АТФ гликолизге байланысты түзіледі;
• құрамында тотықтандырғыш типіндегі жылдам
фазалық талшықтарға қарағанда митохондриялар
аз болады;
• бұндай талшықты бұлшықеттер тез және күшті
жиырылуды дамытады;
• бұлшықеттер салыстырмалы тез қажиды

17.

Қаңқа бұлшықет талшықтарының жіктелуі
Тонустық талшықтар:
• баяу жиырылады (миозин АТФ азасының белсенділігі
төмен );
• баяу босаңсиды;
• бұл типтегі талшықтар ӘП өндірмейді;
• " барынша немесе ештеңе емес» заңына бағынбайды ;
• дара импульс айтарлықтай жиырылу тудырмайды;
• бірнеше импульстер талшықтың біртіндеп өсетін
деполяризациясын тудырады;
• адамда осы типтегі бұлшықет талшықтары көздің сыртқы
бұлшықеттерінің құрамына енеді.

18.

Бұлшық еттің физиологиялық
қасиеттері
1. Қозғыштық – бұлшық еттің тітіркендіргіш әсеріне қозу
потенциалын түзе отырып жауап бере алу қабілеті;
2. Өткізгіштік – бұлшық еттің ұзына бойы мен ішіне
терең бойлай қозуды өткізе алу қабілеті;
3. Жиырылғыштық – бұлшық еттің қозу кезінде
ұзындығын немесе кернеуін өзгерте алу қабілеті;
4. Эластикалық (созылғыш) – тартқан кезде бұлшық
еттің кернеу өндіре алу қабілеті;
5. Тонустық – бұлшық ет тыныштық, жұмыссыз күйде
толығымен босаңсып тұра алмайды, ол белгілі бір
кернеуді ұстап тұрады, ол тонус деп аталады. Оның сырт
белгісі белгілі бір дәрежеде бұлшық еттердің шымыр
(серпімді) болуымен көрініс береді.

19.

Қозғыштық
• Бұлшықет талшықтарының мембраналық
тыныштық потенциалының мәні шамамен -90 мВ құрайды
• ӘП амплитудасы =120-130мВ
• ӘП ұзақтығы= 1-3мс
• Таралу жылдамдығы = 3-5м / с

20.

Қанқа бұлшықеттеріндегі
биоэлектрлік құбылыстар
Тыныштық
потенциалы
Калийлі табиғаты бар.
Көлемі - 60 – 90 мВ.
Әрекет
потенциалы
Шың тәрізді.
Амплитудасы 120 -130
мВ.
Ұзақтығы:
Көз бұлшық еттерінде
шамамен 1 мс
Тұлға бұлшық
еттерінде– 2 – 3 мс
Бұлшықет талшығы бойымен ӘП таралу
жылдамдығы 3-5 м / с

21.

Өткізгіштігі
Бұлшықет талшығының өткізгіш жүйесіне
мыналар жатады:
• плазмалық мембрананың беткей қабаты
• көлденең түтіктер жүйесі – (Т-жүйесі)
• саркоплазмалық ретикулумның бойлық
түтікшелер жүйесі

22.

Қозуды өткізу жылдамдығы:
-көлденең жолақты қаңқа бұлшық еттері – 3,5-14
м/сек;
-жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының
бұлшық еттері – 0,5-1м/сек;
-ішкі дене мүшелері, қан тамырлары мен терінің
бірыңғай салалы бұлшық еттері– 0,5мм - 510см/сек.

23.

Бірыңғай салалы бұлшықет
функциялары
• Қуыс мүшелер қабырғаларының бірыңғай салалы
бұлшықеттерінің баяу, ырғақты жиырылуы осы қуыс
мүшелер ішіндегілердің қозғалысын және олардан
шығарылуын қамтамасыз етеді;
• Қуыс мүшелердің сфинктеріндегі бірыңғай салалы
бұлшықеттердің ұзаққа созылған тонустық жиырылуы
дене мүшесі ішіндегілердің шығуына кедергі жасайды
(қуықта зәрдің, өт қабында өттің жиналуы және т. б.);
• Қан тамырлары қабырғаларының бірыңғай салалы
бұлшықеттерінің тонусы қан қысымы мен ағзаны қанмен
қамтамасыз ету деңгейін реттейді.

24.

Бірыңғай салалы бұлшықеттердің
физиологиялық ерекшеліктері
• Пластикалық - кернеуді өзгертпестен созылу арқылы берілген
ұзындықты сақтау мүмкіндігі
• Автоматия-спонтанды, автоматты түрде әрекет ету қабілеті (бірыңғай
салалы бұлшықет мүшелерінің қабырғаларында орналасқан жүйке
элементтерімен реттеледі).
• Қаңқаға қарағанда қозғыштығы төмен: олардың тітіркену
табалдырығы жоғары, ал хронаксиясы ұзағырақ.
• ӘП амплитудасы төмен (шамамен 60 мВ).
• ӘП ұзаққа созылған (1-3 сек).
• Қозуды өткізу жылдамдығы - бірнеше мм-ден бірнеше см/сек дейін.
• Жиырылу кезеңі ұзаққа созылған (зат алмасу деңгейі төмен).
• Жиырылу кезінде энергия шығындары төмен .

25.

Қаңқа және бірыңғай салалы бұлшықеттердің
салыстырмалы сипаттамасы
Қасиеті
Қаңқа бұлшықеттері
Бірыңғай салалы
бұлшықеттер
Деполяризации жылдамдығы
тез
баяу
Рефрактерлік кезең
қысқа
ұзақ
Жиырылу сипаты
Тез фазалық
Ұзақ тонустық
Энергия шығыны
Жоғары
Төмен (1/10 нан 1/300 дейін)
Пластикалық
Төмен
Жоғары
Автоматия
Жоқ
Бар
Иннервациясы
соматикалық ЖЖ
мотонейрондарымен
Вегетативті ЖЖ
постганглийлі нейрондары
Жүзеге асырылатын
қозғалыстар
Ерікті
Еріксіз
Химиялық заттарға
сезімталдығы
Төмен
Жоғары
Бұлшықеттің дара жиырылу
қисығы
Фазалар ұзақтылығы қысқа
Барлық фазалар ұзағырақ (1-3
секунд)

26.

• НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
English     Русский Правила