Ж о с п а р :
К І Р І С П Е
1.Мұнай және газ шоғырлары
2. Мұнай және газ шоғырларының А.А Бакиров бойынша жіктемесі
А.А Бакиров
Қ о р ы т ы н д ы
2.64M
Категория: ПромышленностьПромышленность

Мұнай және газ шоғырларының А.А Бакиров бойынша жіктемесі

1.

2. Ж о с п а р :

КІРІСПЕ
1. Мұнай және газ шоғырлары
2. Мұнай және газ шоғырларының
А.А Бакиров бойынша жіктемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3. К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық
кешені еліміздің халық шаруашлығының аса
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз
құрамында отын ресурстарының өндірісі мен
өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей
жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы
болатындай түрінде және белгілі бір сапалық
параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін
кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен
технологиялық объектілерді біріктіреді.

4. 1.Мұнай және газ шоғырлары

Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отынэнергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және
отынды республиканың аймағынан тыс шығару және
электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Мысалы, отынэнергетикалық ресурстарын меншікті өндірудің көлемі
оларды жұмсау көлемінен 15,6%-ға асады.

5.

Мұнай және газдың шоғырлануы

6.

Мұнай (газ) шоғыры - коллектор ролін атқаратын
біршама кеуек жыныстар өңірінде тұтыла отырып,
өз бойынан мұнай (газ) түйіршіктерін өткізбейтін
шымыр жыныстармен қалқаланған мұнай (газ)
шоғыры.

7.

Мұнай (газ) мен су қабаттарының жапсарласу
жазықтығы мұнай шоғырының табаны немесе
сулы-мұнайлы (сулы-газды) деңгейлердің
алмасу жазықтығы деп аталады.

8.

Өз өңірінде
жинақталған
көмірсутектерінің
құрам ерекшеліктеріне
орай, аталмыш
шоғырлар төрт түрге
бөлінеді. Олар:
мұнайлы, газдымұнайлы, газды және
газ қоймалжынды
шоғырлар.

9.

Мұнай мен газдың шоғырлануы - Көмірсутектердің жер
қыртысындағы тау жыныстарының нақтылы аумағына
жылжып келу қарқыны олардың сол аумақтан
шығындану қарқынынан артығырақ мөлшерлермен
сипатталатын көмірсутектер қоныс
аударуы миграция процесінің арнаулы сатысы.

10.

Мұнай шоғырлары әдетте өз ауқымында көмірсутекті
газдардың азды-көпті мөлшерін кіріктіреді, ал газ
шоғырлары мұнай тамшыларынан мүлдем таз күйінде
немесе оларды шағын мөлшерде ғана кіріктірген күйде
ұшырасуы ықтимал.

11.

Мұнай мен газ шоғырлары өздерінің көлемі, тау
жыныстары капиллярлың жүйесінде, сақталу
тұрақтылығы және ұзақтығы тұрғысынан алғашқы
және кайталама шоғыр болып екі түрге бөлінеді.
Алғашқысы мұнай мен га жиынтығының тік
бағыттағы ұзындығы көмірсутектің кіріктіруші
кеуекті немесе жарықшақты — кеуекті
таужыныстарының капиллярлық қысымын және
отырып, көмірсутектің қалқып шығу мүмкіндігін
қамтамасыз ете алған жағдайда қалыптасады.

12.

Мұндай жиынтықтардың кеуекті орталардағы
тік бағыттағы ұзындығы әдетте ондаған
сантиметрден аспайды. Алғашқы шоғыр
жиынтықтарының қозғалысы ең жаңын
орналасқан тектоникалық, литологиялық неме
се гидравликалық қалқаға жетіп шектеледі де,
нақ осы жазықтың бойында олардың бірбірімен косыла отырып іріленуі, сөйтіп
бағытталған ағымдардың пайда болуы жүзеге
асады.

13. 2. Мұнай және газ шоғырларының А.А Бакиров бойынша жіктемесі

Аймақтық мұнайгазды аумақтардың жер
қыртысының түрлі типтеріне жататын
геоқұрылымдық элементтерімен (күмбездермен,
ойыстармен, ойысымдармен, ірі-ірі белбелестермен т.с.с.) тығыз байланыста
қалыптасатындығын ескере отырып, А.А.Бакиров
аймақтық мұнайгазды аумақтардың жіктелімін
жасақтап, олардың бір-біріне иерархиялық
бағыныштылық тізбегін ұсынды.

14. А.А Бакиров

15.

Тектоникалық принципті негізге ала отырып,
А.А.Бакиров мұнайгаздылықты аудандастырудың
басты-басты бірліктері ретінде платформалар мен
қатпарлы аумақтар ауқымында орналасқан
мұнайлы-газды провинцияларды, өлкелерді
(облыстарды) және белдемдерді ұсынады.

16.

Мұнайгаз кіріктіретін кешендер өздерінің
таралу ауқымы тұрғысынан аймақтық,
суьаймақтық, белдемдік және жергілікті
(шағын) болуы мүмкін (А.Бакировтың
жіктемесі, 1969).

17.

Аймақтық мұнайлы-газды кешендерге
қарасты түзілім кешендері қимасындағы
көмірсутек шоғырлары тұтас мұнайлы-газды
провинция ауқымын немесе оның ауқымды
бөлігін қамтиды. Субаймақтық мұнайлыгазды кешендерге қарасты таужыныс
кешендері өздерінің таралу ауқымы
тұрғысынан алғанда нақтылы провинция
ауқымындағы бір ғана мұнайлы-газды өлкені
(облысты) құрайды.

18.

Нақтылы ауданға немесе белдемге тиесілі мұнайгаз
шоғырларын кіріктіретін аумақтар белдемдік мұнайлыгазды кешендерді кіріктіреді. Ал жекелеген мұнай-газ
шоғырын кіріктіретін таужыныстар қатқабаты жергілікті
(шағын) мұнайлы-газды кешенді ғана құрайтын болады.

19.

Жер қыртысында мұнайгазжаралу және
мұнайгазшоғырлану үдерістерін қаматамасыз
ететін негізгі факторлардың арасында жетекші
рөлді аймақтық тектоника және
палеотектоника иеленеді.

20.

А.А.Бакиров геологиялық әдебиетте бұрын-соңды
жарық көрген түрлі-түрлі геологиялық жағдайларда
қалыптасқан мұнай мен газ шоғырларының бүкіл Жер
шары бойынша оналасу ерекшеліктері жайлы
деректерді қорытындылай келе мұнайлы-газды
аумақтар мен олардағы мұнай-газ шоғырларының
орналасу карталарының тұтас сериясын құрастырды.

21.

А.А.Бакировтың жіктемесіне сәйкес, жер
қойнауындағы мұнай мен газ шоғырлары
жергілікті (локальная) және аймақтық
болып екі категорияға жіктеледі.

22.

Жергілікті шоғырларға жекелеген жатындар
мен жатындар жиынтығы (кенорындар)
жатқызылса, аймақтық шоғырлар
мұнайгазжинақталу белдемдері түрінде
көрініс береді. Бұлардан өзге мейілінше ірі
мұнайлы-газды аумақтар да дараланады,
олар мұнайлы-газды аудандар, өлкелер
(облыстар), провинциялар және белдеулер
деп аталады.

23.

Мұнай немесе газ жатыны дегеніміз өтімді, яки
кеуекті таужыныстардан немесе жарықшақты
таужыныстардан тұратын жинауыштарға
жинақталған мұнайдың немесе газдың жекелеген
жергілікті табиғи шоғыры. Жатындар жиынтығы
(кенорын) – жалғыз ғана жергілікті алаңға
орналасқан бір немесе бірнеше табиғи
тұтқыштарда (ловушка) жинақталған бірнеше
жатындардың жиынтығы.

24.

Табиғатта мұнай мен газдың жекелеген жатындары мен
жатындар жиынтығының көптеген түрлері ұшырасады. Олардың
жіктемесі мұнай мен газ жатындары мен жатындар
жиынтығының қалыптасу үдерісі өздерімен генетикалық
тұрғыдан байланысты болып келетін арнаулы тұтқыштар
қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері тұрғысынан жасақталады.

25.

Мұндай жіктеме
мұнай мен газға деген
іздеу-барлау
жұмыстарына
нақтылы бағыт-бағдар
сілтеуге мүмкіндік
бере отырып, аса
шығынды әрекет
болып табылатын іздеу
және барлау
ұңғымаларын
шамадан тыс артық
бұрғылау тәжрибесіне
жол бермейді.

26.

А.А.Бакиров осы принципті негізге ала
отырып және кезінде И.М.Губкин ұсынған
жіктемені одан әрі дамыта отырып, мұнай
мен газдың жергілікті шоғырларының
төмендегідей кластарын ұсынды.

27.

Құрылымдық типтегі класс. Мұнай мен газдың
жатындары мен жатындар жиынтығын
қалыптастырудағы жетекші рөлді
құрылымдық фактор атқарады.
Литологиялық типтегі класс. Бұл
жағдайда жетекші рөл
литологиялық факторға тиесілі.
Кедертас (риф) типтегі класс.
Мұнай мен газдың жатындары
мен жатындар жиынтығын
қалыптастыруы кедертастармен
(рифтермен) байланысты.
Стратиграфиялық типтегі класс. Мұнай мен газдың
жатындары мен жатындар жиынтығы қалыптасуы
жинауыштың (коллектор) одан гөрі жастау және
флюидтерді өткізбейтін жаралымдармен үйлесімсіз
көмкеруілуі нәтижесінде жүзеге асады.
Аралас табиғатты типтегі класс. Мұнай
мен газ жатындары жиынтығын
қалыптастыруға құрылымдық,
литологиялық, стратиграфиялық т.б,
факторлардың барлығы да әсер етеді.

28. Қ о р ы т ы н д ы

Нарықтық экономика жағдайында
жоспарлау экономикалық және әлеуметтік
іс-әрекеттің барлық жақтарын барынша
қамтудың түрінде болып келуі мүмкін.
Алайда нарықтық экономика
жоспарлауды жоққа шығармайды, себебі
жоспар дегеніміз тиісті түрде ресімделген
басқрамалық шешім болып табылады.

29.

1. Нұрсұлтанов Ғ.М."Мұнай және газды өндіріп, өңдеу"
2. Шуров В.И. «Технология и техника добычи нефти М. 1983 г.
3. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша
түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға
еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М.
Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.
1. https://ru.wikipedia.org/
English     Русский Правила