Похожие презентации:
Мен армандайтын мектеп
1.
2.
Сабақтың мақсаттары:Оқушылардың барлығы: тірек сөздер, автор көзқарасы
мен көңіл-күйі арқылы негізгі ойды анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі: болжалдық сан есімді
жазбаша, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.
3.
-болжалдық сан есім мен жасалу жолдарын меңгереді;-болжалдық сан есімдерді ауызша жұмыстарда орынды
қолданады;
- тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды.
4.
техникалықжабдықталған
жан-жақты
дамуға мүмкіндігі
бар орта құрылған
білімді,
тәжірибелі
мұғалімдері бар
5.
Артықшылық, ерекшелікТалап
Өзекті
Білімпаз кісі, оқымысты
Кемшілік
6.
1. Есептік сан есім.2. Реттік сан есім.
3. Жинақтық сан есім.
4. Болжалдық сан есім.
5. Топтау сан есім.
6. Бөлшектік сан есім
7.
1)2)
3)
Есептік сан есімдерге-лаған/ -леген, -даған/-деген, таған/-теген,-дай/-дей, -тай/-тей, жұрнақтары жалғану
арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, жетпістей.
Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне
жатыс септік жалғауы (-да/-де, -та/-те, -нда/-нде)
жалғану арқылы жасалады. Мысалы: елулерде, ондарда.
Есептік сан есімдердің қосарлануы (он-он бес) арқылы
жасалады. Мысалы:он-он бес, қырық-елу.
Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман,
тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы
жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңға тарта
8.
Биыл 1-сыныпқа (90) оқушы қабылданды. 2. Екінші қабаттағысыныптарға (50) компьютер қойылды. 3. (5000) кітап бар кітапхана
жұмыс істейді. 4. Мектепте (10) үйірме бар. 5. Үйірме жетекшісіМақсат ағайдың жасы (45). 6. Мектепте (80) білімпаз мұғалім сабақ
береді.
Дескриптор: Білім алушы
-есептік сан есімдерді болжалдық сан есімдерге айналдырады;
-болжалдық сан есімдердің жасалу жолдарын көрсетеді.
9.
Биыл 1-сыныпқа тоқсандай оқушы қабылданды. 2. Екіншіқабаттағы сыныптарға елудей компьютер қойылды. 3. Бес
мыңға жуық кітап бар кітапхана жұмыс істейді. 4. Мектепте он
шақты үйірме бар. 5. Үйірме жетекшісі-Мақсат ағайдың жасы
қырық бестерде. 6. Мектепте сексенге жуық білімпаз мұғалім
сабақ береді.
Жасалуы:
Тоқсан-түбір, -дай-жұрнақ.
Елу-түбір, -дей-жұрнақ;
Он-сан есім, шақты-көмекші сөз
Бес-түбір, тер-көптік жалғау, -де-жатыс септіктің жалғауы;
Сексен-түбір, -ге-барыс септігінің жалғауы, жуық-көмекші сөз.
10.
Тапсырма №2. 6 бет 5-тапсырмадағыдиалогті түсініп оқы. Тірек сөздер арқылы
тақырыбы мен негізгі ойды анықта.
Тірек сөздер:инновация, ғаламтор, компьютер, білімпаз кісілер, үйірме, жаңаша
жұмыс істеу, өркениет.
Дескриптор:
-тірек сөздер арқылы мәтінге ат қояды;
-диалогтың негізгі идеясын анықтайды.
11.
Саша, сәлем! Оқу жылының басталуымен құттықтаймын!-Рақмет, Әлібек, сені де құттықтаймын!
-Мектебіңде қандай инновация бар?
-Біздің мектебіміз жаңа, сондықтан көп артықшылығымыз бар. Сексеннен аса кең әрі
жарық кабинет бар. Олардың барлығы талапқа сай. Жаңа компьютермен
жабдықталған, ғаламтор қосылған. Бес мыңдай кітап қоры бар кітапхана жұмыс
істейді. Мұғалімдеріміз де -білімпаз кісілер. Бізге басқа не керек?
-Солай деп ойлайсың ба? «Өзекті мәселе шешілген, кемшілік жоқ»,-дейсің ғой?!
-Айтпақшы, ұмытып барамын, мектепте жүзу бассейні бар. Он шақты үйірме жұмыс
істейді. Би, домбыра, қазақша күрес, самбо, таэквондо, тоғызқұмалақ және тағы
басқа...
-Оның бәрі жақсы-ау... Бірақ қазір мектептер жаңаша жұмыс істей бастады ғой.
-Сонда бұлар -инновация емес пе?
-Қазір өркениетті елдердің мектептерінде оқушылар сабақты өздері таңдап оқиды
екен...
12.
Тақырыбы: «Сашаның мектебі».Негізгі ой: Заманауи мектеп қандай болу керек?
13.
Менармандайтын
мектеп
Дескриптор:
-оқушы өз ойын жүйелі жеткізеді;
-саралап талдайды.
14.
Білімді, білікті мұғалімдері барЗаманауи технологиямен
жабдықталған
өзін-өзі басқару бар
Мен
армандайтын
мектеп
жан-жақты дамуға
жағдай жасалған
әр оқушының
ерекшелігі
ескерілген
заманауи үлгідегі
ғимарат
15.
16.
Болжалдық сан есім туралы мәлімет алдым;болжалдық сан есімді жазбаша, ауызша жұмыстарда
орынды қолдануды үйрендім;
тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл-күйі арқылы
негізгі ойды анықтадым.