Азаматтықты тоқтату негіздері
Азаматтықтан шығу
1.84M
Категория: ПравоПраво

Сайлау құқығы, азаматтық мәселесі, мемлекеттік органдар

1.

4-дәріс. Сайлау құқығы, азаматтық мәселесі,
мемлекеттік органдар.
1. Сайлау құқығы
2.Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
3. Қазақстан Республикасының азаматтығы: жалпы
сипаттамасы мен ұғымы
4. Мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Негізгі ұғымдар: Конституция, сайлау, азаматтық, мемлекеттік орган

2.

• Сайлау –дауыс беру көмегімен қоғамдық бірлестіктерді
құру тәсілі.
• 1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының
тегiне,
әлеуметтiк,
лауазымдық
және
мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез
келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс
беруге қатысу құқығы.
• 2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы
азаматтарының
Қазақстан
Республикасының
Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң,
мәслихатының депутаты, аудандық маңызы бар қала,
ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе жергiлiктi өзiнөзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

3.


Сайлау –дауыс беру көмегімен қоғамдық бірлестіктерді
құру тәсілі.
5-бап. Тең сайлау құқығы
1. Сайлаушылар Президентті, Парламент Мәжілісі мен
мәслихаттардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын
депутаттарын сайлауға, сондай-ақ аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін
сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың
әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы
болады.
2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергілікті өзінөзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең
негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс
саны болады.
3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және
шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

4.


• Жанама сайлау құқығы
1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға
таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты
болып
табылатын Республика азаматтары қатысады.
2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең
негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат
депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

5.


Сайлау жүйелерi
1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын,
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс
санаудың мынадай жүйесі қолданылады:
дауыс
беруге
қатысқан
сайлаушылардың
(таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын
алған;
- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда
дауыс
беруге
қатысқан
сайлаушылардың
(таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.
Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары
біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық
тізімдермен сайланады.
Мәслихаттардың депутаттары аумақтық сайлау округі
бойынша саяси партиялар ұсынатын партиялық
тізімдермен сайланады.

6.


Азаматтық алу негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;

7.

• «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы»
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20
желтоқсандағы Заңына сай, Қазақстан
Республикасының азаматы болу
Мына адамдар:
осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын;
Қазақстан Республикасының аумағында туған және
шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтығын алған адамдар Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа
мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

8.

• Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған
жағдайындағы баланың азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып,
бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан
Республикасының азаматы болған жағдайда
бала:
1) Қазақстан Республикасының
территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде
туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың
біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы
территориясында тұрақты тұрғылықты жері
болса, ол Қазақстан Республикасының
азаматы болып табылады.

9.

• Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал
әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп
танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа
толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан
Қазақстан Республикасының азаматы болады.
Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде
тұрақты
тұрған
ретте
оның
азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы
бойынша анықталады.

10.

Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған
кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының
азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының
екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде
тұрақты
тұрғылықты
жері
болса,
Қазақстан
Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы
ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша
анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан
Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі
азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы
белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

11. Азаматтықты тоқтату негіздері


Қазақстан Республикасының
азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы
азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалту;
3) Қазақстан Республикасының
азаматтығынан айыру салдарынан
тоқтатылады.

12. Азаматтықтан шығу


Қазақстан Республикасы азаматтығынан
шығуға адамның осы Заңда белгіленген
тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат
етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы
адамның Қазақстан Республикасы алдындағы
міндеттемелерінің немесе мүліктік
міндеттемелерінің орындалмағандары болып,
олармен азаматтардың немесе Қазақстан
Республикасы территориясында орналасқан
кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың,
қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері
байланысты болса, Қазақстан Республикасы
азаматтығынан шығарудан бас тартылуы
мүмкін.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Правила