11.31M
Категория: СтроительствоСтроительство

Ішкі және сыртқы жерге тұйықтау контурларын монтаждау

1.

Сабақтың тақырыбы:
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖЕРГЕ
ТұЙЫҚТАУ КОНТУРЛАРЫН
МОНТАЖДАУ
Оқытушы: магистр., Мұқат Ж.Қ

2.

• Қорғаныстық жерге тұйықтау - бұл жерге немесе оның электр қондырғының оқшаулағышының бұзылуы
салдарынан кернеу астында болуы мүмкін металлдан жасалған тоқ өткізбейтін бөліктерінің баламасына əдейі
электрлік қосылу. Ол электр қондырғыларындағы жұмыс оқшаулағышының зақымдануы кезінде адамдарды электр
тоғының зақымдануынан қорғау үшін қызмет етеді.
• Жерге тұйықтаудың қорғаныс əрекеті жерге қатысты электр жабдығы корпусының кернеуін төмендетуге
негізделген. Қорғаныстық жерге тұйықталу оқшауланған бейтараптамасы бар желілердегі кернеуі 1000 В дейінгі
электр қондырғыларда жəне оқшауланған, сонымен қатар көздің тікелей жерлендіріліген бейтараптамасы бар 1000
В желілерде тиімді қорғаныс шарасы болып табылады. Оны кернеуі 380 В жəне одан жоғары болатын ауыспалы
тоқ жəне 440 В жəне одан жоғары тұрақты тоқ электр қондырғыларында орындайды. [25]
• Жерге тұйықтау құрылғыларын есептеудің екі əдісі бар:
• 1. Топырақтың біртекті құрылымын ескеретін электродтарды қолдану коэффициенттерінің əдісі;
• 2. Топырақтың көп қабатты құрылымын ескеретін бағытталған əлеуеттер əдісі (ол күрделі жерге тұйықтағыштарды
есептеу кезінде қолданылады).
Бұл жұмыста электродтарды қолдану коэффициенттерінің əдісі қолданылады.

3.

Жерге тұйықтау жəне оны орнату талаптары электр қондырғыларын
орнату қағидаларымен регламенттеледі. Электртехникадағы жерге
тұйықтау табиғи және жасанды болып бөлінеді Табиғи жерге
тұйықтау. Жерге тұйықтағыш — жерге тұйықтайтын өткізгішпен
қосылған метал өзекше. Табиғи жерге тұйықтауға құрылымы жердегі
тұрақты орналасуды көздейтін конструкциялар жатады. Олардың
кедергісі ешқандай жолмен реттелмегендіктен жəне олардың кедергі
мəніне ешқандай талаптар қойылмайтындықтан, табиғи жерге тұйықтау
конструкциясын электр қондырғысы жерге тұйықтау ретінде пайдалануға
болмайды. Табиғи жерге тұйықтағыштарға мысалы, құбырлар жатады

4.

5.

Жасанды жерге тұйықтау. Жасанды жерге тұйықтау – жерге тұйықтағыш
құрылғысы бар электр желісінің, электр қондырғысы немесе жабдықтарының
қандай да бір нҥктелерін əдейілеп электрлік жалғау. Жерге тұйықтау
қҧрылғысы (ЖТҚ) жерге тұйықтағыштан (өткізгіш бөліктерінен немесе жермен
тікелей немесе аралық өткізгіш орта арқылы электрлік тҥйісетін, өзара қосылған
өткізгіш бөліктерінің жиынтығы) жəне жерге тҧйықталған бөлігін (нүктесін)
жерге тұйықтағышпен жалғайтын жерге тұйықтау өткiзгiшінен тұрады. Жерге
тұйықтағыш қарапайым металл өзекті (болаттан жиірек, мыстан сирек) немесе
арнайы пішінді элементтердің кҥрделі кешені болуы мҥмкін. Жерге тұйықтау
сапасы жерге тұйықтағышэлектродтардың ауданын ұлғайта жəне жердің
электрлік кедергісін азайта отырып, жерге тұйықтағыш электродтардың санын
көбейте жəне (немесе) олардың тереңдігін ұлғайта отырып; оны қыздырып,
топырақтағы тұз концентрациясын жəне т.б. арттыра отырып, жерге тұйықтау
кедергісі, тоқ ағынының кедергісі (төмен болғаны дұрысырақ) мəнімен
анықталады.

6.

7.

Жерге тҧйықтау қондырғысының электр кедергісі əр жағдайда əртҥрлі
жəне ЭҚОҚ талаптарына жəне тиісті стандарттарға сəйкес белгіленеді
(нормаланады).
Электр қондырғылары электр қауіпсіздігі шараларына қатысты
тӛмендегідей бӛлінеді:
■ тікелей жерге тұйықталған немесе тиімді жерге тҧйықталған
бейтараптамалы желілерде кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғылары;
■ доға сөндіргіш реактор немесе бейтарап резистор арқылы оқшауланған
немесе жерге тұйықталған желілерде кернеуі 1 кВ жоғары электр
қондырғылары;
■ тікелей жерге тұйықталған бейтараптамалы желілерде кернеуі 1 кВ
жоғары электр қондырғылары;
■ оқшауланған бейтараптамалы желілерде кернеуі 1 кВ жоғары электр
қондырғылары

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

1. Қорғаныстық жерге тұйықтау есебі
1.1. Жерге тұйықталудың есептік тоғын анықтау.
Жерге тұйықталу тоғы деп жерге тұйықталу орны арқылы ағатын тоқ аталады.
Тікелей жерлендірілген бейтараптамасы бар, кернеуі 1000 В жоғары болатын электр қондырғыларда есептік
ретінде жақындатылған формула бойынша есептелген тоқты қабылдауға болады:

16.

17.

Табиғи жерге тұйықтағыштар ретінде жанғыш сұйықтықтардың,
жанғыш
немесе
жарылғыш
газдар
мен
қоспалардың
құбыржолдарын, жермен жанасатын ғимараттар мен құрылыстардың
металл жəне темір-бетон құрылымдарын, топырақта орналасқан
басқа да металл құрылымдарын қоспағанда, жерде салынған су
құбыры мен басқа да металл құбыржолдарын пайдалану ұсынылады.
Табиғи жерге тұйықтағыштар жерге тұйықтау магистральдарымен
əр жерде кемінде екі өткізгішпен жалғанады. Табиғи жерге
тұйықтағыштардың жайылу тоғына қарсылық егер мүмкіндік болса,
өлшеу көмегімен немесе есептеу жолымен анықталады
English     Русский Правила