13.04M
Категория: ОбразованиеОбразование

ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Қазақ жеріндегі мавзолейлер

1.

ХІІІ-ХІV ғасырлардағы
Қазақ жеріндегі
мавзолейлер
Орындаған: Қойбеков Е
Тексерген: Акимбек А

2.

Рабия султан бегим кесенесі
Рәбия Сұлтан бегім кесенесі байырғы сәулет өнері ескерткіштерінің
бірі. XV ғ-да Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңт.шығысынан 60 м қашықтықта тұрғызылған. 5 бөлмелі кесененің
алдыңғы беті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған. Рәбия Сұлтан
бегім кесенесінің орталық бөлігі цилиндр тәрізді биік барабанға
орнатылған күмбезбен жабылған. Рәбия Сұлтан бегім кесенесінде
алғашында 8 бұрышты бір камералы, цилиндр тәріздес барабанға
бекітілген биік күмбезі бар құрылыс ретінде салынып, кейіннен көп
камералы шаршы жоспарлы құрылыстармен толықтырылған. Кесене өте үлкен архитектуралық кешен. Оның құрамына 5 үлкен бөлме
кіреді. Кесененің қасбеті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған, 8
бұрышты залы және осы залға жапсарлас салынған ұзынша келген
тікбұрышты 2 үй-жай бар.

3.

Рабия султан бегим кесенесі
Сондай ақ кесененің айналасынан табылған майоликалық және
глазурланған тақтайшаларға қарап, оның полихромды қаптамамен
қапталғанын көруге болады. Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде жерасты
қабірханаға кіретін есік бар. Қабірхана сыланып, боялған. Онда терімен
қапталған ағаш табыттар қойылған. Рәбия Сұлтан бегімнің табытында
«бұл құдіретті Әмір Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан,
құдіретті, ұлы сұлтан Ұлықбек Көрегеннің қызы, Құдай кешіріп,
рақымшылық , ізгі жасанды Рәбия Сұлтан бегімнің тыныштық тауып
жатқан жері» деген жолдар бар. Кесене түркістандық жергілікті
архитектуралық дәстүр негізінде салынған алғашқы кесене ретінде өте
маңызды ескерткіш. 1980 жылдан бері қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілген.

4.

Абат Байтақ кесенесі
Абат-Байтақ зират, Батыс Қазақстандағы діни-жерлеу кешені. Сонымен
қатар, Қазақстанның Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Талдысай
аулынан 12 шақырым жерде орналасқан тап осы зират аумағындағы
кесене.
Зират сәулетті жоспарлық және көркем өнер шешімімен ерекшеленетін
әртүрлі мемориалдық құрылыстардан тұрады. Зираттың ортасында
орташа көлемді, екі бөліктен тұратын 11 қырлы конустық күмбезді Абат
Байтақ кесенесі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған.
Ішкі қаланған қабаттарда қаттама кірпіш қолданылған. Кесенеге жақын
жерде XVIII ғасырда Абат Байтақ кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген
кірпіштен салынған басқа кесене орналасқан. Халық арасында оны «Қыз
моласы» немесе «Әулие Қыз» деп атайды.

5.

Абат Байтақ кесенесі
Кесенеден батысқа қарай қашаулы стелалы тастармен өрнектелген,
XVIII-XX ғасырларға салынған 200 ге жуық құлпытастар
табылған.Кейінгі уақытта ескерткіш біржола қиратылып, ғылыми
зерттеулер үшін мәнгі жоғалған қайіпте болды. Тек 1980 жылдарының
бас жағында Қазақстанның Мәдениет Министрінің экспедициясы
аясында археолог Серік Әжіғалиев іс жүзінде оны қайтадан ашты.
1982 жылы зират мемлекеттік маңызы бар тарих пен мәдениет
ескерткіштерінің қатарына енгізілді және мемлекет оны өз қорғауына
алды.
Зерттеулерден кейін Абат Байтақ кесенесін қайта жаңғырту
жұмыстары басталды. Ол үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы
бойынша мемлекеттік бюджеттен 30 миллион теңге және кірпіштерді
күйдіру пешін салу үшін жергілікті бюджеттен 3,5 миллион теңге
бөлінген болатын.

6.

Ботағай кесенесі
Ботағай кесенесі - ХІІІ-ХІV ғасырларға жататын сәулет өнерінің туындысы.
Кесене Ақмола облысы Қорғалжың ауданындағы Нұра өзенінің сол жақ
жағалауында, Қорғалжың ауылынан 2,5 шақырым жерде орналасқан.
Кесене Қазақстандағы ортағасырлық жалғыз кесене. Ботағай кесенесі
көптеген елдің айтуына қарағанда, Қазақстандағы сәулет-құрылыс
өнерінің қайталанбас үлгісі болып табылады. XIX ғасыр ортасы кезінде
кесене қалыпты жағдайда болған, кейіннен ескірген.
1949 жылы Ботағай кесенесінің қалдықтары ғұлама ғалым Әлкей
Марғұланның жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым академиясы Оңтүстік
Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Ә.Марғұлан Татығай
(Тотығай, Ботағай) қаласын Нұра өзенінің сол жағалауындағы ірі
төбелердің біреуінің орнында деп көрсетіп, Каталондық картада (1375)
Нұра өзенінің сағасында белгіленген Ахсикент қаласына балаған.

7.

Ботағай кесенесі
Кесенеге қазба жұмыстары жүргізілгенге дейін ескерткіш диаметрі
шамамен 30 метр, биіктігі 1,5-2 метр сопақ қалыпты төбе болып табылған.
Оның төбесінде металлдан жасалған триангуляциялық бекет орналасқан.
Осы куәліктерден көріп отырғанымыздай, Ботағай Нұра өзенінің сол
жағалауында орналасқан, XVIII-XIX ғасырлардағы саяхатшылармен және
зерттеушілермен орта ғасырдағы қате қабылданған ірі орта ғасырлық
қорымның құрамына кіретін маңызды мемориалдық-табыншылық
ғимараттарының бірі болып табылады. Сақталған суреттер, әдебиет
көздері және зерттеу материалдары бойынша, кесене алебастр
ертіндісінен жасалған күйдірілген қызыл кірпіштен көтерілген,
жоспарында тік бұрышты , биіктігі 10,6 метр үш бөлмелі порталдыкүмбезді құрылыс болып табылады. Кесененің бас қасбеті оңтүстікбатысқа бағытталған.

8.

Кердері кесенесі
Кердері кесенесі (ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ) Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қаратерең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырымда орналасқан.
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған заттай деректер бұл
қалашықта егін, мал шаруашылығымен айналысқандығын көрсетеді.
Үлкен-үлкен тас диірмендер, тұрмыстық шырағдандар, мал сүйектері мен
қыш қаландыларының шашылған бөліктері және мыс теңгелердің табылуы
соны көрсетеді.Ескерткіштерден табылған керамикалық бұйымдар оларды
Алтын Орда дәуірімен мерзімдеуге мүмкіндік берді.
Арал өңірі ескерткіштері жайлы алғашқы мәлімет XVII-XVIII ғасырларда
жарық көрген «Үлкен сызба кітабы» мен Семен Ремезов құрастырған
«Сібірдің сызба кітабы» еңбектерінде кездеседі. Арал өңірінде
археологиялық ескерткіштердің зерттеле бастауы 1867 жылы Ресей
Археологиялық комиссиясының тапсырмасы бойынша осы өңірде
шығыстанушы П.И.Лерх өз жұмысын бастаған болатын

9.

Кердері кесенесі
ХХ ғасырдың басындағы тарихи материалдарға сүйене отырып, тарихшы
мамандар қазіргі Арал теңізі табанындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге
«Кердері» және «Арал асар» деген шартты атау берді. Бұл аталған нысандар
Барсакелмес аралынан 30 шақырымдай қашықтықта орналасқан.
Кердері кесенесі бұрыштарымен әлемнің төрт бұрышына бағытталған және
жоспары жағынан жалпы өлшемі 12х9 м тікбұрышты пішінге ие. Кесененің
іргетасы шамбал тас тақтасынан құйылған, олардың орталық өлшемдері
20х30х15 см-ден 100х50х25 см-ге дейін өзгеріп тұрады және 1,2 м биіктікке
жетеді. Ал ені 2,2 м үш қатармен құйылған. Жалпы кесененің порталды
қабырғалары сары және қоңыр түсті күйдірілген кірпіштен орнатылған.
Өлшемдерінің, сәулет ерекшеліктері мен құрылыс материалдарының
жиынтығына байланысты бұл құрылыс ХІІІ-ХІҮ ғғ. осы аймаққа тән қасбетті
кеңселер түріне жатады. Аталған қалашық туралы ауызша, жазбаша деректер
өте аз.

10.

Ұшқан ата кесенесі
XIV XX ғасырлардың аралығында тұрғызылған кесенелер тобын
құрайтын Ұшқан ата қорымы қазіргі Атырау облысы, Мұнайлы кентінің
оңтүстік жағынан 20 км жерде орналасқан. Ел аузында қорым атауын
өмірде болған әулие Ұшқан ата есімін, ағып жатқан үш бұлақты, яғни
үш аққан және осы маңайда XVIII ғасырдағы қазақ пен қалмақ-торғауыт
арасында өткен қанды шайқасқа байланысты үш қан деген мағынаны
білдіреді деген аңыз сақталған.
Ұшқан мекені орналасқан жер ағып жатқан бұлақ суымен ерекшеленеді,
әсіресе, көктем мен күз айларында ертедегі көшпелі қазақтардың өмір
сүруіне, ортағасырлық сауда-саттық жасаумен айналысқан керуенжүкшілердің тыныс алуына аса қолайлы орын керуен сарайда болған.
Ұшқан ата қорымында бірнеше ғасырлар бойы әр алуан пошымда діни
жерлеу салттарымен тұрғызылған кесенелер тобы қалыптасты.

11.

Ұшқан ата кесенесі
Қорымның оңтүстік-батыс жағындағы Ұшқан ата зираты ертедегі дәстүр
бойынша үстіңгі жақ беті топырақпен үйіліп, басына ағаш белгі қойылған.
Қорымдағы кесенелерге қойылған құлпытастарды үш топқа бөліп
айқындауға болады: шағын қобдиша түрінде текше тастан қашалып, сәнді
өрнектермен безендірілген төбесі жұмырланып бітетін құлпытас XVIII
ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың басында жасалғанын аңғартса,
ұзынша тақта бетіне оюлы әсем араб жазуларына толы, басы дөңгелене
бітетін құлпытастар XIX ғасырдың ортасына қарай қойылғанын білдіреді,
ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында бой көтерген биіктігі 3
5 м-ге жететін алып бағана іспетті құлпытастар қомақтылығымен қоса аса
көрнекілігімен де ерекшеленеді.Ұшқан ата қорымындағы кесенеескерткіштер көптігімен әрі жинақылығымен Жем мен Сағыз өзендері
тобына жатады.
English     Русский Правила