3.13M

Абай (Ибраhим) Кұнанбаев Кұнанбайұлы

1.

2.

Иван Воронков
2

3.

Адам мәселесі
Адам туралы ең алғашқы мәдени-антропологиялық ой бастауында тұрған
Сократ болды. Сократтың адам туралы ойының ең маңызды белгілері
ретінде адамдар бойындағы ең жақсы құндылықтар, моральдық ұғымдар
және мінез-құлық түрлері салыстырмалылық тұрғысынан өлшенген.
Сократтың шәкірті Платон алғаш рет адамға анықтама берді. Оның
анықтамасы бойынша «адам – қауырсыны жоқ екі аяқты жануар сияқты»
деп аталынды. Платонның шәкірті Аристотель анықтамасы бойынша
«Адам ғана сөйлеу қабілетіне ие. Сөз пайдалыны да, пайдасызды да һәм
әділеттілікті де, әділетсіздікті де жеткізе алады. Осы қасиет адамдарды
барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады» делінген
Иван Воронков
3

4.

5.

Aбай философиясындағы адам мәселесі
• Абайда да адам жаратылысының
жан сыры туралы жүйелі де,
жемісті таным бар. Ол өзіне
дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ.
Яссауи және Ж. Румидің кемел
адам жайлы ой-пікірлерін әділет
пен ақылдың сын таразысына
салып, тұжырымдар жасады
Иван Воронков
5

6.

Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін
құнды дерек көздеріне жатады. Осы философиялық тұжырым Абайдың «Он
жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы
сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап,
айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін
тыңдап болып, айтыпты: – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ
билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп
қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл
қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып
шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды
іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды
қос, бәрін жүрекке билет, – депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай
табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала
болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай
тағала қалпыңа әрдайым қарайды» – деген қорытындыға келеді.
6

7.

Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті
құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым –
жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын
таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе - адамның
қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» - бұл
үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге сәуле
түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға
білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам
деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың
елден бөлек,- дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана
адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық
адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат
өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық,
іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре
білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы.
Иван Воронков
7

8.

https://www.youtube.com/watch?v=SljgKWe2fyg
Иван Воронков
8

9.

1. Қайратұлы Б., Факир Т./Адам және заман/
2. Ғабдуллин Б. Абай және Сократ/ «Абай тағылымы», Алматы:
«Жазушы
3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы :
«Ғылым»
4. Абай Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...: Өлеңдер,
поэмалар, қара сөздер. – Алматы: «Раритет
5. Мұхамеджанұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы:
«Дәуір»
6. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы: «Атамұра»,
Иван Воронков
9
English     Русский Правила