1/16

Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі

1.

Тақырып: Қылмыстық теріс
қылықтар туралы істер
бойынша іс жүргізу тәртібі

2.

Қылмыстық құқық бұзушылық:
Қылмыстық кодексте жазалау
қатерiмен тыйым салынған кінәлі
жасалған қоғамдық қауiптi әрекет
(iс-әрекет немесе әрекетсiздiк).

3. Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері

Қоғамға қауіптілік және
жазаланушылық дәрежесіне қарай:
Қылмыс
Қылмыстық
теріс қылық

4. Қылмыстық теріс қылықтың нормативтік анықтамасы (ҚР ҚК 10-баб. 3-бөл.):

ҚЫЛМЫСТЫҚ
ТЕРІС ҚЫЛЫҚ – қоғамға
зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян
келтірген не адамның жеке басына,
ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке
зиян келтіру қатерін туғызған, оны
жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу
жұмыстары,
қоғамдық
жұмыстарға
тарту, қамаққа алу түріндегі жаза
көзделген, кінәлі жасалған әрекет (ісәрекет не әрекетсіздік).

5. Қылмыстық теріс қылықтың белгілері:

Белгі
Мазмұны
Қоғамдық қауіптілік Әрекеттің адамның жеке басына,
ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке
болмашы
зиян
келтіруі
немесе
осындай
зиян
келтіру
қатерін
төндіруі
Кінәлілік
Әрекеттің қасақана немесе абайсызда
жасалуы
Құқыққа қайшылық Әрекеттің
Қылмыстық
кодексте
көзделуі
Жазалылық
Айыппұл (25-500 АЕК)
Түзеу жұмыстары (25-500 АЕК)
Қоғамдық жұмыстарға тарту
Қамаққа алу

6. Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың айырмашылығы

Қылмыс
Қоғамдық қауіптілік
Қылмыстық теріс
қылық
Қоғамдық
қауіптілік

болмашы зиян келтіру немесе
осындай зиян келтіру қатерін
төндіру
Кінәлілік
Құқыққа қайшылық
Кінәлілік
Құқыққа қайшылық
Жазалылық:
Жазалылық:
Айыппұл (25-500 АЕК)
Түзеу жұмыстары (25-500 АЕК)
Бас бостандығын шектеу
Бас бостандығынан айыру
Айыппұл (500-10000 АЕК)
Түзеу жұмыстары (500-10000
АЕК)
Қоғамдық жұмыстарға тарту
Қамаққа алу

7.

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінде қылмыстық теріс
қылықтардың келесі тізімі көрсетілген. Мысал ретінде
олардың бірнешеуін алуға болады, атап айтқанда: жеке
адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға 108-бап.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру, 109-бап. Ұрыпсоғу, 111-бабының 1,2 бөліктерінде Аффект жағдайында
денсаулыққа зиян келтiру, 115-бап. Қорқыту, 117-бап. Соз
ауруын жұқтыру, 118-бап. Адамның иммун тапшылығы
вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру, 119-бап. Қауiптi
жағдайда қалдыру және т.б.

8.

Егер күдікті белгіленсе, анықтау органы оған қатысты дереу
қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасайды. Адамның
өзі болмаған кезде хаттама оны нақты белгілеген кезден
бастап жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі шегінде
жасалуы мүмкін.
Қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын,
оны жасаған адам, оның тұрған жері туралы
деректерді анықтау қажет болған кезде,
қылмыстық теріс қылық туралы хаттама үш
тәулікке дейінгі мерзімде жасалады.
Сараптама жүргізу немесе маманның
қорытындысын алу талап етілетін жағдайда,
қылмыстық теріс қылық туралы хаттама
тиісті қорытынды алынған кезден бастап бір
тәулік ішінде жасалады.

9.

Арасында қылмыстардан басқа, қылмыстық теріс
қылық не қылмыстық теріс қылықтар бар бірнеше
қылмыстық
құқық
бұзушылыққа
қатысты
қылмыстық іс бойынша іс жүргізу анықтау не алдын
ала тергеу нысанында жүзеге асырылады.
Жасалған қылмыстық теріс қылықтың күдіктіге
қатысты мән-жайлары туралы хаттама жасалады,
онда: хаттаманың жасалған уақыты мен орны,
хаттаманы кімнің жасағаны, күдіктінің жеке басы
туралы деректер, қылмыстық теріс қылық жасалған
орын мен уақыт, оқиға, оның тәсілдері, себептері,
салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, қылмыстық
теріс қылықтың болғанын және құқық бұзушының
кінәсін растайтын нақты деректер, Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық
теріс қылық құрамының белгілері, жәбірленуші
туралы деректер, оған келтірілген залалдың сипаты
мен мөлшері көрсетіледі.

10.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам
қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын анықтау және
хаттама жасау үшін күдіктіден, жәбірленушіден, куәлерден
жауап алады, күдіктінің жеке басы туралы мәліметтерді
талап етіп алдыру және хаттамаға қосып тігу шараларын
қолданады, қажет болған кезде – қарап-тексеруді, алуды,
ҚПК көзделген басқа да процестік әрекеттер мен тергеу
әрекеттерін жүргізеді.
Күдіктіден, айыпталушыдан,
сотталушыдан
анықтау
органдары
мен
соттың
шақыруы бойынша келу
және өзінің тұрғылықты
жерін ауыстырғаны туралы
хабарлау
міндеттемесі
алынуы мүмкін.
соттың шақыруы
бойынша келу

11.

Анықтау органының бастығы
хаттаманы және оған қоса
берілген
материалдарды
зерделеп, хаттаманы келіседі,
содан соң барлық материалдар
танысу үшін күдіктіге беріледі,
бұл туралы хаттамада күдіктінің
және
қорғаушының
(ол
қатысқан
кезде)
қойған
қолымен куәландырылған тиісті
белгі жасалады.
Күдікті
хаттамамен
және
іс
материалдарымен танысқаннан кейін
анықтау
органының
бастығы
қылмыстық
істі
прокурорға
қылмыстық теріс қылық туралы іс
ұстап алу мерзімі аяқталардан кемінде
жиырма төрт сағат бұрын прокурорға
жібереді немесе хаттаманы келісуден
бас тартады және қылмыстық істі
анықтау жүргізу үшін қайтарады

12. Прокурор қылмыстық істі зерделей отырып – бір тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті ҚПК 128-бабының тәртібімен ұсталған істер

бойынша дереу,
мынадай әрекеттердің бірін жүргізеді:
1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және қылмыстық
істі сотқа жібереді;
2) хаттаманы бекітуден бас тартады және ҚПК 35 және 36-баптарында
көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды
толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады және оны анықтау не
алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128бабына
сәйкес
ұсталған
жағдайда қылмыстық теріс
қылық туралы іс ұстау мерзімі
аяқталардан кемінде он екі
сағат бұрын сотқа жіберіледі

13.

Іс сотқа келіп түскеннен
кейін
судья
істі
іс
жүргізуге қабылдап және
қылмыстық теріс қылық
туралы істі қарауға кіріседі
Қылмыстық теріс
қылықтар туралы
істер сотқа келіп
түскен
кезден
бастап 15 тәулік
ішінде
сотта
қаралуға жатады.
Процеске
қатысушылардың
өтінішхаттары келіп түскен не істің
мән-жайын қосымша анықтау қажет
болған жағдайда, қарау мерзімі
ұзартылуы, бірақ 1 айдан аспайтын
мерзімге ұзартылуы мүмкін.

14.

Жазалау
ретінде
Қазақстан
Республикасынан
тысқары
шығарып
жіберу
көзделген,
сондай-ақ ол бойынша күдікті
ҚПК 128-бабының тәртібімен
ұстап алынған қылмыстық теріс
қылықтар туралы істер сотқа келіп
түскен күні қаралады.
Сот қылмыстық теріс қылықтар туралы
істерді қараған кезде прокурордың
қатысуы міндетті.

15.

Судья қылмыстық теріс
қылық туралы істі қарап
шығып
ҚПК 46-тарауында
көзделген тәртіппен
айыптау немесе ақтау
үкімін шығарады
ҚПК 35 және 36баптарында көзделген
мән-жайлар болған
кезде істі тоқтатады
қылмыс белгілері
анықталған кезде істі
сотқа дейінгі тергептексеру жүргізу туралы
мәселені шешу үшін
тиісті прокурорға
жібереді

16. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шешім істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады. Іс бойынша шешімнің көшірмесі

сотталушыға, жәбірленушіге және прокурорға дереу табыс етіледі.
Көрсетілген адамдар болмағанда, шешімнің көшірмесі оларға үш тәулік
ішінде жіберіледі.
Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сот шешіміне ҚПК көзделген
тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың
өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады
English     Русский Правила