Похожие презентации:
Қылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. ҚР қылмыстық атқару заңдары
1.
Қылмыстық атқаруқұқығының түсінігі, пәні
және жүйесі. ҚР қылмыстық
атқару заңдары
ОРЫНДАҒАН: АБДУЛЛА МЕРУЕРТ
ҚАБЫЛДАҒАН:ЖУМАГУЛОВА ШОЛПАН
2.
Қылмыстық атқару құқығы дегеніміз- жазаларды орындау менөтеуге , сондай -ақ қылмыстық заңда көзделген , қылмыстық
құқықтық сипаттағы өзге де шараларды қолдануға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы
.ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫН РЕТТЕУ ПӘНІ қылмыстық жазаның
барлық түрлерін және қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де
шараларды орындау (өтеу) кезінде, сондай-ақ сотталғандарға
түзеу құралдарын қолдану кезінде;мемлекеттік билік органдары
мен жергілікті өзін – өзі басқару органдарының жазаны
орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін бақылау
және оларға сотталғандарды түзеуге көмек көрсету жөніндегі
қызметіне байланысты;жазаны орындайтын және қылмыстық –
құқықтық сипаттағы өзге де шараларды қолданатын органдар
мен мекемелердің әкімшілігі мен қоғамдық бірлестіктер, сондай –
ақ олардың сотталғандарды түзеуге немесе ҚАЖ мекемелеріне
баруға қатысуына байланысты азаматтар арасында туындайтын
қоғамдық қатынастар.
3.
5-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаттарыҚазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы:
1) адам және азамат құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау;
2) заңдылық;
3) ізгілік;
4) жазаларды орындау шарттарын саралау;
5) жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындауды даралау;
6) мәжбүрлеу шараларын ұтымды қолдану;
7) түзелуге ықпал етумен жазаны сабақтастыру;
8) сотталғандардың құқыққа бағынушылық және белсенді, қоғамға пайдалы мінез-құлқын
ынталандыру қағидаттарына негізделеді.
4.
Қылмыстық атқару құқығы, қылмыстық құқықпен ,еңбекқұқығымен, азаматтық процестік қукыкпен байланысты.1-бап.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына және
халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен
нормаларына негізделеді және осы Кодекстен, жазалар мен өзге
де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және
өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын
белгілейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен
сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін шектеулер, егер заңда бұл көзделмеген болса,
белгілене алмайды.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттардың осы Кодекстің алдында басымдығы бар және
халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап
етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.