Похожие презентации:
Кәсіпкерлік мәдениет
1.
1. Кәсіпкерлік мәдениет: түсінігі, құраушы және анықтаушыэлементері мен факторларын сипаттаңыз.
2. Кәсіпкерліктегі этика және эстетика: мәні, мақсаты,
қағидалары,түрлері.
3. Кәсіпкерлік мәдениеттің еңбек өнімділігіне әсерін талдаңыз.
4. Кәсіпкерлік құпия: түсінігі, типтері және қорғау әдістерін
түсіндіріңіз.
Орындаған:
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Кәсіпкерлік мәдениет: түсінігі, құраушы және анықтаушы
элементері мен факторларын сипаттаңыз.
2.1.1. Жалпы түсінік және маңыздылығы.
2.1.2. Элементтері.
2.1.3. Қалыптасу факторлары.
2.2. Кәсіпкерліктегі этика және эстетика: мәні,
мақсаты,
қағидалары,түрлері.
2.2.1. Жалпы түсінік және маңыздылығы.
2.2.2. Нормалары.
2.3. Кәсіпкерлік мәдениеттің еңбек өнімділігіне әсерін талдаңыз.
2.4. Кәсіпкерлік құпия: түсінігі, типтері және қорғау әдістерін
түсіндіріңіз.
2.4.1. Жалпы түсінік. Сипаттама. Ерекшеліктері.
2.4.2. Қорғау жайлы.
2.4.3. Түрлері.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
2.
1. Кіріспе.Кәсіпкер болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген
жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу және де кәсіпкерлік
мәдениет ұғымын қозғаған кезде, біз іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу
мәдениетін ұмытпағанымыз жөн. Іскерлік қарым-қатынас тілі кәсіпкердің
белгілі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін
қажет етеді. Кәсіпкер өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу,
жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру
барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты,
жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс
көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарымқатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.
Мәдениет – адамдардың
қажеттіліктерінің жиынтығы.
өнідірістік,
қоғамдық
және
рухани
Мәдениет – бір заттың не құбылыстың жоғарғы деңгейі, жоғарғы
қарқында дамуы, дағдысы.
Кәсіпкерлік қызмет – тұлғалардың экономикалық бостандығының қызметі.
Бірақ та экономикалық бостандық сол кәсіпкерлік қызметке қатысты ержелер
мен қағидаларды орындамауын білдірмейді, керісінше мемлекетте бекітілген
нормаларға, заңдылықтарға сай қызмет атқаруы қажет.
Кәсіпкерлік этиканың қалыптасуына қоғамдық менталитет формасы
мен қатынастар ықпал етеді, олар өз ретінде кәсіпкердің адамзаттық
қасиеттінің айқындала отырып, өзінің азамат ретінде бағалануына,
экономикалық бостандығына, қоғам, тұтынушылар алдында жауапкершілікте
болуына әсер етеді. Кәсіпкерлік этика кәсіпкерлердің түпкі сезімдік
қағидаларына негізделеді.
Кәсіпкер өз имиджын қалыптастырып, этиканы сақтауы керек. Ол
мінез-құлық шекарасы, сызығы не екендігін, сыпайылық, әдептілік,
өнегелілік “өзін-өзін қоғамда қалай ұстау керектігі” үшін емес, қарапайымды
өмірлік ұстаным үшін қажетті. Сонымен қатар, қарым-қатынас орнату
мәдениетін ұмытпауы керек, өз эмоциясын толығымен басқаруы қажет.
Мінез-құлықтың, іс-әрекеттің өркенниетті стилін, өзінің жағымды бейнесін,
яғни кәсіпкерлік қызметте табыстылықты қамтамасыз етіп қана қоймай,
сонымен қатар, өз қызметінен толықтай қанағаттылық табатын кәсіпкер
имиджін қалыптастыру керек.
3.
2. Негізгі бөлім.2.1. Кәсіпкерлік мәдениет: түсінігі, құраушы және анықтаушы
элементері мен факторларын сипаттаңыз.
Кәсіпкерлік мәдениеті – кәсіпкерлік сферада әлеуметтік нормалар
мен құндылықтар жүйесін сақтай отырып, іргелі қағидалары мен тәртіп
үлгілері жиынтығын пайдалану арқылы экономикалық белсенділік
формаларын сақтап жұмыс атқару.
Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас
бөлігі. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне негізделеді және онымен тығыз
байланысты.
Кәсіпкерлік
жатады.
мәдениеттің
негізгі
элементтеріне
төмендегілер
- кәсіпкердің өзіне жүктелген міндеттемелер мен жауапкершілікті атқаруы;
- кәсіпкерлік оның субъектісінің қызмет етуімен тығыз байланысты. Яғни,
өзінің қызмет етуінде адалдық таныту. Адамдарға, тұтынушыларға,
әріптестерге, мемлекетке шынайы, адал қарым-қатынас көрсету – кәсіпкерлік
мәдениеттің түп тұлғасы.
Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормалармен, фирманың этикалық
кодексін, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерін, кәсіби этиканы
енгізетін жиынтық элементтерді сақтауы маңызды. Сонымен қатар,
кәсіпкерлердің жалпы мәдениеттілік, тәрбиелік деңгейі, олардың қоғамдағы
дәстүрлер мен дағдыларды сақтауы, заңды бизнес жүргізуге қажетті білім
деңгейін меңгеруі де маңызды.
Кәсіпкерлік мәдениет құқықтық және этикалық нормалар критерилері
ретінде келесілерді енгізеді: мемлекетпен, қоғаммен, жұмыскерлермен,
тұтынушылармен, әріптестермен, бәсекелестермен және басқа да
шаруашылық субъектілермен, сонымен қатар, кәсіпкерлікке жанама не
тікелей әсер ететін қызмет етуші құқықтық актілер, ережелер, нормалар,
стандарттарды сақтауы.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы келесідей факторлармен
айқындалады:
- өркенниетті сыртқы кәсіпкерлік орта;
- қоғамдық және мемлекеттік менталитет;
4.
- қоршаған ортаға байланысты құқықтық нормалар, ережелер, міндеттемелер;- кәсіпкерлердің жауапкершіліктері;
- кәсіпкердің өзі және корпоративтік мәдениет.
2.2. Кәсіпкерліктегі этика және эстетика: мәні, мақсаты,
қағидалары,түрлері.
Кәсіпкерлік
этика
—
өркенниетті
кәсіпкерліктің
қалыптасуындағы күрделі мәселе. Өйткені - жеке тұлғалардың
қоршаған орта құбылыстары, адамгершілік, мейірімділік пен зұлымдық
турасында, моральдік қағидалар мен мінез-құлық нормаларына сәйкес
білімі мен тәжірибесі.
Кәсіпкерліктегі
этикалық
нормалар
нарық қажеттіліктері
мен нақты тұтынушылардың, мемлекеттің, қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметті іс жүзіне асырушы
азаматтардың мінез-құлық белгілерінің жиынтығы. Кәсіпкерлік этика елдегі,
әлемдегі, сонымен қатар, кәсіби этикада және де қандайда болмасын қызмет
саласында қалыптасқан жалпы этикалық норма мен мінез.-құлық ережелеріне
негізделеді. Азаматтардың мінез-құлықтарының жалпы этикалық нормасына
байланысты кәсіпкерлік этика, адалдық, ар-ұждан, беделдік, қайырымдылық,
иннабаттылық, сыпайылық, адамгершіліктік, өзіндік жақсы көрушілік,
ұятсыздық, жалғандық, зұлымдық, кек алушылық, қырсықтық, дөрекілік
және т.б. түсініктермен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлердің этикалық мәселелері ең алдымен тұтынушыларға
байланысты пайда болып, шешімін табады, сондықтан да мемлекет
тұтынушылар
мүдделерін
қорғайды.
Кәсіпкерлердің
этикалық
қатынастары жалдамалы
жұмыскерлермен тығыз байланысты. Бұл
қатынастар кәсіпкерлік табыстылық деңгейіне ықпал етеді. Өркенниетті
кәсіпкерліктің дамуында шаруашылықтық әріптестермен, бәсекелестермен,
қоғаммен қарым-қатынас маңыздылығы ерекше орынды алады.
Кәсіпкерлік этиканы зерттеушілер өркенниетті кәсіпкерлердің
этикалық нормасын келесідей тізбекте қалыптастырды:
өз қызметінің нәтижесі тек қана өзі үшін емес, сонымен қатар, басқалар
не қоғам үшін пайдалы екендігіне сенуі;
5.
өзін қоршаған адамдар жұмыс істегісі келеді және де істей алады, солкәсіпкермен қатар өз мүмкіншіліктерін іске асыруға тырысады деп
түсіну;
өз бизнесіне сенеді, оны тартымды шығармашылық деп санайды,
бизнеске өнер ретінде көзқарас танытады;
бәсекенің қажеттілігін мойындайды, сонымен қатар, ынтамақтастық
пен бірлестіктің қажет екендігін біледі;
өзін тұлға деп санайды, ал кез келген тұлғаны өзі сияқты санайды;
кез келген меншікті құрметтейді, мемлекеттік билікті, қоғамдық
қозғалыстарды, әлеуметтік тәртіпті, заңдарды;
өзіне ғана емес, басқаларға да сенеді, кәсіптілік пен құзыреттілікті,
біліктілікті құрметтейді;
білімді, ғылымды, техниканы, мәдениетті
экологиялық нормаларды сақтайды;
жаңа енгізілімдерді енгізуге ұмтылады;
қажетті
қабылданған
шешімдер
қарамағындағыларға ауыстырмайды;
басқа адамдардың жетіспеушіліктеріне шыдамдылық танытады;
мақсаттарды қызметкерлердің жеке мақсаттарымен байланыстырады;
ешкімді де мұқатпайды, кемсітпейді;
шекіз шыдамдылықты, төзімділікті игереді.
бағалайды
үшін
және
де
жауапкершілікті
Кәсіпкер өз имиджін құра отырып этикетті сақтау керек және де
нақты мінез-құлық ерекшеліктерін иемдену үшін келесілерді ескеруі
міндетті:
танысу ережелерін;
іскерлік қатынастар жүргізу ережелерін;
өзара шарт немесе келісімдер жүргізудегі ережелерді;
сыртқы келбет пен тұрпатына, іс-қимылына қойылатын талаптарды;
сөз сөйлеу талаптарын;
6.
қызметке қатысты құжаттар мен кәсіпкерлік этиканың құрамды бөлігіболып саналатын кәсіпкерлік этикеттің басқа да элементтерін сақтау
керек.
Кәсіпкерлік этикет кәсіпкердің өзінің бизнесін жүргізу барысында кезкелген жағдайда қарым-қатынас орнататын сыртқы әлеммен, басқа
кәсіпкерлермен, бәсекелестермен, қызметкерлермен, барлық азаматтармен
өзара әрекеттесуін реттейтін ережелер жиынтығы.
2.3. Кәсіпкерлік мәдениеттің еңбек өнімділігіне әсерін талдаңыз.
Кәсіпкерлік мәдениет басқару еңбегі мен өндірістік еңбектің негізі
болып саналады. Басқару еңбегін өндірістік еңбекпен салыстыруды
мынадай белгілер бойынша жүргізеді: еңбек заты, тікелей мақсат пен
еңбек нәтижесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Басқару
еңбегінің өндіріс
еңбегінен айырмашылығы еңбек затының
өзгешелігінде. Басшы үшін еңбек заты – мәлімет, яғни ақпараттарды
жинап, өңдеп, шешім шығару. Осы мәліметтерді алмасу - басқару
құралы. Басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасы ақпарат алу
мен таратудың ерекше түрі. Басқару еңбегінің мақсаты – ұжымның
күш-жігерін үйлестіру және ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге
арналған іс-әрекетті қамтамасыз ету. Басқару еңбегі творчествалық
сипатта болады, яғни логикалық ой әрекетін қамтиды. Басқару
еңбегінің мазмұны – өндіріс процесіне тұтастай ұжымды қатыстыру.
Басшының күнделікті жұмысында айқын емес болашақ жағдайында
проблемаларды қарастырып, оңтайлы шешім қабылдауы оны күйзеліс
жағдайына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан басшы өз энергиясын дұрыс
жұмсай білуі шарт.
Фирманың болашақ іс-әрекетті жоспарлаудың мәні – фирма ішінде
қалыптасқан мәдениетті, құндылықтарға байланысты іс-әрекетті орындаудың
жолдары мен амалдарын ойластырып, құралдарын таңдап, мақсатқа жетуді
көздеу. Өзін -өзі дұрыс басқара алатын адам табысқа жететіні сөзсіз. Ол үшін
дербес жұмыс күнінің тәртібі, кәсіпорын жұмысының жалпы тәртібі,
адамдарды өзара алмастыру графигі, жеке творчесвалық жоспары жасалады.
Дербес жұмыс күнінің тәртібі жүйелендірілген, яғни жекелеген қызмет
түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс уақытының құрылымы
ойластырылады. Жұмыс күні тәртібінің негізгі міндеттері: бір жұмыс
күніндегі, аптадағы, ай ішіндегі басшылар мен мамандардың жұмысын ретке
7.
келтіру, кәсіпорын жұмысының ырғақтылығына қол жеткізу мақсатындаөндірісті басқарудың оперативтілігін арттыру. Қажет болған жағдайда
қауырт кезеңдерге арналып жұмыс күнінің тәртібі белгіленеді. Жеке
творчествалық жоспарға өндіріс техникалары мен технологияларын
жетілідру, оны ұйымдастыру мен басқару, еңбек жағдайын жақсарту,
осылайша тиімділікті арттыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру
көзделеді. Ой еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсыныстардың маңыздылары:
- еңбек етуде қатты шаршамау, бірақ үзілісті жиілетпеу;
- демалыс уақытын дұрыс пайдалану, уақыт тапшылығын болдырмау;
- жұмыстың үйреншікті қарқынын қадағалау (тездетпеу,баяулатпау);
- бір іспен тым ұзақ уақыт шұғылданбау;
- зерттеуді тұрақты жүргізу, байланысты үзбеу;
- жұмыстың маңыздылығына көз жеткізгеннен кейін ғана оған кірісу;
- тынығуға, тамақтануға, денсаулыққа мән беру.
Жоспарға сай жұмыстың орындалмауының басты себебі көп жағдайда
уақыттың дұрыс бөлінбеуінде, яғни мақсаттың дұрыс қойылмауы, міндеттер
туралы нақты түсініктің және оларды шешу жолдарының жоқтығы, өзге
жұмыспен тым әуестену, тиянақтылықтың болмауы, мәліметтің толық
болмауы, оның кешігіп келуі, ақпарат тасқынынан маңыздысын іріктей алмау
сияқты кемшіліктерге жол беру. Сондықтан басшы өз мүмкіндігін барынша
пайдаланып, саналы түрде үйлестіріп, әбігершілікке салынбау керек.
2.4. Кәсіпкерлік құпия: түсінігі, типтері және қорғау әдістерін
түсіндіріңіз.
Кәсіпкерлік құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін
фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын
фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің
кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар. Кәсіпкерлік құпия заңмен
қорғалады. Кәсіпкерлік құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі,
оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс
емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Кәсіпкерлік құпияға
мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін
орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар
8.
оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті.Кәсіпорын басшылығыкоммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі
анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды.
Құпия мәліметті білетін адамдардың тізімін белгілейді.Мемлекет үкімет
органдары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауда заңда көрсетілген
жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды.
Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі мыналарды
белгілейді:
Мәліметтің
коммерциялық
құпияға
жату
ережесін.
Коммерциялық
құпияны
білетін
адамдардың
тізімін.
Құпиялық режимін,коммерциялық құпия істерді жүргізу тәртібін, оның
есебін, құпиялылығын сақтау, көбейту, жою мерзімі мен тәртібін.
Құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын. Арнайы
бұйрықпен басшы кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтің тізімін
бекітеді. Коммерциялық құпияға қатысы бар адамдар қолхат беру арқылы
бұйрық пен және оның қосымшаларымен таныса алады. Кәсіпорынның құпия
мәліметтері туралы ереже жасалуы да мүмкін. Құпия мәліметтердің үлгі
тізімі мынадай түрде рәсімделуі мүмкін.
Кез келген ұйымның комерциялық құпиялығын құрайтын
мәліметтердің тізімі:
• Несиелердің мөлшері, тауар өндіру мен қызмет көрсетудің көлемі, әріптес
фирмалардың атауы, табыстың мөлшері оның бөлінуі, келіссөз құжаттары,
коммерциялық келісім, төлем, қызмет көрсету шаралары;
• Қызметкерлердің еңбекжалақысы, кәсіпорын қызметкерлері туралы
мәлімет, өткізу жүйесі, өткізу ауданы;
Содан соң директордың қолы, тегі, есімі, әкесінің аты-жөні жазылады.
Әріптестермен қызметкерлермен келісімшарттарда коммерциялық құпияны
білудің тәртібі және оның сақталуына жауапкершілік ескеріледі. Құпия
мәліметтері бар құжаттарды есепке алу жеке журналдарында тіркеледі және
олда құпия жүргізіледі. Кәсіпкерлік құпия кәсіпорынның меншігі болып
табылады. Онын мақсаты - кәсіпорынға бәсекелестік күрес жағдайында
экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлік құпияны құрайтын ақпарат,төмендегі талаптарға жауап
беруі тиіс:
1. Ақпаратты ашық түрде қолдану кәсіпорынға зиян келтіруімен байланысты.
2. Заңдық негізде ақпарат жалпыға белгілі немесе жалпыға тиімді болмайды.
3.Ақпарат қорғалуды қажет етеді, ол себебі мемлекеттік секрет болып
9.
табылмайды және авторлық және патенттік құқықпен қорғалмаған.Кәсіпорын экономикалық немесе басқа пайда бойынша.
Бұл мәліметтердің жасырылуы қоғамға зиян келтірмейді.
Төмендегі ақпараттар коммерциялық құпияны құрайды:
-Фирманың сауда қатынастары;
-Ұйымдар мен қаражат айналымының өлшемі;
- Өткізу нарығының жағдайы;
- Банк операциялары;
-Жеткізушілер мен тұтынушылар;
-Патенттер мазмұны;
-Капитал құрылымы;
- Инвестициялар жоспары;
-Келісім шарттары;
-Тауар бағасының құрылуы;
-Пайда көлемімен өндіріс көлемі;
Өндірістік құпия мына ақпараттарды қорғайды:
-Өндіріс тәсілі мен технологиясын;
-Еңбек ұйымын;
-Техникалық ашылулар мен өнертабуларды;
-Зерттеу жұмыстарының сипатымен мақсатын.
3. Қорытынды.
Кәсіпкер болатын адам кәсіпкерлік мәдениетті сақтауы тиіс. Яғни,
іскерлік қарым-қатынас этикасын дұрыс ұстану керек. Кәсіпкердің шыншыл
болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол
екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше
сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Сонымен қатар кәсіпкерге өзіне шектен тыс
сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге
шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік. Қоғамдық пікірді есепке ала отырып,
өз - өзіне жоғары талап қоя білу кәсіпкердің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана
емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя,
сұрай білу де – кәсіпкердің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін
талаптарының бірі.
Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.
10.
Кәсіпкерге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушініңсөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп
отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып
кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді.
Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым
күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен
шығара тұруы тиіс. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы –
кәсіпкердің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас
еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де,
өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған
деңгейі.
Кәсіпкердің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен «адам
факторымен» жұмыс істей білушілік.
Кәсіпкерлік этика келесі категорияларда айқындалады: айтқан сөзді
кұстанушылық, міндеттемелерді орындау, орындамаған міндеттемелері
бойынша түпкі жауапкершіліктік сезімді ұстану.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы // www.akorda.kz
2. Багиев Г.Л.,
деятельности
Асаул
А.Н.
Организация
предпринимательской
3. Лапуста М.Г., Поршнев А.Г. и др. Предпринимательство. М.: ИНФРАМ, 2001. - 448с.
4. Токсанова А.Н. Основы предпринимательской деятельности. – Астана,
2007..-480с.
5. https://thelib.info/ekonomika/2013959-k-1241-sipkerlik-m-1241-denieti-m1241-ni-men-ma-1171-ynasy/
6. https://e-history.kz/kz/books/library/view/903