Похожие презентации:
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі
1.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі.Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1.
Сыбайлас жерқорлыққа қарсы күрес және оның Қазақстандағы
көрінісі.
2.2. Қазақстандағысыбайлас-жемқорлықпен
күрестің
негізгі
қағидалары және ерекшіліктері.
2.3. ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрестегі проблемалар.
3. Қорытынды.
1. Кіріспе.
2.
Сыбайлас жемқорлық жайлы түсінікҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа
келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын
адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал
арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты
мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік
пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және
артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен
аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы
адамдарды парамен сатып алу”.
"Сыбайлас жемқорлық" түсінігі "corruptio" латын сөзінен
шыққан,мағынасы - «пара беру», «пара».Рим құқығында "corrumpire"
түсінігі бар - "сындыру, бұзу, қирату, бүлдіру, бұрмалау, пара беріп өзіне
қарату" сияқты мағына көрсетті. Орыс тілі сөздігі сыбайлас жемқорлықты
пара беріп сатып алу, саяси қайраткерлердің, лауазымдық тұлғалардың
сатқындығы деген ұғыммен сипаттайды.
Сыбайлас
жемқорлық
қылмыстарға
негізінен
лауазымды
қылмыстар жатады:Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не
қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа
делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған
жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған
жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не
қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін
немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы
жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі:
• Билік басындағы тұлғалар жеке пайдасын көздеп мемлекеттік саясатта
айтқандарын жүргізеді, сол әрекетімен билікке кең көлемде әсер етеді, бұл
қоғамдық пайданы іске асыру үшін жасалатын билік қызметінен де бірнеше
есе асып түседі. Қоғам өміріне барынша ықпал жасайтын маңызды шешімдер
сыбайластық негізінде қабылданады немесе түрлі үлгідегі «көлеңкелі
фигураларға» тәуелді болғандықтан сыбайластарды жасыру үшін жасалады.
• Сыбайлас жемқорлықтан келетін тікелей шығындар мемлекеттік
бюджеттің табысын азайтады, өндірілетін жалпы ұлттық өнім көлемі жанама
түрде азаяды.
3.
• Сыбайлас жемқорлық көлеңкелі экономиканы кеңейтеді, бәсекелестіккекері әсерін тигізеді, себебі «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды.
Бұл нарықтық қатынастарды бұзады, жалпы экономика тиімділігі
төмендейді, есесіне жаңа сыбайлас монополиялар құрған, көбінесе
ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар экономикалық қатынастар орнайды.
• Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық ойындар ережелерді адал,
таза ұстауды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің айырады, бұл нарықтық
идеяның өзіне сенімсіздік туғызады,«орбитрд судья» қызметін атқаратын
мемлекеттің беделін түсіреді.
• Кең тараған сыбайлас жемқорлық, әділетті жазасын алмаған
қылмыскерлермен ауыз жаласқан мемлекеттік қызметкерлерді көргендер
арасында шектеп шыққан арсыз келісімнен позиция туғызады.
• Сыбайлас жемқорлық қоғамдық адамгершілікке де, қауіп төндіреді,
себебі азаматтар санасында, әсіресе жас ұрпақтарда, өмірдің жоғары
деңгейіне жетудің негізгі әдісі заңға қайшы қызметпен байланысты екен
деген терең өнегесіз сенім қалыптасуы мүмкін.
• Сыбайлас жемқорлық экономикалық субъектілердің шығындарын
көбейтеді, бұл тұтыну бағасын және тарифтерді өсіреді.
• Сыбайлас жемқорлық басқару органдарын ғана бұзып қоймай, әр түрлі
корпорациялардың басқару аппаратын да ірітеді. Жалпы басқару тиімділігі
төмендейді – мемлекеттік те, коммерциялық та.
• Жемқорлықтың сипатты белгісі лауазымды тұлғаның әрекеті мен және
оның жұмыс берушісі арасындағы дау-дамай немесе таңдаулы тұлғаның
әрекеті мен қоғам мүддесі арасындағы дау-дамай болуы мүмкін.
Жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды тұлғаның іске асыратын
алаяқтығымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттік билікке қарсы жасалған
қылмыс санатына жатқызылады.
2. Негізгі бөлім.
2.1.
Сыбайлас
жерқорлыққа
Қазақстандағы көрінісі.
қарсы
күрес
және
оның
Алдымен, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың
құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының
деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің
4.
құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалғанжағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық
білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен
күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет
пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық
пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның
институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып
табылады.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде
«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі
қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары
қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты
шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.
Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан
Республикасы
мемлекеттік
қызметкерлерінің
Ар-намыс
кодексі
талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс
талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік
жауапкершілігін қарау белгіленген.
2.2. Қазақстандағы (және әлем елдеріндегі) сыбайлас-жемқорлықпен
күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:
1.Баршаның заң және сот алдында теңдігі.Бұл қағиданы сақтау және
жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай,
заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар,
басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау
органдарының
қызметкерлері
сондай-ақ
сыбайлас-жемқорлыққа
беттелген.Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің
белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та
жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы;
өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық
қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау
органдарына беру.
5.
2.Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін,заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған
мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы
Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайласжемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008
жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық
мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету
және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып
алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін
реформалау.
Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайласжемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық
мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы
сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын
қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық
қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын
мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен
ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы” заң жобасын әзірлеп,
парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін
құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық
міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.
3.Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне
қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын,
мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.
Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік
субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары
мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың
мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау
қарастырылған.
Заңға сәйкес аталған қағидалар:
6.
-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың
құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына
сәйкес шектеу;
-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін
қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың
зиянды салдарын жою және алдын алу:
-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын
азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға
мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін
төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған
тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.Адал және
әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайласжемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.Сыбайлас-жемқорлық әсіресе
мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің
монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін
күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда
болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің
барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет
абыройның құлдырауына ықпал етеді.Сыбайлас-жемқорлық экономиканың
дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе
экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.
•Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті
жүзеге асыра алады?
7.
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау,алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа
тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара
қызметі,
қаржы
және
әскери
полиция
органдарымен
жүзеге
асырылады.Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген
мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша
сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіпбілдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға
және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған
сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық
статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
ҚПК 192 бабына сәйкес т.тг) 176 бап.3 б.,193 бап.3 б., 209 б.1 б., 307 б.,1
б.,308 б.1 б.,310,310 б.1,2 б.,312-315 б.қарастырған қылмыстар туралы алдын
ала тергеу қаржы полициясы тергеушілерімен жасалады.
ҚП ҚПК 307 бабының 2,3,4 б., 308 бабының 2,3,4 б., 311 бабының 3,4, б.
Қарастырған қылмыс туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу
қылмыстық іс қозғаған ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы
органымен жасалады.
ҚР ҚПК 380 бабы қарастырған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша
алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе
қаржы
полициясы
органымен
жасалады.Сыбайлас-жемқорлықпен
байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу және алдын алу мақсатында
жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте заңға
қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы
бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15 қыркүйектегі
“Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
• Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың
қауіпсіздігіне кепілдік
8.
Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді ісәрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайдыайтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын
анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді.
Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен, бұл енді тіпті
қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге талап
еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан.
Кәсіпкер оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор жәбірленушіден талап
етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық “бедел” болып келген
жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының
орынбасарына криминал полициясы бастығының заңсыз іс-әрекетінен
қорғауын өтінеді. Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің
дүкенінен “Мерседес” автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт
доңғалақ дискілерін алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200
мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының
қызметкерлері криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын
көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер
қызметкерлерін 200 мың теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде
ұстайды.
Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел-іздестіру қызметтің
міндеттерін орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке
және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін,
қоғамның , мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық
және қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті.
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 7 бабында сыбайласжемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға келесі
кепілдік бекітілген:
сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша
бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам
мемлекет қорғауында болады;
-сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат
мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық
қауіпсіздік, , ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және
әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі
бойынша беріледі.
Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп соғады:
9.
-қажет болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен күресетін органдарсыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық туралы, мемлекет
мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы бөледі.Оның
үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес
жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау
жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет
болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру,
тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған ақпарат
берген адамдарға жатпайды.
Оның үстіне, “ҚР сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 17 бабына
сәйкес сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органға басқа мемлекеттік
қызметші, құқық қорғау органның қызметкері жөнінде жалған хабар берген
мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері тәртіптік
тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органның көрсетіпбілдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады.
• Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген
адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай
жасайды деп табылады?
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 12 бабына сәйкес
мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген
10.
адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды дептабылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын
туыстарының
және
жақындарының
материалдық
мүдделерін
қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;
-мемлекеттік және соған теңелген қызметке түскен және жылжыған кезде заң
қарастырмаған басымдық беру;
-шешімді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға
заңсыз басымдық беру;
-кім болса да кіріс алумен байланысты кәсіпкерлік және басқа қызметпен
айналысуды жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған ықпал
ету;
-мемлекеттік міндетті орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топ
мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;
-жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен беруге қарастырылған ақпаратты
негіссіз бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық емес ақпарат беру;
-жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен қарастырылмаған ақпаратты талап
ету;
мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе
қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру;жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құзыретіне енетін басқа
сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;жоғарғы ресми адамдарға
сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер ол ырым жасау
ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа
ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;жеке және заңды тұлғаларға олардың
құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға ашықтан-ашық кедергі
жасау;жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге
құзыретін беру мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау
және қадағалау міндеттерін беру;жоғарғы немесе төменгі лауазымды
адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа
мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу; Мемлекеттік міндеттер
орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдар өз мемлекеттік міндетін
11.
орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада ұйымдардан,жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық
болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен қарастырылған болмаса.3.4.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың салдарын жою бойынша қандай шаралар
қолданылуы мүмкін?Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті
адамдар немесе соларға теңелген адамдар заңсыз байыған барлық жағдайда,
сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған мүлік
қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету құны—мемлекет
кірісіне қайтарылады.
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан немесе мемлекетке оның
құнын төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып алу сот шешімі бойынша
прокурор, салық қызметі немесе басқа мемлекеттік органдар және лауазымды
адамдардың талабы бойынша жасалады.
Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын
мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет атқарған адам немесе соған
теңелген адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты орындаудан бас
тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган
кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды
салық органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық
бұзушылық жасаумен байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген
бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық
нәтижесінде жасалған актілер органмен немесе лауазымды адамдармен
мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы
бойынша күшін жояды.
2.3.
ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрестегі проблемалар.
Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлердің алдын алу және
профилактикалық шараларды күшейту сыбайлас жемқорлықпен күресуге
мүмкіндік берді. Төмен деңгейде сыбайлас жемқорлықтың көрінуі
төмендетілді. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық өсімі
12.
байқалады. Азаматтық қоғамның институты және қоғамдастық сыбайласжемқорлыққа қарсы әрекетіне көптен енгізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлық
ең қауіпті құбылыс ретінде саясат, экономика және әлеуметтік нәтижелерге
өте маңызды әсер етуі болғандықтан Қазақстанда төмендетілген динамикаға
ие. Сонымен қатар позитивті тенденциялармен бұл бағытта мемлекеттік
саясат көптеген шешілмеген проблемалар көрінеді.
Біріншіден, ҚР-дың сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңының
қабылдануы алғашқы сатыда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен
күресуге жағымды импульс берілген, алайда сыбайлас жемқорлықпен
күресудің құқықтық базасын жақсарту үшін құқық қолдану тәжірибесінде
соңғы екі жылда бірқатар жаңа заңдардың қабылдануын қажет етеді.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрес әрекетінен белгілі дәрежеде
сыбайластың көрінуін қысқартып төменгі деңгейге алып келді, алайда
мемлекет қызметкерлердің жоғарғы деңгейлері – жоғары және орта түйіндер
– мемлекет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдану шаралары әлі де
оларға ешқандай әсерін тигізген жоқ. Мемлекеттік органдардың себепсіз
қайта құрылған, кадрлардың «команда» жасақтау негізінде кадрларды
өзгерту «уақытша» деген стереотипті тудырып сыбайлас жемқорлықты
жасауға жағдай жасайды. Бұл байланыста білім жүйесін жақсарту және
іскерлік қасиеттер мен кәсібилігі кәсіби–сабақ беру құрамына қабылдау және
әрі қарай жылжыту қағидаларын енгізу арқылы кешенді қосымша шаралар
талап етіледі.
Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күресудің алғашқы сатысында
мемлекеттік органдардың әрекеті олардың нәтижелерімен күресуіне
бағытталған. Көп күш себептер мен жағдайларын жою бойынша жұмыстың
жүйесіне емес, бөлек сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға кетті.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің аталған сатысында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы шаралары орта жедел программасы үлкен масштабта
қарастырылып, ең алдымен экономикасының аясында тудыратын
сыбайластарды табуға және азайту жағдайларына бағытталған нақты ісшаралар.
Төртіншіден, материалды техникалық құралдардың әлсіздігі құқық
қорғау органдары мен соттар қызметкерлерінің әлеуметтік және соттық
қорғалуының толық болмауы солардың жеке қатарларында сыбайластың
жоғары деңгейінің толық болуы басқа да факторлармен белгілі жағдайда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы программасын жүзеге асыруына теріс әсер етіп
13.
отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қатысушылары үшін сот жүйесінің және құқыққорғау органдарының тәуелсіздігін көтеру маңызы талап етіледі.
Бесіншіден, азаматтық қоғамның мемлекеттік билік органдарына
сенімінің аз болуы, тұрғындардың құқық білімінің төменгі дәрежеде болуы
нәтижесінде оның әлеуметтік белсенділігі заңдардың орындалуын әлсірете
қоймай, заңдардың қоғамда құқықтық мәдениеті ретінде дамуды тоқтатып
құқықтық жауапкершілікті азаматтардың өзінің конституциялық құқықтарын
кең пайдалануға ықпал жасалмайды. Нәтижесінде, құқықтық иммунитеттің
төмендеуі сыбайлас жемқорлық көріністерінің массалық ұнатпаулардың жоқ
болуына әкеп соқтырады.
3. Қорытынды.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық
даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін
баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық
14.
институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіптөндіретін басты құбылыс.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті
ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық
қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі
болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу әлем елдерінің бүгінгі күнгі
күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол
саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің
қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сол секлді, біздің қоғамда да сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.
Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы
үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл
құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге
танылғанымызға отыз жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, алғашқы
президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында
мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған
құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен
әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын
айқындады. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған
әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық
Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Қазақстан