Похожие презентации:
Жер қыртысының қозғалуының механизмі мен деформациясы
1.
Жер қыртысыныңқозғалуының механизмі
мен деформациясы
Ихсанова Р.У. Гг-21 тобы
2.
Мақсаты: Жер қыртысының қозғалуының механизмі мендеформациясын зерделеу.
Жоспар:
1.Негізгі геотектоникалық гипотезалар.
2. Жердің өзгермелі көлемі, континенттердің көлбеу ығуы.
3. Жер затының ішкі дифференциациясы.
3.
4.
Негізгігеотектоникалық
гипотезалар
5.
Бедер қалыптасуындағы экзогендік пен эндогендік факторлар рөлін зерделеу, жақын арадағы геологиялық өткензамандар тік тектоникалық қозғалыстардың үлкен категориясын анықтауға мүмкіндік беретін қозғалыстар ең
жаңа (неотектоникалық) қозғалыстар деп аталады.
6.
Шөгінді таужыныстардың бастапқы бұзылмаған жатысы олардың жатысының бастапқы пішіні деп аталады. Шөгіндіқабаттардың бастапқы жатыс пішіні көлбеу жатыс болып табылады.
Қабат деп бiркелкi шөгiндi таужыныстардан тұратын, екi жағынан параллель қабаттылық беттерiмен шектелген,
қалыңдығы шамамен тұрақты болатын және үлкен ауданды алып жататын геологиялық дененi айтады.
Мысалы, әктас қабаты, құмтас қабаты және т.б. Қабатты астынан шектейтін беттi оның табаны, ал үстiңгiсiн –
жабыны дейдi.Қабаттың қалыңдығы оның қуаты деп те аталады.
7.
Таужыныстардың бастапқы көлбеу жатысынан ауытқуларының барлық түрi дислокация деп аталады.ПЛИКАТИВТІК
Пликативтiк дислокациялар немесе
қатпарлы бұзылыстар – қабаттардың
тұтастығы сақталатын дислокациялар
Моноклин таужыныс қатқабат
қабаттарының үлкен қашықтықтар
бойында бiр жағына бiркелкi еңiс
жатуымен сипатталады.
Флексура деп көлбеу немесе еңiс жатқан
қабаттардың керпеш тәрiздi иiлген
бұзылысын айтады.
Қатпар – пликативтiк дислокациялардың
негiзгi формасы. Қатпарлар деп
қабаттардың белестенген иiлiмдерiн
айтады
ДИЗЪЮНКТИВТІК
Дизънктив дислокациялар не
айырылымды бұзылыстар, таужыныс
қабаттары тұтастығының бұзылуына,
яғни айырылуына әкеледi.
Линеаменттер – терең салынымды (700
км тереңдікке дейін) ұзақ әрекет ететін
жарылымдар, олар жер қыртысын
жарып өтеді де мантияға тереңдеп енеді,
ал ұзындығы мыңдаған километрге
жетедi
8.
МОНОКЛИНФЛЕКСУРА
9.
Динамикалық пландажер қыртысында керілу
(созылу) мен сығылу да
сияқты деформациялар
дамыған. Осы
деформациялардың жер
қыртысының белгілі
бөлікшелерінде бір
мезгілде білінуі олардың
қозғаушы күштерін
түсіндіруді едәуір
қиындатады
Геотектоникалық
процестердің
механизмін түсіндіру
үшін ұсынылатын
гипотезалардың ішінде
негізгі қозғаушы
күштердің сипаты
бойынша мыналарды
бөлуге болады:
1) Жер көлемінің
өзгеруін
жорамалдайтын
гипотезалар
(контракция, лүпілдеу –
пульсация); 2)
континенттердің
көлбеу бағытта ығу
гипотезалары (алғашқы
гипотезаны 1915 ж.
неміс ғалымы
А.Вегенер әзірлеген);
3) Жер затының ішкі
дифференциациясына
негізділген
гипотезалар.
10.
Тектоникалық тақталаргипотезасының негізін қалаған негізгі идеялар
рифт жаралу белдемдерінде жас мұхиттық
қыртыс қалыптасу белдемдерін және
тереңсулық наулар маңында қыртыстың жұтылу
белдемдерін ашуға байланысты.
Гипотеза авторларының пікірі бойынша, рифт
жаралу белдемдерінде литосфера тақталары
«ажырап», орталық рифт белдемінде жас
мұхиттық қыртыстың жаралуы жүреді.
Мұхит түбінің спрединг (ажырауы) деп
аталатын бұл құбылыс
үзіктігімен сипатталады, астеносферадан
мантия затының енуімен және рифт белдемінде
қалыңдығы шамалы базальттың
айырылуларымен сүйемелденеді. Осындай
белсенді белдемге вулканизм білінімдері,
жерсілкінулердің саяз фокустары және жылу
тасқынының аномалиялары байланысты.
11.
12.
Субдукция (астына ену) депаталатын бұл құбылыс
жерсілкінулер, вулканизм
білінімдері түрінде айтарлықтай
механикалық энергияның қысқа
мерзімде бөлініп шығуымен
сүйемелденеді.
Мұхиттық қыртыстың
континенттіктің астына ұзақ уақыт
бойы енуі шалғайлық теңіздің
деформациясына, аралдық
доғаның континентке ығысуына
және қатпар жаралуға әкеледі.
Мұнда астына ену мұхиттық
қыртыстың байтақ бастырмалары –
обдукция(үстіне шығу) дамуымен
алмасуы мүмкін.
Гипотеза авторларының пікірі
бойынша, орогендік белдемдер
жаралуының басқа жолына
континенттердің соқтығысуы –
коллизия жатады. Мәселен,
олардың пікірінше, Гималайдың
жаралуы Индия субконтинентінің
Азиямен соқтығысуы нәтижесінде
орын алған.
13.
14.
Субдукция гипотезасына аралдық доғалардың құрылысы туралы деректер де сай келеді.Терең жерсілкінулердің фокусы (тоғысы) мұнда аралдық доғаның астына 40–60º
бұрышпен кететін біршама тар жазықтықта орналасады.
Жерсілкінулер тоғыстарының бұл алқабы Заварицкий-Беньофф белдемі деп аталып, ол
мұхиттық қыртыстың төмен бату алқабымен байланыстырылады. Осылайша, тақталар
тектоникасының гипотезасына сай, мантия заты тасқындарының әрекетінен
континенттердің жаһандық жылжуы орын алады, бірақ ол А. Вегенер санағандай
оқшауланып емес, литоcфераның қалың тақталарының құрамында болады.
Тақталардың мұндай көлбеу жылжулары кезінде спрединг белдемдерінде қыртыстың
жаңаруы жүрсе, ал субдукция белдемдерінде – ол жұтылады және астеносферада ериді.
15.
Қазіргі деректер бойынша, литосфера спрединг, субдукциянемесе мыжылу белдемдерімен шектелген мынадай сегіз ірі
тақтадан тұрады: Тынық мұхит, Еуразия, Индия, Африка,
Австралия, Антарктида, Солтүстік Америка және Оңтүстік
Америка. Сондай-ақ, бірқатар ұсақтау литосфера «сынықтары»
бөлінеді. Оларға Наска, Кокос және т.б. микротақталар кіреді. Әр
бір тақтаның спрединг белдемінен субдукция белдеміне қарай
басты жылжу бағыты болады. Жеті тақтада (Тынық мұхиттан
басқаларында) континенттер бар, олар блоктармен бірге
жылжиды.
16.
ажырау(дивергенция) рифтинг және спрединг түріндебілінеді
Тақталар жылжуының негізгі үш типі
бірігу (конвергенция) субдукция және коллизия түрінде
ығысып жылжу трансформдық жарылымдар бойынша
17.
Тақталар тектоникасының гипотезасы барлық негізгігеотектоникалық процестерді блоктардың өзара әрекеттесу
процесімен сәйкестендіруге, континенттердің болашақтағы жағдайын
болжауға мүмкіндік береді.
Адамның практикалық инженерлік әрекеті әрдәйім жер қыртысының
белгілі бір аудандарында немесе жекелеген бөлікшелерінде өтеді.
Олар құрамы, жатыс пішіндері мен жаралу механизмі бойынша өте
әркелкі таужыныс комплекстерінен тұрады. Геологиялық зерттеу
процесінде геологиялық нысандарды, олардың өзара қатынасын және
кеңістік пен уақыттағы өзгерістерін, қоршаған құбылыстармен және
ортамен өзара қатынасын бағалауды зерделеу негізінде жер қыртысы
бөлікшелерінің модельдері жасалады. Олар әдетте аумақтардың
геологиялық құрылысының хаттамасы мен графикалық
материалдарының бірлестігі болады. Бұл материалдар хаттаманы
көрнекі түрде суреттейді және толықтырады. Зерделенетін ауданның
графикалық модельдері жер бетінің де, оған іргелес жер қыртысы
тереңдік бөліктерінің құрылысы, құрамы мен қасиеттері туралы
қазіргі білімді де объективті көрсетеді. Мұндай графикалық
модельдерге геологиялық карталар мен қималар, стратиграфиялық
бағаналар, сұлбалар, т.б. жатады
18.
1Геологиялық
ақпарат алу
әдістері.
Жер қыртысын
зерттеудің негізі әдісіне
геологиялық түсіру
жатады.
2
3
4
Мақсаты – геологиялық
құрылысты, пайдалы
қазбаларды зерделеу
және белгілі бір
масштабтағы
геологиялық карта
жасау.
Геологиялық түсіру оны жүргізудің
тәсілдері бойынша жер беттік және
қашықтық түрлерге бөлінеді. Жер
беттік түсіру кезінде
таужыныстардың табиғи
ашылымдары, бұрғылау
ұңғымалары мен кен үңгімелері
пайдаланылады.
Көзмөлшерлеп зерттеу
әдетте геофизикалық,
геохимиялық
байқаулармен және
өлшеулермен
толықтырылады.
19.
1Қашықтан
геологиялық
түсіру (зондылау)
2
3
Ол жер беті мен оның
тереңдік бөліктерінің
құрылысын атмосферада
немесе ғарыш кеңістігіндегі
ұшатын аппараттардан
(ұшақтардан, Жер
серіктерінен, ғарыштық
станциялардан) зерделеуден
тұрады.
Геологиялық
түсірудің аталған
тәсілдері қазіргі
кезде өзара тығыз
байланысты.
4
Жербеттік
зерттеулер кезінде
әрдәйім аэро- және
ғарыштық
фототүсіру
материалдары
пайдаланылады.
5
Геологиялық түсірудің
қашықтық әдістері
көмегімен алынған
материалдарды бажайлау
жер беттік байқаулар мен
бақылауларды пайдалану
арқылы жүргізіледі.
6
Комплексті геологиялық
түсіру түбірлік
таужыныстарды
карталаумен қатар,
төрттік түзілімдерін
түсіру жүргізілуімен
сипатталады
20.
Қашықтықтан зондтау әдісіАрнайы түсірулер:
Құрылымдық
Геоморфологиялық
Гидрогеологиялық
Инженерлік-геологиялық
Металогениялық
Геофизикалық , жүргізіледі.
21.
Геологиялық карта деп топографиялық немесе географиялықнегіздегі жер қыртысының белгілі бір бөлікшесінің, континенттер
немесе тұтас жер шары геологиялық құрылысының шартты
белгілер көмегімен жасалған графикалық бейнесін айтады.
Геологиялық картада жасы, жаралуы, құрамы мен жатыс
жағдайлары бойынша ажыратылатын таужыныстар
ашылымдарының жер бетінде таралуы көрсетіледі.
Геологиялық карта түсіндірме жазбасымен бірге жер қыртысының
қалыптасуы мен пайдалы қазбалар таралуының заңдылықтары
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ол пайдалы қазба
кенорындарын іздеу мен барлау үшін және кен-өндіруші
өнеркәсіптің перспективалық жоспарларын әзірлеуге ғылыми негіз
болады. Түбегейлі геологиялық карталар барланған кенорындарды
жобалауға, аршуға және игеруге, сондай-ақ кен жұмыстарын
пайдалану кезінде жоспарлау үшін үлкен мәнге ие.
22.
Таужыныстарды жасы,құрамы және жаралуы
бойынша сипаттау үшін
әртүрлі: түсті, штрих
(крап), әріптік және
цифрлық шартты белгілер
пайдаланылады.
Әр карта сандық және
графикалық (сызықтық)
масштабтармен сүйемелденеді.
Картаның сол жағына стратиграфиялық
бағана, оң жағына легенда, астыңғы жағына
геологиялық қималар орналасып,
анықтаушы жазбалар оның солтүстік
жақтауының үстінен және оңтүстік
жақтауының астынан орын алады.
Карталарды құрастыру мен
ресімдеудің стандартталған
ережелері бар.
Қазіргі нұсқаулықтардың
талаптарына сай, геологиялық
карталарды компьютердің
көмегімен жасайды және
ресімдейді.
Геологиялық карта шартты белгілермен
(легендамен), геологиялық қимамен,
стратиграфиялық бағанамен сүйемелденіп, олар
карта жақтауының тысына шығарылады.
23.
Назарларыңызғарахмет!