Похожие презентации:
Дін философиясы. Дәріс №13
1.
Дәріс-презентация №13Дін философиясы
2.
Дін философиясы1.Діннің анықтамасы. Дін және философиялық білім
2.Діннің ерте кездегі түрлері
3. Дүниежүзілік діндер феномені
4. XIX ғ. діннің философия ретінде мүмкін болуы
проблемасы
3.
Дін философиясыДін философиясы Ағартушылық дәуірінен бастап
(XVIII ғ.), XIX ғ. екінші жартысында қалыптасты.
Оның өкілдері - Гегель, Фейербах, Маркс, Конт,
Дюркгейм және олардың ізбасарлары
Дін философиясының мақсаты — дін мен діни
сенімнің мәнін философиялық әдістермен зерттеу
4.
Діннің анықтамасыДін дегеніміз табиғаттан тысқары,
жоғары құдіретті күшке, рухани белгітүсініктерге сиынатын, сенушілерінің
әрекеті мен наны-мын, моралі мен
дүниеге көзқарасын белгілейтін дүниетаным формасы
5.
Дін және өнерДін мен өнердің ортақ белгілері:
1) екеуі де адамның сезімдеріне, эмоцияларына зор
ықпал етеді, адам үйлесімділігін және дүниенің
үйле-сімділігін қалпына келтірудің тәсілі ретінде
қызмет етеді
2)
екеуі
де
әлемнің
деструктивтілігін
(құрылымсыздығын)
жеңіп шығуға,
хаостан
құтылуға көмектеседі
3) екеуі де дүниенің белгілі сүретін ұсынып,
адамға шындықпен қаты-настарды орнатуға
көмектеседі
6.
Дін мен өнердің байланысы7.
Дін және философиялық білімДін мен философияның ұқсастығы:
- екеуі де дүниеге көзқарастың, дүниета-нымның тарихи типтеріне
жатады
-
екеуі де әлеуметті біріктіруші (интегративтік) қызметті атқарады
8.
Дін мен философияның өзарақатынастарының негізгі тарихи кезеңдері
— антика дәуірі: философиялық және діни идеялардың қатар тіршілік етуі
және өзара кірігіп кетуі
— ортағасыр дәуірі: дін мен теологияның философия мен ғылымға, уақыт өте
келе, үстемдігін көрсетуі
— Жаңа Заман: бір жағынан, дін және діни сенімнің, екінші жағынан,
философия және ғылымның арасында қарама-қарсылықтың басталуы мен
ұлғаюы
— қазіргі кезең: екеуінің арасында келісімге келу мен қызметтесуі үшін кең
өрісінің ашылуы
9.
Философия мен діннің өзара қатынастарытуралы мәселелер
1. Адам қалай Құдай туралы идеяға келеді?
- Құдай объективті шындық ретінде бар ма,
әлде бұл адамның субъективтік көңіл күйінің,
күйзелісінің туындысы ма?
- діннің пайда болуының себептері мен
негіздері қандай?
2. Неге адам Құдайға сенеді?
10.
Діннің ерте кездегі түрлеріБұл мәселе жөнінде қалыптасқан бағыттар:
-эволюционизм (Э.Б. Тайлор, Дж. Фрэзер)
- тарихи-феноменологиялық мектеп (Р.Отто, М.
Элиаде)
- структуралық антропология (К.Леви- Стросс)
11.
Э.Б. Тайлордың эволюционизміЭдуард Барнетт Тайлор
(1832-1917)
ағылшын мәдениеттанушы,
этнолог
«Первобытная культура»
(1871)
Э. Тайлор діннің ерте кездегі түрі
жөнінде анимистік (лат.: «анима» – жан)
концепцияны ұсынды: алғашқы қауымдық
кездегі адам ұйқыда көрген түстері мен
елестері жөнінде, есінен танып қалғаны
мен өлімі туралы ойланып, денеден бөлініп
шығып және одан тыс өмір сүре алатын
жан туралы түсініктерді қалыптастырды.
Адам өзінің ойында дүниені көптеген
рухтармен толтырып, оларды
«орман
рухы», «жел рухы» т.с.с. деп жіктеген.
Одан кейін «Құдай-жаратушы» деген
жалпы ұғымды шығарады.
Э.Б.
Тайлордың
пікірінше,
діннің
эволюциясы былай жүреді :
«анимизм — политеизм — монотеизм»
12.
Дж. Фрэзердің эволюционизміДжеймс Джордж Фрэзер
(1854-1941)
«Алтын бұтақ» (1890)
Джеймс Джордж Фрэзер адамзат рухани
дамуының үш кезеңін атап көрсеткен:
«магиялық – діни – ғылыми»
Магиялық кезеңінде адамдар қоршаған ортаны
сиқырлы жолмен өзгерте алатын өз қабілеттеріне
сенген.
Кейін адамдар бұл сенімді жоққа шығарып, дүние
құдайлар мен табиғаттан тыс күштерге бағынады
деген діни идеяға келген.
Үшінші кезеңде адам бұл идеядан бас тартып,
дүние табиғи заңдар арқылы басқарылады,
оларды адам танып біле алады деген ғылыми ойға
жетті
13.
Тарихи-феноменологиялық мектепДін адам санасынан тыс, тәуелсіз ерекше
қасиетті шындыққа қатысты, шын өмір сүретін
Құдайға байланысты сезім, күйзеліс ретінде
танылады
Неміс дінтанушы,
теолог Рудольф Отто (18691937)
Рудольф Отто пікірінше, дін тарихы, құдайлық
көріністер түрлерінің көптігі және құдайлықты
қастерлеу — бұл Құдай болмысының ең тәуір дәлелі
Мирча Элиаде
пікірінше, кез-келген діни
мейрам, және Құдайға қызмет етуімен байланысты
кез-келген әдет-ғұрып өткен өмірде шын болған
қасиетті
оқиғалардың
көрінісі
«Дін
энциклопедиясы»(1986)
Американдық дінтанушы
Мирча Элиаде (1907-1986)
14.
Структурализм: К.-Л. СтроссК. Леви-Строссстың структурализм бағыты
бойынша,
адам
санасында
ойлаудың
өзгермейтін априорлық (тәжірибеге дейінгі)
құрылымы бар. Ойлау құрылымы дүниенің
тәртібін бейнелеп, тіл құрылымында көрініс
береді: «үсті» - «асты», «оң» - «сол», «жақсы»«жаман» және т.с.с.
Клод Леви Стросс
(1908—2009)
Леви-Стросс ерте кездегі магиялық және
діни
ойлаудың
құрылымы
дүниенің
құрылымын
өзінше
бейнелеп
бергенін
көрсеткен. Мысалы, құдайлардың дүниесі
үстінде, адамдар дүниесі төменде орналасқаны
туралы түсініктер
15.
Дүниежүзілік діндер феноменіДүниежүзілік діндер - буддизм, христиандық,
ислам - діни сана дамуындағы жоғары деңгейінің
көрінісі.
Олар ұлттың шеңберінен жоғары шығып,
әртүрлі мәдениеті мен тілдердегі халықтардың
өкілдерін біріктіреді.
Христиан діннің принципі: «эллинді
де,
иудейді де ажыратпаймыз»
16.
БуддизмСиддхартха Гаутама
(б.д.д. 560-480 жж.)
“Будда Шакьямуни” –
“нұрланған, оянған
Шакья тайпасының данасы»
Буддизмнің негіздері:
1) төрт ақиқат:
- Өмір - азап
- Азаптың себебі бар
- Азаптан құтылу мүмкін
- Азаптан құтқарудың жолы бар (сегіз сатылы
жолы)
2) «Нирвана» (санскриттен: «сөніп қалу, өшіп
қалу» – өмірге құштарлықтан құтылу
3) «Будда» –нұрлану, ояну
4) «Метта» – барлық адамдарды жақсы
көретін ізгілік
17.
Буддизмнің символдары18.
Буддизмнің негізгі бағыттарыОңтүстік буддизм – Будданың ілімін таза түрде
сақтайды (Шри-Ланка, Мьянма, Таиланд, Лаос,
Камбоджа). «Хинаяна» («кіші арба»), немесе
«Тхеравада» (ақсақалдардың ілімі) деп аталады
Солтүстік буддизм –буддизмнің жергілікті дінмен
біріккен түрі (Қытай, Жапония, Корея, Вьетнам,
Непал, Бутан, Монголия, Бурятия, Калмыкия )
«Махаяна («Ұлы ар-ба») деп аталады.
Буддистердің әлемде саны -500 млн адам
19.
Христиандық(грек. «Χρистос»— «Месси́я» (орысша:
«Пома́занник», яғни Құдайға қызмет ететін
Жер үстіндегі патша болады деп маңдайына
зайтұн майы жағылған) — дүниежүзілік
монотеистік дін, I ғ. 33 ж. Палестинада пайда
болған.
Христиандық ілімнің ортасын-да – құдайадам Иисус Христос.
Негізгі қасиетті кітабы - Библия – Көне
Өсиет және Жаңа Өсиет
Негізгі бағыттары:
католицизм, православие. протестантизм.
Христиандықтар-дың саны – 2,4 млрд адам
20.
ИсламИсла́м ( араб. «бағыныш», «Құдайға берілген»
- дүниежүзілік монотеистік дін, VII ғ. басында
Батыс Аравияда пайда болған
Исламды уағыздаушы - Мұхам-медпайғамбар (571-632 жж)
Қасиетті кітап - Құран.
Екінші қасиетті кітап– Сунна (пайғамбардың
іс әрекеттері мен айтқан сөздері туралы
хадистер жинағы)
Мұсылмандардың саны - 1,8 млрд адам
21.
СуфизмСуфи́зм (араб. «суф» - «жүн») - исламның
құрамындағы аскетизм мен жоғары деңгейдегі
руханилық-ты, Құдайға қасиетті махаббатты
біддіріп, «тариқат» жолы арқылы Құдаймен
қосылуды уағыздайтын мистикалық ілім
Суфизм қалыптасуының дәл басталу
уақыты - VIII ғ. басы (Си-рия, Ирак,) - IX ғ.
басы (Испания, Индия). X-XI ғғ. суфизм күшті
халықтық
және
интеллектуалды-мәдени
қозғалысқа айналған.
Көрнекті өкілдері - Ибн Аль-Араби, АльГазали, Аль-Хасан Аль- Басри
22.
Аль-Газалидің суфизміАбу Хамид аль-Газали
(1058-1101)
Аль-Газали суфизм ұғымдарын шариат заңдарымен
біріктіруге зор үлес қосқан.
Суфизмнің практикалық пайдасын аль-Газали адамды
өнегелілік жағынан кемелдендіруге бағытталуынан
көрген. Ол суфилердің Құдаймен онтологиялық бірлікке
ұмтылысын жоққа шығарған және «бірігу» ретінде тек
қана жоғарғы деңгейдегі танымдық күш арқылы Құдайды
түсіну деп мойындаған.
Аль-Газали болмыстың үш деңгейін атап көрсеткен:.
1. Жоғары деңгейде Аллаһ орналасқан, ол өзі-өзіне
жеткілікті (самодостаточен)
2. Төменгі деңгейді материалдық дүние құрайды, оны
Аллаһ анықтап бекіткен
3. Екеуінің ортасында адамдар дүниесі орналасқан,
олардың жандары ерік бостандығына ие.
Аллаһ оларға идеялар мен қабілеттерді береді, бірақ ісәрекеттерді адамдар өз еркімен жасайды
23.
Ходжа Ахмет Яссауидің суфизміХоджа Ахме́т Яссауи́
(1103-1166 )
«Диани хикмет»
(«Даналық кітабы»)
Ходжа Ахмет Яссауидің суфилік мектебі
(яссауизм) өз ерекшеліктеріне ие. Өнегелілікрухани кемелденудің және Құдайды түсінудің
міндетті шарты ретінде шариат, тариқат, хакиқат,
мағрифат жолдарын өтуді талап еткен.
Шариат – исламның ережелері бойынша әдепті
өмір сүру;
тарикат – кәдімгі тұрмыстан бас тартатын
мистикалық жол,
магрифат - мистикалық таным және экстазға
жетіп уақытша Құдаймен бірігу
хакикат – «фана» деген кемел қалпына жетіп,
Құдаймен тұрақты түрде іштесу-сырласу
24.
Неміс романтиктердің діни-философиялықтұжырымдамалары (Ф. Шлейермахер)
Фридрих Шлейермахер
1768-1834)
«Дін туралы сөз» (1799)
«Христиандық сенім»
Шлейермахер: «Нағыз дін — бұл шексіздік
сезімі мен дәмі. Діннің өзгеше сипаты - аңғару мен
сезімде.
Діндарлық
бізге
дүниежүзілік
біртұтастықтың, яғни Құдайдың әсерін енжар
түрде түсінуде.
…діни сезімді жеткізетін ұғымдар мен
түсініктер әртүрлі болады. Осыдан діндер мен
құдайға табынушылықтың көптігі қалыптасады.
Бірақ діннің мәні Құдайға тәуелділікте және
сонымен байланысты сезімде болғандықтан, дін
өзінің мәні жағынан толық біртұтастықпен және
сабырлықпен ерекшеленеді
25.
С. Кьеркегордың діни философиясыСёрен Обю́ Кье́ркегор
(1813-1855)
«Әлде-әлде»
«Үрей және қалтырау»
Кьеркегор: Құдайға апаратын жолда адам тіршіліктің үш
кезеңінен өтеді :
эстетикалық, яғни адам жеке жағдайларды сезінумен өмір
сүреді;
этикалық, яғни өткен өмір үшін жауапкершілікті
мойындап, болашақтың қамын ойлаумен өмір сүреді;
діни, яғни мәңгілікті сезумен өмір сүреді («Әлде-әлде»)
Кьеркегор Құдайға сенуді және оның қазіргі кезлегі
мүмкіндігін қарастырады. Ол Авраам және оның сүйік-ті ұлы
туралы діни аңызды талдап, Құдайға сенудің парадоксалды
мәнін ашып береді. Авраам Құдайға құл-шылығын білдіріп, өз
ұлын оған құрбандыққа шалуға дайын. Оның ұлы Исаак
әкесінің шешіміне бағынады, өйткені «Көне Өсиетте» берілген
Мойсейдің «ата-анаң-ды сыйла» деген ережесін бәрінен жоғары
қояды.
Құдай осы сынақтан Авраам мен Исаактың абырой-мен
өтуін көріп, Исаакты тірі қалдырады. Құдайға апа-ратын тар
жол
- жалғыз жол болып шығады. Одан басқа жол
беріілмеген…«Үрей және қалтырау»
26.
Әдебиеттер1.Леви Строс К. Первобытное мышление. - М.: Республика, 1994.
2. Бубер М. Я и Ты // Бубер М. Два образа веры. – М.: ООО “Фирма
“Издательство АСТ”, 1999.
3. Фрэзер Д.Д. Золотая ветвь. - 2-е изд. – М.: Изд-во политической
литературы, 1983.
4.Карен Армстронг Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000
жылдық ізденіс: Құдайтану баяны/ Научн.редактор Кенжетай Д. –
Астана, 2018. – 496 с.
5. Джонстон Д. «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан
Дерридаға дейін .Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216
б.
6. Нұрышева Г.Ж. Философия. – Алматы: Інжу-маржан, 2013.