Похожие презентации:
Моңғол империясының құрылуы
1.
ОЙ ҚОЗҒАУ2.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ6-СЫНЫП
Бөлім тақырыбы:
XIII – XV ғасырдың I жартысын дағы
Қазақстан
Сабақтың тақырыбы:
Моңғол империясының құрылуы
3.
Оқу мақсаты:6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі
жетістіктерін сипаттау;
Сабақтың мақсаты:
•Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін
сипаттайды;
• Шыңғыс ханның билікке келуін оқып біледі;
• Біртұтас Моңғол мемлекетін құру жолындағы
күресінің барысын анықтайды.
4.
Шыңғыс ханның шығу тегі•Шыңғыс хан ХІІ ғасырдың
ортасында (1155ж) дүниеге
келген.
• Шын есімі-Теміршін.
• Әкесі Есугей бахадүр моңғол
ұлыстарының бірінің билеушісі
болды.
•Анасының есімі–Оэлун.
•Теміршін 9 жасқа келгенде әкесі
татарлардың қолынан қаза табады.
5.
Есте сақта! «Моңғолдың құпия шежіресі» —Шыңғысханның өмірі мен жаулап алу соғыстары туралы мәлімет
беретін маңызды тарихи дерек. Шығарма шамамен 1240
жылы аяқталған. Бұл шығарманың түпнұсқасы
сақталмаған. Тек 1382 жылы қытай иероглифтерімен
басылған нұсқасы бар.
6.
Бұл маңызды ! Ортағасырлық парсы тарихшысыРашид ад–Диннің
(1247- 1318 жж.) «Джами ат-тауарих» атты еңбегі бар.
Бұл шығармада да Шыңғыс ханның өмірі мен жаулап
алу соғыстары толық баяндалған.
7.
Шыңғыс ханның моңғол ұлысын біріктіружолындағы күресі.
Ол әкесінің досы, керейттердің ханы
Тоғрылдың көмегімен әкесінің ұлысын
біріктіріп, билікті қолға алады.
8.
Даңқты билеушінің бүкіл түркі -моңғолтайпаларын біріктіру жолындағы тарихы
1180 жылдары Тоғрыл ханмен бірге
татарлардың бір бөлігін талқандауға
қатысты.
1202 жылы Шыңғыс хан
моңғолдардың жауы татарларды
талқандайды.
1201 жылы бірнеше тайпалар
Шыңғыс ханға қарсы одақ
құрды.
1200 жылы Тоғрыл хан мен
Шыңғыс хан тайшуыттар мен
меркіттерге қарсы аттанды.
9.
Есте сақтаңыз !Татарлар Моңғол үстіртін мекендеген .
Шыңғыс ханның шапқыншылығынан бұл
татарлар толықтай жойылды .
Бірақ , қытай деректерінде Моңғол
үстіртін мекендеген тайпаларды жалпы
татар деген атаумен атағандықтан,
Еуропа зерттеушілерінің еңбектерінде
бұл этноним моңғол этнонимінің
баламасы ретінде қолданылды.
10.
Керейттер мен найман хандығын талқандауы1202 жылдары
Жамұқаның
арандатуымен
керейттер
Шыңғыс ханға
шабуыл
жасады.
1203 жылы
Шыңғыс хан
бастаған
моңғолдар
керейттер
ұлысын
талқандады.
Олардың
билеушісі
Тоғрыл хан
наймандар
иелігіне қашады
. Бірақ шегарада
оны найман
әскерлері
өлтіреді.
11.
Хан көтеру1206 жылы Онон өзені бойында Ұлы
құрылтай жиналды.
Құрылтайда Теміршінге Шыңғыс хан деген
атақ беріліп, ол бүкіл түркі - моңғол
халықтарының Ұлы қағаны, билеушісі деп
жарияланды.
12.
Шыңғысхан өзхалқына былай деп
мәлiмдедi:
«Мен өз бетінше жүрген
ұсақ билеушілерді,
мұқтаждықта және
езгiде жүрген
адамдарды
бағындырдым, мен
оларды жинап бiртұтас
еттiм».
13.
Шыңғыс хан негіздеген моңғолмемлекеті
(ХІІ-ХІVғғ)
14.
«Яса» («Жасақ») заңыШыңғысханның
нақыл сөздерiнен,
әскери және азаматтық
заңдардан тұрды.
Оны Шыңғысхан берік
ұстады әрі
«өзi шығарған
заңдарға бағынудың»
үлгiсi болды.
15.
Ұлы Яса негізгі бес топқа кіретін нормативтікқұқықтық актілерден тұратын.1. Азаматтық тәртіпке
қатысты ережелерді
қамтитын Жарлық және
ішкі басқару;
2. Әскери сипаттағы
нормаларды қамтитын
Жарлықтар;
5. Отандық сипаттағы
ерекше ережелерді, дала салтдәстүрді қамтитын
Жарлықтар;
4. Жеке құқық
ережелерін қамтитын
Жарлықтар;
3. Қылмыстық
істерді тиятын заңы
бар Жарлықтар;
16.
Қоғамдыққұрылымы
Мемлекет пен
тұрғын халық үш
әскери әкiмшiлiк
аймаққа
сол
қанат
оң
қанат
орталық
Әр аймақ бiрнеше түменнен тұрды.
10 мың
жауынгерден
10
жүздiктен
10 ондықтан
тұрды.
17.
Шыңғысханның жеңiске жетуіне ықпал еттi•Үш әскери әкiмшiлiк аймаққа бөлінуі;
• әскер темiрдей тәртiпте болуы;
• жоғары әскери қабiлеттiлiгiмен;
• сол кезге сай әскери техникасы;
• жорықтарға мұқият дайындалуы;
• әскери бағыт-бағдарды өзгерте бiлу;
• барлауды ұйымдастыру;
• шыққан тегiне қарамастан iстi бiлетiн,
батыл адамдарды қолбасшы ету.
18.
Моңғол әскеріЖаяу әскер
Атты әскер
19.
Әскери техникасыТас, от лақтырғыш
Аркбаллиста
20.
1-тапсырмаБерілген мәліметтердің сәйкестігін анықтап белгілеңіз.
жылдар
1206ж 1180 ж 1200 ж 1203ж 1155ж
оқиғалар
Шыңғыс ханның дүниеге келуі.
Тоғрыл ханмен бірге татарлардың
бір бөлігін талқандауға қатысты.
Тоғрыл хан мен Шыңғыс хан
тайшуыттар мен меркіттерге
қарсы аттанды.
Шыңғыс хан бастаған моңғолдар
керейттер ұлысын талқандады.
Құрылтайда Теміршінге
“Шыңғыс хан” деген атақ берілді.
Дескриптор: оқиғалар мен жылдарды сәйкестендіріңіз;
21.
Жауабы:жылдар
1206ж 1180 ж 1200 ж 1203ж 1155ж
оқиғалар
Шыңғыс ханның дүниеге келуі.
+
Тоғрыл ханмен бірге
татарлардың бір бөлігін
талқандауға қатысты.
Тоғрыл хан мен Шыңғыс хан
тайшуыттар мен меркіттерге
қарсы аттанды.
Шыңғыс хан бастаған моңғолдар
керейттер ұлысын талқандады.
Құрылтайда Теміршінге
“Шыңғыс хан” деген атақ
берілді.
+
+
+
+
22.
2-тапсырмаТөмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мемлекет неше әкімшілік аймаққа бөлінді?
2. Әр түменде неше мың әскер болды?
3. Моңғолдардың негізгі әскері?
4. Әскери соғыс техникаларын қай мемлекетті
жаулағанда қолға түсірді?
5. Құрылтай дегеніміз не?
6. Моңғол территориясында өмір сүрген
тайпалар?
7. 1206 жылы құрылтай қай жерде өтті?
23.
Тапсырма-3. Монғолдар Қазақстандыжаулап алу барысын толтырыңыз.
1234567-
24.
Жауабы:1. 3 аймаққа бөлінді. Сол, оң, орталық қанат.
2. Әр түменде 10 мың әскер болды.
3. Моңғолдардың негізгі әскери күші атты
әскер.
4. Әскери соғыс техникасы Солтүстік
Қытайды бағындырған соң пайда болды.
25.
ҚОРЫТЫНДЫ• Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін
анықтадыңыз;
• Шыңғыс ханның билікке келуін оқып
білдіңіз;
• Біртұтас Моңғол мемлекетін құру
жолындағы күрестер барысымен таныстыңыз.
26.
Оқу тапсырмасы:1. 30 параграф оқу.
2. Онлайн мектеп тапсырмасын орындау.