Похожие презентации:
Грекия мемлекет
1.
Грекиямемлекеті
2.
ГрекияГрекия немесе Юнанстан (гр. Ελλάδα
[eˈlaða], ежелде — гр. Ελλάς [eˈlas] , ресми
— Грек Республикасы немесе Юнан
Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία
[eliniˈci ðimokraˈti.a]) — Еуропа оңтүстігінде,
Балқан түбегінде орналасқан мемлекет.
Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы
югославиялық Солтүстік Македониямен
және Болгариямен, солтүстік-шығысында —
Түркиямен шектеседі. Шығысы мен
оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі
шайып жатыр. Осы елді мекендейтін
юнандар (гректер) атымен аталған.
3.
Мемлекеттік құрылымыРесм и т іл і
Грек т іл і
Ел орд а
А ф и на
І рі қ ал ал ары
А ф ина, С ал оник и, П ат ры , Лари са
Үк ім ет т үрі
Парл ам ент т ік респу бл и к а
През ид ент і
К атерина С ак ел л аропул у
Прем ьер - м инист рі
К ириак ос М и цотак и с
Парл ам ент спик ері
К онстант инос Тасул ас
М емлек еттік д іні
П равосл ави е
4.
ГеографиясыЖер аум ағы
Әл ем б ойынша 95 - ші оры н
• Барл ығы
131 957 к м ²
• % су бет і
0, 8669
Жұрты
• С арап ( 2017)
10 768 477 ад ам ( 75 - ші)
• С анақ ( 2011)
10 816 286 ад ам
• Тығызд ығы
82 ад ам / к в2
5.
Мемлекетбасшысы
Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір
палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел
конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын
парламенттік республика болып табылады (президентті
парламент сайлайды).
6.
СолонСолон (б.з.б 640 және 635ж. аралығы-559 ж.ш.) —
Афинының (Ежелгі Грекия) саяси қайраткері және
әлеуметтік реформаторы. Теңіз саудасымен
айналысқан, Грекияға, Ионияға (594 жылға дейін)
саяхат жасады, Египетте, Кипрде, Лидияда (593
жылдан кейін) болды. Саламин үшін (7-ғ-дың аяғы)
Мегарлерге қарсы соғыста әскер басы ретінде
даңқы шықты. 594 ж. архонт және айсимнет болып
сайланып, афины демосының мүддесін көздеген
саяси-әлеуметтік реформалар жүргізді.
7.
СолонСолон реформалары - б.з.д. VI ғ. Афинада өмір сүрген. Б.з.д. 594 ж. архонт болып
сайланып, өз реформаларын жүзеге асыруға ұмтылды. Солон жеке билікті
орнатуға ұмтылған топ пен кең халықтық билікті орнатуға ұмтылушылар
ортасындағы "алтын аралық" саясатын ұстанды.
Ол бірінші кезекте борышкерлердің қарызын жойып, болашақта жеке құлдыққа,
борышкерлерді құлдыққа сатуға тыйым салды. Енді құлдық сырттан келген құлдар
көмегімен дамыды. Келесі өзгеріс - жер иеленушілердің иелік ауқымы шектелді.
Саяси реформалары: ценздік-мүліктік жіктеу. Афины азаматтары мүліктік
жағдайына байланысты төрт топқа бөлінді. I разрядқа - ең байлар, II разрядқа жай байлар. Бұл екі разряд өкілдері мемлекеттік аппараттағы барлық маңызды
қызметтерді алуға құқылары болды, бірақ архонт және қазынасы (қазынашы)
болуға тек I разряд өкілдерінің құқысы болды.
8.
СолонЕнді аристократиялық қағидат (шығу тегіне байланысты) мүліктік, байлық
принципімен ауыстырылды. III разрядқа - орта топтағы азаматтар, IV разрядты
қоғамның қалған топтары феттер құрады.
Солон конституциясы бойынша биліктің жоғарғы органы - афины халық
жиналысы жарияланды. Афины қоғамының 4 тайпаға бөлінуінің сақталуына
байланысты 400 кеңесі құрылды - Мемлекеттік орган. Бұл кеңес жыл сайын
алғашқы үш разряд азаматтарынан сайланды, әр тайпадан 100 өкілден тұратын
400 кеңесі халық жиналысында талқыланатын мәселелерді алдын ала дайындап,
күнделікті істермен айналысқан. Халық жиналысы маңызды мемлекеттік істерді
талқылаумен айналысты, заңдар қабылдады. Оның жұмысына ересек афин
азаматтары қатыса алды. Алқа би соты - гелизя құрылды. Соттың құрамына
барлық разряд азаматтары кіре алды. Солон реформалары демос пен ақсүйектер
арасындағы саяси компромисс нәтижесінде жасалды
9.
Драконт заңдарыАфина мемлекетінін құқығының қалыптасуын б.з.б VII ғасырға жататын Драконт
заңдарын айтуға болады.Ол өзінің аса қатігездігімен белгілі:жеміс-жидек ұрлаған
адамда,адам өлтірген қылмыскерде бірдей жауапқа-өлім жазасына
тартылған.Сонымен қатар Драконт заңдары қандық өшпенділікті шектеді.
Драконт заңдарында қасақана кісі өлтіру мен абайсызда кісі өлтіруді бөліп
қараған.Абайсызда кісі өлтірген үшін елден аластату жазасы қолданылған.Адам
денесінеде жарақат жасалғанда,сондай жаза қолданылған.Құқық қорғаушы
қылмыскерді жауапкершіліктен босатқан жағдайларда болған,егерде ол
қылмысты өзін өзі қорғау үшін жасаған болса.
10.
Драконт заңдарыДраконт заңдары басқада реформалар сияқты ұрлық үшін мүлкін
тәркілеген.Солон кезінде Драконт заңдарына тыйым салған,тек ғана бірнеше
адам өлтіруге байланысты жазалардан басқаларына.Сол кезден бастап Афина
заңдары жүйелі болмады.
Драконт заңдарындада әйел құқығы шектелді.Әйелдері күйеуінің
қамқорлығында болған.Олар еш уақытта көшеге шықпаған,тек мерекелерде ғана
шыққан.
Драконт заңдары бойынша ең қатал жаза болып:мемлекетке опасыздық
жасау,мемлекеттік билікке араласу болған.Ол үшін өлім жазасы немесе елден
аластату болған.
11.
Сот процесіЕжелгі Греция мемлекеттерінде қылмыстық іс арнайы тергеу арқылы
жүргізілген.Қылмыскерде жәбірленушіде өз ойларын айта алған және өз дәлелдерін
көрсеткен.
Сот жүргізудегі ең маңызды кезең екі жақтың сөз сөйлеп,өз ойларын айту
болған.
Сот өндірісінде істі жүргізудің екі тәсілі болған:
1.Іс жүргізуді тек жәбірленушінің ынтасы бойынша қозғау;
2.Істі кез келген азаматтың немесе лауазымды тұлғаның ынтасы бойынша қозғау.
Іс бойынша шешім құпия дауыс беру арқылы шығарылатын,ал дауыстар тең
болған жағдайда сотталушы ақталған деп саналатын.
12.
Сот жүйесі бірнеше сипатқаиеленген:
Сот жүйесі бірнеше сипатқа иеленген:
1 Гелия-қасақана адам өлтіру және мемлекеттік
қылмыстар туралы істер қаралған;
2 Эфеттер соты-абайыз қылмыстар туралы
істерді;
3 Онбірлік алқасы-ұрлық,тонауды;
4 Диэтеттер соты-мүліктік істерді;
5 Қырықтық алқасы-ұсақ істерді қараған.