Похожие презентации:
Қатты қалдықтарды жарату және оларды қайта пайдалану
1.
Қатты қалдықтардыжарату және оларды
қайта пайдалану
Елемес Сұңқар
Экология 201
2.
Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу табиғиресурстарды тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы екені анық. Ел
үшін аса маңызды құжат - «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты
Елбасымыздың биылғы жолдауында «ХХІ ғасырда әлемнің
табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар
болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын
дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат
индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға
қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек.
Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді
түрде енгізу қажет» екендігін атап өтті.
3.
Барлық аймақтарда шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартаотырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және жою – заман
талабына айналды. Бұл Президент Жарлығымен бекітілген жасыл
экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асырумен үндеседі. Қазіргі
таңда, елдегі қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі тұрақты түрде артып
келеді. Ресми дерекке жүгінсек, Қазақстанда жыл сайын 5 миллион
тоннадан астам тұрмыстық қалдық пайда болса, оның тек 9 пайызы ғана
қайта өңделеді. Салыстыру үшін - Швецияда тұрмыстық қалдықтардың
99%, Германияда – 98 %, Италияда – 80% Жапонияда – 100 % кәдеге
жаратылады екен.
4.
Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де көп жылдан бері жинақталған қоқыс қалдықтарынантазалау, оны толығымен жою немесе қайта өңдеу шаралары күн тәртібінде тұрған өзекті
мәселе. Тұрмыстық қалдықтарды қоқыс орындарына жаппай тастау - табиғат пен
экологияның бұзылуымен ерекшеленеді. Жылдар бойы пайдаланылып келген қоқыс
полигондары топырақ, жерасты сулары және ауаның ластануына әсерін тигізеді.
Қалдықтарды басқару саласындағы көп жылдық тәжірибені зерттей келе ең оңтайлы әдіс
- қоқыстарды бөлек жинау, сұрыптау және оларды шағын кәсіпорындарда өңдеу болып
табылатынын сенімді түрде айта аламыз. Осы орайда оңтүстік өңірінде қоқысты
сұрыптайтын кәсіпорындарды құру бағытында жергілікті атқарушы органдар шағын
және орта бизнес өкілдерімен бірлесіп нақты қадамдар қолға алынды. Дегенмен,
көпшілік арасында қоқыстарды бөліп тастау тәжірибесінің қалыптаспағандығы бұл өзекті
бастаманы жеделдетіп іске асыруға қиындық туғызуда. Қазіргі таңда облыс әкімдігіне
қарасты тиісті басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері тарапынан осы бағытта қоғамда
ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
5.
Облыс аумағында нақты іске асқан жобаларға келер болсақ, Шымкент қаласыАқтас-1 елді мекені аумағында қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт қайта іске
қосылып, сенімгерлік басқарудағы «Green line» ЖШС-і жұмыс атқаруда. Ордабасы
ауданы, Бадам индустриалды аймағында «GREEN Technology Industries» ЖШС-мен
полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеу арқылы гранула және штапель жіптерін
өндіру зауытының құрылысы жүргізіліп, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыста сұрыптау жұмыстарымен 10 жуық шағын кәсіпкерлік
субьектілері айналысуда. Осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта жандандыру
–басты мақсаттардың бірі. Бастысы – қоқысты бөліп жинау, сұрыптау мен қайта
өңдеу – елдің бүгіні мен болашағы үшін аса қажетті дүние. Сондықтан, әр азамат
осы іске толыққанды үлес қосып, ауқымды жобаның ойдағыдай іске асуына ат
салысуы тиіс деген ойдамыз. Ал, бизнес өкілдері жоғарыда аталғандай, қайта
өңдеуге қызығушылық танытып жатса, басқарма тарапынан тек қана қолдау
көрсетуге дайын екенімізді атап өткен жөн.