4.14M
Категория: ГеографияГеография

Жер бедері туралы жалпы түсінікті қалыптастыру (№ 2 дәріс)

1.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атынағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану Ғылымдар факультеті

2.

Мақсаты: Жер бедері туралы жалпы түсінікті
қалыптастыру.Оның пішіндері мен элементтерінің
морфографиялық және морфометриялық
сипаттамаларын анықтау.
Жоспары:
1. «Бедер» түсінігінің қалыптасуы.
2.Морфологиялық сипаты.
3.Морфометриялық сипаты.

3.

Жер бедері немесе рельеф – эндогендік және экзогендік процестердің өзара
қарым-қатынас әрекетінен қалыптасқан құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің
жиынтығы. Қышқанда айтқанда, рельеф – жер пішіндерінің жиынтығы. Рельеф
жеке пішіндерінен, ал пішіндер элементтерден құралады.

4.

Рельеф пішіні
Рельеф пішіндері – биіктігі немесе тереңдігі, ұзындығы немесе
ендігі бар жер бетінің көлемді табиғи құрылысы. Олар оңаша (жеке
шоқы, төбешік) немесе ашық (сай, жыра), оң (дөңесті) және теріс
(ойысты), жай және күрделі болып келеді. Рельеф пішіндерінің
элементтері көбінесе табиғат агенттерінің әсерінен өздерінің
морфологиялық көрсеткіштерін жоғалтып дөңгеленіп қалады, күрделі
түрлерінде беткейлердің пішіндері иілу арқылы бір-біріне ауысып
тұрады.
Экзогендік агенттер әрекетінен борпылдақ тау жыныстар үйіліп,
шоғырлану арқылы аккумуляциялық рельеф пішіндерін (құм төбе, құм
шағыл) және ұзақ уақыт үгіліп, шайылу арқылы денудациялық
(денудациялық жазықтарды, жыралар мен өзен аңғарларын) немесе
эрозиялық рельеф пішіндерін қалыптастырады.
Рельеф пішіндері мен элементтерін зерттеп білу олардың негізгі
белгілерін, яғни морфометриясын, морфографиясын, қалыпты тегін
(морфогенезисін) және жасын (көнелігін) анықтауға мүмкіндік береді.

5.

Жер
бедер
пішіндері
өздерінің
мөлшеріне
қарай
6-ға
бөлінеді:
1. Планеталық пішіндер жер бетінің жүздеген мың, тіпті миллиондаған шаршы
киллометр ауқымын қамтиды.
Континеттер (материктер) – жер бетінің ең ірі дөңес пішіндері. Олардың көп
бөлігі құрлықтан тұрады, сонымен қатар материктердің біршама бөлігі дүниежүзі
мұхиттық түбін қамтиды. Материкттердің маңызды ерекшеліктерінің бірі – жер
қыртысының
материктік
типінен
құралуы.

6.

Мұхит түбі немесе мұхит табаны – дүниежүзі мұхитының негізгі бөлігі,
олардың тереңдігі үш километрден төмен және жер қыртысының мұхиттық
түрімен сипатталған. Мұхит түбінің аса маңызды элементтері – мұхит түбінің кең
ауқымды қазан шұңқырлары мен оларды бөліп тұратын су асты жоталар.
Қозғалмалы (геосинклиндік) белдеулер, көбінесе материктер мен мұхиттар
арасындағы шекара және құрлық шегінде орналасады. Ортаңғы мұхиттық
жоталар өздерінің ұзындығы мен дүниежүзінде ең кең таралған таулар жүйесі
болып саналады

7.

2. Мегапішіндер жүздеген және ондаған мың шаршы километр ауқымды
қамтиды. Бұларға материктер аумағындағы таулы жүйелер және кең байтақ
жазықтар, мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір
жазығы, Орта Сібір қыраты, Тянь-Шань тау жүйесі, Тибет таулы қыраты т.с.с.
мұхит өмірінде ірі – ірі суасты ойпаңдар мен көтерілімдер жатады.
Гималай тауы мегапішін
3. Макропішіндер – мегапішіндердің құрамдас бөлігі. Олардың аумағы жүздеген,
мыңдаған кейде он мыңдаған шаршы километрге дейін жетеді. Макропішіндерге
таулы аймақтардың жеке қыраттары немесе ойыс жерлер жатады (Іле Алатауы,
Күңгей және Теріскей Алатау, Ыстықкөл ойысы т.б.)
Ыстыкөл ойысы -макропішін

8.

4. Мезопішін рельефтің ең көп тараған формасы. Ондаған шаршы километрмен
өлшенеді. Оларға жотаның тарамдары, жыралар, сайлар, жеке аңғарлар, ірі
аккумуляциялық пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.
Өзен аңғары - мезопішін
5. Микропішін жер бедерінің ұсақ формасы. Биіктігі бірнеше метр ғана. (карст
шұңқырлар, эрозиялық қазбалар, ұсақ құм төбелер, көлдеулер, т.б.)
Карст шұңқыры - микропішін
6. Нанопішін – макро-мезо-және микропішіндердің үстін шиелендіріп
бөлшектейтін өте ұсақ кедір-бұдырлар. Бұларға шалғындық төбешіктер, ұсақ
жемірленген қазындылар, кеміргіштердің індері, құм шағылдардың бетінде
дамыған құм иріктері және т.б. жатады.

9.

Шолу сұрақтары
1. Жер бедерінің пішіндері мен элементтеріне
сипаттама беріңіздер?
2. Геосинклиналь ұғымы нені білдіреді?

10.

Морфография – (гр.morphe – пішін + graphy)
бейнелеу,суреттеу) бедердің сыртқы бейнесін, оның
пішінін бейнелеу.

11.

Морфометрия (гр.morphe – пішін + metreo – өлшеу) – рельефке
сандық сипаттама беру. Морфометриялық тәсілмен белгілі
геоморфология аймақтарының бедер пішіндерін өлшеу үшін олардың
ұзындығын, енін, биіктігін, тереңдігін және бедердің тілімделу
жиілігін анықтау арқылы жүзеге асады. Морфометриялық мәліметтер
көбіне топографиялық және аэрофото – және ғарыш материалдарын
талдау нәтижесінде алынады. Жүргізілген өлшеулер мен есептеулер
негізінде арнайы морфометриялық карталар жасалынады.
Морфометриялық мәліметтер, әсіресе, жол құрылыстарын
жобалауға, эрозия процеіне қарсы күрес жүргізуге, мұнайлы – газды
тектоникалық құрылымдарды іздестіруге қажет. Геоморфологилық
зерттеуде және геоморфологиялық картографиялау кезінде жер
бедерінің негізгі зерттеу нысана – жоғарыда айтылған бедердің жеке
пішіндері мен элементтері және бедердің генетикалық типтері. Жер
бедерінің генетикалық типтері дегеніміз – белгілі бір табиғат
әрекетінен
қалыптасқан
морфографиялық
(сырт
бейнесі),
морфометриялық (мөлшері) және морфогенезисі жағынан ұқсас жер
беті пішіндерінің заңды түрде үйлескен табиғат құрылыстары.
Мәселен, желдің әрекетінен пайда болған бедердің эолдық типі,
мұздың әрекетінен қалыптасқан биік тау өлкелеріндегі бедердің
мұздық типі, теңіз әрекетінен түзілген бедердің теңіздік типі және т.б.

12.

Шолу сұрақтары
1. Морфометрия мен морфография ұғымдары
нені білдіреді?
2. Жер бедерінің ең төмен жатқан жерлерін
атап көрсетіңіздер?

13.

Рельеф пішіндерінің элементтері
Рельеф пішіндерінің элементтері көбінесе табиғат
агенттерінің
әсерінен
өздерінің
морфологиялық
көрсеткіштерін жоғалтып дөңгеленіп қалады, күрделі
түрлерінде беткейлердің пішіндері иілу арқылы бір-біріне
ауысып тұрады.
1. Жер бетінің кез келген бөлігінің бедері өзара байланыса
жалғасатын жекелеген бедер пішіндерінен, ал пішіндер –
элементтерден құралады.
2. Геометриялық белгілері бойынша жіктелетін бедер
элементтері; су айырық, тальвег, қабақ, бүгілме, кемер
табаны, қыр, төбелер, кезеңдер
3. Еңістігіне
қарай
бедер
беттері
бөлінеді:
1)субгоризонталь беттер – еңістік бұрышы 20° –қа
дейін
2)беткейлер – еңістік бұрышы 20° –тан артық

14.

И.П. Герасимов жер беті пішінін үш категорияға бөлген:
1)геотектура – материктік дөнестер мен мұхиттық ойпаңдар ;
2)морфоқұрылым – тау көтерілімдер, ойпаңдар мен
жазықтар;
3)морфомүсін –
экзогендік процестер нәтижесінде пайда болған бедер.
5. И.П.Герасимов пен Ю.А.Мешеряков бедердің генетикалық
жіктемесінде планеталық пішіндер мен мегапішіндерді
геотектура, макропішіндерді морфоқұрылым деген. Олар
көбінесе эндогендік процесс әрекетінен пайда болған, ал
экзогендік процестердің әрекетінен қалыптасқан мезо-және
микропішіндерді олар морфоскульптура (морфомүсіндер) деп
атаған
6. Беттер тегіс, ойыс немесе дөңес болады. Бедер пішіндері
оңаша (мореналық төбе, мореналық ойық), ашық (жыра, сай),
қарапайым және күрделі, оң (дөңес) және теріс (ойыс) болуы
мүмкін. Қарапайым пішіндер – шағын өлшемді, біршама
дұрыс геометриялық кескінді болып келеді. Күрделі пішіндер
– бірнеше қарапайым пішіндердің жиынтығы.
4.

15.

• И.П.Герасимов 1946-1967 жылдары
жазған еңбектерінде морфоструктура
(морфоқұрылым)
деген
ұғымды
алғашқы
рет
қолданды.
Морфоқұрылым деп ол геологиялық
құрылымның бір түріне сәйкес келген,
негізінде
эндогендік әрекеттерден
түзілген бедер пішіндерін атайды
(жоталар, ойпаттар). Басқаша айтқанда,
жер
бетіндегі
эндогендік
және
экзогендік процестердің қарымқатынас
нәтижесінде басты рөлді эндогендік
процестердің
әсерінен
құрылған
пішіндерді
морфоқұрылым
деп
аталады. Ал экзогендік әрекеттен
қалыптасқан
бедер
пішіндерін
«морфоскульптура» (морфомүсін) деп
атаған (өзеннің арнасы, шағыл құмдар,
карст шұңқырлары және т.б.).
И.П.Герасимов

16.

17.

Шолу сұрақтары
1. Қазақтың ұсақ шоқыларының шекараларын анықтап
беріңіздер?
2. Жер бедерінің генезисі мен жасына сипаттама
беріңіздер?
3. Радиоактивті элементтердің жартылай ыдырау
мерзімін қандай әдістер арқылы анықтайды?

18.

Бейне материалдар;
https://youtu.be/8q2cVIqeNTw
https://youtu.be/_3cXbX8jEA0

19.

Терминдер:
• Экзогендік әрекеттер, сыртқы процестер –
Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация)
күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы
• Эндогендік әрекеттер – Жердің ішкі
энергиясына, ауырлық күшіне және Жер айналған
кезде пайда болатын күштерге байланысты оның
қойнауында жүретін геологиялық процестер.
• Денудация (лат. denudatio - ашылма) — уатылған тау
жыныстарының жер бетінің ойпаң бөліктеріне сырғу
немесе тасымалдану (сумен, желмен, мұздықпен,
ауырлық күшінің тікелей әсерімен) процестерінің
жиынтығы.
• Геосинклинальдық аймақ — геосинклинальплатформаға қарама-қарсы қойылатын жер қабығының
тектоникалық қозғалмалы аймағы.

20.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ананьев Герман Сергеевич. Геоморфология материко в : учебник для вузов /
Ананьев Герман Сергеевич, Бредихин Андрей Владимирович; Московский
Государственный университет имени М.В. Ломоносова, Географический факультет.
- Москва : Книжный дом "Университет", 2008. - 348 с., [16] л. ил. Библиогр.: с. 330331. -ISBN 978-5-98227-265-2.
2. Рычагов Георгий Иванович. Общая геоморфология [Электронный ресурс] :
учебник для вузов / Рычагов Георгий Иванович; Московский государственный
университет имени М.В. Ломоносова. - 3-е изд. перераб. и доп. - Москва :
Издательство Московского университета : Наука, 2006. - 415, [1] c. - (Классический
университетский учебник). - Библиогр.: с. 398; Предм. указ.: с. 401- 412. - ISBN 5211-04937- 3. - ISBN 5-02-034256-4.
3. Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология : оқулық / С.А. Құсайынов; Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Ӛңд., толықт. 3-бас. - Алматы :
Дәуір, 2012. - 366, [2] б. - Библиогр.: б. 358-361. -ISBN 978-601-217-322-2.
English     Русский Правила