666.25K
Категория: АстрономияАстрономия

Ғаламшар немесе Планета

1.

Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs —
кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не
басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз
салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан
денесі

2.

Енді аспанда 8 ғаламшар ғана қалды. Олар:
Меркурий
Шолпан
Жер
Қызылжұлдыз
Есекқырған
Қоңырқай
Уран
Нептун

3.

Болпан немесе Меркурий немесе Шолпан, Таңшолпан, Кіші
Шолпан — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ең кіші ғаламшары.
Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Ал өз белін ұзақ уақыт 59
тəулікте айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне
сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз
+400 дәреже болса, түнде -200 градусқа барады.Яғни түн жағында
қар жауады. дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ,
соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы,
жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар
сияқты көрінеді. Меркурийдің беткі қабаты құлаған метеориттерден
пайда болған кратерлермен жабылған. Шолпанды әлемде
"Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының
мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км),
Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6
тәулік, орташа диам. 4878 км, массасы 3,3×1023 кг; өте сирек
атмосферасының құрамында Ar, Ne, He бар. М. беті сыртта.
Меркурий ежелгі римдіктердің құдайы болды

4.

Шолпан — күн жүйесіндегі оған жақын
екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге ж
уық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың
назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт
қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың
табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар
арқылы анықтау қиындық келтірген. Дегенмен,
радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол
жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық
ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни
өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі
төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы
күндік тәулік шамамен Жердегі 117 тәулікке тең.

5.

Жер — Күннен әрі қарай санағанда
үшінші ғаламшар және тіршілігі табылған
жалғыз астрономиялық
нысан. Радиометриялық талдау мен басқа
айғақтар бойынша, Жер 4,5 миллиардтан
астам жыл бұрын қалыптасты.
Оның гравитациялық өрісі ғарыштағы басқа
нысандармен, әсіресе Күн мен табиғи
серігі Аймен әрекеттеседі. Орбита бойымен 3
65,25 шақты күн ішінде Күнді бір рет айналып
шығады.

6.

Марс (Қызылжұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі
6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,93 г/см3, бетіндегі
ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2, орташа температурасы -60 °С. Марс Күнді
эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен
орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249
млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы
орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс”
периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының
перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км
қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы
60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді
“ұлы қарсы тұрыс” деп атайды. Бұл 15 – 17 жылда тамыз айында (кейде шілде
не қыркүйекте) қайталанады. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр
дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың
осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22,7 с. Марстағы
жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге
(полюстік, қоңыржай, тропиктік) бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір
жыл мезгілі Жердегіден гөрі 1,9 есе ұзақ болады.

7.

Юпитер (Есекқырған) — Күн жүйесінің бесінші ғаламшары.
Қызылжұлдыз бен Сатурн (Қоңырқай) ғаламшарларының арасында
орналасқан. Есекқырған күннен 773 млн. шақырым қашықтықта
орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр
бойынша ол Жерден 11 есе, ал салмағы бойынша 300 есе үлкен.
Есеккқырғанның бір жылы Жердегі 11 жылына сәйкес, яки
Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Есекқырғанда
Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның
орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр.
Есекқырғанның, Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте
қысқа.
Есекқырғанның бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен
ғаламшарлар секілді өте жылдам өз белін айналады.
Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C.
Есекқырғанның табиғи серіктері — Еуропа
(серік), Каллипсо, Ио, Ганимед.

8.

Сатурн (қаз. Қоңырқай) — Күннен
санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі
бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.
Қоңырқай Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.)
қашықтықта орналасқан. Күннен айналу
уақыты - 29,46 жыл.
Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және
ең күрделі сақиналар құрылысы бар
ғаламшар.

9.

Уран — Күн жүйесінің жетінші ғаламшары.
1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям
Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың
құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран
- бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84
жылда бір рет айналады.

10.

Нептун — Күн жүйесінің сегізінші
ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең
алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі
жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша
үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр,
Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан
сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз
құдайының атымен аталған.
Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының
үшұшты найзасы.
English     Русский Правила