3.76M
Категория: ИсторияИстория

Франк державасындағы феодализмнің дамуы

1.

Орындағандар:
Мейіртай Бауыржан
Жолжаксиев Диасбек
Қабылдаған:Салимов Арғын
Қайыргелдіұлы
Франк
державасындағы
феодализмнің
дамуы.Меровингтік
кезеңдегі франк
қоғамындағы
әлеуметтік
жіктеліс.Каролингтерді
ң франктік державасы

2.

Франктер — орта ғасырлардың бас кезінде
Орталық Еуропада тұрған батыс герман
тайпалар тобы. Оларға хамава, бруктер, усибет,
тенктер, сугамбар, т.б. тайпалар кірген.
Франктер 2 топқа бөлінеді: 1) Төменгі немесе
Солтүстік Франктер (кейінірек Батыс Франктер)
деп аталған сали Франктері; 2) Рейн өзіні
жағалауынан жоғары Майн өзініне дейін
қоныстанған Франктер. Дерек көздерінде олар
алғаш рет 3 ғасырдың ортасында аталынады.
Сали Франктерін 4 ғасырда римдіктер
талқандап, Токсандрияда федераттар құқығында
қалдырады. Жазба деректерде олар 451 ж.
ғұндарға қарсы Каталаун қырғынына қатысады.
5 ғасырдың бас кезінде сали Франктері Соммаға
дейінгі Галлияны бағындырды. Кейінірек
өздеріне бағынышты аумақтағы билікті нығайта
әрі кеңейте отырып, 5 ғасырдың соңында Франк
мемлекетін құрды. Франктер Батыс Еуропадағы
бірқатар халықтардың этногенезінде өзіндік рөл
атқарған.

3.

Франк мемлекетінің аумағында жазба заңдардың шығуы
өкімет билігін нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет
адамның байлығы мен жерін басқыншылардан қорғап
отыру үшін керек болды. Қуатты мемлекеттің көмегімен
ел басшылары халық бұқарасын қабылданған тәртіп
шеңберінде ұстап, салықты уакытында жинап алатын
жағдайға жетті. Әскер басшыларының ішіндегі әрі батыл,
әрі тапқыр Хлодвиг король деп жарияланды. Король барлық халық бағынатын, өкімет билігін өзінің әулетіне
мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет басшысы.
Жоғарғы сот билігін де корольдің өзі атқарды. Барлық
мемлекеттік маңызы бар мәселелерді жақын достарымен
ақылдаса отырып, корольдің өзі шешетін болды. Король
сарайы елді басқарудың орталығына айналды. Сарайда
корольдің жақын туыс-достары, кызметкерлері мен
жасақшылары орналасты. Тұрақты жасақ салықтар мен
соғыста түсетін олжаның есебінен өмір сүрді.
Франктердің тұрақты әскері болған жоқ. Соғыс бола
калған жағдайда барлық ерікті азаматтардан халық
жасақтары құрылатын. Негізгі әскери күш корольдің
жасағы болды.

4.

Франк империясы — Батыс
Еуропада 5 ғасырдың аяғы
мен 9 ғасырдың ортасында
өмір сүрген ортағасырлық
мемлекет. Атауы франктер
тайпалар одағының атынан
шыққан. Франк мемлетінің
тарихы 3 кезеңге бөлінеді.
“Меровингтер кезеңі”,
“Майордомдар кезеңі”,
“Каролингтер кезеңі”. 486 ж.
сали франктері Хлодвиг X
(481 — 511) басшылығымен
Батыс Рим империясының
Галлия провинциясын
жаулап алғаннан кейін Франк
мемлекетті пайда болды.
Хлодвиг тұсында Франк
мемлекеті орта және жоғары
Рейн алабын бағындырды.
Аквитаниядағы
вестготтардың иеліктерін
(507) және Рейннің
жағалауындағы шығыс
франктерін жаулап алу
нәтижесінде кеңейді

5.

Майордомдар билігі. "Майордом" латынша "үйдің үлкені",
"басшысы" дегенді білдіреді. 511 жылы Хлодвиг өлгеннен кейін
оның мұрагерлері жер мен билік үшін қиян-кескі күрес жүргізді. Ел
біресе бөлшектеліп, біресе қайта бірігіп, тұрақсыз жағдай орнады.
Меровингтер әулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп,
майордомдардың ықпалы күшейе түсті. Король майордомдарды
сарай шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Біртіндеп
майордом қызметі әкеден балаға мұра ретінде қала беретін
мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды қызметке айналды.
Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ
өз билігін жүргізді. Оның билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан
өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 жылы
Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл
Мартеллді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер
қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен
қоса жер үлестерін алды. Ол жерден түсетін табысқа иесі өзіне ат
пен қару-жарақ сатып алуға міндетті еді.

6.

Мемлекеттік құрылысы
8 — 9 ғасырларда Франк мемлекеттінің экономикасы мен
мәдениетінің дамуы біршама жанданды. Тың жерлерді игеру
қолға алынды, қолөнері өркендеді. Жерорта т. жағалауын
жаулап алуға байланысты сыртқы сауда өрістеді. Жерорта
теңізінің мәдени орталықтарымен және Ирландиямен қарымқатынас жолға қойылдыФранк мемлекеті ерте-феодалдық
мемлекеттер қатарына жатады. Бұл мемлекет феодалдық
қарым-қатынастарға құрылған. Мұның өзі жаңа қарымқатынастар үстемдік ететін екі топты жоғары көтерді. Олар
франктер мен галлоримдер. Дегенмен олардың феодализмге
келу жолы бірдей емес еді. Франктер феодализмге рулық
қоғам ыдыраған соң келсе, римдер құл иеленушілік қоғамның
барлық кезендерінен әтіп, кұл иеленушілік дағдарысқа
ұшырағаннан кейін ғана феодализм жүйесіне бет бұрды.

7.

Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровин-гтер
руынан шыққан косем. Хлодвиг осксрге басшылық еткен уақытта бүкіл
Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақыл-ды ісәрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим ка-толик
шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер бала-ларына
мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері
Хлодвигтің түқымдары болатын. Корольдің қолында маңызды
мемлекеттік артықшылықтар болды. Ол халық әскерін басқарды. Ол
оскерге франктер ғана емес, галло-римдер де қатысатын. Король епископтармен және жоғары вельможалармен ақылдасып, бүкіл жоғары
қызметкерлерді тағайындады. Оларға сыйлық ретінде жер және басқа
заттар таратты. Корольдің сарайы ең жоғарғы мемлекеттік орган болды.
Меровингтср тұсында бұлар тез байып кетті. Феодалдармен қатар
шіркеу де ауқаттанып, нығая түсті.
Франк шаруаларының да жағдайлары өзгерді. Олардың
арасында саралау процесі басталды. Шаруалардың кебі жеке
бостандығын жоғалтып, жерінен айрылып, амалсыз прекарлық
қағаз /грамота/ жазуға тиісті болды.
English     Русский Правила