2.77M
Категория: ИсторияИстория

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

1.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ
ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС

2.

Тақырыпқа шығу
«Қазақ» газетінде Әлихан Бөкейханның «Тағы соғыс» мақаласы жарияланды: «Бұл
соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын
төгетін сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының
қылған ісі кімнің алдында ақталмақ».
Міржақып Дулатұлы: «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден
айырылды».

3.

Көтеріліс себептері
■ 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн десятина
■ 1906-1912 жылдары 17 млн десятина
■ 1917 жылға қарай 45 млн-нан астам десятина
ЖЕР ТАРТЫП АЛЫНДЫ
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылып, қазақ халқын отарлау
одан әрі күшейді:
■ Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді
■ Ірі қара мал мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді
■ Әскерлердің қажетін қамтамасыз ету үшін жығып-құруға киіз үйлер алынды
■ Әскери салық ретінде әрбір отбасы 1 сом 84 тиын төлеуге міндетті болды

4.

Көтерілістің басталуы
■ 1916 жылы 25 маусымда өлкенің байырғы тұрғындарын қорғаныс нысандарын
салу мен тыл жұмыстарына алу туралы патша жарлығы шықты.
■ 1916 жылы тамыздағы Түркістан генерал-губернаторы А.Н.Куропаткиннің құпия
бұйрығы бойынша «бұратаналардан» шыққан билік өкілдері мен діни
қызметкерлер және ақсүйектер қара жұмыстан босатылды.
■ А.Ф.Керенский «60 жастағы шалдардың 30 жаста болып жазылғандығын, ал
байдың балаларының 25-30 жастағылары 50-де деп жазылғандығы орыс
шенеуніктері мен жергілікті қазақ әкімсымақтарының парақорлығы»,-деп
сынайды.

5.

Қазақ зиялылары қатарында бірлік
болмады. Олар екіге бөлінді:
■ Революцияшыл радикалды бағытты ұстанғандар: Т.Бокин (Жетісу), Ә.Майкөтов
(Ақтөбе), С. Сейфуллин, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин қарулы күрес жолын таңдады.
■ Ұлттық-либералдық бағыттағы Алаш зиялылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы,
А.Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл
табысу жолдарын іздеді.

6.

Тыл жұмысына алынатындар қатарына орыс емес
тұрғындардың 19 бен 43 жас аралығындағы ер-азаматтары
жатқызылды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты қозғаушы күші
халық бұқарасы болды. Көтерілістің неғұрлым ірі ошақтары
Торғай, Жетісу, Ақмоланың Есіл бойы мен басқа да жерлерді
қамтыды.

7.

ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛІС
■ Басшылары- сардар Амангелді Иманов пен Әбдіғапар Жанбосынұлы
■ Арнайы құрылған мергендер отрядын- Кейкі батыр басқарды
■ Кейкі батыр Құмкешу, Күйік, Батпаққара, Доғал соғыстарына қатысты.
■ Хандық билікті қалпына келтіріп, Әбдіғапар Жанбосынды хан сайлады.
■ 1916 жылы 22 қазанда 15.000-нан астам көтерілісші Торғай қаласын қоршауға
алды.
■ 10 күн шайқастан кейін, көтерілісшілер Батпаққара, Аққұм және ДоғалҮрпекке қарай қашып кетті.
■ Қараша айына қарай көтерілісшілердің саны 50.000 ға жетті.
■ Көтерілске шыққандарға қарсы генералдар Макаров және Лаврентьев
отрядтары әрекет етті.
■ 1917 жылы көтерілісшілер Торғай қаласын басып алды.

8.

Жетісудағы көтеріліс
■ Көтеріліс 1916 жылы шілдеде басталды
■ Көтерілген қазақтарға ұйғыр, дүнген, қырғыздар қосылды
■ Көтеріліске Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Бекболат Әшекеев, Тоқаш
Бокин т.б басшылық етті
■ Көтерілісшілер саны 5000 адамға жетті
■ Көтеріліс бәсеңдегенде 238 мың адам Қытайға көшуге мәжбүр болды
■ Жазалаушылар саны 20.000 болды, көтерілісті бастаған 12 адам қатаң жазаланды
■ Ж.Мәмбетов пен Ұ.Саурықов түрмеде у беріліп өлтірілді

9.

■ Жетісудағы Верный ошағының көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев болды.
■ Оны халық 1916 жылы Верный уезінің Жайымтал болысының ханы етіп сайлады.
■ Қыркүйек айында сот болып, Боралдай деген жерде Бекболатты дарға асып өлтірді.
Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, Түркістан өлкесінде 1917 жылдың
ақпанына дейін
■ 347 адам өлім жазасына
■ 168 адам каторгалық жұмыстарға
■ 129 адам түрмеге жабылуға кесілді

10.

Ақмола көтеріліс орталығы
■ Көтерілісшілердің саны 30.000
■ Рақымжан Мәдин және тегі украин Яков Латута (Жақып Жоламанов)
басшылық етті
■ Амангелді Иманов сарбаздарына барып қосылған
■ Көтеріліс жеңіліс табады.

11.

Қазақтардың көтеріліске жаппай қатысуы әскери тәжірибе
жинақтап, кейін Алаш әскерін құру мен 1918-1920
жылдардағы большевиктермен қарсыласуында пайдаға асты.
English     Русский Правила