277.14K
Категория: ЛингвистикаЛингвистика

Сөзжасамдық бірліктер. Тапсырмалар

1.

Практикалық сабақ. 3-апта. Тақырыбы: Сөзжасамдық
бірліктер.
Тапсырмалар

2.

Берілген сөздерді сөзжасамдық бірлік түрлеріне қарай (түбір (тірі, өлі),
сөзжасамдық жұрнақ (өнімді, өнімсіз, құнарлы, құнарсыз, төл, кірме,
құранды, күрделі) талдаңыз:

С
ө
з
ж
а
с
а
м
д
ы
қ
т
ә
с
і
л
т
ү
р
і
С
и
н
т
е
т
и
к
а
л
ы
қ
т
ә
с
і
л
А
н
а
л
и
т
и
к
а
л
ы
қ
т
ә
с
і
л
Л
е
к
с
и
к
а
с
е
м
а
н
т
и
к
а
л
ы
қ
т
ә
с
і
л
Ф
о
н
е
т
и
к
а
с
е
м
а
н
т
и
к
а
л
ы
қ
т
ә
с
і
л
Т
у
ы
н
д
ы
с
ө
з
1. Көкжиектен әлгінде ғана туып, Сабынкөл үстімен өрлей көтеріліп келе
жатқан ай сәулесі бүкіл түн баласын құшағына алып, тербетіп тұр.
2. Тұтқын көзі аспанда да, айда да емес, жер бетінде: түрме қоршауының
алаңын, алыс түкпірін тінтеді, келіп тұрған досын іздейді.
3. Кілтші сыртқы есіктен екі адамды бері енгізіп жатып: “Айманов мырза,
сіздің рұқсатыңыз бес-ақ минут. Сол есіңізде болсын!” - деді.
4. Көкшағыр көп жасамас. Жасатпас мына қанды тырнақ зұлмат. Тек, сендер
тірі бол, - деді де, енді бетін Сұлтанмахмұтқа бұрып, - сен тірі бол, өсетін жас
өрім, көк бұтақ.
5. Жүрегіңді тозаң баспасын, шырағым. Әділдіктің, шындықтың перзенті бол,
- деді.
1
2
3
4

3.

6. Ақбет биігінің жотасын өрлей жүзіп бара жатқан ай; тау
жақтан ескен түнгі самал; үй іргесінде, тау бауырында
толқыны тулап, кемерін соғып жатқан Торайғыр көлі, оянып
кетіп, әндеткен бірлі жарым құс дауысы - бәрі Сұлтанмахмұт
көңілін тек ізгілікке бөлеп, қыран шабыт шақырғандай .
7. Үлкен күміс қаптырмамен бір-ақ жерден түймелеген
қызылмауыт қамзолының қынама белі болымсыз желмен
тербеле солқылдаған көк шыбықтай сүйкімді.
8. Бақыттысың ғой, Бағилаш, осындай жақсы жарға кез
болған. Теңіңе қосқан әке-шешеңе уыз батаңды бер, - дейді
Гүләйман ерні қыбырлап (Д.Әбілев).

4.

9. Гүләйманның ақ торғындай үлбіреген жүзінде жұқалаң қызыл
шапақ ойнайды. Қарақаттай көзінде ыстық сыр мөлдірейді (Д.Әбілев).
10. Бұл екеуінен басқа, шынайы астана адамынша сымбатты киінген
тағы бір адам барды.
11. Ол орта жастарды жағалатқан ашаң жүзді, мұрынды, жұмыр ақ
саусақты Фан-Штейн еді (Ғ.Мүсірепов).
12. Жұмыста авария, жұмысшы қазынасында ұрлық, өрт, жұмысшы
жетпей жатқанда, жұмыссыздар, торығушылар көріне бастады
(Ғ.Мұстафин).
13. Ақсары шырайынан жадағайлық та, кеңдік те байқалады...
Алыстан толғап, шындықты іздеп отырған сияқты (Ғ.Мұстафин).

5.

14. Айыпкердің бала-шағасы барын және жәбірленушінің
өтінішін еске алып, жолдастық сот қатаң жаза қолданбауға
ұйғарды.
15.
Түзелгенін
ісімен
көрсеткенше,
Бондаренконы
бригадирліктен босатып, жауапты ақысы жоғары жұмысқа
жібермеу, басшылықтан сұралсын (Ғ.Мұстафин).
16. Дәм үстінде Асан әңгіменің тақырыбын басқа жаққа
аудармауға тырысып, сөзді үй-ішінің, отбасының жеңіл әзілоспағына бұрып жіберіп отырды (Н.Ғабдуллин).

6.

17. Өндіріс пен шаруашылық салаларында тиімді жаңа әдістер,
еңбекті
ұйымдастырудың
жаңа
түрлерін
өндіруші
бәйге
“Жаңашылдар-дәуірге” атты ұранмен жүргізіледі (“Алматы ақшамы”).
18. Құнанбайдың қалың жылқысының ішінде әрдайым ұзақ жолға,
әсіресе, қысқы жолға мінетін аты осы еді (М.Ә.).
19. Үстінде қара құлын жарғағы бар, күміс кісе буынған, қара
мақпалмен тыстатып, қызыл түлкі тымақ киген Құнанбай сырт
жағынан қарағанда, тіпті зор, көрнекті еді (М.Ә.).
20. Абайдың ақмаңдайы кейде Құнанбай жүрісі баяуласа, жол
жорғасын салады да, сары жорға қатты тайпалып кетсе, амалсыздан
желе жөнеледі (М.Ә.).

7.

21. Бестай және оның бұзық баласы жайында бірсыдырғы мағлұмат
алып, көз алдына елестеткен Дәрмен Қалаудың әкесі Бектемірмен
алғашқы кездескенін еске алды (Ж.А.).
22. Шоқайдан құрылыс жабдықтарын тасушы арбакештер үлкен
керуен болып, жол үстінде жылжып келеді (Ж.А.).
23. Қызғаныш, жиреніш, өкініш, аяныш, ыза, қорлық - бәрі ұласып,
оның тірі қалып, көзге күйік болғанына бармағын шайнап,
зығырданар еді (Ж.А.).
24. Диханшы жер жыртып, ел несібін еккенде, кішкентай ғана қыз
бала топырақ тырнап, гүл егеді (Ғ.Мұстафин).
25. Жаз аяқталып, қыс жақындаған сайын, қараша ауылдар қоршаған
Қарағандының орталығы өзгере түсті (Ғ.Мұстафин).
English     Русский Правила