Похожие презентации:
Атқа міну мәдениеті. Заманауи ат спорты
1.
Ақпанның жиырма екісіСабақтың тақырыбы:
Атқа міну мәдениеті.
Заманауи ат
спорты.
2.
Атқа міну мәдениеті3.
4.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдерАтқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылық жержүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан
белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген
қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін
дәлелдеді. Жылқының қолға үйрету арқылы бізді бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз
үстемдікке ие болды. Ал жаһанды ауқымында алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз
революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де егізін қалады. Бес
қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан
дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі — батырлар заманының ең
танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан
көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.
...Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр
тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде
жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді.
Осылайша, кәдімгі шалбарды алғашы нұсқасы пайда болды. Бұл — салт атты адамдардың
ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары
теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де,
киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылан көне шалбарлардың қазіргі
шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа
мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген
көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен
үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым
отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым
тиімді қолдануына мүмкіндік берді.
Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан
5.
1-тапсырма. Сұрақтар
ға жауап беріңдер
1. Атқа міну мәдениеті қайдан тарады?
2. Қандай қазба жұмыстары жылқының
Қазақстанда қолға үйретілгенін дәлелдеді?
3. Атқа міну мәдениеті қалай қалыптасты?
4. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі нені
білдіреді?
5. Атқа міну мәдениеті қандай киім үлгісінің пайда
болуына әсер етті?
6.
7.
ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ2-тапсырма. Мәтінді о
қыңдар. Та
қырып қойыңдар. 3 сұраулы сөйлем
құрастырыңдар.
Ат спортының бірнеше түрі бар. Ат спорты олимпиадалық ойындар және
олимпиадаға кірмейтін ойындар болып бөлінеді. Олимпиадалық ат спорты
ойындары: конкур, ат үйрету, үш сайыс.
Конкур — конкур алаңында белгіленген тәртіпте белгілі бір қиындық пен
биіктікте кедергілерді өту бойынша жарыстар. Конкур — ең бейнелі ат спорты
түрлерінің бірі. Шабандоз батыл әрі табанды, жылқыны басқару өнерін жетік
біліп, жақсы физикалық дайындықта болуы тиіс. Ат үйрету — халықаралық
терминология бойынша, «дрессура», ат мінудің жоғары мектебі, олимпиадалық
спорт түрі.
Ат үйрету ат спортының ең әдемі түрі болып есептеледі. Спорттың бұл
түрінде шабандоз түрлі жаттығуларды көрсетуі тиіс. Өрескел қателік жылқыны
жаралауы мүмкін. Сондықтан шабандоз қателік жібермеуге тырысады. Сондайақ жылқының жалпы сыртқы бейнесі, үйлесімдігі, икемі, әсем қимылдарға
табиғи қабілеті бағаланады. Белгіленген схемалары бар міндетті
бағдарламалардан баса жоғары деңгейдегі жарыстарда, соның ішінде
олимпиада ойындарында «кюр» (kür) деп аталатын еркін бағдарлама болуы
мүмкін, онда спортшылар музыкалық әуенмен ат үйретуге тән жаттығуларды
көрсетеді.
8.
Үшсайыс — олимпиадалық ат спортының бір түрі. Мұнда жануардыңманеждік жүріс, кросс, кедергілерден жүріп өту секілді байқаулардағы
ептілігі сынға түседі. Үшсайыс үш күн жүреді. Бірінші күні манежде,
екінші күні дала тексерісі, үшінші күні кедергілерден өту арқылы
жарысады.
Қазіргі кезде ұлттық ат спорты дамып келеді. Көкпар, аударыспақ,
теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, асау үйрету сияқты спорт түрлерінен түрлі
жарыстар өтеді. 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесі кезінде қазақ халының
ұлттық ат спорты бойынша жарыстар өтті. Атжарыстан Елбасы Н.
Назарбаевты жүлдесі үшін «ЭКСПО кубогі» болды. Атжарыс «Ұшқыр
бәйге» (2,4 км), «Аламан бәйге» (25км), «Жорға жарысы» (7 км), «Топ
бәйге» (15 км), «Ұшқыр бәйге» (1,8 км) түрлері бойынша өтті.
Жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирі өтті. Бұл жарысқа
25 мемлекеттен 50 мерген қатысты. Аударыспақтан әлем чемпионаты өтті.
Көкпардан «Әлем кубогі» сарапқа салынды. Сонымен бірге, теңге ілу, қыз
қуу сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Соңғы жылдары ұлттық ат
спортына жастардың қызығушылығы артып келеді. Бұрын ұлтты спортпен
айналысатын жасөспірімдер некен-саяқ болса, қазір үлкендердің
ізбасарлары көбейіп келеді. Аймақтарда ұлтты ат спортының мектептері
ашыла бастады.
9.
ЗАДАНИЯ:Подпишите работы, запишите дату, тему урока, выполните задания
1) Запишите пословицы и поговорки о культуре конного спорта с переводом
2) Запишите есте сақта с переводом
3) Запишите переводы слов по рисунку на 6 слайде.
4) Выполните упражнения:
1-е задание. Работа первым текстом. Ответьте на вопросы
2-е задание. Работа со вторым текстом. Прочитайте. Озаглавьте текст.
Составьте 3 вопросительных предложения к тексту
Домашнее задание устное:
1) Повторить (выучить) правило с примерами
2) Выучить пословицы и поговорки, знать перевод
3) Выучить переведенные слова