4.47M
Категория: МеханикаМеханика

Газдық отынды жағу ерекшеліктері. Газ тәрізді отынды жағуға дайындау

1.

2.

ОТЫН ЖАҒУДЫҢ АРНАЙЫ СҰРАҚТАРЫ
ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ГАЗДЫҚ ОТЫНДЫ ЖАҒУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ГАЗ ТӘРІЗДІ ОТЫНДЫ ЖАҒУҒА
ДАЙЫНДАУ
Дәріс оқушы: «Жылуэнергетика» кафедрасының қауымдастырылған профессор-оқытушы,
PhD докторы Яманбекова Аяулым Конусбековна
Электронный адрес: [email protected]

3.

Газды жағу ерекшеліктері
Қазандық қондырғыларда газдық отын ретінде келесі
газдар жағылады:
табиғи газ;
домналық газ – металлургиялық өндірістің қалдығы;
кокстық газ – жылытушы қазандықтарда сирек жағылады,
негізінен металлургияда мартен пештерінде жағылады.

4.

Газдық отынның қатты отынды пайдаланумен салыстырғанда келесі
артықшылықтары бар:
1) газды кеңінен пайдалану қалалардың ауа бассейнін тазартады
(ұшпа күлден арылады);
2) көмір тозаңын жағатын қазанның ПӘКі жоғары болғанымен, оны
газға көшіру барысында ПӘК 4-6 % артып, өзіндік мұқтаждарға қажет
энергия шығыны 25-30% кемиді;
3) қазанды құру шығындары азаяды, себебі өте қымбатқа түсетін
көмір тозаңын дайындау жүйесі қажет емес;
4) қазандық ғимаратының өлшемдері азаяды. Мысалы бу
өндіруліктері бірдей ТГМ-84 (Dп=420 т/сағ және ТП-80 қандарын
салыстырсақ, ТГМ-84 қазанының бір тонна буға сәйкес меншікті көлемі
60 %-ға кем;
5) газбен жұмыс жасайтын қазанды автоматтандыру жеңіл.

5.

Газдық отынның жануы – гомогенді сипатта өтеді, басқаша
айтқанда қатты отынды жағуда кездесетін ұшпа заттардың
бөліну; кокстың газдану; шлактың қалыптасу фазалары
болмайды.
Газдық отынды жағу үш кезеңнен тұрады:
қоспалану,
қыздыру
жану.
Егер газдың ауамен араласуы оттық көлемінде іске асатын
болса, мұндай қоспалану тәсілі кинетикалық деп саналады.

6.

Егер газдың ауамен араласуы ошақ көлемінде іске асатын
болса, мұндай қоспалануды диффузиялық деп атайды.
Газды жағу ошақ камерасында іске асырылады, оған
жанғыш қоспа оттықтар арқылы беріледі.
Ошақ кеңістігінде жүретін күрделі физика-химиялық
процестер нәтижесінде ошақта жанып тұратын газ ағыншасы
пайда болады, оны алау деп атайды.

7.

Отынды жағуға қажет ауаны ошаққа беру тәсіліне
байланысты газды жағудың үш түрлі тәсілі ұсынылған:
біртекті газ қоспасының жануы, мұнда
дайындалған жанғыш қоспа жағылады;
алдын-ала
диффузиялық жағу, мұнда ошаққа газ бен ауа жеке-жеке
беріледі;
газ қоспасының жеткіліксіз ауа мөлшерінде жануы, мұнда
газ ошаққа ауамен бірге беріледі, бірақ қоспа толық жануы
үшін ауа мөлшері жеткіліксіз болады.

8.

Біртекті газ қоспасының ламинарлық жануы
Алдын-ала араластырылған қоспаның жану үдемелігі
жанудың химиялық реакциялары өту жылдамдығына тәуелді
болады. Сондықтан мұндай жануды кинетикалық деп
аталады.
Алау пішіні қисаймауы үшін вертикал орналасқан дөңгелек
оттыққа біртекті газ қоспасы беріледі. Қоспаның ламинарлық
қозғалысы кезінде оның жылдамдықтары оттықта парабола
бойымен бағытталады.
English     Русский Правила