Похожие презентации:
Қоғамдағы экологиялық қауіпсіздік шаралары
1.
Қоғамдағыэкологиялық
қауіпсіздік шаралары
ҚХМ - 21
Мақсұтжанова Гүлнұр
Оразбек Нұрсұлтан
Сағатиллаев Нұрхан
Молдияр Иса
Сапаралы Болат
2.
Экологиялыққауіпсіздік
Экологиялық сенімділік — экожүйенің бар болуының
сукцессиялық немесе эволюциялық кезеңінің
(тәуліктік, маусымдық, жыл аралық және ғасырлық
табиғи өзгерістер шегінде) бойында біршама толық
қалпына келу және өздігінен реттелу кабілеті.
Экологиялық сенімділіктің сақталуының қарапайым
механизмі — белгілі бір себеппен ығыстырылған
түрдің немесе қауымдастықтың экологиялық
тұрғыдан қарағаңда оларға жақын басқа түрмен не
қауымдастықпен алмасуы. Егер ондай түр болмаса
оны алшақтаулы түрлер ауыстырады.
ef
3.
01Мысалы, көп жерлерде қасқырлардың орнын бұралқы иттер, табиғи
далаларда тұяқтылардың орнын кеміргіштер, кейде, тіпті өсімдікпен
қоректенетін жәндіктер басады. Мұндайда жекелеген түрлер ғана емес, өзара
байланысты түрлер топтары да жоғалып кетуі де мүмкін. Күрделі өзгерістерге
ұшырағанда әр түрлі деңгейдегі қауымдастықтардың алмасуы
биогеоценоздың, тіпті ландшафтардың ауысуына (орман жапан далаға,
тундраға және т.б. ауысады) апарып соқтырады. Мұндай жағдайларда
олардың өнімділігі мен өндіргіштігі күрт төмендейді. Ең қауіптісі — құнарлы
жерлердің шөлге немесе шөлейтке айналуы.
02
Технологиялық прогресс экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғады.
Үлкен аумағы бар, табиғи ресурстарға бай Қазақстан да шектеу емес.
Дегенмен, ел басшылығы экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия
көздерін пайдалануды кеңейту, табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту
мәселелеріне баса назар аударады.
4.
2019 жылы экология саласындағы басты оқиға Қазақстан Республикасының Экология, геология жәнетабиғи ресурстар министрлігінің құрылуы болды. Орталық атқарушы органды құру еліміздің қоршаған
ортаны қорғау саласындағы саясатын жетілдіруге, қалдықтарды басқару жөніндегі саланы қарқынды
дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде
табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған
мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған
ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге
зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты
оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының
экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ
ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты
пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген.
5.
Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортанықорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және
ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”,
басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны
қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған
ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты
қорғау.
Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы Қазақстан Республикасының
Конституциясында бекітілген. Негізгі Заңның 31-бабының 1-тармағында: «Мемлекет адамның
өмiр сүруi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етiп қояды» делінген.
Бұл конституциялық ереже Қазақстанда 2007 жылдан бастап әрекет ететін экологиялық
кодексте де жазылған.
2019 жылы жетекші сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық ең үздік халықаралық тәжірибеге
негізделген ҚР жаңа Экологиялық кодексін әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс атқарды.
Желтоқсан айында Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті
отырысында ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциядағы жобасы мақұлданды.
6.
efТабиғи
ресурстарды
сақтау: сирек
кездесетін
тұяқты
жануарлардың
саны артты
7.
Табиғи ресурстар шексіз емес, сарқылады. Олардысақтап, үнемдеп, қалпына келтірумен айналысу қажет.
Бұл бағытта Қазақстанда көлемді жұмыс жүргізіліп
жатыр.
Табиғи ресурстарды сақтау жөніндегі қызмет
Министрліктің Стратегиялық және Оперативтік
жоспары, сондай-ақ Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитетінің жұмыс жоспары
шеңберінде жүзеге асырылды, көрсетілген
жоспарларда айқындалған барлық нысаналы
индикаторларға қол жеткізілді.
8.
Орман шаруашылығы2019 жылы еліміз бойынша ормандарды молықтыру көлемінің артуы байқалады. Орман
отырғызу жоспары 59,8 мың гектар болса, нақты 63,9 мың га отырғызылды.
2019 жылы орман өрттері болған алаңдардың азаюы байқалады. Сонымен қатар ірі орман
өрттері Жамбыл және Қостанай облыстарының орман шаруашылықтарында орын алған.
Сексеуіл көшеттерін сақтау бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, өткен жылы ағаш
кесудің барлық түрлеріне мораторий 2023 жылға дейін ұзартылды, оған қоса сексеуіл
отырғызу көлемі ұлғаюда.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
2019 жылы «Бурабай» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумағын кеңейту ісшаралары басталды. Осы жылы «Ұлытау» ұлттық паркін құру жоспарланып отыр, бұл
Орталық Қазақстанның дала экожүйесін қорғауға мүмкіндік береді.
Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында
10 басым туристік аумақ анықталған, оның құрамына 6 ұлттық парк енгізілді.
9.
«Жасыл»экономикаға
көшу — тиімді
саясаттын басты
қағидасы
ҚР Үкіметі Қазақстанда жаңартылатын энергия
көздерін енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.
«Болашақ энергиясы» тақырыбында өткен
«Экспо-2017» халықаралық көрмесі еліміздегі ЖЭК
дамуына елеулі серпін берді. ҚР Тұңғыш Президенті –
Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен Жасыл
технологиялар және инвестициялық жобалардың
халықаралық орталығы құрылды, ол жоғары
технологиялық өндірістер саласындағы бірлескен
жобаларды ілгерілетумен айналысады.
10.
Билік органдары жаңартылатын энергетиканы, таза технологиялар мен инфрақұрылымдыкөтермелеу мен дамытуға қатысты көптеген халықаралық қаржы мекемелерімен және
стратегиялық серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнатты. Бұдан өзге, Қазақстан «Жасыл
көпір» серіктестік бағдарламасы (GBPP) аясында Тұрақты даму мүддесінде халықаралық
ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу
тұжырымдамасы қабылданды. Қазақстан экономикасын жасылдандыру бойынша үлкен
әлеуеті бар секторлар анықталды. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК
үлесін 2020 жылға қарай 3%-ға, 2030 жылға қарай 10%-ға және 2050 жылға қарай 50%-ға дейін
ұлғайту көзделген.
Сондай-ақ 2013 жылы Есеп айырысу-қаржы орталығының ЖЭК бірыңғай сатып алушысы және
белгіленген тарифтер ұғымы енгізілді. Инвесторлар мен Есеп айырысу-қаржы орталығы
арасында жасалған келісімшарттар 3 мың мегаватқа жақындайды. Бүгінгі таңда белгіленген
қуаты 930 мегаватт болатын 81 нысан жұмыс істеп тұр. Жақын арада еліміздің энергия
теңгеріміне біртіндеп жаңа нысандар енгізілетін болады.
Қазақстан тұрақты экономикалық даму мен оның өсуіне ықпал ететін жаңартылатын энергия
көздерін пайдаланудың едәуір әлеуетіне ие.