Похожие презентации:
Эссе және оның түрлері
1.
XXI ғасыр көшбасынаайналған өте танымал
прозалық әдеби жанр.
Француз және
ағылшын тілдерінен
аударғанда«талпыны»,
«жазушылық сынама»,
«очерк», ал латын
тілінен аударғанда
«ойлау» деген
мағынаны білдіреді.
Жеке тақырыпты
түсіндіретін және
соған байланысты
әсері мен түсінігін
беруге тырысатын
шағын көлемді
және еркін
композициялы
прозалық шығарма [2].
Жүйеленген ғылыми
түрде емес, еркін
үлгіде қандай да
бір мәселені сөз
ететін очерк [1].
Автордың жеке
ұстанымын еркін, жиі
парадоксалды
баяндалатын, ауызекі
сөйлеуге бағытталған
философиялық, әдебисыни, тарихиөмірбаяндық,
публицистикалық
проза жанры [3].
Эссе – бұл оқыған, талқылаған ақпараттар негізінде
белгілі бір тақырыпта өз көзқарасыңды, ойыңды жазу.
1
2.
Эссенің шығармадан айырмашылығы қандай?Эссе
Шығарма
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai - тәжірибе, лат.т. Шығарма – білім алушының туған халқының
exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық
публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын
басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке шығармашылық төл еңбегі. Білім алушыдан көркем
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
шығарманы
өзіндік
ой-пікірі, көзқарас
тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі,
көркем тілмен жүйелі жеткізуі.
Эссе – еркін композициялық құрылымға Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған,
негізделген
немесе
көркем-публицистикалық міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге
жанрдың бір түрі
бағытталған шығармашылық жұмыс.
Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті
Шығармада жоспарды жазу міндетті.
емес.
Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге
Шығарма формасы оның түріне байланысты,
негізделеді.
көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін
мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат,
Астана, 2018 жыл, 50-бет.
2
3.
Оқушыларға тақырып ұсыныладыОқушылар тақырыпты талқылап өз идеяларымен бөліседі
(менталды карта, кластер, т.б.).
Идеяларды топтастырып, жоспар жазылады.
Үлгі мәтін ұсыну, мәтінді талдау.
Критерий ұсыну, алғашқы нұсқаны жазу (шимай нұсқа), өңдеу
және редакциялау, соңғы таза нұсқа.
Оқушыға эссе бөлімдерін жазуды үйрету үшін, ең алдымен,
оқушыға абзац жазуды үйрету қажет.
4.
Эссе жазу үшін...Тапсырма: проблеманы анықтау, сұрақ қою
1-абзац
Кіріспе: тақырыптық сөйлемдер, талқылау сұрағы – 30%
2-абзац
Негізгі бөлім: тезис(пікір), аргумент, сараптама – 30 %
3-абзац
Негізгі бөлім: тезис(пікір), аргумент, сараптама – 30 %
4-абзац
Қорытынды: нақты шешім, ұсыныс, бекіту - 10 %
4
5.
Пікір (тезис) – бұл біреудің ұстанатын, мазмұны тексерілуі де тексерілмеуі демүмкін, көзқарасы. Дегенмен дара немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы
факт болып саналатындықтан, растайтын сенімді дереккөздер көрсетілуі шарт.
Мысалы, Құдайдың бар екені факт емес, дегенмен көптеген сенушілер Құдайдың бар
екенін болжайтыны – күмәнсіз факт.
Аргумент (лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) – философияда – пікір, ойдың
немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі
алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады.
Аргумент сөзі латынның argumentum сөзінен шыққан, яғни, айғақ болудың
негізіне қызмет ететін логикалық дәйек. Аргументтердегі дәйектер: “неге?”, “неден?”,
“не үшін?”, “қандай себептен?” сияқты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Деректердің қайнар көзі – фактілерге тікелей дәлел бола алатын адам немесе
құжат аты, эсседе ол сілтеме арқылы жақша ішінде көрсетіліп кетуі тиіс. Мысалы,
(nur.kz), (shyn.kz) деген сияқты.
6.
Факт — әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тіліндеқарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс;
берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай
да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.
Объективті тіршілік ететін шындық, нақтылық.
Факт — бұл өмірде бар және болған жайттар. Энциклопедияда тақырыпқа қатысты
саладағы ғалымдар мен сарапшылардың келісілген тұжырымдамасы факт ретінде
саналады.
Сараптама — арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге
зерттеу жүргізу. Эсседе сараптама болып кеткен жағдайды және оның себептерін
анықтау мақсатында жүргізіледі.
7.
Эссе негізгі үш бөлімнен тұрады:I. Кіріспе
• Тақырыпқа қатысты
түсінік беру
сөйлемі, ой үзігі
• Тезис
II. Негізгі
бөлім
• Тезиске қатысты
пікір
• Пікірді талқылау,
ойды дәйектеу,
дәлелдеу, жинақтау
аргументтері
III. Қорытынды
• Абзацта айтылған
ойлар түйіні
• Эссені
қорытындылайтын
ой тұжырымы
https://itest.kz/kz/attestation/esse-4157/nusqaular/lecture/sapaly-essezhazu-usynystary
7
8.
Кіріспе жазудың мақсаты қандай?Эссе авторы мәтіннің алғашқы сөзінен-ақ оқырманның
(мұғалімнің, сарапшының т.б.) назарын аударып, мәтінді одан
әрі толық оқуына қызығушылығын арттыру қажет.
Егер эссе тақырыбы автордың өзіне қызықсыз болса, онда
мәтін де оқырманның қызығушылығын арттыра алмайды.
Осылайша, эссе кіріспесінің негізгі мақсаты – оқырман
назарын аударту.
9.
Кіріспедемыналар болуы
керек:
Кіріспенің алғашқы сөйлемі – кіріспе сөз.
• Екінші сөйлем (кейде үшінші) – эссе
тақырыбының өзектілігін анықтау, сонымен қатар
қажет болған жағдайда терминдердің / кілт
сөздердің анықтамасын беру.
• Үшінші сөйлем – эссе тақырыбына «ауысу».
• Төртінші сөйлем – эссенің негізгі тезисін көрсету.
• Бесінші сөйлем – бұл эссенің кіріспе және негізгі
бөлімдерінің арасындағы «көпір».
10.
Негізгі бөлімдегі азат жол құрылымыСөйлем
Бірінші сөйлем
Мақсат
Бірінші аргумент
Екінші сөйлем
Өз ұстанымын түсіндіру
Үшінші сөйлем Деректер келтіру
Төртінші сөйлем Салыстыру/ негізгі
аргументке қарамақайшылық
Бесінші сөйлем Аргументтің берілген
оқиғаны дамытуға арналған
әсері
Қызмет
Дәлелдемеге арналған
дереккөз
Аргументтің тірегі
Аргументтің тірегі
Аргумент сыны/
аргументтің мүмкін
болатын әлсіздігі
Болашақтағы әсері
11.
!!
Жобамен алғанда эссе көлемінің 15-20% құрауы мүмкін
Абзацта айтылған ойлар түйіні
Эссені қорытындылайтын ой тұжырымы
!
Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынш
тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген
дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында,
мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады.
Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыр
болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтасты
қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға
итермелеу болады.
11
12.
Келісу/келіспеу эссесі – ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой жүйелілігін сақтап,көтерілген мәселе бойынша өз ұстанымын анық көрсетіп, келіс-келіспеу себептерін дәлелдеп жазу.
Келісу/келіспеу эссесінің құрылымдық картасы
13.
1314.
Келісу/келіспеу эссесінің жазылу үлгісі:Эссе жазғанда, хабарлайтын талқылайтын нәрсе туралы анық білу керек. Эссе жазуға
итермелеген не нәрсе екенін, эссені кім оқитынын түсіну маңызды. Оқырманның назарын
аударатын, мүмкін болса, қарсы жауап, реакциясын тудыратындай өз ойын, сезімін, көңіл күйін
жеткізетін қажетті сөздерді дұрыс таңдау керек.
Тақырып таңдаңыз.
Кіріспе
Берілген ойдың біреуін таңдайды.
Негізгі бөлім
Келісу/келіспеудің бірнеше себебі көрсетіледі, оны тақырыптық сөйлем деп атайды.
Тақырыптық сөйлем – идеяның қысқаша мазмұны. Берілген идеяға толығырақ тоқталып, не
айтқың келетінін нақты түсіндіру керек, яғни көзқарасыңды білдіресің. Көзқарасыңды растайтын
аргументтер келтіріледі. Қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін өмірден, әдеби
шығармалардан мысал келтіріледі.
Қорытынды
Қорытындыда кіріспе айтылған ойды өңдеп жазу және негізгі бөлімдегі екі дәлелді
қорытындылайды.
14
15.
МАЗМҰНЫМазмұны жағынан да,
құрылымы жағынан да
қарапайым.
Автордың өзіндік
аргументтерін қолдана
отырып, өз ойын тізбекті
түрде жеткізуі.
Даулы тақырыпқа
жазылған эссе. Басқаша
айтқанда, «қосыламын»
және «қарсымын» деген
сияқты дау тудырушы
кейбір тезистерді
қорғайды.
МАҚСАТЫ
Аудиторияны белгілі бір
көзқарасқа сендіру және
оларды өз жағына көндіру
Басқа емес, тек сол
ұстанымның неліктен тиімді
екенін айқын тұжырымдау
ЕРЕКШЕЛІГІ
Қозғалған мәселеге
терең талдау жасалуы
мен нақты фактілерді
(эссе тақырыбына
қатысты кез келген
нақты ақпарат) келтіре
отырып, автордың жеке
позициясының көрінуі.
МӘТІНІ
1) автордың сыни тұрғыдан
ойлауын көрсете алуы тиіс, яғни
өз қөзқарасын дәлелмелер
түрінде (аргументтер мен
фактілер арқылы) көрсетуі
керек, сондай-ақ әлеуметтік,
қоғамдық маңызы бар
мәселелерге өзіндік шешім айта
алуы керек;
2) нақты мәтін құрылымы болуы
керек: кіріспе, негізгі бөлім,
қорытынды;
3) эссе бөліктері мазмұн және
құрылым талаптарына жауап
беруі тиіс.
15
16.
Тұжырымдар деп нені атаймыз?Деректерді талдауға
негізделген ой-пікір
Сонымен, осылайша секілді қыстырма
сөздер, сондықтан, сол себепті деген
сөздер мен сөз тіркестері,
Жоғарыда айтылғандарды
қорытындылайық. Қорытындысын
шығарайық. Жоғарыда айтылғандардан
шығатын түйін. Тұжырым жасайық...
сияқты сөйлемдер қолданылады.
16
17.
Аргументтер нақты жәнеанық болу керек:
Мәтінде төмендегідей
клишелерді қолдануға
болады:
Аргументті эссе мәтінінің
сипатына деген сыншылдық
туралы мәселе басты назар
аудартады:
Эсседе аргументтеудің болуы эссені бағалаудың, оның
нәтижелілігінің негізгі критерийлері болып табылады.
Бұны дәлелдеу үшін мынадай аргумент келтіруге
болады...
Мен автордың бұл туралы ұстанымымен келісемін...
Мұндай ұстаныммен келіспеу оңай емес... т.с.с
Мәтіннің пікірталас тудырушылығын көрсете отырып,
мәтінде салыстыру, қарама-қайшылық және
сәйкестендіру (салыстыру) көрініс табу қажет екені
анық.
18.
МАЗМҰНЫӘдеби
шығармаларға
негізделген.
Автордың айтқысы
келген идеяларын
болжап түсінуге
негізделген.
ТАЛАБЫ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Әдеби тория білімі
(тәсілдер, мәтін
мағынасының
аспектілері,
әдебиеттің
мәдениетте алатын
орны және т.б.).
Стиль сезімі
Әдеби шығарманың
сапасын немесе ахуалын
бағаламайды және мәтінді
мазмұндамайды.
Әдеби эссе ұзақ және
бірнеше ой мен
тақырыпты ұштастыра
алады (бірақ оларды
біріктіріп бір
қорытындыға келу керек).
Әдеби эссе ғылыми
мақалаға жатпайды, себебі
сіз әдеби шығармаға
қатысты өз ойыңызды
білдіре аласыз.