Ежелгі Мысыр
3.35M
Категория: ИсторияИстория

Ежелгі Мысыр

1.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Ежелгі Мысыр

2. Ежелгі Мысыр

ЕЖЕЛГІ МЫСЫР
Көне Мысыр — әлемдегі ең
байырғы мәдениет ошақтарының
бірі.
Ніл өзенінің екі жағалауында
орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші
жылы біртұтас мемлекет болып
бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып,
жағалаудағы егістік жерлерді
шайып кетіп отырған, тасу мезгілі
аяқталған соң тұрғындардың жерін
қайта өлшеп, бөлу керек болады,
ұзақ жылғы жер өлшеу
тәжірибесінің арқасында
геометрия ғылымы пайда болған
(геометрия – грекше «гео — жер,
метро — өлшеу» деген мағына
береді).

3.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

4.

Ежелгi Мысырдың тарихы
мынадай кезеңдерге бөлiнедi:
Династияға дейiнгi кезең (б.з.б.
3000 жылға дейiн), Ежелгi
патшалық (б.з.д. 2900-2270
жж.) – I-VI династиялардың
басқарған кезеңi. Бұл – IV
династия тұсында билiк құрған
Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафр)
және Микерин (Менкаур)
патшалардың пирамидалары
салынған уақыт. Бұл уақытта
мысыр дiнi мысырлықтардың
өмiрiнде елеулi орын алатын.

5.

Осы кезеңде династияға дейiнгi және одан ертерек
кезеңдермен салыстырғанда ешқандай өзгерiстер бола
қойған жоқ. Алғашқы өтпелi кезең (б.з.б. 2270-2100 жж.)
Ежелгi патшалық құлдырағаннан кейiн басталады. Бұл
феодализмнiң алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi
болды. Осы кезеңде IV династия және 30-ға жуық патша
ауысты. Орта патшалық (2100-1700 жж.). Оны
Гераклеополь патшаларын құлатып, елдi қайта бiрiктiрген
фиван билеушiлерi құрған. Бұл кезеңде ХI-ХIII династиялар
патшалық құрды, мәдениет өркендедi, Амемхет атты 4
патша және Cиострис атты 3 патша билiк басында болды,
сәулет өнерiнiң көптеген үздiк туындыларының өмiрге
келуi де осы дәуiрмен тұспа-тұс келдi. Екiншi өтпелi кезең
(б.з.б. 1700-1555 жж.) – бұл ХIV-ХVI династиялардың билiк
құрған кезi.

6.

Бұл кезеңде гикс көшпелi тайпалары Мысыр
аумағына баса-көктеп кiрiп, өз қол астында бiр
ғасырға жуық ұстайды. Жаңа патшалық (б.з.б. 15551090 жж.) ХVIII-XX династиялар патшаларының дәуiрi.
III Тутмостың жеңiске жетуi Алдыңғы Азиямен
байланыс орнатуға мүмкiндiк бердi. III Аменофис
(Аменхотеп) Вавилон және Ассирия патшаларымен
байланыс орнатты. Оның iзбасары IV Аменофис
(Аменхотеп) дiн жолындағы ұлы реформатор болды:
бұрынғы Амон құдайдың орнына, күнге – Атонға
табынуды енгiздi, сөйтiп, өзiн Эхнатон деп атай
бастады. Ол құм далада жаңа астананың негiзiн
қалады.

7.

Өзiнiң саяси өркендеуiнiң ең биiк дәрежесiне
Мысыр ХIХ династия патшаларының тұсында
жеттi. Ұлы атанған II Рамсес 36 жыл патшалық
құрды. Ол өлгеннен кейiн анархия дәуiрi
басталды. 21 жыл билiк жүргiзген III Рамсес елде
бейбiтшiлiк, тыныштық және тәртiп орнатады.
Үшiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1090-712 жж.) – бұл
табыстар мен сәтсiздiктер, өркендеу мен
құлдырау дәуiрi. XXIV династия тұсында бүкiл
Мысыр эфиоптардың билiгiнде болды. Б.з.б. 712525 жылдарда XXV династия тұсында Мысырды
ассириялықтар басып алды

8.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

9.

10.

11.

Б.з.б. 2900-шы жылдан кейін
перғауындардың мазары
ретінде көнемысырлықтар
көптеген алып
пирамидаларды тұрғыза
бастаған. Пирамидалардың
құрылысына қарай отырып,
сол кездегі көне
мысырлықтардың геометрия
мен астрономияны аз
білмегенін аңғаруға болады.

12.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

13.

Мысалға, пирамида табаны мен бүйір бет ауданы
арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды
атауға болады. Қазіргі кездегі Көне Мысыр
математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі
монахтар жазуы және руни жазуымен жазып
қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858
жылы ағылшын жинаушысы Райндтауып, өз меншігіне
алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы деп
аталады, ол папирус б.з.б. 1700 жылға жатады,
бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді
бірі Мәскеуде сақтаулы.

14.

Ол «Мәскеу папирусы» деп аталады. Оны 1893 жылы ескі
заттарды жинақтап–сақтаушы орыс әуесқойы Голенищев
сатып алған, ал 1912 жылы ол Мәскеудегі әсемдік өнерлер
мұражайына берілген. Папирус — қамыстекті өсімдік.
Мысырда, Ніл өзенінің жағалауында өседі. Оның өзегін
тілім деп алып, тілімдерді қатарластыра орналастырады.
Олардың үстіне көлденең осындай тілімдердің екінші
қабатын салады. Қысқыш пен екіқабатты біріктіріп,
жаныштағанда тілімдерден шығатын желім сияқты шырын
қабаттарды тұтастырып қағаз түріне келтіреді. Папирустар
9 ғасырдан бастап мүлде қолданылмайтын болған, оның
орнына қағаз пайдаланылады.

15.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

16.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

17.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

18.

Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Правила