2.84M
Категория: ОбразованиеОбразование

Саясаттану Бойынша. Портфолио

1.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
САЯСАТТАНУ
БОЙЫНША ПОРТФОЛИО
1) Презентация: Қазақстандағы саяси партиялардың қоғамдағы негізгі рөлі
2) Баяндама: Мемелкеттің функциясы: белгілері мен қызметтері
Орындаған: Нагыматдин Ботагөз
Мамандық: ПМНО/БОПӘ
Қабылдаған: Саурбаева Р.С

2.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ
ҚОҒАМДАҒЫ НЕГІЗГІ РӨЛІ
Орындаған: Нагыматдин Ботагөз
Мамандық: ПМНО/БОПӘ
Қабылдаған: Саурбаева Р.С

3.

1. ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Партия: (лат. бөлу, бөлшек)
мақсаты билікке қол жеткізу болып
саналатын саяси ұйым. Партия қоғам мен
мемлекет арасындағы дәнекер буын
қызметін атқарады. Оның негізгі мақсаты халықтың өмірін жақсарту.
Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай
төрт белгімен сипатталады:
1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды.
2. Партия- адамдарды жергілікті ұйымнан бастап,
халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін
ұйым.
3. Партияның мақсаты- билікті қолға алып, жүзеге
асыру.
4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен,
мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз
еткісі келеді.

4.

2. САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ:

5.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 2023Ж САЯСИ ПАРТИЯЛАР:
"AMANAT"
"Ақ Жол" демок-қ
"Ауыл" халықтық-демокқ-патриот-қ
"Қазақстанның
Халық партиясы"
"Қазақстанның Байтақ"
жасылдар партиясы
"Жалпыұлттық"
социал-демок-қ
"Respublica" қоғамдық
бірлестігі

6.

АМАНАТ ПАРТИЯСЫ:
• Партия қызметінің мəні:
- қоғамның саяси өміріне қатысу;
- партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру;
- заң шығару қызметіне қатысу.
• Партияның мақсаты – саяси жұмыс əдістерімен азаматтық
қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бəсекеге қабілетті
саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы,
құқықтық, əлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.
Бағдарламасы:
Бақуатты өмір, лайықты жұмыс пен еңбек жағдайы
Әлеуметтік қамқорлық
Сапалы білім мен медициналық қызмет
Жеке баспана мен жайлы инфрақұрылым
Қуатты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика
Түлеген ауыл, ауқатты ауыл тұрғыны
Құндылықтары ортақ, біртұтас қоғамның мүшесі болу
Жастармен бір толқында Жақсарған экология: таза ауа, таза жер, таза су
Жемқорлықтан арылған, қауіпсіз және құқықтық мемлекетте өмір сүру

7.

АҚ ЖОЛ ПАРТИЯСЫ:
Партия мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті және атқарушы
органдарына азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ұсыну және
оларды қалыптастыруға қатысу мақсатындағы саяси ерік-жігерін білдіретін, Қазақстан
Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі болып табылады.
Бағдарламасы:
• ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ «АЛАШ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
• ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ
• СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
• ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК
• НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ
• САЛИҚАЛЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ
Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы («Ақ жол» ҚДП) – Қазақстандағы саяси
партия, өзін «сындарлы оппозиция», бизнес партиясы және ХХ ғасыр басындағы
«Алаш» қозғалысының ізбасары деген ұстанымын айқындаған.

8.

ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ:
Қазақстан Халық партиясы социал-демократиялық бағыттағы
саяси күш ретінде еңбек адамының құқықтарын қорғайды
және ел азаматтарының басым көпшілігінің мүддесін білдіреді!
Бағдарламасы:
• Билікті халық таңдауы қажет
• Қандастарды елге қайтару
• Таза ауа мен таза су
• Зейнетақы мен төлемақыны көтеру
• Қазба байлықтан түскен табыс халыққа!
• Студенттер мен жастардың жағдайын жасау
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – елдің билігі мен байлығы Қазақстан
халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру!
БІЗДІҢ ФОРМУЛАМЫЗ: Әділ Президент – Ықпалды Парламент
– Халықтық Үкімет..

9.

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАРТИЯСЫ:
Жалпыұлттық партия өзін социал-демократиялық деп
танытып, мемлекеттің бар саласын жақсартуға мақсат
қойған партия
Бағдарламасы:
• Азаматтардың саяси құқығын қамтамасыз ету
• Кедейшілік пен әлеуметтік жіктелуді жою
• Бағаның өсуін тоқтату
• Лайықты зейнетақы
• Сот жүйесі, сот әділдігі
• Шағын және орта бизнесті қолдау
Социал-демократиялық идеология – адамзаттың басты саяси
жетістіктерінің бірі болып табылады. Ол озбырлық әрекеттер арқылы
емес, келісім мен әлеуметтік әріптестік негізіне сүйенген жоспарлы
өзгерістер арқылы жүзеге асырылатын әділетті қоғам туралы бүкіл
әлемдік идеялардың даму нәтижесі.

10.

АУЫЛ ПАРТИЯСЫ:
Біздің негізгі мақсатымыз - барлық қазақстандықтардың өмір сүру
деңгейі жоғары, тәуелсіз, мықты және өсіп-өркендеген Қазақстанды
құру.
Бағдарламасы:
• Білім берудің инновациялық жүйесі
• Медицинаның қолжетімділігі мен сапасы
• Отбасы жағдайын жақсарту
• Ұлттық мәдениетті дамыту
• Жастардың жағдайын жасау
• Сыртқы саясат қауіпсіздікті қамтамасыз ету
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – мемлекетшілер
мен патриоттар партиясы.
Біз әрқашан аграрлық қызметкерлер мен ауыл еңбеккерлерінің, барлық
қазақстандықтардың мүдделерін қолдап келдік және қолдаймыз да.
.

11.

БАЙТАҚ ПАРТИЯСЫ:
Біз əлеуметтік жағдайға басым назар аударатын мемлекеттің
болғанын жəне Отанымыздың шикізат байлықтарына азаматтардың
барлығында тең қолжетімділіктің болғанын қалаймыз.
Бағдарламасы:
• Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қайта
қарастыру
• Әділ сот пен нақты тергеу жұмыстары
• Әлеуметтік көмекті арттыру
• Энергия тиімділігін арттыру
• Шағын және орта бизнеске салықты азайту
• Қоғамдық теңдікті қалыптастыру
Партияның мақсаты –өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау,
сондай-ақ саяси жұмыс әдістерін қолдану арқылы азаматтық қоғам институттары дамыған, қазіргі
заманға сай бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық тұрғыдан қуатты, демократиялық,
зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.
.

12.

RESPUBLICA ПАРТИЯСЫ:
Біз - ортақ арманымызды жүзеге асыру үшін біріккен кәсіпкерлер, менеджерлер,
басқарушылар және процесс сәулетшілеріміз. «Respublica» партиясы» мемлекеттік
биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді жəне атқарушы органдарында олардың
мүдделерін білдіру жəне оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында азаматтардың,
түрлі əлеуметтік топтардың саяси еркіндігін білдіретін Қазақстан Республикасы
азаматтарының ерікті бірлестігі болып табылады.
Бағдарламасы:
• Сапалы білімді қамтамасыз ету
• Денсаулық сақтау саласын өзгерту
• Қазақ мәдениетін жаңғырту
• Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
• Бизнес мен кәсіпкерлерге жағдай жасау
• Азаматтардың құқығын қамтамасыз ету
Қазақстанда бостандық, демократия, əділдік жəне əл-ауқат қағидаттарында азаматтық
қоғамның қалыптасуына қатысу, мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік дамуы үшін
жағдай жасау, азаматтың мүдделерін іске асыру жəне адамның жан-жақты дамуы үшін жағдай
қалыптастыру.
English     Русский Правила