Похожие презентации:
Зиянды және қауіпті факторлардың классификациясы
1.
Пәннің атауы: Тіршілік қауіпсіздігіТақырып: Зиянды және қауіпті
факторлардың классификациясы
Алигожина Дина Аман
Магистр, старший пре
Павлодар,
2023 ж.
2. Жоспар:
• 1. Қауіпті және зиянды өндірістікфакторлар
• 2. Адам ағзасына зиянды заттардың ену
жолдары
• 3. Қауіптілік дәрежесі бойынша еңбек
жағдайларының сыныптары
• 4. Зиянды заттардың шекті рұқсат
етілген концентрациясы
• 5. Жұмыскерлерді зиянды өндірістік
факторлардан қорғау тәсілдері
3.
1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларБүкіл факторлар ағзаға әсер ету дәрежесі мен
сипаттамасы бойынша зиянды және қауіпті болып
бөлінеді.
Зиянды өндірістік фактор – ол адам ағзасына
түскен кезде зиянды әсерлер туындататын факторлар
яғни адам ағзасына біртіндеп әсер етуі (мысалы
кәсіби ауруларға немесе еңбек қабілеттілігінің
төмендеуіне әкеледі)
Қауіпті өндірістік фактор – ол белгілі бір
жағдайда ғана адамға зиян тигізетін факторлар яғни
кенеттен пайда болады (мысалы жарақатқа,
денсаулықтың күрт нашарлануына немесе өлімге
әкеледі).
4.
Әсер ету бойынша қауіпті және зиянды өндірістікфакторлар бөлінеді:
- физикалық – барлық қозғалатын, кесетін, құлайтын,
температураның
жоғарлауы-төмендеуі,
шу,
діріл,
ультрадыбыс,
инфрадыбыс,
ионды,
электромагнитті
сәулелену және т.б.
- химиялық – технологиялық процестерде қолданылатын
зиянды заттар; өнеркәсіп улары; у химикаттары; дұрыс
қолданылмайтын дәрі-дәрмектер.
- биологиялық – бактериялар, вирустар, микроағзалардың
ерекше түрлері, өсімдіктер және жануарлар, қоршаған
ортаның биологиялық ластанулары.
- психофизикалық –
еңбектің бірқалыпта болуы,
эмоционалды шаршауы, жүйке-психикалық, физикалық
жүктемелер.
5. Зиянды заттар адам ағзасына әсер ету сипаттамасы бойынша бөлінеді:
жалпы улағыш – ағзаның жеке жүйелерін зақымдау немесе бүкіл ағзаның
улануы, сонымен қатар бүйрек, бауырдың патологиялық өзгерістерді тудырады
(көміртек оксиды, цианисты қосылыстар, қорғасын, сынап және т.б.)
- тітіркендіргіш – дем алу жолдардың шырышты қабатының, көздің,
өкпелердің, тері жамылғының тітіркенуі (хлор, аммиак, озон, күкірт және азот
оксиды және т.б.)
- сенсибиализациялайтын - аллерген ретінде әсер етеді (формальдегидтер,
ерітінділер,лак және т.б.)
- мутагенді – генетикалық кодтың бұзылуына, тұқымдас ақпараттың өзгеруіне
әкеледі (қорғасын, марганец, радиобелсенді изотоптар және т.б.);
- канцерогенды – Ісіктердің дамуына түрткі болады (хром, никель, асбест, хош
иісті көмір сутегі және т.б.)
- репродуктивті (ұрпақты болу (детородную)) функцияларға әсер ететін (сынап,
қорғасын, стирол, радиобелсенді изотоптар және т.б.)
Мутагенді, канцерогенді және репродуктивті (ұрпақты болу (детородную))
функцияларға әсер ететін адам ағзасына химиялық қосылыстар әсерінің
алыстанған салдарына жатады. Адам ағзасына әсері жылдар және он жылдықтар
бойы көрінеді. Кейінгі ұрпақтарда әр түрлі эффектердің әсеріде көрінеді.
6.
2. Адам ағзасына зиянды заттардың енужолдары
• Дем алу кезінде өкпе арқылы. Осы жол аса қауіпті,
өйткені зиянды заттар тармақталған талшықты
жасуша арқылы қанға барып, ағзаға таралады.
• Ас қорыту жүйелері арқылы. Ауыз қуысы арқылы
су және аспен.
• Тері арқылы. Тері арқылы химиялық заттардың
ағзаға енуі.
Денеде қауіпті заттар біркелкі бөлінбейді, бірақ
белгілі бір жерлерде жиналады. Мысалы, мыс
көбінесе сүйек жүйесінде, марганец бауырда, сынап
бүйрек пен ішекте жиналады.
7.
Уланудың өту формалары:- аса ауыр формада – қауіпсіздік
ережелерін сақтамау немесе апаттың
болуы нәтижесінде;
- созылмалы – кішігірім мөлшерде
біртіндеп ағзада жиналады;
асқындырылған
–
аса
ауыр
формасының пайда болу жағдайына
ұқсас, бірақ баяу өтеді.
8.
3. Қауіптілік дәрежесі бойынша еңбекжағдайларының кластары
1-клас – бұл денсаулықты сақтау және
өнімділікті
арттыру
үшін
бәрін
жасайтын ең оңтайлы жағдайлар.
2-клас – рұқсат етілген еңбек
жағдайлары.
Жалпы,
олар
қабылданған стандарттарға сәйкес
келеді, ал кейбір ауытқулар демалыс
кезінде оңай жойылады
3 клас – зиянды жағдайлар. Қызметкерлерге
зиянды факторлар үнемі әсер етеді, олардың
көрсеткіштері
барлық
рұқсат
етілген
нормалардан
асады.
Нәтижесінде
қызметкерлердің денсаулығына елеулі зиян
келтіріледі.
9.
Зиянды еңбек жағдайлары өз кезегінде бірнеше дәрежегебөлінеді:
1 дәреже – еңбек жағдайлары жұмысшылардың
денсаулығына қайтымды өзгерістер әкеледі, бірақ аурудың
даму қаупін арттырады.
2 дәреже – зиянды факторлардың әсері дененің
жұмысында тұрақты бұзылуды тудырады. Өнімділіктің
уақытша жоғалуы, кәсіптік аурулардың бастапқы белгілері
болуы мүмкін.
3 дәреже – кәсіби патологияның жеңіл түрінде күрт өсуі
байқалады.
4 дәреже – кәсіби аурулардың айқын түрлері.
10.
4. Зиянды заттардың шекті рұқсат етілгенконцентрациясы
Жұмыс
аймағындағы
шекті
рұқсат
етілген
концентрация – бұл күнделікті әсер ету кезінде бүкіл еңбек
өтілі бойы 8 сағат ішінде немесе ұзақ өмір сүру кезеңінде
ауру немесе денсаулық жағдайында ауытқулар тудырмайтын
концентрация.
Зиянды заттардың ШРК көбінесе мынадай жағдайларда
пайдаланылады:
1) өндірістік цехтардың, технологиялық процестердің,
жабдықтардың, желдету жүйесінің жобаларын жасау кезінде;
2) өндірістегі жұмыскерлердің еңбек жағдайларының
сапасын бақылау кезінде.
Жоғары қауіпті заттар – хлор, фторлы сутегі, фосген.
Орташа қауіп – темекі, метил спирті. Ал аммиак, бензин,
ацетон, этил спирті қауіпті емес заттарға жатады.
11. 5. Жұмыскерлерді зиянды өндірістік факторлардан қорғау тәсілдері
Барлық қорғаныс құралдарын бөлуге болады:- ұжымдық;
- жеке.
Ұжымдық құралдар көптеген жұмысшыларды бір уақытта
қорғауды қамтиды.
Олар бірнеше кластарға бөлінеді:
1) ауа ортасын қалыпқа келтіру үшін. Бұған желдету жүйелері,
кондиционерлер жатады;
2) жұмыс орындарында жарықтандыруды қалыпқа келтіру үшін:
жақсы жарықтандыруды қамтамасыз ете алатын әртүрлі
шамдар;
3) зиянды және қауіпті факторлардан қорғау үшін.
12.
Егер кәсіпорында шу деңгейі жоғары болса, онда қабырғалардыбысты сіңіретін материалдармен жабылған, жұмыс
механизмдеріне арнайы қаптамалар қойылады, жұмысшыларға
құлақ тығындары беріледі.
Электрмен айналысатын қызметкерлер міндетті түрде резеңке
қолғаппен, етікпен немесе галошпен қамтамасыз етіледі.
Жабдықта дабыл шамдары, қауіпсіздік белгілері орнатылады.
Егер жұмыс биіктікте жүргізілсе, онда бұл жер қоршалуы
керек.
Егер ұжымдық әдістер сапалы қорғауды қамтамасыз ете
алмаса, онда зиянды өндірістегі әрбір қызметкерге жеке
қорғаныс құралдары беріледі. Оларға халаттар, қолғаптар,
респираторлар, таңғыштар, қорғаныс костюмдері және т. б.
13. Назарларыңызға рахмет!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒАРАХМЕТ!