Похожие презентации:
Адам құқықтары. Бірыңғай құқықтық сағат
1.
АДАМҚҰҚЫҚТАРЫ
бірыңғай құқықтық сағат
2.
Адам құқықтарыҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ дегеніміз - әрбір жеке адамның қадірқасиеті мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ететін
ережелер болып табылады
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ -бұл бізде тумысымыздан бар құқықтар, жай
ғана адам болып дүниеге келгендіктен ғана бұл құқықтар бізге
тиесілі.
Оларды ешбір мемлекет бермейді.
Жалпы адам құқықтары - азаматтығына, жынысына, ұлттық
немесе этникалық тегіне, түсіне, дініне, тіліне немесе кез келген
басқа белгілеріне қарамастан, әрқайсымыздың ажырамас
құқықтарымыз болып табылады.
Оларға өмір сүру құқығы сияқты негізгі құқықтар да, сондай-ақ,
біздің өмірімізді лайықты ететін құқықтар - тамақтану, білім алу,
еңбек ету, денсаулық және бостандық, т.б. құқықтары кіреді.
3.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Адам құқықтарының
халықаралық
құқықтық негіздері
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы (1948)
Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция
(ICERD, 1965)
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт
(ICESCR, 1966)
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (ICCPR, 1966)
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенция
(CEDAW, 1979)
Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты
қорлайтын қатынас пен жазалауға қарсы Конвенция (CAT, 1984)
Бала құқықтары туралы Конвенция (CRC, 1989)
Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау
туралы халықаралық конвенция (ICRMW, 1990)
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы Конвенция (CRPD, 2006) және оған
қосымша хаттама
Барлық адамдарды зорлық-зомбылықпен жоғалып кетуден қорғауға арналған
халықаралық конвенция (ICC PED, 2006)
4.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
Адам құқықтарының
құқықтық негіздері
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясында (АҚЖД) адамзат тарихында бірінші
рет барлық жерде қорғалуы керек негізгі Адам құқықтары
жарияланды.
2023 жылы 10 желтоқсанда АҚЖД қабылданғанына 75 жыл толады
және ол әлі де адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтың
негізі болып табылады.
Адам құқықтарының Дүниежүзілік декларациясының 30-бабында
адам құқықтары саласындағы барлық қолданыстағы және болашақ
конвенциялардың, шарттардың және басқа да құқықтық құралдардың
принциптері мен маңызды элементтері қамтылған.
АҚЖД екі пактімен – азаматтық және саяси құқықтар туралы
халықаралық пактімен және экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтар туралы халықаралық пактімен бірге
Адам құқықтары туралы халықаралық Билльді құрайды.
5.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
Құқықтар
мен міндеттер
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Барлық мемлекеттер адам құқықтары саласындағы 9 негізгі шарттың
кемінде біреуін және 9 Факультативтік хаттаманың кемінде біреуін
ратификациялады(қабылдады). Мемлекеттердің 80% - ы 4 немесе одан да
көп шартты ратификациялады. Бұл дегеніміз, халықаралық құқыққа сәйкес,
ратификациялаған мемлекеттің адам құқықтарын сақтау, қорғау және
жүзеге асыру міндеттемелері бар деген сөз.
Адам құқықтарын сақтау міндеттемесі - мемлекеттер адам құқықтарына қол
сұғудан немесе оларды бұзуға тырысудан бас тартуы керек деп болжайды.
Адам құқықтарын қорғау міндеттемесі мемлекеттерден жеке азаматтарды
немесе адамдар тобын адам құқықтарының бұзылуынан қорғауды талап
етеді.
Адам құқықтарын жүзеге асыру міндеттемесі мемлекеттер адамның негізгі
құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін оң шаралар қабылдауы
керек дегенді білдіреді.
Сонымен бірге, біздің әрқайсымыз адам құқықтарына ие бола отырып,
басқа адамдардың құқықтарын құрметтеп, олар үшін күресуіміз керек.
6.
Бала құқықтарыҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
1989 ЖЫЛЫ БҰҰ-мен ЖАС АЗАМАТТЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА
БАҒЫТТАЛҒАН БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ ӘЗІРЛЕНІП, ҚАБЫЛДАНДЫ
Конвенция-бұл келісім. Бұл осы Конвенцияға қол қойған
барлық мемлекеттер балалардың құқықтарын қорғауға
келісті дегенді білдіреді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БҰЛ КОНВЕНЦИЯНЫ
1994 ЖЫЛЫ РАТИФИКАЦИЯЛАДЫ
20 қараша –
Халықаралық бала құқықтарын қорғау күні
Осылайша, БАЛА - туылғаннан
бастап біздің ғаламшардағы ең
маңызды ұйым - Біріккен Ұлттар
Ұйымы
қорғайтын құқықтарға ие
7.
Бала құқықтарыҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Бала құқықтары-Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарда
тіркелген балалар құқықтарының жиынтығы.
Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, бала-18 жасқа толмаған адам.
Мемлекет балаларды қорғауға міндеттеме алды,
сондықтан олардың ересектер сияқты құқықтары бар
Әр баланың махаббат пен
қарым-қатынасқа құқығы бар
Әрбір бала медициналық
көмек алуға құқылы
әр баланың
дұрыс тамақтануға құқығы бар
барлық балалар тең құқылы,
оларды ешкім бұзбауы керек
әр баланың демалуға және
көңіл көтеруге құқығы бар
ешбір бала ренжімеуі
немесе қорланбауы тиіс
8.
Бала құқықтарыҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Туғаннан бастап бала азаматтық алу құқығына ие болады,
Азаматтық құқық бойынша құқықтық қабілетке ие болады,
Аты, Әкесінің аты мен тегін алуға құқылы
Әр баланың отбасында өмір
сүруге және тәрбиеленуге
құқығы бар. Бала атааналарын білу құқығына,
олардың қамқорлығын алу
құқығына, бірге тұру
құқығына ие.
Баланың - ата-анасының
тәрбиесіне, өз мүдделерінің
қорғалуына, жан-жақты
дамуына, адамгершілік қадірқасиетінің құрметтелуіне
құқығы бар.
Әр баланың білім алу құқығы бар,
Бұл құқықты мемлекет қамтамасыз
етеді:
тегін және міндетті бастауыш
білім беруді енгізеді; жалпы білім
және кәсіби біліммен қатар орта
білімнің барлық түрінің дамуын
ынталандырып, оған барлық
балалардың қолы жетерліктей
болуын қамтамасыз етеді және
тегін білім беруді енгізу мен қажет
болған жағдайда, қаржылай көмек
көрсету сияқты қажетті
шараларды қабылдайды.
9.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Адам құқықтары
қағидалар арқылы
БАРЛЫҚ АДАМДАР ЕРКІН ЖӘНЕ ТЕҢ БОЛЫП ТУЫЛАДЫ, БАРЛЫҒЫ БІРДЕЙ
ҚАДІР - ҚАСИЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚҚА ИЕ.
БАРЛЫҒЫ БІР БІРІНЕ БАУЫРЛАР СИЯҚТЫ ҚАРАУЫ КЕРЕК
ЕШКІМНІҢ БАСҚА АДАМДЫ РЕНЖІТУГЕ, ОНЫ ҚОРЛАП,
ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ЖАЗАЛАУҒА ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ!
ӘРБІР АДАМ МҮЛІККЕ ИЕЛІК ЕТУГЕ ҚҰҚЫЛЫ ЖӘНЕ ЕШКІМ ОДАН
ӨЗІНЕ ТИЕСІЛІ ЗАТТАРДЫ ТАРТЫП АЛА АЛМАЙДЫ!
ӘР АДАМНЫҢ ӨЗ ПІКІРІНЕ ИЕ БОЛУҒА ЖӘНЕ НЕ ОЙЛАЙТЫНЫН
АЙТУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР
ӘР АДАМ СОТТАН ҚОРҒАНЫС ІЗДЕУГЕ ҚҰҚЫЛЫ! ЗАҢДАР БАРЛЫҒЫНА
БІРДЕЙ БОЛУЫ КЕРЕК ЖӘНЕ БӘРІН ҚОРҒАУЫ КЕРЕК!
ЕШКІМНІҢ БАСҚА АДАМДАРДЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІНЕ АРАЛАСУҒА, БАСҚА БІРЕУДІҢ
ҮЙІНЕ РҰҚСАТСЫЗ КІРУГЕ ЖӘНЕ БАСҚА АДАМДАРДЫҢ ХАТТАРЫН ОҚУҒА
ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ!
10.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Мемлекеттердегі адам құқықтарын
қорғау жөніндегі ұлттық мекемелер
(Омбудсмен)
Ұлттық адам құқығын қорғау мекемесі
Құзыреті Конституцияда/заңнамалық актіде белгіленген, адам құқықтарын
қорғау және көтермелеу құзіретіне ие мекеме.
мемлекеттің бір бөлігі, мемлекет қаржыландырады, алайда Үкіметтен,
басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз жұмыс істейді.
Ұлттық адам
құқығын
қорғау
мекемесінің
міндеттері
адам құқықтарын көтермелеу: ұсыныстар беру;
адам құқықтарының әртүрлі мәселелері бойынша
ақпарат тарату және оқыту арқылы адам құқықтары
мәдениетін көтермелеу;
өз зерттеулерін, ұсыныстары мен пікірлерін жариялау.
адам құқықтарын қорғау: адам құқықтарының
жағдайын бақылау және зерттеу; жеке өтініштерді
қабылдау немесе заң көмегі арқылы жеке адамдардың
құқықтарын іске асыруды қолдау; адам құқықтары
саласындағы құқық қорғаушылардың қызметін қолдау.
11.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
Қазақстан Республикасындағы
адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Уәкіл институты мемлекет көлемінде 2002 жылдан бастап жұмыс істейді
Уәкіл құзыреті Конституцияға 2022 жылы енгізілді (83-1 бап) және
«Қазақстан республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы»
Конституциялық заң 2022 жылғы 5 қарашада шықты, заңды күшіне 2022
жылдың 18 қарашасында енді
Қазақстан
Республикасындағы
Адам құқықтары
жөніндегі Уәкіл
* Қолданыстағы мемлекеттік қорғау тетіктерін толықтырады;
* Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының
сақталуын бақылайды;
* Бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру
бойынша шаралар қабылдайды
* Адам құқықтарының сақталуын қадағалау
* Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу
* Азаматтардың өтініштерін қарау
* ҮЕҰ, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
* Азаматтарға заңгерлік кеңестер беру
* Азаматтарды құқықтық ағартуға жәрдемдесу
* Ұлттық алдын алу тетігін (ҰАТ) үйлестіру
12.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Қазақстан Республикасындағы
адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
Ақтөбе облысы бойынша өкілі
Өкіл 2022 жылдың 17 қазанында Уәкілдің өкімімен тағайындалды
Өкіл мемлекеттік қызметші болып табылады және Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталықтың облыс бойынша өкілдігінің қызметіне
басшылық жасайды.
Өкіл өз өкілеттігін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі Уәкілдің атынан өзінің функционалдық міндеттері
шеңберінде және оның тапсырмасы бойынша тиісті әкімшілікаумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.
13.
Жасөспірімдердітолғандыратын мәселелер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Бала шақтан – ересек өмірге өтуге қаймығу
Дене бітімінің өзгеруін қабылдай алмау
Болашағы үшін алаңдау, белгісіздік
Ата-анадан алшақтап, жаңа авторитеттер іздей бастау
Оқшауланып қалу
Өзін-өзі кем санау, басқалармен салыстыру
Жыныстық өзгерістер
Жауапсыз махаббат, беті қайтып қалудан қорқу
14.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Құқықтарды қорғау,
қиындықтарды жеңу бойынша
жасөспірімдерге арналған кеңестер
жылдам нәтиже емес, табандылық маңызды
тез баюға қызықпа
қиял емес, шынайы өмір маңызды (шынайы адам /виртуалды қатынас)
неге қыз болмадым, неге ұл болмадым деген сұрақтардан арыл
өзіңді ешкіммен салыстырма
идеал адам – жоқ, әр адамның әртүрлілігі маңызды
күнделікті аз-аздан болса да әрекет жаса
ұйқы мен демалуға уақыт бөл
отбасымен, туыстармен қатынаста бол (ата-әже, ата-ана, апа, аға, іні, қарындас, туыстар)
әке-шешенің идеал емес екенін қабылда
көп беріп, аз алуды дағдыға айналдыр
біреудің жетістігіне тәнті болып, олар үшін қуана біл
мақсат қоя біл – кішкентай ғана мақсаттан баста
сыртқы келбетке «жабыспа»
әділетсіздікке соқтықсаң, көмек ізде
өткен өміріңнің сәтсіздіктері – болашақты айқындамайды
«бәрі жаман» деген ойдан арыл
позитив таба біл
қорқынышты тықпа, оны анықтап, онымен жұмыс жасауды үйрен
мәселелерді бөліп-бөліп шешіп үйрен
Адал бол
15.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫАДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨКІЛДІК
Назарларыңызға рахмет!