Похожие презентации:
научный проект (3)
1.
Оқушыларды ғылымиізденушілікке баулу жолдары
Тулембетова Айсұлу Багитовна
химия пәні мұғалімі
№14 орта мектеп
2.
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсыоқи түседі
Питер Клайн
Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың
түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу
тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән
құбылыс.
Балалардың дарынын ашуда оқушы мен
мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл
атқарады
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу
дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру
саласының маңызды міндеті болып саналады
3.
Ғылыми зерттеу неден басталады?Алғашқысы – танымдық әрекет
Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті)
мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін.
Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп
аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары
балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс.
Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады,
өзі жүзеге асырады.
Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік
зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде
емес өзі ашады.
4.
Шығармашылық – зерттеутәртібінің маңызды сипаттамасы.
Шығармашылық зерттеушілік
ізденіс адам үшін екі түрлі
көзқараспен маңызды: бір
жағынан - жаңа өнімге қол
жеткізуінде, екінші жағынан –
ізденіс процесінің мәнділігінде.
Адам шығармашылық нәтижесіне
ғана қанағаттанып қоймай,
шығармашылық пен зерттеу
ізденушілігінің өзінен де ләззат
алуға қабілетті.
5.
Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланыңпотенциалдық қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Дарынды
оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру, зерттеу оқытудың
түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Биік
танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс
баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны
ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс, өйткені
бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты
әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын білеміз.
Ғылыми зерттеу – ғылыми әдістәсілдерді қолдана отырып,
белгілі бір объект жөнінде жаңа
білім қалыптастырумен
аяқталатын жүйелі және арнайы
мақсатқа көзделген объектілермен
танысу.
6.
Оқушының ғылыми –зерттеушілік қабілетін қалай анықтайды?Оқушы түрлі үйірмелерге қатысып қызығушылық танытады,
балалар мен жасөспірімдердің ғылым мен техниканың не өнердің
бір саласын тереңдете оқыту үйірмелері мен секцияларға барады,
сайыстар мен олимпиадаларға қатысады.
Бұл жерде оқушылардың ғылыми қоғамының алатын орны ерекше.
Оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) - өзінің интеллектісін дамытуға,
ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым
саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен
құрылған шығармашылық бірлестігі.
Оның қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, “Қазақстан
Республикасы Білім туралы” заңымен, Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілерімен сәйкес
жүзеге асырылады. ОҒҚ- мектеп пен ЖОО не ҒЗИ арасында байланыс
орнату керек
7.
Мысалы, табиғатты зерттеу не жаратылыстануғылымдарының саласына қызығушылық танытқан
оқушыны дамытуды ғылыми зерттеу әдістерін үйрету,
эксперимент жасау мен бақылау нәтижелерін талдау,
құрал-жабдықтармен танысу т.б. бастау керек.
ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері төмендегіше:
-оқушыларда ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын
қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми
зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру;
-Білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жанжақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік,
адамзаттық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары
адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына
қарқынды ықпал ету;
- оқушыларға кәсібін таңдауда кәсіби бағдар беру
8.
Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері-проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды
табу);
-зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);
- зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);
- шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);
- зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;
- ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);
- алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, материалдарды жинақтау);
Зерттеу жүргізудің ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып
табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, “problema”
сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда (міндет”, “кедергі”, “қиындық”
деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық
болуы мүмкін. Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу.
Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті
талап етеді. Тақырып проблеманың сипатын ашып береді.
9.
Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы,өзіне қызықты болуы мүмкін. Тақырыптарды негізгі үш
топқа бөлуге болады: - қиялға негізделген құбылыстарға
бағытталған фантастикалық тақырып; - өзіндік
бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен
тығыз байланысты эмпирикалық тақырыптар;
түрлі қайнаркөзден алынған деректермен,
материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған
теоретикалық тақырыптар. тақырыпты таңдағаннан кейін
болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз –
“hypothesis” ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар
арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген
ұғымды білдіреді. Болжам – бұл әлі айқындалмаған,
логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген
білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес,
ол тек ғана анықталмаған құбылыс.
10.
Зерттеу объектісі – теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар,қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі
қызметін атқарады.
Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар
жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді: Ойлау; Өзіне өзі сұрақ
қою; Басқа адамнан сұрау; Кітаптардан қарау; Бақылау; Эксперимент
жүргізу; Интернет жүйесін қарау; Материалдар жинақтау; Қорытынды
жасау. Зерттеу нәтижелерін жүйелеу үшін ізденудің кілті ретінде
төмендегі сызба жүйесін ұсынуға болады: Мысалы: тірі табиғат, білім
саласы – экология. Қайда тіршілік етеді? Немен қоректенеді? Т.с.с.
Кітаптағы материалдың шынайылығына көз жеткізу үшін оларды
салыстыратын өзіндік пікірі болуы тиіс. Ол үшін өзіне мынадай сұрақтар
қоюға болады: Әдебиеттегі қай пікір нақтырақ? Теориялық пікірлер
практикада дәлелді ме? 3. Өзінің зертеу жұмыстарын жүйелі жеткізіп, бір
мәселеден екіншісіне байланыстыра отырып өту қажет. Жұмыста “Менің
ойымша”, “менің пікірімше”, “маған” белгілі”, “дәлелдемелер жасалған
талдау көрсеткендей” деген сияқты сөздер қолданылуы тиіс.
11.
Зерттеудің соңғы кезеңіорындалған зерттеу жұмысын
қорғаумен аяқталады. Қорғау –
зерттеудің жетістігі және жаңа
зерттеулердің бастапқы кезеңі
болып табылады. Қорғауға әдетте
шектеулі уақыт (10-15 минут)
беріледі. Осы уақыт ішінде
зерттеуші ғылыми тақырыбының
өзектілігін аша білуі тиіс, сондайақ жұмыстың логикасы, тілі,
құрылымы мен жиналған
материдың құндылығы,
практикалық мәні бағаланады.
Конференциядағы баяндама 7 минутқа
дейін. Баяндау нақты өту керек. Жұмыс
көрнекі құралдармен бірге баяндалады.
Әрбіп жұмыс жетекшінің орындалған
жұмыстың өзектілігі мен құндылығы
жөнінде, сондай-ақ кемшіліктері
ескертілген пікірмен бірге жүруі тиіс.
Баяндамаға демонстрациялайтын
материал дайындауға болады
12.
Ғылыми – зерттеу жумыстары мен оқушының ізденістеріжетекші мен ғылыми кеңесшінің бағыт-бағдар беруі арқылы ,
білікті маман әрі жобалау процесін нақты түсінетін шебері
болғанда ғана жетістікке жетеді
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!