Похожие презентации:
Оқ тигендегі жарақаттар.pdf
1.
Оқ тигендегі жарақаттар1. Атылатын қару және оқ дәрі
Атылатын қару артиллерия және атыс қаруы
болып бөлінеді. Атыс қаруы топтық (пулеметтер,
минометтер) және қолға ұстайтын (жеке)
қарулар болады. Бейбіт кезде сот-медицина
тәжірибесінде кездесетін оқ тигендегі
жарақаттың басым көпшілігі қолға ұстайтын
қарумен жасалады. Қолға ұстап ататын қарулар
жауынгерлік (ұрыс винтовкалары, карабиндер,
тапанша-пулеметтер, тапаншалар мен
револьверлер), спорт (шағын калибрлі
винтовкалар, тапаншалар, револьверлер), аң
аулайтын (бір оқпанды, косауызды), арнаулы
мақсаттағы (дабыл беретін тапаншалар -ракета
аткыштар, старт тапаншалары), ақаулы (шолақ
мылтықтар), қолдан жасалған қаруларға
бөлінеді.
2.
Жауынгерлік атыс қаруы иір ойықты болып табылады. Оныңоқпанының ішкі бетінде бұранда тәрізді иір ойықтары болады,
олар оқты айналдырып қозғалтады. Иір ойықтар арасындағы
аралық жерлер иір ойық өрістер деп аталады. Қарама-қарсы
өрістер аралығындағы қашықтық қарудың калибрі деп
аталады.
Жауынгерлік патрондар оқтан, дәрі салған гильзадан және
жарылғыш зат салынған капсюльден тұрады. Қорғасын
(қазіргі кезде ондай оқтар аңшылық және спорт қаруларында
болады) қабықты (қабығы, мыстан, мельхиордан, өзегі
қорғасыннан жасалатын), оқтар, арнаулы мақсаттағы оқтар
(жарқырағыш, бронды бұзғыш, жарылғыш,өртегіш), қолдан
жасалған оқтар болып бөлінеді. Сонымен бірге оқ түтінді және
түтінсіз болады.
3.
4.
5.
Оқ тиген жарақатқа (оқтыңкірген және шыққан тесігіне)
диагноз қою
Оқ тиген жарақаттың тесіп өткен
және тұйық жара болуы мүмкін.
Тесіп өткен жарақат жағдайында
оқ адамның денесі арқылы тесіп
өтіп кетеді, ал тұйық жара
кезінде оқ тесіп өте
алмайтындықтан, денеде тұрып
қалады. Кейде жанап өткен
жарақаттар да болады, бұл
орайда оқ денені жанап өтіп,
жұмсақ ұлпалардың бетін ғана
жаралайды немесе жырып өтеді.
Ал айнала жаралаған кезде оқ
сүйекке тиіп, оның бетімен
сырғанай жүріп сол арқылы
дененің белгілі бір бөлігін орап
өткен сияқты болады. Орап
өтетін жарақат та тұйық және
тесіп өткен жарақат болуы
мүмкін.
6.
Оқ жарақаттарының ретін анықтауЕгер зардап шегушінің денесінен
бірнеше оқ жарақаты табылса,
олардың қандай ретпен салынған
туралы сұрақ туындайды. Бұл
мәселені шешкенде іс жүзінде
үлкен қиындықтар көп туындайды.
Бірінші кезекте әрбір жарақаттың
айналасындағы қан құйылуының
көріну дәрежесі ескеріледі.
Әлбетте, алғашқы жарақат
төңірегіндегі қан құйылуы көбірек
болуы мүмкін. Жарақаттың
қаншалықты ауырлығының белгілі
бір мәні болады. Көбінесе адамның
өлуімен аяқталатын соңғы жарақат
ең ауыр жарақат болып табылады.
Екі қатар болып арасы жақын
орналасқан жарақаттар
жағдайында оқтың қандай ретпен
тигенін анықтауға күйе қабаттары
көмектесе алады.
7.
Атылған қаруды анықтауОқ жарақаттарын зерттеген кезде
қарудың түрін (жүйесін) ғана емес,
сонымен қатар оның нақты данасын да
анықтау қажет болады. Әдетте, бұл
мәселелерді шешу үшін криминалистік
сараптама тағайындалып, онда
зерттеудің арнаулы әдістері
пайдаланылады. Кейде атылған қаруды
анықтау сот-медицинасы сарапшысы
мен криминалистердің қатысуымен
кешенді сараптама жүргізу негізінде
жүзеге асырылады. Сондықтан сотмедицина сарапшысы қарудың түрі
мен нақты данасын анықтау жөніндегі
сараптаманың ерешеліктерін білуге
тиіс. Мұны білу оның өлікті қарау мен
сою, киім-кешегін зерттеу кезінде,
қосымша зерттеуге материал алу
кезінде және басқа жағдайларда дұрыс
тактика таңдап алуына көмектеседі.