799.09K
Категория: ФилософияФилософия

ӨМІР_ЖӘНЕ_ӨЛІМ

1.

. ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ.
ӨМІРДІҢ МӘНІ

2.

ЖОСПАР:
Өмір философиясының қалыптасуы мен мәні,
негізгі мәселелері
Өмір философиясының мектептері
Адам философиясындағы өмір мен өлім мәселесі

3.

Өмір философиясы
19-20 ғасырлар аралығында Германия мен
Францияда қалыптасқан буржуазиялық
философияның субьективтік-идеалистік бағыты.

4.

Өмір философиясы дегеніміз - жаңа
философиялық мәдени логикалық бағыт. Басты
өкілдері - Шопенгауэр, Ницше, Дильтей,
Бергсон, Шпенглер тағы басқалар. Өмір
философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не
материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі
арқылы, тануға болатын өмір көрінісінің
формасы мен әлдеқандай бір алғашқы
реалдылық ретінде қарастырады. Бұл
философияның пайда болуына биология,
психология сияқты ғылымдардың жедел дамуы
түрткі болды.

5.

Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан
екі салаға жіктеледі:
1 Сала өмірді тек биологиялық жағынан ғана түсіндіріп биологиялық
қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді (Бергсон). Бұл
концепция Өмір философиясының психология варианты деп аталады
2 Сала өмірді рухани күштердің ирацициональдық құбылуы ерік
және ішкі толғаныс формасында қарастырады (Ницше, Дильтей,
Зиммель). Сонымен бірге Өмір философиясының мәдениет
философиясы немесе «тарихи» вариант деп аталатын түрі де бар. Бұл
қағиданы жақтаушылар Дильтей, Зиммель өмірді «ішкі» жағынан
талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді.
Өмірдің мәнің адамның жан дүниесі мен психологиялық тәжірибелері
арқылы емес, мәдени тарихи тәжірибелер негізінде түсіндіреді. Өмір
философиясының жекеленген варианттарының принциптік
айырмашылығына қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының
ортақ негізі бар. Ол – қаншылдық пен позитивизм ықпалына
байланысты 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында кең тарап, үстем
болған методологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда өмір
философиясы экзистенциализм мен персонализмге ұласып отыр.

6.

Өмір философиясының мектептері
19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасып, әрі
қарай өміршеңдік көрсеткен философиялық ағымдардың бірі
Шопенгауэр мен Ницшенің ілімдерінің негізінде пайда болған
«Өмір философиясы» болды. Негізгі өкілдері: Бергсон,
Зимммель Дильтей, тағы басқалар. Өмір философиясы өмірді
өзінен түсінуге тырысып, бұл жолда ақыл – ойдың ешқандай
пайдасы жоқ, себебі ол тек материалдық денелерді ғана
түсінеді де бізге өмір туралы дұрыс мағлұмат бермейді. Себебі,
ақыл – ой денелерді зерттегенде оларды тұтас күйінде қарамай,
бөлшектеп алады да, кейін олар туралы алған мәліметтерін өз
ойларымен қайта біріктіріп, олардың заңдылықтарын ашады.
Мұндай деретер, шын мәнінде, ақиқатқа жатпайды. Жалпы
денелерді зерттегенде, оларды тұтастық күйінде қарау керек,
себебі шын «өмірді»басқаша танып – білу мүмкін емес. Өмірді
тұтастық құрушы күш ретінде зерттеу тек инстинкт пен
интуициянның ісі.

7.

Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын
ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры.
Өмір қайғығысына ұшыраған адам өзін осындай
өмірдер құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал
өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғаны
дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені
ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның
туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал
өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады.
Яғни, өлім өмірінің мақсаты. Шопенгауэр өмірді
осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде
түсіндірген.

8.

Шопенгауэрдің философиялық дәстүрін жалғастырған Фринрих
Ницше (1844-1900) болды. Ницше иррационализмге жақын
“өмір философиясының” негізін қалаушы деп саналады.
Бұл бағыттың өзекті ұғымы – нақты адам үшін басты және
жалғыз реалдылық – өмір ұғымы.
Ницше түсінігінде философияның мақсаты – адамның қоршаған
дүниесі бейімделіп, өзін өмірде барынша іске асыруына
көмектесу.
Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр.
Ницше адам еркін бірнеше түрге жіктейді:
өмірге ұмтылыс;
адамның өз шегіндегі ерік (ішкі стержень);
басқарылмаймфн, бейсаналық ерік (сезімдер), аффектілер;
билікке ұмтылыс.

9.

Қазіргі кезде «өмір философиясы» экзистенциализмге жол беріп, тек
тарихи – философиялық қана маңызы бар құбылысқа айналды.
19 ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси - әлеуметтік,
рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі,
ғылыми – техникалық және технологиялық революцияның одан әрі
тереңдеп өрістеуі, кең ауқымды проблемалардың шиеленісуі, көптеген
социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып, қирауы,
бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары, тағы басқа
осылар сияқты маңызды уақиғалар, жалпы адамзаттық өркениеттің,
мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы
туралы бұрыннан қалыптасқан тұжырымдамаларын басқа әдістемелік
қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгертуіне
әкеліп соқтырды. Осындай философиялық ой төңірегінде
қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер
дүниеге келді. Солардың бірі неопозитивизм философиялық ағым
ретінде 1922 жылы құрылған Вена үйірмесінің қызметімен
байланысты дүниеге келді.

10.

Ол өзінің даму сатысында екі кезеннең өтті.
1) 19 ғасырдың 30– 40 жылдары қалыптасқан Огюст
Конт, Джон Стюарт Милль және Герберт Спенсердің
позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың
ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға
мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз,
өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы
қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығуы
себептерін шешеміз деп шеше алмай, қарама
қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына,
жаңа позитивтік философия жасау керек. Оның негізгі
міндеті – сезімдік тәжірибелердің деректерін жүйелеуші
ғылымдардың нәтижелерін тұжырымдап, жалпы
қорытындылар жасап отыру.
2) 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында
қалыптасқан эмпириосыншылдық ілімімен байланысты.

11.

19 ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір
философиясының» ықпалымен 20 жылдары М. Шелер мен О.
Шпенглердің негізгі еңбектері «Себептілік және тағдыр» және тағы
басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррациональдық
философиялық ағым пайда болды. Иррационалистердің пікірінше,
материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген
рационалды таным өзгермелі, тұрақсыз жеке өмірді түсіндіре
алмайды. Ақыл – ой өмірді жансыздандырады, себебі оны бөлшектеп,
оның үздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын өмірді танып – білудің
бірден –бірі қайнар көзі – инстикт, интуиция, сезім. Таным
субьектісіне адам жаратпаған, одан тыс заттар әлемі қарсы тұрады.
Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтаарға ие, ал бұл
заңдылықтар олардың өмір сүру, бейнелеу сияқты эмпирикалық
заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, философия
ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары
сатыда тұратын ғылым. Иррациализмнің кейбір идеяларын одан әрі
қарай жалғастырған – экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері: С.
Кьеркегор, М. Хайдеггер, К. Ясперс және тағы басқалар.

12.

С. Кьеркегор
Өмір философиясының негізін салушы – дат философы С.
Кьеркегор (1813-1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес,
уайым-қайғыға толы экзистенцияналдық ішкі сезімдерді
қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын
пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы “үрей”,
“қорқыныш” сезімдеріне ұңілу арқылы ашуға болады, ақиқат
дегеніміз – субъективтілік. Философия таңданудан немесе
танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады
деген Кьеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайымқайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге
қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Кьеркегордың жетістігі –
философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды
тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті – жеке адамның
өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында.

13.

Экзистенциализм
XX ғасырдың орта шенінде Батыста ең кең тараған субъективтік-
идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм
капитализмнің жалпы дағдарысының идеологиялық бейнеленуінің
бір формасы болып табылады. Оның ірі өкілдері М.Хайдеггер (18891976), К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973), ЖЛ.Сартр (19051980), А.Камю (1913-1960) жоне басқалар. Экзистенциализм, немесе
„өмір сүру философиясы", буржуазиялық философияның
иррационалистік (адамның ақыл-ойының күшін жоққа шығаратын)
бағыттарының бірінен саналады. „Экзистенция" үғымы (латынша
ехкіаіепііа — өмір сүру дегенді білдірсді) экзистенциализмде ерекше
рәл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы
негізін қүрады. Бірақ экзистенциализмнің бастапы негізі материяның,
затгар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның
көңіл күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни езінің психикалық сезім
қүбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъекттің өмір сүруі.

14.

Экзистенциализмдегі негізгі категориялар
Жалғыздық
Жауапкершілік
Үрей
Ажал
Бостандық
Шекаралық жағдай
Ештеңе
Абсурд

15.

16.

17.

18.

19.

20.

Альберт Камю – француз ойшылы, жазушы,
публицист. Нобель сыйлығының иегері
Камю философиясының басты мәселесі – өмір
мәні мәселесі, шын мәнінде адам өмірі
мағынасыз, мәнсіз. Адам өмірі – абсурд. Өмір
алдында – ештеме, ажам, өлім тұр. Тек өлім
табалдырығындағы адам бұл дүниеде өзін еркін,
тыныш және бақытты сезінеді.
Еңбектері – “Бөгде”, “Сизиф туралы аңыз”,
“Індет”, “Бүлікшіл адам” т.б.

21.

Өмірдің мәні туралы сұрақ адамның өмірлік
мәселесімен байланысты. Камю пікірінше өмір
философиясының ең басты мәселесі – өмір
сүрудің қажеті бар ма деген сұрақ, адам өмірінің
мәнділігі күмән тудырады, ол көбіне мағынасыз
көрінеді.

22.

Өмірдің мәні туралы негізгі көзқарастар
Өмірдің мәні – оның терең негізінде, яғни
адамдық мәнділікті жарыққа шығару
Өмірдің мәні – өмірден тыс дүниеде, яғни мақсат
қойып, оған жету
Өмірдің мәнін әр субъект өзінше түсінеді.

23.

24.

Адам өлімінің түрлері
Биологиялық
Әлеуметтік
Клиникалық
Клиникалық өлімге байланысты эвтаназия
мәселесі туындайды. Эвтаназия – бұл адам
өлімін жеңілдету, адам өліміне мүмкіндік беру,
адамның өлімге деген құқығын қолдау.

25.

Эвтаназияға қатысты көзқарастар
Патернализм – эвтаназияға қарсы, себебі:
Адам өз өлімін тоқтата алмайды
Құдай ісіне қайшы (діни көзқарас)
Үміт отын өшіруге болмайды
Эвтаназияны қолдану адамның өмір сүру құқығына
қайшы және т.б.
Антипатернализм – эвтаназияны қолдайды, себебі:
Адамды артық азап шегуден құтқарады.
Экономикалық тұрғыдан тиімді (үнемдеу).
Адамның өлімге деген табиғи құқығын қорғау қажет.
Адамның өз еркіне мүмкіндік беу қажет және т.б.

26.

Өлім дамытқан себебіне қарай
Табиғи өлім қарттар мен
көп жасағандардың
организмінің табиғи
тозуының нәтижесінде
орын алады
Зорлықтық өлімнің
себептері – қастықпен
немее жазатайым
жағдайлар және түрлі
жарақаттар
Аурулық өлім
организмдегі
патологиялық үдерістер
тіршілікке мүмкіндік
қалдырмағанда дамиды

27.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Правила