2.94M
Категория: МедицинаМедицина

№6.Несеп-жыныс жүйесі. Бүйрек, зәр шығару. Әйел, ер адам жыныс мүшелері. (1)

1.

Дәріс №18
Тақырыбы:Несеп
жүйесі.
Бүйрек,
құрылысы.
шығару
нефрон

2.

Жоспары:
1. Бүйрек, құрылысы, қабаттары.
2. Бүйректің құрамы.
3. Нефрон, құрылысы.
4. Шумлянский-Боумень капсуласының
құрылысы.
5. Фильтрация, реабсорция дегеніміз не?
6. Зәр, оның құрамы мен мөлшері. Зәрдің
бөлінуі.

3.

4.

• Несеп -зәр шығару жүйесіне бүйрек,
несепағар, несеп қуығы, несеп түтігі
кіреді. Бүйректе пайда болған зәр
несепағар түтігі арқылы қуыққа
құйылып, оның бұлшық еттері
жиырылғанда зәр шығару түтігі
арқылы сыртқы ортаға шығады.

5.

• Бүйрек (почка, ren,
nefros)- жұп мүше. Іш
қуысының артқы
қабырғасында, бел
аймағында, XII-ші
кеуде, I-II-ші бел
омыртқаларының
аралығында , омыртқа
жотасының екі
жағында, іш перденің
сыртында орналасқан.
Екі бүйректің жоғарғы
ұштары төменгілеріне
қарағанда бір-біріне
жақын тұрады.
Қалыпты жағдайда оң
жақтағы бүйрек сол
жақтағыдан төменірек
болады.

6.

7.


Бүйректің пішіні бұршаққа ұқсайды. Ол қызыл күрең түсті,
жоғарғы және төменгі полюсы, медиаль, латераль шеті, алдыңғы
және артқы беті бар. Латераль шеті дөңес, медиаль шеті ойық
болып келеді. Медиаль шетінде бүйректің қақпасы орналасқан.
Ол арқылы бүйректің артерия, вена қан, лимфа тамырлары және
несеп ағар өтеді. Бүйректің артқы беті көкетке, іштің шашар,
көлденең бұлшық еттеріне қараған. Осы жерде бүйрек үшін
шұңқыр пайда болады. Бүйректің жоғарысында бүйрек үсті
бездері орналасқан. Бүйректің сырты фиброзды қапшықпен
қапталған, қалыпты жағдайда тығыз және тегіс, жылтырақ. Оның
сыртында майлы қапшық бар. Егер бүйректі ұзынынан кесетін
болсақ, медиаль шетіндегі бүйрек қуысын, үлкен, кіші
тостағаншаларын және бүйрек түбірінің бір бөлігін көреміз.
Қуысының жан-жағын бүйректің заты қоршап тұрады. Бүйрек
заты сыртқы-қыртысты, ішкі-милы қабаттан тұрады. Милы
қабатында бүйрек пирамидаларының орта есеппен 80%
орналасқан. Пирамиданың негізі бүйректің дөңес шетіне, ал ұшы
қуысқа бағытталған. Екі-үш пирамиданың ұшы бірігіп бүйрек
бүртігі пайда болады. Әрбір бүйректегі олардың саны 10-12.
Әрбір бүйректе көптеген ұсақ тесіктер бар, олар арқылы зәр кіші
тостағаншаларға құйылады.

8.


Ішкі жағында бүйрек қақпасы
болады, ол арқылы артерия қан
тамыры еніп вена қан тамыры
мен несепағар шығады.
Бүйректің жоғарғы жағында
эндокринді бездер қатарына
жататын бүйрекүсті бездер
орналасқан. Бүйректер басқа
органдарға қарағанда құрсақ
қабырғасына жақсы бекіген.
Олардың өз орнына дұрыс
орналасуына себепші біріншіден
іш қуысының қысымы болса,
екіншіден май
капсуласы,үшіншіден құрсақ
байламдарымен бүйрекке енетін
қан тамырлары. Егер осы айтқан
аппараттар босаса, бүйрек өз
салмағымен төмен түседі де, қан
тамырлары мен нервтерін тартып
адамды ауру жағдайға жеткізеді.
Бүйрек ыдырау процесінде пайда
болған керексіз заттарды
организмнен шығарып қанды
тұрақты жағдайға келтіріп
тұрады.

9.

• Бүйректің қыртыс қабаты
Cortex Renis
Сыртқы қабаты
қалыңдығы 0,4-0,7 см.
Түсі қоңыр қызыл, бүйрек
денешелері мен бастапқы
(проксималды),шеткі
(дисталді) нефрон
түтікшелерінен тұрады.
Бүйректің қыртысты
қабатына кіріп, бүйрек
бағандары (columnea
renalis) пайда болады.

10.

• Бүйректің милы қабаты
Medulla renalis
Милы қабаттың ұзына бойына
кесінді үшбұрышты бөліктер
мен олардың арасындағы
бүйрек бағандарынан тұрады.
Милы қабаттың үшбұрышты
бөліктері пирамидалары деп
аталады.Бүйрек
пирамидаларының 80% милы
қабатта орналасқан (pyramidis
renalis), саны- 10-15.
Әрбір пирамиданың негізі, ұшы бар. Пирамиданың негізі бүйректің дөңес шетіне, ал
ұшы бүйрек қуысына қараған. Пирамиданың ұшында емізікке ұқсаған бүртік
болады. Әрбір бүртікте көптеген ұсақ тесіктер бар. Олар арқылы зәр кіші
тостағаншаларға құйылады.

11.

• Бүйрек
түбегі (Pelvis
Renalis).
Бүйрек
түбегі
бүйрек
қақпасының
тұсында
тарылып
несепағарға
өтеді.

12.

13.

Кіші бүйрек тостағаншалары
Calyces Renalis Minores саны 10-12.
Үлкен тостағаншалар (Calyces renalis). Саны 3-4. 2-3 кішкене
тостағанша бірігіп үлкен тостағаншаларға айналады. Үлкен
тостағаншалардың бірігуінен бүйрек түбегі пайда болады.

14.

• Бүйрек артериясы (A.
Renalis) Іш қолқасынан
1-ші бел
омыртқасының
тұсында басталып,
тармақталып, бүйрек
қақпасынан кіреді.
Бүйрек венасы (V.
Renalis) Бүйректен
қанды алып шығады.
Бүйрек қақпасы(hilium
renalis). Бүйректің
медиалды шетінде
бүйрек қақпасы бар.
Қақпа арқылы бүйрек
артериясы кіреді, вена,
лимфа тамырлары,
несепағар шығады.

15.

• Бүйректің атқаратын қызметі:
• -зәр пайда болады,сыртқа
шығарады;
• -қан қысымының тұрақтылығын
сақтайтын фермент ренинді бөледі.

16.

17.

• Бүйркетің құрлыс бірлігі-нефрондар.Әрбір бүйректе І
млн шамасында нефрондар болады. Олар
Шумлянский-Боумень денешелерінен, бастапқы, ирек
Генли, шеткі және жинаушы түтікшелреден тұрады.
Нефрон Шумлянский-Боумень денешелерінен
басталады. Денешенің екі қабат қабырғасы бар, бір
қабатты куб тәріздес кілегеймен қапталған. Бүйрек
артериясының өте жіңішке тармақтары денешенің
ішіне өтіп, капилляр шумағын құрайды. Кейін артерия
қан тамыры болып денешеден шығып, нефронның
түтікшелерін торлап, вена жүйесіне қосылады.
Шумлянский-Боумень денешесіне кірген артерия қан
тамырларыннан шыққан артерия өаг тамыры жіңішке
болғандықтан денешенің ішіндегі капилляр
шумағындағы қысым, денешенің қуысынан әлде
қайда жоғары болады.

18.

19.

20.

Сонымен бүйректе екі рет артериоллалардың торы пайда болады:
1.Шумлянский-Боумень денешесіндегі капиллярлар шумағында.
2.Нефронның түтікшелреінің капилляр шумағы. Денедегі барлық қан бүйректен 5
минут ішінде өтеді. Тәулігіне бүйректен 150-180 л қан ағып өтеді.Бүйректе
зәрдің пайда болуы екі сатыдан тұрады.
1. Капилляр шумақтарындағы сүзілу (фильтрация).
2. Түтіктердегі қайта сорылу (реабсорбция).
• Капилляр шумақтарындағы сүзілу (фильтрация) Қан капилляр шумақтарынан
өткенде, оның плазмасы ерітінділерімен бірге сүзіліп денешенің қабырғасына
өтеді. Қанның плазмасының капилляр шумағынан сүзіліп денешенің қуысына
өтуінен бірінші зәр пайда болады. Бір тәулікте 150-180 л алғашқы зәр пайда
болады. Алғашқы зәрдің құрамында зәр қышқылдарынан басқа тіршілік үшін
қажетті амин қышқылдары, глюкоза, витаминдер, минералді тұздар болады.
Қысқаша айтқанда алғашқы зәрдің қан плазмасынан өзгешелігі оның
құрамында тек альбумин, глобулин сияқты ірі дисперсиялы ақуыздар болмайды.
Түтікшелерде алғашқы зәрдің құрамындағы, глюкоза, витаминдер, тұздар, су
қайтадан қанға сорылады. Бұл құбылыс реабсорбция деп аталады. Сонымен
тәулігіне 1,5-2,5 л соңғы зәр пайда болады, оның құрамы 95% су, 5% қатты
заттардан тұрады. Қатты заттардың құрамында негізіне зәр қышқылынан,
мочевина мен креатинин бар. Соңғы зәрде натрий, калий тұздар өте аз
мөлшерде болады.

21.

22.

23.

Бүйрек
почка, ren, nefros
Нефрон
nephron
Бүйректің милы қабаты
мозговое вещества, medulla renalis
Ұсақ тесіктер
сосочковые отверствие, foramina
papillaria
Фильтрация
капилляр шумағындағы сүзілу
Реабсорция
түтікшелердегі қайта сорылу
Ирек Генли
шеткі – жинаушы түтікшелер
Фиброзды қабық
фиброзная капсула, capsula adiposa

24.

Бекіту сұрақтары:
1. Бүйрек, құрылысы, қабаттары.
2. Бүйректің құрамы.
3. Нефрон, құрылысы.
4. Шумлянский-Боумень капсуласының
құрылысы.
5. Фильтрация, реабсорция дегеніміз не?
6.Зәр, оның құрамы мен мөлшері. Зәрдің
бөлінуі.

25.

Дәріс №19
Тақырыбы:Несепағары,
несеп қуығы, несеп шығару
түтігі.

26.

Жоспары:
1. Несепағар құрылысы.
2. Несепағардың қызметі.
3.Несеп қуығы орналасуы.
4. Несеп қуығының анатомиялық құрылысы.
5. Несеп қуығы қызметі.
6.Ер адамның несеп түтігінің анатомиялық
ерекшелігі.
7.Әйел адамның несеп түтігінің анатомиялық
ерекшелігі.

27.


Несеп ағар(мочеточник,ureter)ұзындығы 30-35см, ені 3-9мм,
бүйректің түбегі мен қуықтың арасын
жалғайтын түтік. Несеп ағар бүйректің
түбегінен басталып, қақпасы арқылы
өтіп, іш қуысының артқы
қабырғасымен төменге бағытталып,
кіші астауға шығады. Кіші астауда
қуықтың төменгі жағына өтіп,
қиғаштана, қуықтың түбіне жақын
жерден қуыққа ашылады. Несеп
ағардың іш және астау бөлігі бар. Оң
жақтағы несеп ағардың іш бөлігінің
медиаль бүйірінде төменгі қуыс вена,
сыртқы жағында өрлеме тоқ ішек пен
соқыр ішек орналасқан. Сол жақтағы
несеп ағар түтігі ішкі бүйірінде іш
қолқасымен, сыртқы жағында тоқ
ішектің төменге бағытталған
бөлігімен жанасады.
Несеп ағардың жамбас астау бөлігі
кіші жамбас астауының қабырғасымен
төменге бағытталады. Еркекте несеп
ағар қуыққа құяр алдында шәует
шығарушы өзекпен, әйелде жатыр
мойны, қынабымен және жатыр
артериясымен қиылысып, қуыққа
бағытталады. Қуыққа қиғаш жанасып,
одан қабырғасына өтеді. Қуыққа екі
тесік ашылады.

28.

29.

Несеп ағардың қабырғасы үш қабаттан тұрады: 1) ішкісі
шырышты, 2)ортадағысы бұлшық ет, 3)сыртқысы дәнекер ұлпалы қабат.
Ішкі шырышты қабаты ұзына бойы қатпарлардан тұрады. Несеп ағардың
бұлшық ет қабатында біріңғай салалы бұлшық ет үш бағытта орналасқан.
Олардың жиырылып босаңсуынан зәр қуыққа үздіксіз ағып тұрады.
Сыртқы дәнекер ұлпалы қабаты несеп ағар түтігін сыртынан қаптап, оны
қоршаған мүшелерге байланыстырып бекітіп тұрады.

30.

• Несеп қуығы (мочевой
пузырь,vesica urinaria) -зәрді
уақытша жинап тұратын мүше.
Ол жамбас қуысында, тік
ішектің алдыңғы жағында, шат
байламының артында
орналасқан. Шат байламы мен
оның арасында тек май
ұлпалары бар. Еркекте қуық
артында несеп ағарға, тік
ішікке және шәует
көпіршіктеріне жанасады,
әйелде қынап пен жатыр
жатады. Қуықтың пішіні оның
созылуына,толуына, тік ішек
пен жатырдың көлеміне қарай
өзгеріп отырады. Ол зәрге
толған кезде оның пішіні
алмұртқа ұқсайды. Қуықтың
төменгі жағы түбі, жоғарысы
ұшы, орта бөлігі денесі деп
аталады. Қуықтың түбінен
несеп шығару түтігі
басталады.

31.

Несеп қуығы (мочевой пузырь,vesica
urinaria)

32.

• Қуықтың қабырғасы өте созылғыш келеді. Оның бос уақытында
қабырғасының қалыңдығы 1,5 см дейін жетеді, ал зәрге толған
кезде 2-3мм дейін жұқарады. Қуықтың қабырғасы үш қабаттан
тұрады. Ішкі, шырышты қабаты көпшелі кілегеймен қапталған.
Ол қуық толғанда жазылып, босағанда жиырылып тұрады.
Қуыққа несеп ағар түтігінің ашылар тұсында кілегей қабықша
қатпарланып,қиғаштанып,қақпаша несеп ағар тесігін жауып,
зәрдің кейін кетуіне кедергі болады.
Қуықтың қабырғасының ортадағы қабаты үш бағытта
орналасқан бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады.
Олар ұзына бойына және көлденең күйінде орналасқан. Несеп
шығару түтігінің қуықтан басталар жерінде бұлшық ет
талшықтары сақинаша орналасып қысқыш сфинктер пайда
болады. Қуық зәрге толғанда бұлшық ет босаңсып, зәр несеп
шығару түтігіне ағады. Бос қуық жиырылып тұрады. Зәрдің
толуымен ол созылып кеңейеді. Оның сиымдылығы -250-500 мл.
Қуықтың бұлшық етінен екі жерде қысқыш пайда болады.
Қуықтың ішкі еріксіз қысқышы және сыртқы адам еркіне
байланысты қысқышы. Қуық зәрге толғанда рецепторлар арқылы
тітіркеніс жұлынға барады. Жұлыннан парасимпатик жүйке
талшығы арқылы қуықтың бұлшық еті жиырылып,
қысқыштарының бұлшық еттері босаңсып, зәр несеп шығаратын
түтікке ағады.

33.

34.

• Несеп- зәр шығару түтігі (мочеиспускательный
канал,urethra). Еркекте ұзындығы 18 см жуық,қуықтан
басталып ерлердің сыртқы жыныс мүшесінің басына
ашылатын түтік (urethra masculina). Одан зәр мен
бірге шәует сұйықтары шығады.

35.

Еркекте несеп шығару түтігі:
басқы немесе простата, ортаңғы
немесе жарғақты, соңғы немесе
кеуекті болып, үш бөлімнен
тұрады:
1. Басталар бөлігінің ұзындығы 3-4
см, қуық алды безін қоршап
тұрады. Осы бөлімнің екі
жағынан шәует шашқыш ағысы
мен қуық алды безінің өзегі
ашылады.
2.Ортаңғы бөлігінің ұзындығы 12см, ені тар, қысқа бөлігі. Несеп
шығару түтігінің бұл бөлігі
бұлшық ет және шандырлар
арқылы шат сүйегіне бекіген.
Бұл жерде түтіктің сыртқы
қысқышы орналасқан, оның екі
жағында бульбоуретал бездері
бар.
3.Соңғы, кеуекті бөлігінің
ұзындығы 15-16см, жыныс
мүшелерінің астыңғы кеуекті
денесі болып саналады. Оның
басталар жерінде Купер
бездерінің түтіктері
ашылып,оның сұйығы несеп
шығару түтігіне ағады.

36.

• Әйел адамның несеп шығару
түтігінің (urethra feminina)
ұзындығы 3,0-3,5 см. Қуықтан
басталып,төменге қарай
бағытталып,жамбас қуысының
түбінен өтіп клитор мен қынап
кіреберісінің арасына ашылады.
Несеп шығару түтігінің
қабырғасы шырыш, шырыш асты
және бұлшық ет қабатынан
тұрады. Бұлшық ет қабаты
ұзынынан және көлденеңінен
жатады. Несеп шығару түтігінің
жамбас түбінен өтер жерінде
бұлшық еттің қысқышы пайда
болады.
• Әйел жыныс мүшелері ішкі
және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі жыныс мүшелері : жатыр,
жатыр түтігі, қынабы. Сыртқы
жыныс мүшелеріне үлкен және
кіші жыныстық еріндер, клитор,
қынап кіреберісі, сүт безі
жатады.

37.

Глоссарий:
1.Несеп ағар (мочеточник,ureter)
2.Несеп қуығы(мочевой пузырь, vesica urinaria)
3.Несеп-зәр шығару түтігі (мочеиспускательный
канал, urethra)
4.Ер адамның несеп шығару түтігі (urethra
masculina)
Әйел адамның несеп шығару түтігінің (urethra
feminina)

38.

Бекіту сұрақтары:
1.Несепағар құрылысы?
2. Несепағардың қызметі қандай?
3.Несеп қуығы орналасуы?
4. Несеп қуығының анатомиялық құрылысы?
5. Несеп қуығы қандай қызмет атқарады?
6.Ер адамның несеп түтігінің анатомиялық
ерекшелігі?
7.Әйел адамның несеп түтігінің анатомиялық
ерекшелігі?

39.

Дәріс №20
Тақырыбы: Ер адамның
жыныс жүйесі

40.

Жоспары:
1.Аталық жыныс безіқұрылысы.
2.Аталық жыныс безінің қосалқысыорналасуы,
құрылысы, қызметі.
3.Шәует шығару өзегіорналасуы.
4.Шәует бауыанатомиялық құрылысы,
орналасуы.
5. Қуық асты безі орналасуы, құрылысы,
қызметі.
6.Ер адамның сыртқы жыныс мүшелері.

41.

• Ер адамның жыныс мүшелері (мужские
половые ограны, organa genitalis
masculina). Ер адамның жыныс мүшелері
сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінеді.
Оның ішкі жыныс мүшелеріне аталық
жыныс безі, оның қосымшасы, шәует
шығарушы жолдары кіреді. Сыртқы жыныс
мүшелеріне ұма мен аталық жыныс мүшесі
жатады.

42.

Ер адамның несеп-зәр, жыныс
мүшелері
1 — сол бүйрек;
2 — қыртысты қабаты;
3 — оң бүйрек;
4 — бүйрек пирамидасы;
5 — бүйрек қақпасы;
6 — бүйрек тостағаншасы;
7 — сол несеп ағар;
8 — несеп қуығының ұшы;
9 — несеп қуығының түбі;
10 — несеп қуығының денесі;
11 — шәует көпіршіктері;
12 — қуық алды безі;
13 — аталық жыныс мүшесінің
денесі;
14 — аталық жыныс мүшесінің түбі;
15 — шәует шығарушы өзек;
16 — қосалқысы;
17 — аталық жыныс мүшесінің басы;
18 — аталық жыныс безі;
19 — аталық жыныс безі бөліктері

43.

• Аталық жыныс безі (яичко, testis) –ұмадағы жұп, аралас без. Онда
аталық жыныс жасушалары жетіледі, аталық жыныс гормондары
пайда болады. Бездің сыртқы секрециялық қызметі жыныс
жасушаларын, сперматозойдтарды шығарады, эндокриндік қызметі
аталық жыныс гормондарын қан мен лимфа тамырларына бөледі.
Аталық жыныс безінің пішіні сопақ, екі бүйірі қысыңқы, салмағы
25г жуық. Оның екі беті, алдыңғы, артқы шеті, жоғарғы, төменгі,
ұшы бар, артқы шетінде қосымшасы орналасқан. Аталық жыныс
безі сыртынан ақ тығыз дәнекер ұлпамен қапталған, ол бездің
артында қалыңдап, аралық пайда болады. Ақ қабықтан бездің ішіне
қарап тармақтар кетеді, олар безді 250 – 300 бөлікшелерге бөледі.
Бөлікшелер ирек түтікшелерден тұрады. Араларын дәнекер ұлпа
байланыстырады. Ирек түтікшелер көп қабатты ерекше сперматоген
кілегей жасушалары және сортолли жасушаларынан тұрады.
Сперматоген жасушаларында аталық жыныс жасушалары дамып
жетіледі, ал сортолли жасушалары олардың дамуы үшін
қоректендіру қызметін атқарады. Ирек түтікшелер тік түтікшелерге
айналып, ерекше тор пайда болады. Торлы түтікшелерден аталық
безді, оны қосалқысымен байланыстыратын 15 – 16 байланыс
түтікшелері шығады. Байланыс түтікшелері бездің қосалқысының
ирек түтікшелеріне жалғасады. Олар аталық без қосалқысының
төменгі жағында бірігіп шәует шығару өзегі пайда болады.

44.

• Аталық жыныс безі мен оның
қосалқысы
1 — шәует шығарушы өзек;
2 — қынап өабаты;
3 — қосалқысының басы
4 — қосалқысының денесі;
5 — аталық жыныс безінің
жоғарғы ұшы;
6 — аталық жыныс безінің
аралығы;
7 — қосалқы ұшы;
8 — аталық жыныс безінің
алдыңғы беті;
9 — аталық жыныс безінің төменгі
беті

45.

• Аталық жыныс
безінің қосалқысы
(придаток яичка,
epididymis) сопақша
келген, оның басы,
денесі, ұшы бар.
Аталық жыныс безінің
торынан 15 – 16
түтікшелер шығып,
торланып,
қосымшаның басы
пайда болады.
Қосымшаның
түтікшелері иректеліп
төмен қарай
бағытталады, кейін
ұшында бірігіп, шәует
шығару өзегі болып
жалғасады.

46.

Аталық жыныс безі
(продольды кескін)
1 — аталық жыныс безінің шеміршегі;
2 — қосалқысы;
3 — аталық жыныс без орталығы;
4 — аталық жыныс безінің
бөлшектері;
5 — аталық жыныс без бөлімдері;
6 — ақ қабықша;
7 — сыртқы қабық;

47.


Шәует шығару өзегі
(семявыводящий
проток, ductus
deferens)ұзындығы 40 –
50 см жұп түтік. Ол
аталық жыныс безі, оның
қосалқысымен ұмада
орналасқан. Пайда болған
сперма сұйықтығын
сыртқа шығарады. Шәует
шығарушы өзек аталық
жыныс безінің
қосалқысының ұшынан
басталып, шәует
бауының құрамында
жоғары көтеріледі.
Шәует бауы жоғары көтеріліп, шат өзегінен іш қуысына кіреді. Осы жерде өзек
тамырлар мен жүйкеден бөлініп төмен қарай бағытталып, кіші жамбас қуысына өтеді.
Жамбас қуысынын бүйірдегі қабырғасы арқылы қуық алды безіне , қуыққа
бағытталады. Осы жерде шәует көпіршіктерінің өзегімен бірігеді. Қуыққа
жақындағанда кеңейіп жыныс жасушаларының қоймасы пайда болады.
Шәует шығарушы түтіктің қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі – шырышты,
ортадағы – бұлшық ет, сыртқы – дәнекер ұлпалы қабат.

48.

• Шәует бауы (семенной
канатик, funiculus
spermaticus) – жұп болып,
ұмадан жіпшеленіп
басталады. Оның
құрамында жыныс безіне
келетін артерия, вена қан
тамырлары, жүйке
талшықтары, лимфа
тамыры және шәует
шығарушы өзек болады.
Олардың барлығы ішкі
шәует қабығымен
қоршалып, бау пайда
болады. Ол ұмадан жоғары
көтеріліп шат өзегі арқылы
іш қуысына кіреді. Осы
жерде шәует шығарушы
өзек, тамырлар мен жүйке
талшықтарына бөлінеді.
Қан тамырлары, жүйке
талшықтары жоғары
көтеріліп іш перденің
артына өтеді, ал шәует
шығарушы өзек кіші
астауға бағытталады.

49.

• Шәует көпіршіктері
(семенной пузырек,
vesicula seminalis)жұп,
сопақша, ұзындығы 5 см
жуық, қуық пен тік
ішектің кеңейген
бөлігінің аралығында
орналасқан. Шәует
көпіршіктерінің жоғарғы
кеңейген жерін денесі,
төменгі жіңішкерген
бөлігі ‘‘шәует шашар
өзегі’’ деп атайды. Шәует
көпіршіктері сперма
сұйықтығына толы.
Спарма сұйықтығы
түссіз, оның құрамында
сперматозоидтар болады.
Шәует көпіршіктерінің қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі – шырышты,
ортадағы – бұлшық ет, сыртқы – дәнекер ұлпалы қабат. Шәует
көпіршіктерінің қуысы шәует шығарушы түтікке өтеді. Шәует шығарушы
және шәует көпіршіктерінің шығарушы түтігі бірігіп шәует шашушы түтік
пайда болады. Оң және сол жақтағы шәует шашушы түтіктер қуық алды
безінің артынан кіріп, несеп шығару жолына ашылады.

50.

• Қуық алды безі (предстательная железа, prostatа) кіші
астауда, қуықтың түп жағында несеп шығарушы өзекті
қоршап орналасқан күрделі без. Ол сперма
сұйықтығының құрамына кіретін сөл бөледі,
сперматозоидтардың жетілуіне әсер етеді. Сонымен бірге
оның бұлшық еттері жиырылғанда сөлді шығарады несеп
шығарушы өзектің қысқышы қызметін атқарады.
Бездің жоғарға қараған негізі, төменге бағытталған
ұшы, алдыңғы және артқы беті бар. Оң және сол жақтағы
бөліктерін мойны жалғап тұрады.
Бездің негізі қуықтың түбіне, ұшы кіші астау түбіне,
алдыңғы беті шат симфизіне, артқысы тік ішекке қараған.
Ересек ер адамда без салмағы 20г, ені 4 см-дей. Без
арқылы несеп шығару түтігі, шәует шашушы түтік және
бездің түтікшелері өтеді.
• Без азғана сілтілі сұйықтық бөледі. Ол сперма құрамын
сұйылту мен қатар, оның тіршілік әрекетіне қолайлы
жағдай туғызады. Без 14 жастан жедел дамып, 20 жаста
толық қалыптасады

51.

52.

Қуық алды безі мен шәует
көпіршіктері
1 — шәует шығарушы өзек;
2 — шәует көпіршіктері;
3 — шәует шашушы өзек;
4 — қуық алды без негізі;
5 — қуық алды безінің медиялды беті;
6 — қуық алды безінің оң жақ бөлігі;
7 — қуық алды безінің сол жақ бөлігі;
8 — зәр шығарушы түтігі;
9 — қуық алды безінің алдыңғы беті;
10 — қуық алды безінің төменгі
аралық беті;
11 — қуық алды безінің ұшы;

53.

• Бульбоуретал
(Куперов) бездері
(булбоуретальны
е железы,
glandula
buldourethralis)
үлкендігі
бұршақтай несеп
шығару өзегінің
бойында кіші
астау түбінде
орналасқан жұп
без, олардың сөлі
сперма
сұйықтығының
құрамына кіреді.

54.

Ерлердің жыныс мүшелері
1 — несеп қуығының бұлшық ет
қабаты;
2 — несеп ағар;
3 — шәует шығарушы өзек;
4 — шәует көпіршіктері;
5 — тік ішек;
6 — қуық алды безі;
7 — аталық жыныс мүшесінің
кеуекті денесі;
8 — аталық жыныс мүшесінің
денесі;
9 — қосалқы;
10 — аталық жыныс безі;
11 — аталық жыныс мүшесінің басы;
12 — шеткі плоть

55.

• Ер адамның сыртқы жыныс
мүшелері(наружные мужские половые
органы, organa genitalis masculina
externa). Оларға аталық жыныс мүшесі,
ұма, несеп шығару өзегі кіреді.

56.

• Ұма (мошонка, scrotum) – аталық жыныс бездерінің
қапшығы. Онда аталық жыныс безі қосалқысы мен шәует
бауының бастапқы бөлігі орналасқан. Ол пердемен екі
бөлікке бөлінген. Қабырғасы іш қабырғасының қабаты
тәрізді 6 қабаттан тұрады. Олар: тері, тері асты май,
беткейдегі шандыр, бұлшық ет, тереңдегі шандыр, сір
қабықша қабаттары.

57.

• Аталық жыныс
мүшесі (мужской
половой член, penis)
зәрді және шәует
сұйықтығын
шығарады. Аталық
жыныс мүшесінің
қалыңдаған басы,
ортадағы денесі,
артқы бөлігі – түбі
бар, басының ұшына
несеп шығарушы
өзектің тесігі
ашылады. Аталық
жыныс мүшесінің
терісі жұқа,
қозғалғыш,
мойнының тұсында
қатпарлар пайда
болып басын қаптап
тұрады. Оның ішкі
қабатында май
бездері көп.

58.

• Шат аралығы (промежность, perineum) –
сыртқы жыныс мүшелерімен тік ішек орналасқан
ет қалыңынан пайда болған жамбастың астыңғы
жағын айтады. Ол алдында шат байламының
төменгі бетімен, артында құйымшақ, екі бүйірінде
отырықшы томпағымен шектескен. Шат
аралығында сыртқы жыныс мүшелері тік ішектің
анал тесігі бар. Ер адамда сыртқы жыныс мүшесі
мен бірге ұма орналасқан. Онда тері астында май
ұлпалары, одан тереңінде бұлшық ет бар. Бұлшық
ет пен шандырдан шат аралығының түбі п.б. шат
аралығының түбі алдыңғы және артқы болып екіге
бөлінеді. Алдыңғы бөлігінде несеп шығару өзегі,
қынап кіреберісі және бұлшық ет, несеп, жыныс
мүшелері орналасқан. Артқы бөлігінде тік ішектің
анал тесігі бар.

59.

Глоссарий:
Аталық жыныс безі
яичко
testis
Аталық жыныс безінің
қосалқысы
придаток яичка
epididymis
Шәует шығару өзегі
ductus deferens
Шәует бауы
семявыводящий
проток
семенной канатик
Шәует көпіршіктері
семенной пузырек
vesicula seminalis
Қуық асты безі
предстательная
железа
мошонка
prostatа
Ұма
Аталық жыныс мүшесі мужской половой
член
funiculus spermaticus
scrotum
penis

60.

Бекіту сұрақтары:
1.Аталық жыныс безіқұрылысы?
2.Аталық жыныс безінің қосалқысыорналасуы,
құрылысы, қызметі қандай?
3.Шәует шығару өзегіорналасуы?
4.Шәует бауыанатомиялық құрылысы,
орналасуы?
5. Қуық асты безі орналасуы, құрылысы,
қызметі қандай?
6.Ер адамның сыртқы жыныс мүшелерін ата.

61.

Дәріс №21
Тақырыбы:Әйел адамның жыныс жүйесі

62.

Жоспары:
1.Анабез құрылысы.
2.Анабездің қызметі.
3.Жатырдың орналасуы.
4.Жатырдың анатомиялық құрылысы.
5.Жатыр түтігі, орналасуы, құрылысы.
6.Қынаптың анатомиялық орналасуы,
құрылысы, қызметі.

63.

Әйел адамның жыныс мүшелері
1 — оң бүйрек;
2 — сол бүйрек;
3 — оң несеп ағар;
4 — жатыр түбі;
5 — жатыр денесі;
6 —жатыр түтігінің ампуласы ;
7 —жатыр түтігінің шашағы;
8 — аналық жыныс безі;
9 — аналық жыныс безінің
шажырқайы;
10 — жатыр денесі;
11 — жатырдың домалақ байламы;
12 — жатырдың мойыны;
13 — жатыр мойын каналы;
14 — несеп қуығы;
15 — қынап;
16 — клитор аяқшасы;
17 — несеп шығарушы түтіктің
сыртқы тесігі;
18 — кіре беріс;
19 — қынап тесігі;
20 — кіре берістің үлкен безі

64.


Анабез (яичник,оvarium).Аналық жыныс безінің екі беті, жоғарғы түтік, төменгі жатыр ұшы,
артқы еркін, алдыңғы шарбы шеті бар. Анабездің түтік ұшына жатыр түтігінің шашағы келіп
бірігеді, жатырмен оның меншікті байламы арқылы шектеседі. Анабездің ішкі милы, сыртқы
қыртысы екі қабаты бар. Милы қабаты қан тамырлары мен жүйкеге бай. Қыртысты қабаты
фолликулалары бар дәнекер ұлпадан тұрады.
65етілген анабез түйіншелері немесе грааф көпіршігі лимфа және қан тамырларына бай. Грааф
көпіршігі дәнекер ұлпалы қабықтан, жұмыртқа жасушалы төмпешіктен және денеше
сұйықтығынан тұрады. Жыныстық жетілген грааф көпіршігінің ені 1-см дей. Оның
қабырғасынды тығыз дәнекер ұлпалы қабық тек қан капиллярлары және кілегей жасушадан
тұратын дәнешелі қабат бар. Дәнешелі қабаттың жасушалары аналық эндокриндік жыныс
гормоны эстрадиолды бөледі. Жыныстық жетілген грааф көпіршігінің іші көпіршік
сұйықтығына толы. Оның ішінде дәнешелі жасушалармен қоршалған жұмырқа төмпешігі бар.
Жұмыртқа төмпешігінің ішінде жұмыртқа жасуша, овоцит бар.

65.


Жұмыртқа жасуша жұмыртқа төмпешігінің ішінде мөлдір аймақпен, сәулелі
тәжбен қоршалған, Әрбір 28-30 күнде жыныстық жетілген грааф көпіршігі
жарылып, сұйықтықпен бірге жұмыртқа жасуша іш қуысына түседі. Жыныстық
жетілген грааф көпіршігінің жарылып, жұмыртқа жасушаның іш қуысына
түсуін “овуляция” деп атайды. Түтіктің аналық жыныс безіне бекіген
шашағындағы жыбырлағыш кірпікшелердің қимылымен жұмыртқа жасуша
жатыр түтігіне түсіп, жатыр қуысына өтеді. Жарылған көпіршек қанмен толып,
кейін орнында сары дене пайда болады. Сары дене прогестерон, лютеин
гормондарын қанға шығарады. Әйел екіқабат болғанда сары дене ұрықпен
бірге өседі, ұрық пайда болмаған жағдайда сары дене 14-15 күннен кейін
көлемі кішірейіп, орнында ақ дене пайда болады. Ақ дене кейін сорылып
кетеді.

66.

67.

• Жатыр (матка, uterus) бұлшық етті мүше, кіші жамбас
астауында, қуық пен тік ішектің арасында орналасқан мүше.
Жатырдың ұрық дамиды, өседі. Жатырдың пішіні алмұртқа
ұқсаған, оның денесі, түбі және мойны бар. Жатырдың алды
қуыққа, арты тік ішекке қараған екі беті бар. Алдыңғы қуыққа
қараған қуықтық беті , ал артқы тік ішек беті деп аталады.
Жатырдың беттері бір-бірінен оң және сол жатыр шеттері
арқылы бөлініп тұрады. Жатырдың ішінде жатыр қуысы бар.
Жатырдың түбі жоғарғы күмбез тәрізді дөңестенген бөлігі,
төменге қарай жатыр денесі болып жалғасады. Жатырдың
денесі түбі мен мойынының арасындағы бөлігі. Жатырдың
денесі конусқа ұқсаған, төменінде жатырдың мойнына өтеді.
Денесінде үшбұрыш тәрізді жатыр қуысы бар. Жатыр қуысы
үшбұрышты, негізгі жоғарыға, ұшы төменге қараған қуыс.
Оның екі бүйіірінде жатыр түтігінің тесігі бар.Жатырдың
денесінің мойнына өткен жері тарылып, оның қылтасы пайдав
болады.Жатырдың мойынының төменгі бөлігі қынаптық,
жоғарысы
қынап үстілік болып бөлінеді. Жатыр мойнының
қынаптық бөлігіндегі өзектің тесігі қынап қуысына ашылады.
Бұл тесік қызда дөңгелек, ал бала туған әйелде сопақша,
еріндері жырымдалған болады. Жатыр моынының тесігі
алдыңғы және артқы еріндермен шектелген.

68.

69.

Аналық жыныс безі,жатыр түтігі және жатыр
(арттан көрініс)
1 — жатырдың сыртқы қабаты
(периметрий);
2 — жатыр түбі;
3 — жатыр қуысы;
4 — жатыр денесі;
5 — жатыр түтігінің қатпарлары;
6 — жатыр түтік құйғышы;
7 — жатыр түтігінің шашағы;
8 — жатырдың ішкі шырышты
қабаты
(эндометрий);
9 — аналық жыныс безінің жоғарғы жағы;
10 — аналық жыныс без фолликулалары;
11 — аналық жыныса безінің сары денесі;
12 — жатырдың бұлшық ет қабаты
(миометрий);
13 — жатыр мойыны;
14 — жатыр мойынының қатпарлары;
15 — жатыр тесігі;
16 — жатырдың қынап тесігі

70.


Жатырдың қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі шырыш қабаты –
эндометрий (endometrium), қалыңдығы 3 см-дей, түтік бездеріне бай,
жыбырлағыш кілегей мен қапталған. Жатырдың шырыш қабатының беті
тегіс, тек мойын өзегінде ұзын қатпар бар . Қатпардан тік бұрыштанып екі
жаққа тармақтар жайылады. Оң және сол тармақтар бір - бірімен айқасып
қынаптың ішіндегісін жатырға өткізбейді.Жатырдың ортадағы бұлшық ет
қабаты –миометрий. Жатырдың бұлшық еттері үш бағытта : ішкі –қиғаш,
ортадағысы айналып, сыртқысы ұзына бойына қиғаштанып орналасқан.
Ортадағы бұлшық ет қабаты қан тамырларға , әсіресе ірі вена қан
тамырларрына бай. Сыртқы қабаты жатырды жан-жағынан қаптап жауып,
жамбастың кіші астауындағы басқа мүшелерге өтеді. Соның нәтижесінде
жатыр мен қуықтың арасында жатыр –қуық ұңғылы, ал жатыр мен тік ішек
аралығындағы тік ішек –жатыр ұңғылы пайда болады. Жатырдың екі
бүйірінен параметрий қабаты қаптап тұрады. Жатырдың бекініп тұрған үш
жалғамасы бар:жатырдың жалпақ жалғамасы, дөңгелек және тік ішек
жалғамасы. Жатырдың жалпақ жалғамасы жатыр түтігіне жабысып, оның
шарбысы пайда болады. Шарбы екі қабаттан тұрады,жоғарысында жатыр
түтігі, ішінде анабез қосалқысы бар. Жатырдың жалпақ жалғамасының
анабезге бекіген бөлігі анабез шарбысы деп аталады. Жатыр түтігі
мойнының айналасында май ұлпасы болады. Жатырдың дөңгелек
жалғамасы жатырдан шат өзегіне және үлкен жыныстық еріндерге дейін
тартылған, дәнекер ұлпа мен біріңғай салалы бұлшық еттерден тұратын,
пішіні жіпше тәрізді жалғама. Жатыр тік ішек жалғамасы жатыр мен тік
ішектің және құйымшақтың арасындағы дәнекер ұлпалы жағлама. Бұл
жағламамен бірге тік ішек – жатыр еті орналасқан

71.

72.


Жатыр түтігі (маточная труба, tuba uterine).Жатыр түтігінің мойны, жатыр
бөлігі, кеңейген, құйғыш бөлігі бар. Жатыр түтігінің жатыр бөлігі жатырдың
қабырғасымен біріккен. Жатыр түтігінің жіңішкерген бөлігі-қылтасы жатырдың
жалпақ жалғамасының жапырақтарының ішінде орналасқан. Жатыр түтігінің
қылтасы оның кеңейген ампуласы деп аталатын бөлігіне өтеді. Ампула бөлігі
кеңейіп жатыр түтігінің құйғышына жалғасады. Әйел адамда жатыр түтгігі,
жатыр қуысы, қынап арқылы сыртқы ортаға ашылады. Жатыр түтігінің
қабырғасының ішкі шырышты, ортадағы бұлшық ет, сыртқы дәнекер ұлпалы
қабаты бар.
Ішкі шырыш қабаты кірпікшелі
кілегеймен қапталған. Бұлшық ет
қабатында ұзынан және айнала
жатқан біріңғай салалы бұлшық
еттер болады. Бұлшық ет
қабатының жиырылуымен кілегей
қабатындағы кірпікшелердің
қозғалысынан жатыр түтігіне
түскен жұмыртқа жасуша жатыр
қуысына жылжиды Жатыр
түтігінің сыртқы қабаты
жатырдың жалпақ жалғамынан
пайда болған шарбының бір
бөлігі.

73.


Қынап (влагали, Vagina). Жатыр қынабы жоғарысында жатыр мойнымен , төменінде кіші
жыныстық еріндердің арасында қынап кіреберісімен шектелген. Ұзындығы 7-10 смдей бұлшық
етті түтік. Қынаптың кіреберіс тесігін сыртқы шетінен қыздық перде жауып тұрады. Қынаптың
денесі артына қарай иілген, алдында қуықтың түбі және зәр шығару түтігі, артында тік ішекпен
шектелген. Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары, олардың арасында саңылау, қуыс бар.
Қынап пен жатыр мойнының арасында күмбез болады. Артқы күмбез алдыңғысына қарағанда
тереңдеу. Қынаптың қабырғасы үш бөліктен тұрады. Ішкі шырышты қабатында көлденең
қатпарлар бар. Ортадағы қабаты біріңғай салалы бұлшық еттен тұрады. Шырышты және
біріңғай салалы бұлшық ет қабаты серпімді, созылғыш.
Әйел босағанан кейін қынап кеңейіп, бала өтеді, кейін қайтадан орнына қалыптасады.

74.

Әйел адамның сыртқы жыныс
мүшелері

75.

Үлкен жыныстық ернеулер (большая половая губа, labium majus pudendi)
Кіші жыныстық ернеулер (малая половая губа, labium minus pudendi)
Деліткі (клитор, clitor)

76.

Сүт бездері
1 — сүт безінің денесі;
2 — сүт безінің емізік айналасы;
3 — сүт безінің емізігі

77.

78.

Глоссарий:
Анабез (яичник,оvarium)
Жатыр (матка, uterus)
Жатыр түтігі (маточная труба, tuba uterine)
Қынап (влагали, Vagina)
Әйел адамның сыртқы жыныс мүшелері (наружные
женские половые органы, organi genitalia feminine externa)
Үлкен жыныстық ернеулер (большая половая губа, labium
majus pudendi)
Кіші жыныстық ернеулер (малая половая губа, labium
minus pudendi)
Кіші кіреберіс бездері (малые преддверные железы, glan.
Vestribularis minores)
Қынап кіреберісі (преддверие влагалищa, vestribulum
vaginae)
Деліткі (клитор, clitor)
Сүт безі (молочная железа, glan. mammaria, mastos)

79.

Бекіту сұрақтары:
1.Анабез құрылысы?
2.Анабездің қызметі қандай?
3.Жатырдың орналасуы?
4.Жатырдың анатомиялық құрылысы?
5.Жатыр түтігі, орналасуы, құрылысы?
6.Жатыр түтігі қандай қызмет атқарады?
7.Қынаптың анатомиялық орналасуы,
құрылысы, қызметі?
English     Русский Правила