1.11M
Категория: ПсихологияПсихология

Дәріс_№_10_Салауатты_өмір_сүру

1.

Пәннің атауы: Тіршілік қауіпсіздігі
10 дәрістің тақырыбы:
Тіршілік қауіпсіздігі компоненті ретінде
салауатты өмір салтының негіздері
Алигожина Дина Амангельдыевна
Аға оқытушы
Павлодар,
2023 г.

2.

Сабақтың жоспары
Кіріспе
1. Денсаулық сақтау ұғымы.
2. Салауатты өмір салты
Қорытынды

3.

Кіріспе.
Салауаттану – жеке адамның, қоғамның, жалпы табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Адамның физикалық, психологиялық, моральдық-адамгершілік және әлеуметтік
денсаулығы жаратушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен
қалыптасады.
Салауаттану ғылымы «денсаулықты қалай
сақтау
керек»
принциптері
мен
механизмдерін
зерттейді.
Салауаттану
нысаны, біріншіден
– дені сау адам,
екіншіден – оны қоршап тұрған барлық
нәрсе және денсаулыққа әсер ететін Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана
факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу емес,
кез-келген
тірі
организмнің
себептері, дененің сау күйге оралу қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі
механизмі,
қорғауға
бейімделу болғандықтан, салауаттану өмір сүру үшін
механизмдері, төртіншіден – сақтандыру қажетті қоршаған орта әсерінің барлық
және сауықтыру шаралары.
компоненттерін зерттеу міндетін қояды.
Салауаттанудың зерттеу пәні – адам.

4.

1. Денсаулық сақтау ұғымы.
«Денсаулық сақтау» сөзінің мағынасы жергілікті тұрғындар арасындағы
түрлі топтардың денсаулығын қамтамасыз ету, сақтау, жақсарту және
нығайту барысындағы іс әрекеттерді білдіреді.
Адам денсаулығын қорғау және нығайту негізгі заңды акттармен
бекітілген. Денсаулық сақтау жүйесін оптимизациялау мемлекеттің
әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бөлімі болып табылады.
Денсаулық сақтау мақсаты бір, квалифицирленген медициналық көмегі
баршаға ыңғайлы болатын, шынайы гуманистік бағытталған мемлекеттік
жүйе ретінде қаралады.
Денсаулық сақтау жүйесінің приоритетті құрамдас
элементіне медицина қызметкерлерінің профилактикалық
шаралары, медико-социалдық белсенділіктің дамуы және де
халық арасындағы әр-түрлі топтарға салауатты өмір
салтын насихаттау жатады.

5.

1. Денсаулық сақтау ұғымы.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық (БДҰ) мәліметтері бойынша, адамның денсаулығы
50 % өмір салтына байланысты және қайталанып отыратын инфекциялық емес
аурулардың (жүрек – қан тамырлары жүйесі аурулары, қант диабеті және т.б.) басым
көпшілігінің дамуы адамның өмір салтымен байланысты. Бұған байланысты тәуекелдің
жүріс-тұрыс факторларды алдын алу және бақылауын күшейту кешенді жолымен
салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруды дамыту маңызды болып
табылады.
Салауатты өмір салтын ынталандыру –
әрқайсысымыздың
дене
тәрбиесімен
айналысуымызға,
дұрыс
тамақтануымызға,
есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып,
тазалық
пен
санитария
шараларын
сақтауымызға және т.с. бағытталған.
Н. Ә. Назарбаев

6.

2. Салауатты өмір салты
● Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға
және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.
Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір
салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі
мәліметтер бойынша денсаулық 53-55 %-ға салауатты өмір салтына
тәуелді болады.

7.

2. Салауатты өмір салты.
Салауатты өмір сүру салтының 3 категориясы болады:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы; Салауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория.
- өмір сүру стилі.
Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі
толығымен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру сапасы – әлеуметтік категория – үй-іші
қызмет істейтін орындары неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз
ететін комфортты жиҺаздар мен лабораториялық жабдықтармен
қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стилі – әлеуметтік-психологиялық категория,
адамның қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстап және көрсете білуі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық
денсаулығының 49–50 % өмір сүру салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай
қарайтынына тәуелді, 17–20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты.
Ауру және денсаулық ұғымдары өзара тығыз байланысқан. Екеуі бір біріне қарама
қарсы болып көрінеді. Мысалы мықты денсаулық болса ауру болмайды, және
керісінше.

8.

2. Салауатты өмір салты.
Салауатты өмір сүру үшін:

9.

2. Салауатты өмір
салты.
2. Салауатты
өмір
салты.
• Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі
шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған
ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және
организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру
емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы, шынығуға
бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
● Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың
маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар
алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды
қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар
алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы,
экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай
отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс
● Темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және
уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер
организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян
келтіреді.

10.

Қорытынды:
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы
болсын
десек,
ел
болып,
халық
болып
болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып
алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден
бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл
түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір
сүру салтын насихаттайық.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды
тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
English     Русский Правила