4.04M

3-сабақ. Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар

1.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№89 мектеп-лицейі» КММ
Сабақтың тақырыбы:
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
7- сынып
Химия пәні мұғалімі:
Садыкбекова Л.А.

2.

Оқу мақсаты
• 7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін,
массасын зарядын білу;
• 7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+ , n0 , e- ) мен атом ядросының
құрамын білу;
• 7.1.2.7 изотоп түсінігін білу.
Бағалау критерийлері
• протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын
зарядын біледі;
• элементтердің атом құрылысы мен атом ядросының құрамын анықтайды;
• изотоп түсінігін қалыптастырады.

3.

1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд атом
құрылысының «планеталық» моделін ұсынды.
Бұл модель бойынша атомның ортасында оң
зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып
жүреді. Электрон теріс зарядталған ең кіші бөлшек,
оның заряды өлшем бірлігі ретінде қабылданған.
Жалпы алғанда, атом электрбейтарап, яғни зарядсыз
бөлшек болып саналады, себебі ядроның (оның) оң
заряды электрондардың теріс зарядына тең.

4.

Атом құрылысы одан әрі зерттеу кезінде, оның ядросының құрамына
протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні
анықталды.
Әр түрлі атомдардың құрамындағы протондар мен нейтрондардың
сандары да әр түрлі, бірақ атомдағы протондар мен нейтрондардың
массаларының қосындысы сол элементтердің атомдық массасына тең:
Ar – элементтің салыстырмалы атомдық массасы.
Z – оның реттік саны.
N – нейтрондар саны.

5.

Салыстырмалы атомдық массасы және реттік нөмірі
бойынша нейтрондар санын есептеуге болады:
Ядродағы протондар саны элементтің реттік (атомдық) нөміріне Z тең.
Мысалы оттек элементінің реттік нөмірін Z =8, протон саны 8 ядро заряды 8.
Протон зарядының абсолютті шамасы электрон зарядының мәніне тең.
5

6.

Ядроларында протон саны бірдей бірақ
массалары әр түрлі, белгілі бір элементті
құрайтын атомдар – изотоптар деп атайды.
(Изотоп грекше «Бір орынға орналасушы»
деген мағнаны білдіреді).
6

7.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/atomnyng-qurylymy/lesson/izotoptar
7

8.

Бекіту тапсырмасы
1-тапсырма
Берілген атом ядроларының
құрамында неше протон, неше
нейтрон кіреді:
АІ, Ar, Ca
Дескриптор:
Атомдардың протон және нейтрон сандарын анықтайды;

9.

Дұрыс жауап
Дескриптор:
Атомдардың протон және нейтрон сандарын анықтайды;

10.

Бекіту тапсырмасы
1.Түсініктер мен анықтамалары арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
Түсінік
Түсінік анықтамасы
Протон
атомдағы протон мен нейтрондардың қосындысы
Нейтрон
оң таңбалы заряды бар элементарлы бөлшек, олар
атомның ядросында орналасады.
ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әр
түрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі.
электрлік бейтарап бөлшектер
Массалық саны
Изотоптар
Дескриптор:
Түсінік пен оның анықтамасын тауып, сызып көрсетеді

11.

Дұрыс жауап
Түсінік
Протон
Нейтрон
Массалық саны
Изотоптар
Түсінік анықтамасы
атомдағы протон мен нейтрондардың
қосындысы
оң таңбалы заряды бар элементарлы
бөлшек, олар атомның ядросында
орналасады.
ядро заряды бірдей, бірақ атомдық
массалары әр түрлі бір элемент
атомдарының түрөзгерісі.
электрлік бейтарап бөлшектер

12.

Қорытынды
протон, электрон, нейтронды және олардың
атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын
білемін;
алғашқы 20 элементтің атом құрылысы мен атом
ядросының құрамын анықтай аламын;
изотоптардың не екенін түсінемін.

13.

Қосымша ресурстар
М.Қ. Оспанова Қ.С. Аухадиева Т.Г. Белоусова
Химия оқулығы 7 сынып
https://bilimland.kz
English     Русский Правила