5.41M
Категория: ИсторияИстория

№76_Қазақстандағы_ұлттық_автономиялар

1.

Қазақстан тарихы
Қазақстандағы ұлттық
автономиялар
Таунар Ұлан

2.

Сабақтың мазмұны:
1
Алашорда
2
Түркістан
автономися

3.

Алашорда
(1917 жылы желтоқсан – 1920 жылы наурыз)

4.

• 1917 ж 5-13 желтоқсан Орынборда өткен « Алаш»
партиясының II жалпықазақ съезінде:
Алаш автономиясының үкіметі сайланды
• Орталығы:
Семей қаласы (кейін Алаш-қала
атауын алды)

5.

Қаулы
• 1)Бөкей елі.
Орал, Торғай, Ақмола, Семей,
Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан
облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ
уездері, Закаспий облысындағы және Алтай
губерниясындағы іргелес болыстардың жері
бірыңғай, іргелі халқы – қазақ-қырғыз халі,
тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық
жерлі автономия құруға;
5) қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың
құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына
кірген ұлттар бәрі бүкіл мекемелерде санына
қарай орын алады…
«Алаш облыстарын (съезде жарияланған Алаш
автономиясын ) қазіргі бүліншіліктен қорғау
мақсатымен Уақытша ұлттық кеңес құрылсын. Мұның
аты «Алашорда» болсын.

6.

• Уақытша Ұлттық Кеңес Уақытша Ұлттық Кеңес –
Алашорданың құрамына 25 адам сайланды.
• 15-і қазақ, 10-ы өзге ұлт өкілдері
• Ұлттық кеңес Алашорданың Уақытша Ұлттық Кеңесі
төрағасын сайлау демократиялық негізде өтті.
• Ә.Бөкеханов, Б.Құлманов, А.Тұрлыбаев өз
кандидатураларын ұсынды. Жасырын дауыс беру
қорытындысы бойынша Ә.Бөкейханов үкімет
төрағасы атанды.
• Ә. Бөкейхан: «Тірі болсақ, алдымызда үлкен
той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын
арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар».

7.

Алашорда батыс және
шығыс бөлімдері
Азамат соғысы салдарынан Алашорда үкіметінің
Батыс және Шығыс бөлімдері құрылады.
Батыс Алашорданың орталығы Жымпиты ауылында
орналасып, оған Жаһанша Досмұхамедов
жетекшілік жасады.
Шығыс бөлімі Семей қаласында орналасып оны
Әлихан Бөкейханов басқарды. Семейдегі билік
орталық үкіметтің рөлін атқарды.

8.

Алашорда батыс және шығыс
бөлімдері
Жетісу жерінде Алашорда милициясы құрып,
жасақтауда Отыншы Әлжанов зор еңбек
сіңірді. «Алашорда» үкіметінің мүшесі,
қоғам қайраткері, ағартушы О.Әлжанов
большевиктермен шайқаста 1918 жылы 21
тамызда ерлікпен қаза тапты.
Алашорда үкіметі Орынбордағы атаман
Дутовпен, Омбыдағы Сібір Уақытша
үкіметімен, Самарадағы
Құрылтай жиналысының Комитетімен (Комуч)
одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты.

9.

Кеңестердің қарсы әрекеті
1918 жылы Наурыз Кеңестердің Ақмола уездік съезі
(С.Сейфуллинң А.Асылбеков) Алашорда автономиясын
теріске шығарған қарар қабылдады.
Торғай облыстық Кеңестер съезі қаулысымен
Алашорданың «Қазақ» газеті жабылды.

10.

Кеңестермен келісімге келу
• 1919 жылы 4 сәуір -Кеңес өкіметінің орнау
кезеңінде жаңа өкіметпен қарым-қатынасы
тұрақты түсінушілік пен келісімге келуге
ауысты. «Алаш» басшылары кеңестік әскери-саяси
билік қойған шарттарды мойындады.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алашорда
мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.

11.

А.Байтұрсынұлы
А.Байтұрсынұлы жетекшілік
еткен алашордалықтардың
торғайлық бөлігі
большевиктер жағына
шықты.
«Төңкеріс және қазақтар»
мақаласында «Алаш»
зиялыларын Кеңес үкіметі
жағына шақырып, ұлттық
келісім тактикасына қол
жеткізді.
1919 жылы В.И.Ленинмен
кезедесуден соң төтенше
өлкелік орган-Қырғыз
(Қазақ) ӘскериРеволюциялық Комитеттің
құрамына енгізілді.
1920 ж. 9 наурыз
«Алашорданы тарату»
туралы Қазревком шешімі
қабылданды.

12.

Таратылуы
1920 жылы 9 наурыз «Алашорданы тарату» туралы
Қазревком шешімі қабылданды.
Қудалануы
1921 жылы күзде «Бұрынғы алашордалықтар
арасында контрреволюциялық ұйым» анықталды
деген хабар таратылып, қудалана бастады

13.

Түркістан Автономиясы

14.


Құрылуы
1917 жылы 22 қараша Түркістан автономиясы,
Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти –
Түркістан өлкесі халықтарының өзін- өзі
басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған
мемлекеттік құрылым.
Қоқан қаласында IV Түркістан Төтенше құрылтайы
«Түркістан автономиясын» жариялады.
Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына 54 адам
кірді.
Ислам мемлекеттік дін деп жарияланды.
Орталығы- Қоқан қаласы.
• Аумағы қазіргі Өзбекстан, Түркіменстан,
Қазақстан сияқты елдердің кей аймақтары кірген.
• Басшылары М.Тынышбаев, Мұстафа Шоқай.

15.

Басып алынуы
• 1918 жылы 29 қаңтар Кеңес үкіметі Қоқан
автономиясын талқандауды бастады.
• Большевиктер армян ұлтшылдарының
«Дашнакцутюн» партиясымен одақтасып, мұсылман
тұрғындарды қырып жойды.
• 1918 жылы 2-5 ақпан Кеңес үкіметі Қоқан
қаласын шабуылмен басып алды .
• Түркістан автономиясын қарулы күшпен таратып,
оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

16.

Түркістан АКСР-інің құрылуы
• 1918 жылғы кеңестердің Бүкілтүркістандық V
съезінде «Түркістан Автономиялық Кеңестік
Социалистік Республикасы» туралы ереже
бекітілді.
• 1924 жылы Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік
межелеуге байланысты ТАКСР-і таратылды.

17.

М.Шоқай 1890-1941жылдары
Ташкент гимназиясын
орыс тілінде бітірді.
Петербург
университетінің заң
факультетін үздік
бітірді.
1917 жылдың ақпанына
дейін Мемлекеттік
Думадағы мұсылман
фракциясының Түркістан
жөніндегі істері
бойынша хатшысы болып
істеді.
27 жасында ол бүкіл
Түркістандағы ұлтазаттық қозғалыстың
басшыларының біріне
айналды.

18.

• Бүкіл Түркістанды бір
автономиялық
республикаға біріктіріп,
оны демократиялық
Ресейдің құрамына енгізу
идеясын қозғады.
Қоқан автономиясы
таратылған соң шетелге
эмиграцияға кетті.
Антикеңестік
оппозицияның көрнекті
өкілі болды.
«Кеңестердің билігіндегі
Түркістан» атты
кітабында большевиктер
партиясы мен Кеңес
өкіметінің Қазақстан мен
Орта Азия
республикаларындағы
әлеуметтік-экономикалық
және ұлт саясатын сынға
алды.

19.


Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі әрі
бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы
болды. Ол орыс әдебиетінің білгірі саналып,
ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін
меңгерген.
Грузия
мен
Түркия
арқылы
Берлинге
келіп
орналасты.
Ол
мұнда
Ресейлік
мұсылман
эмигранттарының
ұйымын
басқарды.
«Еңи
Түркістан», «Яш Түркістан» журналдар шығарып
тұрды.
1940 жылы маусымда М.Шоқайды фашистер тұтқындап,
Компьен лагеріне жабылды.
1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда
қайтыс болды.
В.Шульгин М.Шоқай жөнінде: «Бұл түркістандық
сонымен бірге жоғары еуропалық болды, «жеке өзі»
бүкіл елді көрсете алатын еді» деп жазды.

20.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!
English     Русский Правила