Похожие презентации:
Қоғам_және_мәдениет_философиясы_(1)
1.
Қоғам және мәдениет философиясы2.
Жоспар:Әлеуметтік философия: қалыптасуы, ұғымы,
функциялары мен категориялары
Қоғам феномені
Қоғам және табиғат, олардың өзара
байланысы.
3.
Қоғам – (лат. социалис) – адамқызметінің тарихи қалыптасқан
формаларының (территориясы,
дәуірі, дәстүр мен мәдениеті)
барлық жиынтығы, яғни жүйелік
құрылымы.
4.
Әлеуметтік философияХІХ ғасырдың соңына қарай айналымға “Әлеуметтік
философия” термині шықты. Ал бұдан “Әлеуметтік
философия” деп аталатын білім негіздері қалыптаса
бастады.
1929 жылы “Қоғамның рухани негіздері” атты
еңбегінде орыс ойшылы С. Л. Франк:
“әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не,
ол адам өмірінде қандай маңынаға ие болады, оның
шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет
жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”, деп нақты
анықтама берді. (Әрине, бұдан бөлек көптеген
анықтамалар бар).
5.
Әлеуметтік философияСонымен әлеуметттік философия – “қоғамдық
болмыстың жалпы негіздерін” зерттеумен
айналысатын философияның үлкен бөлігі.
Әлеуметтік философия қоғамдық шындықтың
тұтас құрылымдық бейнесін көруге ұмтылады.
Әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің
барлық дүниесін, яғни, тарих, мәдениет, дін, саясат,
құқық, экономика т.б. әлемдерінің түпкі,
онтологиялық негіздерін зерттейтін
философиялық ілім болып саналады.
Әлеуметтік философия, ең алдымен, тарихтағы
қоғамдық болмыстың онтологиялық негіздерін
зерттеумен айналысатын философиялық білімнің
бөлігі.
6.
Әлеуметтік философияАталғандардың бәрін эклектикалық қамтып қана
қоймай әлеуметтік философия – әлеуметтік, яғни
қоғамдық, социумдық құбылыстар мен үрдістерді
танудың теориялық-методологиялық мәселелерін,
заңдылықтарын, қоғам болмысының динамикасын
да қарастырады.
Осынысымен, яғни қоғам феноменін тұтас
қарастыратындығымен әлеуметтік философия,
қоғамды қарайтын арнайы философиялық
ғылымдар – әлеуметтанудан, саясаттанудан,
мәдениеттанудан ерекшеленеді.
7.
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫДҮНИЕТАНЫМДЫҚ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
БОЛЖАМДЫҚ
ТАНЫМДЫҚ
АКСИОЛОГИЯЛЫҚ
ТӘРБИЕЛІЛІК
8.
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫС
ҚОҒАМДЫҚ САНА
ӨНДІРІС ТӘСІЛІ
ЕРКІНДІК ПЕН ҚАЖЕТТІЛІК
БАЗИС
ҚОНДЫРМА
9.
К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамөмірінің,тарихтың әлеуметтік заңдарының
табиғат заңдарымен ұқсас жақтарын көрсетумен
қатар,түбірлі айырмашылықтарын да ашып берді.
Бұл айырмашылық олардың қоғамдық дамуды
табиғи-тарихи процесс деп сипаттауынан
көрінеді.Табиғат процестері санадан тыс және
тәуелсіз қандай заңды,объективтік процесс
болса,табиғи-тарихи әлеуметтік процестер деп дәл
сондай заңды, қажетті, объективті болып
табылады.
10.
Қоғам және табиғат, олардыңөзара әрекеттесуі
немесе материя және идея
Ойдың даму тарихы
1. Платоннан Марксқа дейін – үлкен назар рухани
факторға аударылды.
2. Марксизм – материалдық факторлар басым
түсті. (адамдар арасындағы әлеуметтік
экономикалық және материалдық қатынастарға)
3. XX ғасыр – материалдық және рухани
факторлардың бірлігіне көп көңіл бөлді.
Көптеген концепциялар, діни концепциядан
басқасы, табиғат факторларына көп назар
аударып қоғам табиғаттан пайда болды деп
тұжырымдайды.
11.
Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуініңтарихи кезеңдері
1. Биологиялық –табиғат қоғамнан жоғары
тұрады.
2. Әлеуметтік гармония – табиғат және қоғам
гармонияда.
3. Әлеуметтік басым түссе – экологиялық
дағдарыс.
4. Дағдарыстан шығу жолы ноосфера –
ақыл сферасы арқылы.
12.
Қоғам мен табиғат өзара табиғи байланыста.Осының нәтижесінде ноосфера (гр. «ақыл» және
«сфера») деп аталатын табиғатты «адамдандыру»
яғни адамның табиғатты игеру процесі пайда
болды. Ноосфера адамзаттың пайда болуына
байланысты туды. Қуатты, дамыған техника мен
технологияны пайдалана отырып, адам жер
табиғаты мен жердің айналасындағы кеңістікке
зор әсерін тигізеді.
13.
«Биосфера - жаңа эволюциялық күйге - ноосферағаайналды және айналуда, ғылыми ой әлеуметтік
адамзатты өңдеуге» деп жазды В.И.Вернадский .
Қоғам өмірінің екінші қажетті табиғи жағдайы
тұрғын халық. Адамсыз өндіріс мүмкін емес,
табиғатты игеріп, қоғам мүддесіне қызмет ететін
қуатты күш адамның еңбегі.
14.
Қоғамның негізделуіҚоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы
натурализм, идеализм, материализм,
стратификация, өркениеттік және т.б. теориялық
үлгілерде көрініс береді. Қоғамның дамуы
революциялық немесе эволюциялық сипатқа ие.
Философияда қоғамның дамуы әлемдік тарихтың
бірлігімен алуан түрлі принципімен
қарастырылады, өйткені мұнда жалпылықпен
жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының жалпы
диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық
дамудың басты мәселесіне қоғамдық прогресс
ұғымы мен оның өлшемдері жатады.
15.
Қоғам ұғымыҚоғам дамитын және дамудағы жүйе. Оның
өзінің қозғаушы күші болады. Тарихи процестің
субъектісі және қозғаушы күші әртүрлі
философиялық бағыттарда қоғамды рухани
және материалдық тұрғыдан негіздеуге көрініс
береді.
Осылайша, қоғам дегеніміз мүдделері,
құндылықтары және мақсаттары әртүрлі
адамдар тобы мен әртүрлі әлеуметтік
бірлестіктердің жиынтығы болып табылады.
16.
ҚоғамТабиғаттан ажырап бірлесе бастаған адамдар еңбек
бөлінісінің, таптардың пайда болуының, адамды
адамның қанауының куәсі болды. Осылай олардың
қоғам туралы түсініктері қалыптаса бастады. Бұл
түсініктермен қатар біртұтас, тірі әлеуметтік организм
ретінде қоғам да дамыды.
Қоғам кең мағынада табиғаттан оқшауланған және
адамдардың өмірлік әрекетінің тарихи дамып келе
жатқан формасын білдіретін материалдық әлемнің
бөлігі ретінде түсіндіріледі.
Тар мағынада қоғам – бұл жеке қоғам (мысалы,
американдық, кеңестік, қазақстандық).
Қоғам дегеніміз – адамдар арасындағы экономикалық
қатынастар, яғни материалдық игіліктерді өндіру
процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар.
17.
Қазіргі заманда қоғам түсiнiгi үш тұрғыданқарастырылады:
• әрекеттiлiк - қоғам жеке индивидттердiн жай ғана
жиынтығы емес, әр-түрлi әлеуметтiк топтар, ұжымдар,
топтар, ұлттар, мемлекеттер т.б. сияқты тарихи
қалыптасқан адамдардың бiрлескен өзара-әрекеттесу
формалары;
• қатынастық қоғам – айқындаушы болып табылатын
экономикалық қатынастар негiзiнде қалыптасқан
әлеуметтiк қатынастар жиынтығы;
• институционалды қоғамды – ұйымдасқан басқару
аспектiсiнде қарастырады, қоғамның тұрақты дамуын
қамтамасыз ететiн ұйымдар мен мекемелер
жиынтығы.
18.
Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:Қарапайым қоғам - рулық-тайпалық
қатынастарға, табиғи шаруашылдық
формасына негiзделген, еңбектiң жыныс пен
жас шамасына қарай бөлiнуiмен, стихиялық
түрде ұжымды басқару iсiне қатысумен, және
көбiнесе көшпендiлi өмiр сүру мен, бiлiмдi
ұрпақтан ұрпаққа ауз тiлi және тәжiрибе
арқылы жеткiзу мен ерекшеленетiн алғашқы
қоғамның типі.
19.
Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:Дәстүрлi қоғам - аграрлы революция нәтижесiнде
көптеген әлеуметтiк (орталыққа бағынатың мемлекет,
абсолюттi монархия), құқықтық, және бiлiм
институттарының қалыптасуы, жазба тiлдiн пайда
болуы мен моногамиялық отбасының пайда болуы,
қоғамдық сатыда жоғары тұрған элитарлық басқару,
өзiндiк пайдалану экономикасы, товар алмасу
қатынастарының нығайтылуы және жеке меншiктiң
пайда болуы, кәсiби және ауыл шаруашылығына
негiзделген еңбек формасының кең тарауы, үлкен
мәдени орталықтардың-қалалардың пайда
болуы, ғылыми бiлiмдердiн кең өрiс алуы мен
ерекшеленетiн қоғам типі (меншiк объектiсi- құл
иеленушiлiк-адам, феодалдық-жер, капиталистiккапитал).
20.
Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:Индустриалды қоғам индустриалды
революция негiзiнде үш әлеуметтiк
экономикалық заңдарды жүзеге асырды:
уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi көтерiп
асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация
логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар
ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк
тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс
конвергенция тезисi деп аталады.
21.
Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:Постиндустриалды қоғам - (1962ж. Дэниел
Белл «Постиндустриалды қоғамның келуi»)
немесе информациялық қоғам деп атауға
болады, өйткенi оның ядросы информациялық
технологиялардың қарқынды және шапшан
дамуы болып табылады. Егер индустриалды
қоғам индустриалды революцияның нәтижесi
болса, онда постиндустриалды қоғам
информациялық революция нәтижесi.
22.
Антика және ортағасыр философиясында қоғаммемлекеттен айрықшаланған емес болды. Мысалы,
Платонның айтуынша, қоғамның негiзi
мемлекеттiн саяси қызметi болып табылады:
халықты сыртқы жаулардаң қорғау және полистiң
iшiнде тәртiптi сақтау деп тұжырымдады. Жаңа
заман философиясында қоғам «қоғамдық келiсiм»
контекстiнде қарастырылды. Бұл теорияның
негiзiн қалаушы Т.Гоббс болып табылады (адамдар
бiр бiрiмен соғыста күйiнде болады, бұл жағдайдаң
тек қоғамдық келiсiм арқылы ғана құтылуға
болады, ал оның кепiлдiгi мемлекет болып
табылады, өйткенi адамдар жартылай еркiндiгiнен
өз тарапынан айрылады).
23.
Тек, Гегель ең бiрiншi болып мемлекет пен қоғамарасындағы айрымашылықтар бар екенiн
байқады, мемлекет (мораль және заңдар) және
азаматтық қоғам (жеке индивидуалды мүдделер
аймағы) деп бөлдi. 19-20 ғғ. философиясында
қоғамға деген көзқарастар бытыранқа, бiркелкi
емес болды;
Конт қоғамды еңбек бөлiнiсi мен ынтымақтастық
негiзделген функционалды жүйе деп түсiндi;
Дюргейм ұжымдық түсiнiктерге сүйенетiн,
индивидуалдының үстiндегi рухани шындық;
Вебер әлеуметтiк әрекеттер негiзiнде қалыптасқан,
индивидтердiн өзара әрекеттесуi дедi.
24.
Ең маңызды үлесiн қоғам түсiнiгiне қосқан К.Марксболып табылады. Оның пiкiрiнше, қоғам организмiнде
бiртұтас материалды негiз бар (материалды игiлiктердi
өндiру тәсiлдерi) және ол адамдар тiршiлiк ету
барысында кiретiн, қоғамдық қатынастар жиынтығы
болып табылады. Маркс қ.э.ф. туралы ұғымды
қалыптастырды, мұнда қоғам дамуының нақты
кезенiнде қалыптасатың материалды және рухани
жақтарының бiрлiгi орын алады. Бұл iлiм бойынша,
қоғам тарихында антогонистiк (құлиеленушiлiк,
феодалдық, капиталистiк) және антогонистiк емес
(алғашқа қауымдық құрылыс, коммунистiк)
формациялар болады. Олардың әрқайсысы меншiк
формасымен айрықшаланады, бiр формацияның келесi
формациямен ауысуы қоғам дамуының негiзi.
25.
Поппердің ашық және жабық қоғамыК. Поппер әлеуметтік философияда қоғамның дамуын
зерттейтін арихи әдіске қарсы болды. Өзінің әлеуметтікфилософиялық түжырымдамасын “Ашық қоғам және оның
жаулары” деген еңбегінде баяндайды (1945). Ол қоғамды екіге
бөледі: ашық және жабық қоғам.
Ашық қоғам – демократиялық жолмен дамитын қоғам;
экономикада, саясатта, мәдениетте әлеуметтік дамыған
құрылымы бар және құқықтық мемлекет, оның плюралистік
сипаты жоғары қоғамды – азаматтық дейміз. Ашық қоғам
мүшелері сыни-рационалдық қоғамды алға қояды. Осыдан
қоғамдағы мінез-құлықты, әлеуметтік амуды саналы түрде
басқару және мемлекеттік институттарды демократиялық
принциптерге сай қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Жабық қоғам деп – капитализмге дейінгі және социалистік
қоғамды атайды. Олардың жұмыс істеу тәртібі тоталитаризм,
жеке адамнан ұжымның басымдығы, догматизм және
әлеуметтік демагогия.
26.
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу дегенсөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі
адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.
Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның
адамның
іс-әрекетімен
байланыстылығы,
адамның және оның қызметінің бірлігі
негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз
жалпылық маңыз алды, адам жасағанның
бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда
мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі
көрсетілді.
27.
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты
мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген
ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарымқатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше
құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның
әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді,
өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады.
Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады,
ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда
болады.
28.
Мәдениет - әлеуметтік фактор,қоғамның
қозғаушы
күші.
Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері
жылжытады. Жеке адам мәдениеті
мен
қоғам
талабы
тікелей
байланысты.
29.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оғанмағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен
арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің
зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет
(цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын
тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.
Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері
атаған, басқа
халықтар
мен
мемлекеттерден
айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.
Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша
азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға
негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының
даму дәрежесін білдіреді.
30.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымныңмағыналарын
төмендегідей
топтастыруға
мүмкіндік
бар:
1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер
(И.
Гердер,
Э.Б.
Тайлор).
2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік
шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.
Фурье,
О.
Шпенглер).
3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа
бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф.
Вольтер,
Д.
Белл).
31.
4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгітарихи-мәдени
саты
(Л.
Морган).
5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән
мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я.
Данилевский және т.б.).6. Өркениет мәдениеттің
техникалық даму деңгейі, оның материалдық
жағы.
32.
Мәдениет пен өркениет бір – біріне өте жақын,төлтума ұғымдар. Әлемдік ғылымның алтын
қорына алғашқы рет цивилизация - өркениет
деген ұғымды енгізген шотланд философы Адам
Фергюссон көрінеді. Дегенмен, бұл ұғымды
қоғамдық болмыстың өзіндік диалектикасының
қыры мен сырын терең зерттеу мәселесіне
кеңінен қолданып, оны метолодогиялық қағида
дәрежесіне көтерген К.Маркс пен Ф.Энгельс
болып табылады. Өркениет туралы мәселе
философия тарихында әр түрлі қырынан
көрінеді.
33.
Біріншіден, өркениет дегеніміз – адамзаттыңдаму процесінде тағылықтан кейін дүниеге
келген ерекше тарихи кезең. Бұл кезеңнің негізгі
ерекшеліктері – еңбек бөлінісі арқасында пайда
болған адамдар арасындағы қарым –
қатынастар онан әрі кеңейіп, товар өндірісінің
пайда
болуы,
таптардың
қалыптасуы,
мемлекеттің дами бастауы.
Өркениет – бүкіл дүние жүзілік тарихи процестің
белгілі бір тиянақты даму сатысы. Археологтар
мен ежелгі тарихты зерттеушілер бұл ұғымды
дәл
осы
мағынада
пайдаланып
жүр.
34.
Өркениетті тарихи дамудың нақты кезеңі депқарастыруды ең алғашқы рет Ш.Фурье ұсынған
еді, осы теориялық дәстүр Л.Морган, Ф.Энгельс
еңбектерінде
одан
әрі
дамытылды.
Екіншіден,
өркениет
деп
салыстырмалы
тұйықталған,
өзіндік
ерекшелігі
бар
қоғамдастықты
атаған.
Бұл
дәстүр
И.Я.Данилевский еңбектерінде қалыптасқан.
Кейінен
осы
концепцияны
О.Шпенглер,
К.Н.Леонтьев дамытқан.
35.
Үшіншіден, өркениет адам баласының өмір сүрумүмкіндіктерін кеңейіп, табиғаттың дайын байлықтарын
пайдаланып қана қоймай, оны қоғамдық өндірістік
технология арқылы өзгерту дәрежесіне көтерілгендігін
дәлелдейді. Еңбектің қалай іске асатыны, адамның
табиғатқа әсер ету тәсілдері өндірісті қалай және қандай
құрал – жабдықтармен жүзеге асыру мәселесі өте
маңызды болды. Өркениет жалпы әлеуметтік прогрестің
даму процестерімен тығыз байланыста өрбиді. Оның
даму жолдарын өркениеттің төменгі сатысы, өркениеттің
жалпы деңгейі, өркениеттің аралық сатылары сияқты
терминдер арқылы сипаттауға болады.
36.
Өркениетті жалпы қоғамдық дамудың жиынтықмәнездемесі деп қарастыруға болады, оған өзара
диалектикалық қарым – қатынаста болып отыратын
қоғамдық өмірдің объективті және субъективті
заңдылықтары
кіреді.
Мәдениеттің алғашқы нышандары еңбек, іс - әрекетпен
бірге қалыптаса бастайды. Ал өркениет кейінірек пайда
болады. Оның қалыптасуының алғышарттары қоғам
дамуының әлеуметтік сипат алуы болып табылады.
Табиғатқа тәуелділіктен босаған адамдардың арасында
шын мәнінде нағыз жалпы әлеуметтік қарым –
қатынастар пайда бола бастады және адам өмірі
күрделене түсті.
37.
Өркениет дамуына кеңінен жол ашатынмаңызды фактор – қоғамдық әлеуметтік
қарым – қатынастардың кеңейіп, нығаюы.
Мәдениет ұғымы адамзат дамуының
барлық тарихи кезеңдерін қамтиды, оның
аясына өркениетті даму да, одан бұрынғы
даму да кіреді. Ал өркениет ұғымы
қоғамдық прогресстің кейінгі кезеңдерінде
пайда
болған
дамуын
түсіндіреді.
38.
Өркениет ұғымы арқылы әртүрлі ұлттардың,халықаралық дамудың өзіне тән сапалық
ерекшеліктері анықталады. Мәселен «ағылшын
өркениеті», «Европалық өркениет» т.б. Жалпы
адамзаттың даму заңдылықтарын зерттей
отырып, өркениеттің тарихи формаларын да
түсіндіруге болады. Мәселен, «антикалық
өркениет»,
«феодалдық
өркениет»,
«капиталистік
өркениет».
Өркениет дегеніміз - өзіндік өндірістік
технологиясымен оған сай мәдениеті бар тарихи
нақты қоғамды білдіретін философиялық –
социологиялық ұғым.
39.
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жердемәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани
мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.
Мәдениет материалдық және рухани: біріматериалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің
өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және
рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары
және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта
пайдаланылады. Олай болса материалдық және
рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар
екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және
рухани мәдениет тұтастыққа ие.
40.
Материалдық мәдениетті мәдениеткеайналдырған адамның идеясы мен
білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі
материалдық нысанда болады, соның
нәтижемінде ол объектіге айналуы
мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы
болып қалады. Сондықтан мәдениетті
материалдық және рухани демей-ақ,
тұтас бірлікте алып қарауға да болады.
Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл
қоғамның дамуына сәйкес, органикалық
бірлігін мойындауда.
41.
Өміршеңмәдениет
қоғамдық
адамнан
ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның
адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық
өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы
мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына
сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол
адамның
қоғамдық
мән
есебінде
дамуын
сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей
қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада,
адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына
сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің
алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,
икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті,
адамдық мәнін жасайды
42.
Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениетқалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар,
компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар
сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы
рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр
жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел
мәдениеті
неге
байланысты?
Олар
театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сәнсалтанатты, барлық жағдайы бар демалыс
орындарына, т.б. байланысты. Оларды
игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір
саласы.
43.
Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелейбайланысты екен. Одан шығатын қорытынды,
мәдениет – қоғамның материалдық және рухани
байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық
дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де
жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын
жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден,
қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар
азып-тозып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде
клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы
жерлерде
кинозалдардың,
театрлардың
материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші
жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант
иелері сауда-саттыққа ауысып кетті.