Похожие презентации:
Солтустик жарты шар табигат зоналары
1.
2.
3.
ЕУРАЗИЯНЫҢ ТАБИҒАТ ЗОНАСЫТабиғат зонасы
Өсімдігі
Жануарлары
Арктикалық шөл
Мүк, қына, балдыр
ақ аю, ақ түлкі
Тундра мен орманды тундра
Бұғы мүгі
Қойөгіз, саңырау құр, Бұлан, Қоңыр аю, қоян
Тайга
Шырша, қарағай, май қарағай, бал қарағай,
самырсын
Топырағы: күлгін
Бұлан, қоңыр аю, бұлғын, қабан, Қиыр
Шығыста қорғауға алынған: Уссурий
жолбарысы
Аралас және жалпақ жапырақты
ормандар
Шамшат, емен, жөке, шырша, сібір қарағайы, корей
самырсыны. Польша мен Белорусия елдерінде
орналасқан қорық: Беловеж нуы
Топырағы: шымды-күлгін
Зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан
Беловеж нуында Зубр, Байкал қорығында
голомянка балығы, байкал итбалығы непра
қорғауға алынған
Орманды дала және дала
емен, жөке, үйеңкі
Батыс Сібір орманында: Қайың, Көктерек Астық
тұқымдастары: Селеу, боз, бидайық
Қасқыр, қарсақ, түлкі
сарышұнақ, дала күзені, дала тышқаны
Шөлейт және шөл, шөлейтті
жусан селеу, бетеге, сексеуіл, қызғалдақ,
қаңбақ,тоғай, тасты шөл: Хамада, сазды шөл: Тақыр
Құрғақшылыққа төзімді: Ксерофиттер
Қарақұйрық, жабайы түйе, құлан, ақбөкен
кесіртке, улы жыландар
4.
ЕУРАЗИЯНЫҢ ТАБИҒАТ ЗОНАСЫҚатты жапырақты мәңгі жасыл
ормандар
лавр, грек жаңғағы, зәйтүн. Жүзім, цитрус
Субтропикті дала
Субтропикті ылғалды,
муссондық ормандар.
Цитрус, анар, жүзім,жер жаңғағы
Магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук
(Колхида мен Ленкорань ойпатында да бар)
Тропиктік шөлдер
Құрғақ өзен арналары - Уәд
Саванналар, сирек ормандар
Пальмира пальмасы, хош иісті сандал ағашы,
тик(кеме және вагон жасайды)
Субэкваторлық ауыспалы
ылғалды ормандар
-
Экваторлық белдеудегі
ылғалды ормандар
Ротанг пальмасы, лианалар, орхидеялар
Өсімдіктердің 40 мыңнан астам, Пальмалардың
300-дей түрі бар
Биіктік белдеулер
–
Гималай аюы, Бамбук аюы: Панда,
Маймылдардан: Макакка, Гиббон
Жабайы есек: Онагр, Жабайы бір өркешті
түйе: Нар(Дромедар)
_
Жабайы пілдер, Маймылдар
Мүйізтұмсықтар, бұқалар, макакалар, ит
басты маймылдар, ірі орангутандар,
жолбарыс, қабылан, тауыс
Қодас,Қар барысы, аю, арқар
5.
6.
СОЛТҮСТІК АМЕРИКАТАБИҒАТ ЗОНАСЫ
Табиғат зона
Аумағы
Жануарлары мен Өсімдігі
Арктикалық шөл
зонасы
Гренландия аралы мен
Канада Арктикалық
архипелагы
Қойөгіз, мүк пен қына
Тундра
Гудзон шығанағының
оңтүстігін, Лабрадор
түбегін қамтиды
Солтүстік бұғылар: Карибу
Тайга
Кордильераның шығыс
беткейінен басталып,
Атлант мұхитына дейінгі
кең алапты алып жатыр.
Кордильера тауының
Тынық мұхит жағалауында
да бар.
Гризли аюы, қара аю барибал,
орман бизоны, вапити бұғысы,
канада сілеусіні, америка
қаракүзені, бұлан, вапити бұғысы.
Ситхин шыршасы, бальзамды
майқарағай, балқарағай
Алып секвойя(Редвуд ұлттық
саябағы), мамонт ағашы
Аралас және
жалпақ
жапырақты,
ауыспалы
ылғалды
ормандар
Материктің шығысынан
Аппалач тауы Мексика
шығанағы жағалауына
дейін аралықты қамтиды
Флорида түбегінің оңтүстігінде
арнайы қорғауға алынған
Эверглейдс батпағы орналасқан.
Батпақ кипарисі.
Қарағай, Үйеңкі, шамшат, каштан
7.
ТАБИҒАТ ЗОНАСЫОрманды дала Шығыстағы
және дала
ормандардан
Корильера аралығын
алып жатыр
Топырағы: қара және
каштан
Шөлейттер,
Субтропиктік
шөлдер
Прерий: Биік шөптен тұратын
дала, (Французша: шалғын),
Дала қасқыры: Койот, бизон,
түлкі
1,5 метр Бозшалғын,
бидайық, бизон шөбі
Кордильераның ішкі
Суккуленттер(Латынша:шыр
аудандары мен
ынды):Бойына ылғал
Мексика таулы қыраты жинайтын өсімдіктер
суккуленттер: ағаш тәрізді
Кактус, алоэ, сүттіген,
опунция, юкка
Саванна және Орталық Америка мен
ылғалды мәңгі Кариб теңізі аймағын
жасыл
қамтиды
ормандар
Топырағы: қызыл
Орхидеялар, ағаш тәрізді
папоротниктер, маймыл,
ягуар, қансорғыш
жарғанаттылар, бауырымен
жорғалаушылар
Скунс, қалталы егеуқұйрық:
Опоссум
8.
Солтүстік Америка табиғат зоналарыныңорналасуының өзіндік ерекшелігі бар.
Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы
сияқты тәртіппен батыстан шығысқа қарай
тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады.
Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде
табиғат зоналарының орналасуы меридиан
бағытында жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері
мен климаттық жағдайларға байланысты.
Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің
түр құрамы солтүстігінде Еуразияға көбірек
ұқсайды. Бұл материктердің көршілес орналасуы
мен геологиялық даму тарихының ортақтығына
байланысты.
9.
Арктикалық шөлзонасы материктің
солтүстігіндегі Гренландия аралы
мен Канаданың Арктикалық
архипелагын алып жатыр. Қысқа,
әрі суық жаз мезгілінде мұз бен
қардан бос батпақты, тасты
жерлерде сирек мүк пен қына
өседі. Бұл зонада мұз дәуірінен бері
сақталып қалған қойөгіз тіршілік
етеді. Оның қалың, әрі ұзын қарақоңыр жүні суықтан жақсы
қорғайды. Қойөгіз ерекше қорғауға
алынып, Дүниежүзілік Қызыл
Кітапқа енгізілген.
10.
Тундра зонасы материктіңсолтүстік жағалық бөлігі мен
Гудзон шығанағының
оңтүстігін, Лабрадор түбегін
қамтиды. Табиғат жағдайлары
Еуразиядағы тундра зонасымен
ұқсас. Солтүстік Американың
тундра зонасына солтүстік
бұғыларының айрықша түрі –
карибу тән. Тундра зонасы
батысында Кордильераға қарай
таулы тундраға, ал
оңтүстігінде ағаштар
араласып, орманды тундраға,
одан біртіндеп тайгаға
ұласады.
11.
12.
Аралас және жалпақжапырақты, ауыспалы ылғалды
ормандар материктің климаты
анағұрлым ылғалды, жұмсақ
болып келетін шығыс бөлігін
бойлай, оңтүстікте Мексика
шығанағы жағалауына дейін
таралған. Аралас ормандарға
орманның сұр топырағы, жалпақ
жапырақты ормандарға
орманның қоңыр топырағы, ал
ауыспалы ылғалды ормандарға
сары және қызыл топырақтар
тән болады. Аралас ормандарға
сары қайың, қант үйеңкісі,
шамшат, жөке, ақ және қызыл
қарағай басым өседі.
13.
Жалпақ жапырақтыормандарда емендердің ондаған түрі,
каштан, платан, қызғалдақ ағашы,
орман жаңғағы, жапырағын түсіретін
магнолия, жабайы жеміс ағаштары
өседі. Бұл ормандар Аппалач тауының
биік бөліктерінде ғана сақталып қалған.
Ауыспалы ылғалды ормандар
субтропиктік белдеуде таралған. Мұнда
қарағайдың субтропиктік түрлері мәңгі
жасыл және жапырағын түсіретін
ағаштар: шамшат, емен, магнолия,
өзенорман жаңғағы мен аралас өседі.
Құрғақ жерлерде қарағай мен ергежейлі
сабаль пальмасы, бойларындағы
батпақтарда осы жерге ғана тән батпақ
кипарисі таралған. Флорида түбегінің
оңтүстігінде арнайы қорғауға алынған
Эверглейдс батпағы орналасқан.
14.
Шығыстағы ормандардан Кордильерағажүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми
беру салдарынан меридиан бағытында
орналасқан орманды дала, дала зоналарын қалыптастырады. Солтүстік
Америкадағы биік шөптерден түратын
далаларды прерий деп атайды. «Прерий»
француз тілінен аударғанда «шалғын» деген
сөз. Прерийде жылу мен ылғал жеткілікті
болғандықтан қара және қара қоңыр
топырақтарда биіктігі 1,5 метрге жететін
селеу, боз шалғын, бидайық, бизон шөбі
және т.б. астық тұқымдасты өсімдіктер
қалың болып өседі. Топырағының құнарлы
болуы себепті бұл зона түгелге жуық
жыртылып, егістіктерге айналған.
Сондықтан зонаның бизон, дала қасқыры койот, түлкі сияқты жануарлары тек
қорықтарда ғана сақталған.
15.
Кордильераның ішкі аудандарындағы қара жусанмен алабота басым өсетін шөлейттер Мексика таулы
қыратында субтропиктік шөлдерге ауысады. Субтропиктік шөлдерде қүрғақшылыққа бейімделген
ағаш тәрізді кактус, алоэ, сүттіген, опунция, юкка
сияқты ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер суккуленттер көп таралған. Суккулент латыншадан
аударғанда «шырынды» дегенді білдіреді. Мексика
таулы қыраты суккуленттердің екінші отаны болып
табылады. Олар бұл аймаққа Панама мойнағы
арқылы Бразилиядан ауысқан.Орталық Америка
мен Кариб теңізі аралдарында қызыл топырақта
саванна және ылғалды мәңгі жасыл ормандар
таралған. Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің түр құрамы жөнінен Оңтүстік Америкаға
ұқсас. Ормандар негізінен пальмалардан тұрады,
орхидеялар, ағаш тәрізді папоротниктер кең
таралған. Жануарлар дүниесі кең танаулы
маймылдар, ягуар, сауыттылардан, әртүрлі
әдемі құстардан, қан сорғыш жарқанаттардан,
скунс, қалталы егеуқұйрық- опоссумдардан,
бауырымен жорғалаушылардан түрады.
16.
Дүниежүзінде тұңғыш рет1872 жылы Йеллоустон
ұлттық саябағы құрылды.
Ыстық бұлақтар – гейзерлер,
тасқа айналған ағаштар
ерекше қорғауға алынған.