4.89M
Категория: МузыкаМузыка

№80_Қазақстан_индустрияландыру_жылдарында

1.

Қазақстан тарихы
Қазақстан индустрияландыру
жылдарында

2.

Сабақтың мазмұны:
1
3
XIV сьезі.
Қажеттілігі
ТүркіСіб темір жолы
2
4
Зерттеудің басталуы
Басқа құрsлыстар

3.

Индустрияландыру
Техникамен жабдықтау арқылы
халықшаруашылығының барлық салаларын дамыту.
Ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті
құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс
негізінде бүкіл халықшаруашылығын қайта құру.

4.

БК(б)П-ның ХІV съезі
1920 жылы Халық шаруашылығы салаларын
машиналық техника базасына көшірудің кешенді
бағдарламасы белгіленді.
• 1925 жылы 18-31 желтоқсан БК(б)П-ның ХІV
съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру
бағыты белгіленді.
• Сталин индустрияландыруға «КСРО-ны машина
және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз
күшімен өндіретін елге айналдыру» деген
анықтама берді.

5.

Индустрияландырудың қажеттілігі
1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі
аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша
кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге
жетті. Жаңа заманға кәсіпорындарды құру қажет
болды.
Елдің экономмикалық әлеуетін тиімді
орналастыру қажет болды. Ел бұрынғыдай
аграрлы, шаруа елі болып қала берді.
Елдің халықаралық деңгейде экономикалық және
саяси оқшалануы индустрияландыруды
жеделдетуді талап етті.

6.

Голощекин Ф.И.
• 1925-1933 жылдары
Қазақстан өлкелік партия
коммитетінің 1-хатшысы болды.
• Кеңестің мемлекеттік және
партия қайраткері. Мамандығытіс дәрігері. Қазан
революциясынан кейін бірнеше
облыстық комитеттің хатшысы
болып, бірқатар аймақтардағы
• 1928 жылы астық дайындау
барысында төтенше шаралар
қабылданып, Голощекиннің
араласуымен миллиондаған
шаруалар қуғынға ұшырады.

7.

«Кіші Қазан»
Ф.И.Голощекинның насихаттаған идеясы:
«Ауыл Қазан төңкерісінің лебін сезінген жоқ»,
«1925 жылдың күзіне дейін бізде болған
жағдайларды Қазақстан оның партия ұйымдары
тарихының алғы шарттары деп атауға
болатындығын», дәлелдеді.
И.В.Сталин: «Голощекиннің ұсынысы «бірден-бір
дұрыс саясат», -деп мәлімдеді.

8.

Оппозиция
• Қазақстанның қоғам қайраткерлері С.Сәдуақасов,
Ж.Мыңбаев «Кіші Қазан» саясатына қарсы шықты.
Талаптары өнеркәсіпті шикізат көзіне жақын
орналастыру.
1926 жылы Ф.Голощекин, І.Құрамысов С.Сәдуақасов
пен Ж.Мыңбаев және сыбайластары
«жергілікті ұлтшылдық көрініс», «ұлы державалық
шоинизм көрінісі» -деп бағалады

9.

С.Сәдуақасов 1900-1933 жылдары
Көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы, ұлттық
бағыт ұстанған қазақ зиялысы. Омбыдағы орта ауыл
шаруашылығы училищесін (1918), көлік
инженерлерінің Мәскеудегі институтын (1932)
бітірген. Еңбек жолын 1915 жылы мектепте
мұғалімдіктен бастаған. 1918-1920 жылдары«Кедей дауысы» газетінің редакторы, Орынбордағы
РКЖО Қазақ облыстық комитетінің хатшысы,
«Еңбекші жастар» газетінің редакторы, 1921-1928
жылдары Қазақ ОАК-нің хатшысы, Түркістан ОАК
жанындағы Қазақ АКСР өкілеттігінің уәкілі, Қазақ
АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының
төрағасы, өлкелік «Еңбекші қазақ» газетінің
жауапты редакторы қызметтерін атқарды.

10.

С.Сәдуақасов 1900-1933 жылдары
• Принципті және жігерлі оқу ісінің халкомы
республиканың бірінші басшысы Ф.Голощекинге
жақпады. Алтыншы партия конференциясында ол
оңшыл және «сәдуақасовшылдардың» жетекшісі
ретінде айыпталып, қызметінен
босатылды...... Сәдуақасовты Мәскеу-Донбасс
темір жолы құрылысына инженер-құрлысышы етіп
жұмысқа жібереді. Сонда 1933 жылы дүниеден
өтті.
«Қазақстан отар болып келді және солай болып
қалды» деп жазды.
Республикаға елдің басқа аудандарынан «бос»
жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы
шықты. 1928 жылы «Большевик» журналында
жарияланған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген
мақаласында индустрияландыру туралы
ұстанымдарын ашып жазды.

11.

С.Сәдуақасов 1900-1933 жылдары
Өнеркәсіптің өңдеу салаларының кең желісін құру
туралы идеясын ұсынды. «Голощекин жолдастың
неліктен жүн жуудан әрі қарай барғысы
келмейтінін, шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзөзінен сұранып тұрғанын» дәлелдеді.
«Қазақстаннан жуылған жүнді Ресейге қарай
шығарып, осы жүннен тоқылған «мәскеулік» шұғаны
кері қарай тасығаннан гөрі, Қазақстаннан дайын
шұғаны теміржолдар арқылы сыртқа шығару жеңіл
емес пе?»

12.


1928-1932 жылдары І-ші бес жылдық қабылданып
Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты
жағынан тұстас келді.
1933-1937 жылдары ІІ-ші бес жылдық
жылдарында Қазақстан экономикасы жылдам
қарқынмен дамыды.
• Елді индустрияландыру қиыншылықтары
• Өлке байлығы туралы ғылыми білім
жинақталмады.
Темір жол тасымалы нашар дамыды.
Жұмысшы табы сан жағынан аз болды.
Жергілікті мамандар жетіспеді.
Елдің 84,4%-ы ауыл шаруашылығымен айналысты.

13.

Табиғат байлықтарын зерттеу
1920 жылдар соңы-1930 жылдар басы
индустрияландыру ісі табиғи байлықтарды
зерттеуден басталды.
КСРО ҒА зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде
жүргізді.

14.

И.М.Губкин
Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик.
«Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың
бірі»-деп көрсетті.
Н.С.Курнаков
Орталық Қазақстанның минерал-шикізат
байлықтарын зерттеген академик.
«ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді
аймағы болып табылады» деген тұжырым жасаған.
Қ.И.Сәтбаев
• Жезқазған мыс кенін зерттеген, жас инженергеолог.

15.

Қ.И.Сәтбаев 1899-1964 жылдары
• Жезқазған мыс кенін зерттеген, жас инженергеолог.
• Геолог,
қоғам
қайраткері,
геологияминерология
ғылымдарының
докторы
(1946),
профессор (1950). Қазақ КСР Ғылым академиясын
ұйымдастырушы және тұңғыш президенті (19461952 және 1955-1964), Қазақ КСР ҒА-ның
академигі
(1946),
КСРО
ҒА-ның
академигі
(1946).
• 1926 жылы Томск технология институтын
бітірген. 1926-1929 жылдары «Атбасар түсті
металл» тресінің геологиялық барлау бөлімінің
бастығы, бас геолог. 1929-1931 жылдары
Жезқазған-Ұлытау аймақтарында жаңа зерттеу
бағдарламасы белгіленді.

16.

Қ.И.Сәтбаев 1899-1964 жылдары
• Жезқазғандағы тау-кен металлургия комбинатының
құрылысы, Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия
зауыттары, Ертіс-Қарағанды, Маңғыстаудағы,
Мұғалжар мен Торғайдағы табиғи байлықтарды
зерттеу жөніндегі ірі зерттеулер ұйымдастыру,
республикадағы минералды-шикізат базаларының
ірі объектілерін игеру, кенді Алтай, Қаратау
фосфориттері және т.б. көптеген кен орындары
Сәтбаев есімімен байланысты.
• Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді:
• Жезқазған мыс кен орнын ашты.
• Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен
үлес қосып, оған басшылық етті.
• Геологиялық ғылымдар институтын құрды.

17.

Жетекші құрлыстар

18.

Түркістан-Сібір теміржолы
Бірінші бесжылдықтағы халықтық екпінді
құрылыстардың бірі.
1927 жылы салына бастады.Жоспарда белгіленген
5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті.

19.

Басшылары:
В. С. Шатов – құрылыс бастығы.
Н. Нұрмақов – құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының
басшысы.
Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа
жәрдемдесу комиссиясының басшысы.
М.Тынышпаев – темір жол маманы, инженер қызметін
атқарды (Т.Рұсқұловтың ұсынысы бойынша).
Т.Қазыбеков -Түрксіб темір жолында қатардағы
жұмысшы,кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің
басшысына дейін көтерілген тұлға
Д.Омаров - қатардағы жұмысшыдан, Түркісіб темір
жолының бастығына дейін көтерілді.
Көшкінбаев – алғашқы пойызды тұнғыш жүргізген
қазақ машинисі

20.

Түркістан-Сібір теміржолы
Теміржол құрылысында 100 мың адам жұмыс
істеді.
10 мың қазақ жұмысшылары құрылысшы және
техникалық мамандықтарды игерді.
Құрылысқа 200 млн сом қаржы жұмсалды.
1930 жылы 25 сәуірде магистраль бойынша
бірінші жұмысшы пойызы жүргізілді.28 сәуірде
Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы
түйісті.
1931 жылы қаңтарда Түрксіб теміржолы тұрақты
пайдалануға берілді.
Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны
Сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды

21.

Т.Рысқұлов 1894-1938 жылдары
• Партия және мемлекет қайраткері, 1916 жылғы
ұлт-азаттық қозғалысына, Орта Азия мен
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға
қатысушылардың бірі. Орыс-қазақ мектебінде,
ауыл шаруашылық мектебінде, Ташкент мұғалімдер
институтында оқыды. 1918-1923 жылдары
Түркістан республикасының партия және кеңес
органдарында, Ұлт істері жөніндегі Халық
Комиссариатында істеді. 1924 жылы Коминтерннің
Моңғолиядағы өкілетті өкілі болды. 1926-1937
жылдары РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі
Төрағасының орынбасары міндетін атқарды.

22.

Т.Рысқұлов 1894-1938 жылдары
• Т.Рысқұлов халық ағарту тақырыбында кең
көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізді.Ересектер мен балалардың өз ана
тілінде оқуына үлкен мән берді.
• 1937 жылы «пантүркішіл», «халық жауы»
деген айыппен тұтқынға алынды.
Тоталитарлық режимнің құрбаны болды. 1956
жылы ақталды.
• Әйелі Әзиза АЛЖИР-де 18 жыл айдауда болды.

23.

Басқа құрылыстар
1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1929
жылы ол Ақмолаға дейін созылды.
1939 жылы Ақмола-Қарағанды (1931), Илецк-Орал
(1936), Рубцовск-Риддер( 1937), ҚарағандыЖезқазған (1940)
Ембі мұнай кәсіпорыны - Қазақстанда салынған
«Екінші Баку» аталған жаңа мұнай базасы.
Шымкент қорғасын зауыты 1934ж қорғасынын
шығарды.
Балқаш мыс балқыту комбинаты 1938жылы бірінші
мыс шығарылды.
Жезқазған кен-металлургия комбинаттары.
Риддер, Қарсақпай полиметалл комбинаттары.
Ащысай полиметалл комбинаты 1935 жылы салынып,
пайдалануға берілді. , Қоңырат кеніштері.
1939 жылдың соңында Ақтөбе химкомбинаты

24.

Маңызды жерлер
Ертіс өңірі Индустрияландыру жылдарында
республика индустриясының дамуына үлес
салмағы зор болған өңір.
• Орал – Сібір –Қазақстан КСРО-да мырыш, мыс,
қорғасын және басқа да стратегиялық
металдар өндіру жөнінен жетекші орын алған
«үшбұрыш».
• 1935 жылы желтоқсан Республиканың түсті
металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш
слеті өтті.

25.

Стахановшылар қозғалысы
Стахановшылар қозғалысы 1935 жылыКСРО халық
шаруашылығын өркендетудің 2- бесжылдық
жоспарын мерзімінен бұрын орындау жолындағы
күрестің барысында еңбек екпінділерінің жұмыс
қарқынын үздіксіз үдетуінен шыққан.
А.Стаханов- Донбасс шахтері, 1935 жылы бір
ауысымда 102 тонна көмір шауып көрсеткішке
жетті.
Т.Күзембаев- Қазақстанда Стахановшылар
қозғалысының ізбасары Қарағанды шахтеры.
Б.Ықыласов - Риддерде Стахановшылардың туын
бірінші болып көтерген шахтер.

26.

Индустрияландыру жетістіктері
Индустрияландыру нәтижесінде Қазақстан 1941
жылы ірі ауыл шаруашылық өндірісі бар
Индустриялы республикаға айналды.
1940 жылы елде көмір өнеркәсібіндегі
Қарағанды көмір бассейінің үлесі 90% болды.
КСРО-да 3 орында тұрды.
КСРО бойынша өнеркәсіп әлеуеті:
• Түсті металдар өндіруден- 2;
• Көмір мен мұнай өндіруден- 3;
• Электр қуатын өндіруден-5 орынға шықты.
Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты.
Урбанизация- қала тұрғындарының өсуі.1939
жылы қалаларда 375 мың қазақтар тұрды. Үлесі
16%-ды құрады.

27.

Нәтижелері
Жағымды:
Ауыр өнеркәсіп қарқынды өсті.
Жұмысшы табының саны және мамандық дәрежесі
өсті.
Жаңа инженерлік-техникалық зиялылар тобы
қалыптасты.
Басқарушылар аппараты өсті.
Қала халқы өсті.
Қазақстан индустриялы республикаға айналды.

28.

Жағымсыз:
• Ауыр өнеркәсіптің дамуы ауыл шаруашылығын
күйрету есебінен болды.
• Көлік, тұрғын үй құрылысы, коммуналдықтұрмыстық қызмет артта қалды.
• Экономиканың көпсалалығы жойылды.
• Халық шаруашылығы әміршіл-әкімшіл тәсілмен
басқарылды. Жеке меншік жойылды.
• Қазақстан тау-кен шикізатын дайындаушы
базаретінде қалды.
Халық дәстүрі бұзылды.
Қазақ шаруалары кедейленді.
Лагерлер жүйесі орнықты
Жергілікті мамандар дайындауға көңіл
бөлінбеді.

29.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!
English     Русский Правила