Похожие презентации:
Жасөспірімді қалай түсініп, қабылдауға болады?
1.
ҚЖасөспірімді
қалай түсініп,
қабылдауға
болады?
2.
Міндеттері:1.
Жиналыстың
мақсаты:
ө
қ
ө
ң
2.
құ қ
ө
қ
ң
-
ң ә
ә
-қ
қ
ө
ғ
ө
-құ
ә
ү
ғ
ғ
ү
-қ
-
3.
ү
ғ
ө
ө
-қ
қ
қ
ә
ғ
-қ
3.
Топқа бөлу«ҮШ ТҮС-ҮШ
ЕСІК» (ЕСІК)
4.
Үш түс-үш есікСары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, түрлі
идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен
жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық
жағдай жасайсыз.
Қызыл түс-алған беттен қайтпайтын, мақсат-мұратыңыз
үшін күреске дайынсыз. Бала тәрбиесінде қаталсыз, балаға
талап қоясыз. Талапшыл ата-анасыз.
Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз. Бала
тәрбиесіне өте жұмсақсыз. Ескертулеріңізді балаңызға
мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.
5.
Маслоу пирамидасыӨзіңді жетілдіре түсу
қажеттілігі
(рухани даму, өсу)
Сый-құрмет қажеттілігі
(өз-өзіңе құрмет, атақ-маңсап)
Әлеуметтік қажеттіліктер
(достық, махаббат, қарым-қатынас)
Қауіпсіздік қажеттілігі
(ауру-дерттен, қылмыс пен дұшпаннан сақтық сезімі)
Физиологиялық қажеттілік
(тамақ, су, киім-кешек, ұрпақ жалғастыру)
6.
Ойын «Есіңізге түсір»7.
1. Ересектермен қарсы сөзгекелу.
2. Үйден кетіп қаламын
деген ойда болу.
3. "Осы мені ешкім
түсінбейді" деген ой болды
ма?
4. Сыртқы келбеттерінізге
тәжірибе жасау.
8.
1-кейс. Аружан 12 жаста, ол көптен күткен және отбасындағы жалғыз бала.Кішкентай кезінен бастап ол сүйіспеншілік, қамқорлық пен қолдауды сезініп
өсті. Аружанның оқудағы жетістіктері жақсы болды, қосымша музыкалық
үйірмеге қатысты. Анасы Аружанға оқуға, хоббиі және қарым-қатынастарда
әрқашан көмектеседі. Олардың ортақ қызығушылықтары, сұрақтары мен
әңгімелері болады. Бірақ соңғы кезде Аружан мен анасы арасындағы қарымқатынас шиеленісе түсті. Аружанның оқуы нашарлап, мұғалімдердің
ескертулері көбейді. Аружан бағаларын түзетудің орнына көп уақыт
құрбыларымен телефон арқылы сөйлеседі. Ол үй шаруасына көмектесуді,
үйдегі міндеттерін орындауды қойды, ата-анасының өтініштерін де елемейтін
болды. Анасының бөлмеңді жина деген тағы бір ескертуінен кейін, Аружан:
«Бөлмемде нең бар? Мен ешкімге қарыз емеспін, қазір уақытым жоқ, содан
кейін жинаймын. Бөлмем жиналмағаннан ешкім өлген жоқ қой. Маған солай
ұнайды» -деп, дөрекі жауап берді. Ал анасын қызының мұндай мінез-құлқы
мүлдем қанағаттандырмайды және ол онымен бұл туралы сөйлесуді шешті.
Анасы әңгімені қалай бастауы керек? Қызының назарын неге
аудару керек?
9.
2-кейс: 14 жасында Мақсат өзінің YouTube арнасы мен әлеуметтік медиа профилін ашу туралы шешімқабылдады. Ол материалдар дайындай бастады, видеоларды монтаждады, өзі туралы және өміріндегі
барлық оқиғалар туралы белсенді түрде айта бастады, интернеттен хайп пен жанжалды сюжеттер алды.
Көрермендерді қызықтыру үшін ол үйдегі қымбат заттармен суретке түсе, tik-tok-та күлкілі бейнелер
жариялай бастады, еліміздің танымал адамдарын дөрекі әзілдер және мемдермен күлкілі етіп, дауыстай
бастады. Бірте-бірте жазылушылар саны көбейіп, оған тек таныстары ғана емес, сонымен қатар мүлдем
бейтаныс адамдар, соның ішінде ересектер де жазылып, көріп, пікірлер жаза бастады. Пікірлер
позитивті және әдепсіз мазмұнда болды. Жазылушылар саны 1 мыңнан асқанда, жарнама парақшасын
дамыту туралы ұсыныстар түсе бастады. Бала мұны қалыпты нәрсе, онда тұрған қорқынышты ештеңе
жоқ, өйткені бәрі солай жасайды деді. Мақсаттың әкесі күштік құрылымдарда жұмыс істейді, отбасы
үшін қоғамдағы және интернет кеңістігіндегі бедел, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік өте маңызды. Атаанасы баланың өзі туралы тым көп айтып, даулы және арандатушылық мазмұнмен бөлісетініне, үйдің,
саяжайдың және мектептің геолокациясымен үнемі белгілейтініне алаңдай бастады. Жақсы баға алу
үшін мұғалімдерді қалай алдау керектігі туралы хабарламадан кейін ата-анасы оның белсенділігі мен
қажетсіз мазмұны оған және жалпы отбасына қиындық туғызады деп қорықты. Шынында да, хайп пен
жазылушылар үшін күресте ол ата-анасы ұялатын көп нәрсені жариялайды, немесе одан да жаман – ол
алаяқтардың алдауына түсуі мүмкін. Әкесі мен
анасы бұл хоббидің баласы үшін қаншалық маңызды екенін түсінеді, оның танымалдығы мен
жазылушыларының саны артып келеді, бұл оның көп уақытын алады. Оны, отбасын қалай қорғап,
балаға зиян келтірмей, онымен қарым-қатынасты бұзбауға болады?
Егер сіз ата-анасының орнында болсаңыз, қалай ден қойып, не
істер едіңіз?
10.
3-кейс. Анасы 11 жасар Максимнің бетіндегі сызаттар мен жаңадан сатып алынған көйлектіңжыртылған жеңін көрді. Нақты не болғанын сұрағанда, ол қайғырып, оны орта мектеп оқушысы
ұрып-соққанын, бірақ ол да есесін жібермей, мүмкіндігінше жауап қайтарғанын айтты. Қорқатын
ештеңе жоқ, олар ер адамдарша сөйлесіп, бәрін шешті, жағдайдың қайталануы мүмкін деп
алаңдаудың қажеті жоқ деп сендірді. Максим анасы мен әкесінің араласпауын көзіне жас алып
өтінді, әйтпесе оны мектепте «анасының баласы» деп мазақтайды деді. Анасы тынышталып,
кешке әкесіне ұлының «нағыз ер адам» болып өсіп келе жатқаны, өзін қорғай алатындығы және
оның тәрбиесіне жұмсалған күш ақталғаны туралы мақтанышпен айтқысы келді. Бұл әсіресе
Максимнің әкесі үшін өте маңызды болды, ол бір кездері Максимді әртүрлі секцияларға баруын
және «бос» болып өспеуін талап етті. Бірақ оған басқа ата-анамен кездесу үшін мектепке келуін
сұрап, сынып жетекшісі қоңырау шалды. Ол Максим төменгі сыныптағы баланы ұрып-соғып,
онымен төбелесіп, оның портфелін балалардың көзінше терезеден лақтырып жібергенін айтты.
Бала оны тоқтатпақ болып, терезенің алдынан итеріп жіберуге тырысты. Оның үстіне, бұл бірінші
рет болған жағдай емес. Максим оны үзілісте бірінші болып итерген, ол мектеп камераларынында
жазылған, сынып жетекшісі балалармен әңгіме жүргізген соң, Максим енді оған қол тигізбеуге
уәде берді, бірақ жағдай қайталанды. Ол сондай-ақ жоғары сынып оқушыларымен бірге мектептің
артында жүреді, одан темекінің иісі шығады. Таяқ жеген баланың анасы қатты ашулы, ал сынып
жетекшісі бәрін бейбіт жолмен шешіп, мектептегі жанжалды ушықтырғысы келмейді.
Жағдай екіұшты көрінеді, өйткені Максимнің сөздері сынып
жетекшісінің айтқанына қайшы келеді. Максимнің атаанасының орнында болсаңыз, бұл жағдайда қалай әрекет етер
едіңіз, ұлыңыздың бұл мінез-құлқына қалай жауап берер едіңіз?
Психология