Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаясы
1.
Қазақ әдебиеті 6-сыныпБөлім:
«МЕН БАЛАҢ ЖАРЫҚ КҮНДЕ
СӘУЛЕ ҚУҒАН...»
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
хикаясы
Әзірлеген: Райымбек батыр атындағы
№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Кезембаева Зауреш Жамбылтайқызы
2.
ОҚУ МАҚСАТЫА/И3. Шығармадағы көркем
ауыстыруларды (троптарды: метафора,
кейіптеу, метонимия, гипербола, литота,
аллегория, антитеза, градация, арнау)
анықтау
3.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ- Шығармадағы көркем
ауыстыруларды (метафора, кейіптеу,
гипербола, градация) анықтайды
4.
КӨРКЕМ АУЫСТЫРУЛАРКейіптеу – әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз
нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.
Мысалы: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр мылқау танымас тірі
жанды...
Метафора – құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде
астарлы мағынада қолданылуы. Метафора әрдайым ауыспалы
мағынада жұмсалады. Мысалы: Сен қасқыр екенсің...
Алмастыру (метонимия) деп бір-бірімен өзара, іштен байланысты
екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін
ауыстырып қойып жұмсауды айтамыз.
Мысалы:Үйі мәз боп, қой сойды...
Гипербола – күшейту деген мағынаны білдіреді. Гипербола қиял
бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің
жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады.
Мысалы: ...Жоғарғы ерні көк тіреп, төменгі ерні жер тіреп; айшылық
алыс жерлерді бір күнде өтіп жеткен...
5.
1-тапсырмаШығармадан алынған көркем ауыстырулардың
түрін «Сәйкестендіру кестесі» арқылы анықтаңыз
Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына
қонуға таянған.
Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар таудан ұшып өтеді...
Батырлар сілтеген көк семсер – қару біткеннің құдайы...
Түнерген аспан, ат қораның іргесінен әрі қарай үңірейіп
жатқан қорқынышты терең құз.
«Жақсыдан қалған тұяқ ең» - деді Аянға Бапайдың кемпірі.
Дескриптор:
Шығармадан алынған сөйлемдерді оқиды;
Сөйлемдерде қолданылған көркем ауыстыруларды табады.
6.
1-тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісіКүннің көзі қанталағандай
боп ерекше қызарып ұясына
қонуға таянған.
Түнде қотыр тайға қанат бітіп,
асқар таудан ұшып өтеді...
метафора
кейіптеу
Батырлар сілтеген көк семсер
– қару біткеннің құдайы
Түнерген аспан, ат
қораның іргесінен әрі
қарай үңірейіп жатқан
қорқынышты терең құз
гипербола
«Жақсыдан қалған тұяқ ең» деді Аянға
Бапайдың кемпірі
кейіптеу
метонимия
7.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕРКүннің көзі қанталағандай
боп ерекше қызарып ұясына
қонуға таянған.
Түнде қотыр тайға қанат бітіп,
асқар таудан ұшып өтеді...
метафора
кейіптеу
Батырлар сілтеген көк семсер
– қару біткеннің құдайы
Түнерген аспан, ат
қораның іргесінен әрі
қарай үңірейіп жатқан
қорқынышты терең құз
гипербола
«Жақсыдан қалған тұяқ ең» деді Аянға
Бапайдың кемпірі
кейіптеу
метонимия
8.
2-тапсырмаБерілген троп түрлерін «ВЕНН диаграммасы»
арқылы салыстырып жазыңыз
Метонимия
Ұқсастығы мен
айырмашылығы
Кейіптеу
Дескриптор:
Метонимия мен кейіптеуді біледі;
Ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады.
9.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕРМетонимия
Алмастыру
(метонимия) деп бірбірімен өзара, іштен
байланысты
екі құбылыстың,
бұйымның, нәрсенің
атын бірінің орнына
бірін ауыстырып қойып
жұмсауды айтамыз.
Ұқсастығы мен
айырмашылығы
Кейіптеу
Екеуі де көркем Кейіптеу – әр түрлі
ауыстыру
жануарларды, табиғат
түрлеріне жатады. құбылыстарын немесе
Екі түрлі ұғымды жансыз нәрселерді адам
кейпіне келтіріп
білдіреді.
суреттейтін көркемдік
тәсіл.
10.
ОҚУ ТАПСЫРМАСЫhttps://youtu.be/mayYnKEzX8k
Берілген сілтеме бойынша шығарманың фильмдегі
нұсқасын көріп, сол кездегі балалардың өмірі мен бүгінгі
балалардың өмірін салыстырып жазыңыз
Математика