Похожие презентации:
Ғарифолла Құрманғалиев 1909-1993
1. Ғарифолла Құрманғалиев
ҒАРИФОЛЛАҚҰРМАНҒАЛИЕВ
01.01.1909-1993 Ж.
2. Өмірбаяны
ӨМІРБАЯНЫҒарифолла Құрманғалиев Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе
ауданында Ақкөл ауылында кедей шаруа жанүясында 1909 жылдың 1
қаңтарында дүниеге келген. Зерттеуші М. Қүрмангалиева Бұл мәселеге
байланысты әнші 1907 жылы туылған деп те көрсетіп жүр. . Ғарифолла
жас күнінен ата-анадан ерте айрылып жетімдік көреді. Қазақ халқының
салтында бар аға өмірден қайтса оның балаларын аяққа түрғызу
інілерінің мойнында болады.
3.
• Ағалары Ғүбайдолла мен Хамидолланың жанүясында жүріп балаҒарифолла кішкентай кезінен ширақ, естіген білгенін қағып алып
алатын әнге қүмар қүйма қүлақ болып өседі. Ауыл арасындағы той
мерекелерде орындаушылықпен аты шығып әнші бала атанады. Он
жасынан бастап бас қосқан жерлерде болатын әншілердің
жарыстарына қатысып жүреді.
4.
• Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "ҚызЖібек", Мұқан Төлебаевтың "БіржанСара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларында күрделі
партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері
асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол
әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс
сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен
ұштастыра сиғызып жіберетін.
5.
• Әншінің орындауында «Айнам-көз», «Ісмет», «Боз жорға», «Он алты қыз» т.б.көптеген әндер орындаушының бар әншілік шеберлігін танытқан туындылар бол-ды.
Ол әншілік өнермен бірге өз жанынан ән шығарып орындаған әнші-композитор
ретінде де халыққа танымал болды. Оның «Ақ Жайық», «Нүржамал», «Аққу», «Жан
еркем» әндері кәсібилігі, көркемдік деңгейі, орындаушыларға қояр талабы жоғары,
ел ішіне кеңінен танылған әндер. Музыкалық театрдың сол кездегі директоры
қызметін атқарған қазақ сахнасының негізін қалаушы әнші-режиссері Қ. Байсейітов
әншінің осы кезеңі жайлы: «Ғарифолла келген соң концертіміздің көркі кіре бастады.
Ол келгенге дейін батыстың әндерін біле бермейтінбіз. Оның білетін әндері сүмдық
көп болып шықты, зерттеушілер талайын жазып та алды. Кезінде ол айтып берген көп
әндер «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларына пайдаланылды»
6.
• 1934 жылы бүкіл Қазақстанды дүрілдеткен халықшығармашылығының бірінші слеті өтті. Бұл өнерпаздардың
шығармашылығымен танысуға, таңдауға ән, күй, би тағы басқа
шығармаларды осы өнерпаздар орындауында жазып алуға
республикадаға барлық кәсіби мамандар тартылды. Осы жиынның
қайнаған ортасында жүрген М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский, т.б.
ұлт өнерінің болашағын дамыту жолында толымды еңбек етіп көптеген
талантты орындаушылардың есімдерін ашты.