Похожие презентации:
Ұңғыны бұрғылау кезіндегі қоршаған ортаны қорғау шаралары
1.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситеті
Техникалық факультет
“Мұнай - газ ісі” кафедрасы
«Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау »
пәні
Лекция № 30
Ұңғыны бұрғылау
кезіндегі қоршаған
ортаны қорғау
шаралары
Ақтөбе,2025ж
2. Ұңғыны бұрғылау кезіндегі қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы — бұл мұнай, газ, геотермалдық немесе басқа да жер
асты ресурстарын игеру кезінде қоршағанортаға және жұмысшылардың денсаулығына
зиян келтірмеу мақсатында қабылданатын
шаралар жиынтығы. Ұңғыны бұрғылау —
техникалық тұрғыдан күрделі және қауіпті
процесс болғандықтан, оның экологиялық және
қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілуі өте
маңызды.
3. Кен орнын барлау және өндiру Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау талаптары мен
нормаларын толық орындай отырып,Лицензия және Келiсiм шартына
сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
4. Жер қойнауын пайдаланушыларға, геологиялық барлау және кендi игеру жұмысын жүргiзy жолында төмендегідей мiндеттер жүктеледi:
- тиiмдi геологиялық барлаумен жер астының суқойнауын игеру жолында, су көзiн жан-жақты
зерттеумен қатар, саны мен сапасын қайтарымсыз
жоғалтпайтындай жағдай жасап, өндiру ұғымдарын
келiстi пайдалану;
- су көз қабаттарының ластануына жол бермеу;
- әр қабаттардағы суларды араластырмауға,
қабаттан қабатқа құйылмауына шара қолдану қажет
(егер ол жобада көрсетiлмесе);
5. - жер астының суын бақылаусыз жiберуге жол бермей, апатты жағдайда аққан суды тезiрек тоқтауға шара қолдану қажет; -
- жер астының суын бақылаусыз жiберуге жолбермей, апатты жағдайда аққан суды тезiрек
тоқтауға шара қолдану қажет;
- пайдалы компоненттерi бар жер асты
суларын кешендi пайдалану, атмосфералық
ауаны, жер бетiн, ормандар мен су көздерiн
және тағы басқа табиғи объектiлердi, үй
құрылыстарын және ғимараттарды, жер
қойнауын игеру жолында бүлдiруге жол бермеу
геологиялық барлау және жер қойнауын
пайдалану жолындағы бүлiнген жерлердi
қалпына келтiруге тиiстi жұмыстар жасау.
6. Бұрғы ұңғылары, оның iшiнде өзiнен-өзi су ағатындары және барлауға бұрғыланған пайдалануға келмейтiн не болмаса пайдаланылып
болған ұңғылар, реттеуқұрылымдарымен жабдықталады,
сақтауға қойылады, не болмаса
келiсiмдi тәртiппен жойылады.
7. Ұңғыны бұрғылап iске қосу үшiн мемлекеттiк қоршаған ортаны жер қойнауын қорғау органдарының, су ресурстарының басқармасы
тау-кенсанитарлық бақылау органдарының
арнаулы зерттеуге негiзделген
рұқсаты қажет.
8. Әр түрлi мақсатқа арналған ұңғыларды бұрғылағанда жер қойнауын қорғау үшін: -сулы қабаттарды бiр-бiрiмен қатыстырмауға
Әр түрлi мақсатқа арналған ұңғыларды бұрғылағандажер қойнауын қорғау үшін:
-сулы қабаттарды бiр-бiрiмен қатыстырмауға шара
қолдану;
- барлық кигiзбе колонналардың герметикалығын
қамтамасыз етiп берiк цементтеу;
-ұңғыларды бұрғылау үстінде ашылған, сулы
қабаттың кернін байқап, электро және термокаротаж
өткiзiп, сол қабаттың өндірістік су шығу
мүмкiншiлігін мұқият зерттеу. Су шыққан жағдайда
жер қойнауын қорғау шараларын қолдану.
9. Ұңғылар техникалық себеппен аяғына дейiн бұрғыланбай, бұрғыланған бойында тiлмеде сулы қабаттар кездескен жағдайда, сол
қабаттарды жоюқажет, ол үшiн цемент ертiндiсiн құйып
Ережеге сәйкес герметикалығы
тексерiледi, егер бұл жұмыс сапасыз
атқарылса, ұңғының техникалық
жағдайына байланысты изоляциялықжөндеу жұмыстары жүргiзiледi.
10. 1. Қоршаған ортаны қорғау шаралары Ұңғыны бұрғылау кезінде қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін көптеген факторлар бар, сондықтан
қоршаған ортаны қорғаушараларының жүйелі түрде жүзеге асырылуы қажет.
А) Су ресурстарын қорғау:
Суды қорғау: Ұңғының айналасындағы жер қабаттары мен су
көздеріне сұйықтықтардың немесе химиялық заттардың ағуын
болдырмау үшін арнайы герметикалық құрылғылар мен
барьерлер орнатылады.
Өндірістік ағынды суларды басқару: Бұрғылау кезінде
пайда болатын ағынды суларды тиісті түрде жинап, өңдеу
қажет. Олар экологиялық талаптарға сәйкес қайта өңделіп,
табиғи су көздеріне шығарылмауы тиіс.
11. Б) Қалдықтарды басқару: Қалдықтарды жинау және жою: Бұрғылау барысында пайда болатын мұнайлы қалдықтар, шламдар, химиялық
қоспалар арнайы резервуарлардажинақталып, экологиялық зиян
келтірмейтін әдістермен жойылады.
Қалдықтардың өңделуі: Қалдықтарды
тиісті өңдеу әдістері мен технологиялар
арқылы қайта өңдеу немесе зиянсыз жою
жүзеге асырылады.
12. В) Ауаға зиянды шығарындыларды бақылау: Газдардың шығарындыларын бақылау: Ұңғыдан газдарды шығару кезінде ауаға зиянды
шығарындылардың (мысалы, метан,күкіртті сутек) таралуын болдырмау үшін
арнайы газ жинау және тазарту құрылғылары
орнатылады.
Ауа сапасын мониторингтеу: Ұңғы бұрғылау
алаңында тұрақты түрде ауа сапасын тексеріп,
зиянды газдардың шекті нормадан жоғары
болуына жол берілмейді.
13. Г) Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау: Өсімдіктер мен жануарларды қорғау: Бұрғылау алаңдарының экосистемаға әсерін
минимизациялау үшін, жұмысорындарын экологиялық тұрғыдан сау
жерлерде орналастыру қажет. Сондай-ақ,
өндірістік жұмыстар кезінде
жануарлардың мекен ету орталарын
бұзбау үшін арнайы шаралар
қолданылады.
14. ХХ ғасырдың ортасынан бастап, әлемде отын-энергетикалық ресурстарды, оның ішінде мұнайды тұтынудың аса көп өскендігі байқалады.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап, әлемде отынэнергетикалық ресурстарды, оның ішіндемұнайды тұтынудың аса көп өскендігі
байқалады. Мұнай өндірісі қоршаған ортаның
ластануын арттырады, бұл экологиялық
дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін. Мұнаймен
ластану объектілерінің бірі - Әлемдік мұхит.
Қазіргі уақытта мұхиттық ортаға әртүрлі
ластану көздерінен жыл сайын орта есеппен 5
млн тонна (кейбір мәліметтер бойынша 10)
мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері түседі
екен.
15. Теңізде төгілген мұнай және мұнай өнімдері алғашқы сағаттарда тірі организмге өте күшті улы әсер етеді.
Теңіз түбінен өндіру операциялары кезінде қоршаған акватория мұнаймен
ластанады, бұрғылау барысында да
теңіз кен орындарын пайдалану барыс
ында да болады.
16.
17.
18. Төгілген мұнай және мұнай өнімдерін жинау төмендегі әдістер арқылы жүргізіледі: - мұнаймен ластанған жерді механикалық жинау.
Ол қазіргіуақытта кең таралған әдіс;
- химиялық дисперсия әдісі, төгілген мұнайды арнайы
химиялық өнімдермен тозаңдандыру – диспергаторлармен
ыдырату;
-тұндырғыш әдіс, мұнда тұндырғыш материалдар қолданылады:
құм, үгітілген бор, сабан және т.б., ол жоғарғы қабатты ғана
залалсыздандырады;
-су бетіндегі мұнайды жағу, бұл әдісті мұнай жаңа ғана төгілген
болса және оның қабыршағы барынша қалың болғанда ғана
қолдануға болады;
- сорбенттер, төгілген жұқа қабатты мұнай және мұнай
өнімдерін жинау.
19. Қоршаған ортаны қорғау шарасында «Мұнай және газ» нормативтік- құқықтық актілер жиынтығы кеңінен қолданылады. Ластануды
болдырмау үшін бұрғы қондырғысы жанынанарнайы амбар қазылады.
Химиялық реагенттер және басқа зиянды
материалдар арнайы қоймада сақталады.
Жанар жағар майлар арнайы ыдыстарда
сақталады. Аталған шараларды ұстану адам
өмірі мен қоршаған орта тазалығы үшін
маңызы зор.
Экология
Промышленность