Похожие презентации:
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалар
1.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
Ғылыми жоба тақырыбы: “Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалар”
Автор: Алхамова Елназ
Жұмағалиева Аяулым
Тұқжымова Айдана
Жетекші: Молдабаева Зухра
2.
МАЗМҰНЫ:КІРІСПЕ
1. «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ ЖАНР: ҚАЛЫПТАСУЫ, КӨРКЕМДІК БОЛМЫСЫ ЖӘНЕ
КӨРНЕКТІ ҮЛГІЛЕРі
1.1 Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық жанрдың қалыптасуы мен дамуы
1.2 Мемуарлық шығармалардың көркемдік ерекшеліктері
1.3 Қазақ әдебиетіндегі көрнекті мемуарлық шығармалар
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Мектеп бағдарламасында мемуарлық шығармалардың оқытыл
2.2 Сауалнама нәтижесінің талдауы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3.
КІРІСПЕӘдебиет тек поэзия мен прозадан ғана тұрмайды,
сонымен бірге халықтың тарихын, әлеуметтік және
саяси өзгерістерін шынайы сипаттайтын
жанрлардан да құралады. Осындай жанрлардың
бірі – мемуарлық шығармалар, яғни белгілі бір
тұлғалардың өмірі, олардың көрген-білгені мен
басынан өткен оқиғаларды суреттейтін естеліктер.
Мемуарлық шығармалар, бір жағынан, тарихи
дерек көзі болып табылады, себебі оларда нақты
оқиғалар, орындар мен тұлғалар туралы деректер
беріледі. Екінші жағынан, мемуарлар – көркем
туындылар, өйткені оларда автордың өмірлік
тәжірибесі мен ішкі сезімдері әдеби тәсілдермен
бейнеленеді.
4.
Ғылыми жобаның өзектілігі:Мемуарлық шығармалардың қазақ әдебиетіндегі
дереккөзі ретіндегі маңызын ашу;
Оларды талдау арқылы әдеби дамуға тигізген
ықпалын анықтау;
5.
Ғылыми жобаның мақсат-міндеттері:Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін
талдау, олардың қалыптасу кезеңдерін зерттеу және қазақ әдебиетіндегі
мемуарлық жанрдың рөлін анықтау. Мемуарлық жанрдың әдебиеттегі орны
мен маңызы туралы түсінік беру арқылы оның қазақ әдебиеті тарихындағы
құндылығын аша түсеміз.
6.
Н.АқышЕ.Ердембеков
Ж.Аймұханбет
Зерттеу базасы ретінде мектеп оқулықтары,
мемуарлық шығармалар бойынша Г.Қосман, Н.Ақыш,
Б.Ердембеков, Ж. Аймұханбет, Р.Бауыржан
ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Ғылыми жоба құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден
құрылған.
7.
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ ЖАНР: ҚАЛЫПТАСУЫ,КӨРКЕМДІК БОЛМЫСЫ ЖӘНЕ КӨРНЕКТІ ҮЛГІЛЕРІ
1.1. Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Мемуар - болған шындықты сол қалпы ғана жалаң
көрсетіп қоюмен шектеліп қалмай, суреттеліп отырған
уақыттың ең кесек, толғақты мәселелерін де жоғары
эстетикалық деңгейде көтеріп, көрсете алса, нұр үстіне
нұр болмақ.
8.
Кеңес дәуірінде қазақ мемуарлықромандарының дәстүрлі тізіміне
С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу”,
С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мұстафинның
“Көз көрген”, С.Көбеевтің “Орындалған арман”
сияқты санаулы шығармалары ғана кіретін. Бұл
қатар еліміз тәуелсіздік алғаннан бері
Ә.Нұршайықовтың “Мен және менің
замандастарым”, Х.Әдібаевтың “Өмірдария”,
Ш.Мұртазаның “Ай мен Айша”,
Қ.Жұмаділовтың “Таңғажайып дүние”,
Қ.Ысқақтың “Келмес күндер елесі”,
Ш.Мұртазаның “Ай мен Айша”, М.Мағауинның
“Мен” мемуарларымен толықты.
9.
1.2 Мемуарлық шығармалардың көркемдік ерекшеліктері“Мемуар” ұғымына “Қазақ әдебиеті” энциклопедиясында берілетін
анықтама мынадай: “Мемуар (фран. memiores – еске алу) –
авторлардың өздері қатысқан немесе куә болған тарихи оқиғалар,
қоғам қайраткерлерінің өнегелі өмірлері туралы көркем естеліктер.
Мемуарлық шығармада жеке адамның, тарихи тұлғаның тағдырын
халық өмірімен тығыз байланыста алып, оның азаматтық өнегелі
қалыптасу жолын қоғам дамуындағы іргелі, ұлы өзгерістермен
сабақтастыра, нақтылы әрі көркем баяндайды. Мемуар жанрының
туу тарихы ерте дәуірлерден басталды десек те, оның шын
мәніндегі жетілу, қалыптасу кезеңдері – ХVІІІ-ХХ ғасырлар.
10.
1.3 Қазақ әдебиетіндегі көрнекті мемуарлық шығармаларС.Сейфуллин
“Тар жол,тайғақ кешу”
Сәкен Сейфуллин – “Тар жол,
тайғақ кешу”. Бұл шығармада
автор 1916-1919 жылдар
аралығындағы қазақ халқының
саяси-әлеуметтік жағдайын, Алаш
қозғалысы мен азамат соғысы
кезеңіндегі оқиғаларды өз көзімен
көргендей етіп баяндайды.
Шығарма тарихи деректерге бай
және сол дәуірдің шынайы
Б.Момышұлы
“Ұшқан ұя”
Белгілі батыр Бауыржан
Момышұлының бұл мемуарлық
повесінде оның балалық шағы,
отбасы тәрбиесі және Ұлы Отан
соғысына дейінгі өмірі
баяндалады. Шығарма қазақтың
ұлттық құндылықтары мен
дәстүрлерін дәріптейді.
Қ.Жұмаділов
“Таңғажайып дүние”
Бұл мемуарлық шығармада автор
өзінің өмір жолын, Қытайдағы
қазақтардың тағдырын, тарихи
оқиғалар мен мәдени өзгерістерді
сипаттайды. Шығарма қазақ
диаспорасының өмірі мен көшіпқону тарихын баяндайды.
11.
2.1 Мектеп бағдарламасында мемуарлық шығармалардың оқытылуыМемуарлық шығармаларды оқыту – әдебиет сабағында оқушылардың тарихи
танымын, өмірлік тәжірибе туралы түсінігін, адам тағдыры мен рухани
құндылықтарға деген көзқарасын тереңдететін маңызды бағыт. Мұндай
шығармалар оқушыларға автордың шынайы өмірінен алынған оқиғалар мен
тәжірибелер арқылы тәрбиелік, танымдық әсер береді.
Мектеп бағдарламасында «Атамұра», «Мектеп» баспасынан шығатын 5,8 сынып
оқушыларының оқулықтарынан мемуарлық шығармаларды көре аламыз. Ақтанова
А.С., Жундибаева А. жазған 5-сыныпқа арналған «қазақ әдебиеті» оқулығынан
Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» атты мемуарлық шығармасы бар және
Дерибаев С., Орда Г., Сатылова А. біріге жазған 2018 жылы жарық көрген 8-сыныпқа
арналған оқулықтан Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» мемуарлық
шығармасын аңғарамыз.
12.
Зерттеу жұмысымыздың тәжірибеліккезеңіндебіз 8-сынып оқушыларына
арналған Бауыржан Момышұлы
атамыздың «Ұшқан ұя» мемуарлық
шығармасын алдық. «Ұшқан ұя» —
қазақ жауынгері әрі жазушысы
Бауыржан Момышұлы жазған
автобиографиялық шығарма. Орыс
тілінде 1956 жылы Калинин
қаласының кітап баспасында шықты.
Повесть қазақ тілінде алғаш рет 1975
жылы «Жазушы» баспасында Т.
Иманбековтың аудармасымен
жарияланды және 1976 жылы
Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Бауыржан Момышұлының
“Ұшқан ұя” шығармасы мектеп
бағдарламасына енгізілгенде,
оның оқушылардың рухани
байлығын арттыруға, ұлттық
құндылықтарды түсінуге және
қазақ әдебиетінің тереңдігімен
танысуға үлкен үлес қосатындығы
сөзсіз. Шығарма арқылы
оқушыларға қазақ халқының
тарихы мен мәдениеті жайлы
толыққанды білім беру және
оларды адамгершілік,
отансүйгіштік сияқты қасиеттерге
тәрбиелеу мүмкіндігі пайда
болады.
13.
ҚорытындыҚорыта айтқанда, мемуарлық шығармалар — әдебиет саласында ұлтымыздың
тарихы мен мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл жанрдың қазақ
әдебиетінде орны ерекше, әрі оның мектеп бағдарламасына енгізілуі жас
ұрпақтың дүниетанымын кеңейтеді. Шығармаларды оқу барысында оқушылар тек
тарихи оқиғалармен танысып қана қоймай, автордың тұлғасы мен көзқарасын
түсініп, ұлттық сана-сезімдері қалыптасады. Мектеп бағдарламасындағы
мемуарларды оқыту – болашақ ұрпақтың өз тарихына деген сүйіспеншілігін
оятып, оларды ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен
қатар, мемуарлық шығармаларды зерттеу арқылы оқушылар тарихи шындықты,
қоғамның даму кезеңдерін, адамдардың тағдыры мен ерен ерліктерін зерделей
отырып, өзіндік көзқарас қалыптастырады.
14.
Пайдаланған әдебиеттертізімі
1.Қосман Г. О. Қазақ әдебиетіндегі
мемуарлық роман жанры ретінде
қалыптасуы – Алматы:
Международный Академик, 2024
2.Қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақстан
даму институты, 1999. – 750 б.
3.Әдебиеттану. – Алматы: Ана тілі,
1998. –384б.
4.Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ
ғасыр басындағы демократ
жазушылары. – Алматы: Қазақ
мемлекеттік көркем әдебиет
баспасы, 1958. – 308 б.
5.Момышұлы Б. Ұшқан ұя - Алматы :
Санат, 2005. - 224 б
Литература