Похожие презентации:
Тұрақты даму және инновациялық экономика: Еуропа мен Қазақстанның тәжірибесі
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО НАУКИ И ВЫСШЕГО
ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН
«ESIL UNIVERSITY»
«ESIL UNIVERSITY»
Астана қаласы
город Астана
Ақпараттық хат
«Esil University» мекемесі 2025 жылғы 26 қыркүйекте ҚР ҰҒА академигі,
экономика
ғылымдарының
докторы,
профессор
Ғабдығапар
Сағитович
Сейтқасымовтың құрметіне арналған «Сейтқасымов оқулары – 2025» халықаралық
ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Сейтқасымов оқулары – экономика, құқық, менеджмент және басқа да
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға
бағытталған дәстүрлі ғылыми-практикалық іс-шара. Биыл форум аясында тәжірибе мен
білім алмасу үшін Қазақстанның әр өңірінен және шет елдерден келетін
қатысушыларды қуана қарсы аламыз.
Конференцияның негізгі тақырыптық бағыты қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің
кең ауқымын қамтиды. Конференция аясында келесі бағыттар талқыланатын болады:
1. Тұрақты даму және инновациялық экономика: Еуропа мен Қазақстанның
тәжірибесі
2. Экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторлары үшін заманауи
басқару шешімдері
3. Қазақстанның қаржы-банк секторы: жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер
4. Бухгалтерлік есеп пен аудиттегі инновациялар: тиімділікке бастар заманауи
технологиялар
5. Экономика мен басқарудағы ақпараттық технологиялар мен математикалық
әдістер
6. Құқықтық пәндердің дамуының мәселелері мен перспективалары
7. Қазақстан Республикасындағы туризм мен қонақжайлылық индустриясының
даму үрдістері
8. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері
9. Әлеуметтік-гуманитарлық білім берудің өзекті мәселелері
Қатысу шарттары
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысу үшін
2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетіне материалды
aldabergen.e@esil.edu.kz электрондық мекенжайы бойынша ұсыну қажет:
- қоса беріліп отырған нысан бойынша қатысуға өтінім;
- төмендегі талаптарға сәйкес ресімделген баяндама (көлемі толық 4-8 бетке дейін);
Конференцияға қатысу – тегін.
Байланыс ақпараты:
Барлық сұрақтар мен қосымша ақпарат алу үшін aldabergen.e@esil.edu.kz
электрондық мекенжайына жазыңыз.
Тел.: +7 706 424 0612, +7 7172 725401 (ішкі 118)
Жауапты тұлға – Алдаберген Ерасыл Қынабылұлы
2.
Esil University«Сейтқасымов оқулары – 2025» халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясына қатысуға өтінім
1. Баяндамашы(лар)дың Т.А.Ә. – 3-тен аспайтын
2. Ғылыми дәрежесі, атағы
3. Жұмыс орны, лауазымы
4. Телефон (ұялы), факс, e-mail
5. Баяндаманың атауы
6. Қатысу нысаны (күндізгі, сырттай)
Баяндаманы (мақаланы) ресімдеуге қойылатын талаптар
Баяндаманың мәтіні А4 (210х297 мм) форматында суреттер мен кестелерді қосқанда
толық 8 беттен аспауы керек, Windows ОЖ MS Word мәтіндік редакторында Times
New Roman (Times New Roman, Times/Kaz және с.с.) , 14 қаріппен 1,0 аралықта, барлық
жиегі – 25 мм етіп жазылу керек.
Материалдарды ресімдеу тәртібі:
Парақтың сол жақ жоғарғы бөлігінде мақала тақырыбының алдында ӘОЖ
жазылады (міндетті). Әрі қарай парақтың оң жағында автордың тегі мен инициалы,
ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны, қаласы жазылады. Одан кейін бір бос орын
қалдырып парақтың ортасында бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, содан кейін
баяндама жарияланып жатқан тілде аннотация (5-6 сөйлемнен кем емес), одан кейін
қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде түйінді сөздер (7 сөзден кем емес) жазылады.
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер мәтіннің ішінде тікбұрышты жақшада
жазылады. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында жазылады. Мақаланың соңында,
әдебиеттер тізімінен кейін аннотацияның аудармасы болуы керек (қазақ немесе орыс
пен ағылшын тілдерінде).
Мақаланың мазмұны мен фактілердің дұрыстығы үшін автор өзі жауап береді.
Ұйымдастыру комитеті өзінің мазмұны мен ресімделуі бойынша белгіленген
талаптарға сай келмейтін баяндамаларды жариялаудан бас тарту құқығын өзіне
қалдырады.
Біз барлық мүдделі тұлғаларды осы маңызды және өзекті тақырыптарды талқылауға
қатысуға шақырамыз. Сіздің ғылыми диалогқа қосқан үлесіңіз біздің еліміздегі ғылым
мен білім беруді одан әрі дамытуға маңызды қадам болмақ!
Ұйымдастыру комитеті
Экономика