Похожие презентации:
«2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»
1.
«2025-2026 оқу жылында ҚазақстанРеспубликасының орта білім беру
ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің
ерекшеліктері туралы» әдістемелік
нұсқау хатқа шолу
Г.М.Сатыбалдина «№34 орта мектебі» КММ,
директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
2.
Құжаттың жалпы сипаттамасыБұл әдістемелік нұсқау хат 2025 жылы, Астана қаласында, Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің
2025 жылғы 5маусымдағы № 2 хаттамасы негізінде қабылданған
Авторлары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Ы.
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Құжат мектептерге, педагогтерге, әдіскерлерге, білім басқармаларында
қызмет ететін мамандарға бағытталған құрал ретінде жасалған
3.
Негізгі бағыттар мен бөлімдерНұсқау хатының мазмұны мына бөлімдерге бөлінген:
Мектепке дейінгі және
бастауыш білім берудің
сабақтастығы
Бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім беру (МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ) ерекшеліктері
Ішкі және сыртқы бағалауды
ұйымдастыру
Тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру
Инклюзивті білім беру
Арнайы білім беру
Педагогтер мен басшылардың
қызметтік әдістемелік
сүйемелдеуі
Ауыл мектептерінің әлеуетін
дамыту
Оқу процесіне жасанды
интеллектіні енгізу
Педагогтердің ғылыми жарияланымдары мен
академиялық жазылым
Білім беру жобалары білім беруді дамытудың
драйверлері ретінде
4.
2025-2026 жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта келесі бағыттарқамтылған:
- оқу бағдарламаларының мазмұнын сапалы іске асыру;
-оқу жетістіктерін бағалау және академиялық адалдықты ұстану;
- мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық;
- “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге
асыру;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялықпедагогикалық қолдау;
- педагогтер мен мектеп басшыларының үздіксіз дамуы;
- ауыл мен шағын жинақты мектептердің әлеуетін көтеру;
- педагогтердің ғылыми мақала жазуына ,зерттеу жұмыстарын жүргізуіне
әдістемелік қолдау көрсету.
5.
2025-2026 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері :- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда -33 оқу аптасын , 2-11 (12)-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды;
- мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының сабақтастығын
қамтамасыз ету жоспарлары іске асырылуда;
- сапалы және қолжетімді білім беру үшін заманауи форматтағы “Келешек
мектептері” жобасы іске асырылуда;
- еліміздің 17 аймағында 5022 ауыл мектебінің әлеуетін дамыту бойынша “Ауыл
мектебі- сапа алаңы” жобасы жүзеге асырылуда;
- “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында бейіндік сыныптар құрылуда;
- барлық орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіби бағдар берушілер білім
алушылардың ерте кәсіптік өзін-өзі анықтау жұмысын ұйымдастыруда;
- педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер
енгізілуде (ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025 жылғы №32 бұйрығы).
6.
Құндылықтарды тәрбие жұмысына енгізу«Адал азамат» — біртұтас тәрбие бағдарламасы : негізгі
құндылықтар ретінде тәуелсіздік, патриоттық рух, әділеттік, бірлік,
жауапкершілік, еңбекқорлық, жаңашылдық белгіленген
Осы құндылықтар бойынша жыл бойы ай сайын түрлі тақырыптық
тәрбие жұмыстарын өткізу ұсынылған (мысалы, қыркүйек –
«еңбекқорлық», қазан – «отаншылдық» және т.б.)
Бағалау және академиялық адалдық
Ішкі және сыртқы бағалау түрлеріне – формативті, бөлімдік, тоқсандық
бағалаулардың тәсілдері, нормалары енгізілген.
Академиялық адалдық – бағалау кезінде әділдік, ашықтық пен этика
қағидаты ретінде жоғары деңгейде қарастырылған
7.
Инклюзивті және арнайы білім беру1
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдау жасау талаптары
айтылған: арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу,
әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметтері құрылымы
2
Арнайы мектептер мен сыныптардың құрылымы, олардың
толымдылығы, инклюзивті білім беру ережелері – нақты
көрсетілген
8.
Педагогтер мен мектеп басшыларынаәдістемелік қолдау
1
Педагогтердің кәсіби дамуына, ғылыми жұмысқа қолдауды
ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу, академиялық
жарияланымдарды ынталандыру қаралған
2
Педагогтарды аттестаттаудың жаңа қағидалары енгізіліп
жатыр
Жасанды интеллектің рөлі
1
Оқу-тәрбие процесіне ЖИ технологияларын енгізу:
жоспарлау, материалды түсіндіру, бағалау және рефлексияда
құрал ретінде пайдалану; этикалық нормаларын белгілеу
9.
Орта білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарынұйымдастыру
1
2
Педагогтер жарияланымдары : академиялық жазылым бойынша нұсқаулық
Ғылыми мақаланың негізгі ерекшеліктері:
Объективтілік -тек фактілер, талдаулар мен қорытындылар;
Ғылыми стиль- анық тұжырымдар ,ауызекі сөздерді қолданбау;
Нақты құрылым-мақаланың әр бөлімі өз мазмұнын ашуы қажет;
Дереккөздерге сілтемелер-барлық дәйексөздер , деректер, басқа авторлардың /
зерттеушілердің идеялары сілтемемен расталуы керек
10. Пәндер мен бағыттар бойынша ерекшеліктер
Бағыт / ПәнЕрекшелік
Құралдар мен әдістер
Жалпы бағыттар
2025 – «Жұмысшы мамандықтарының жылы»;
«Келешек мектебі», «Ауыл мектебі – сапа алаңы»
жобалары; педагог аттестациясы ережелерінің өзгеруі
Кәсіби бағдар беру, бейіндік сыныптар құру, еңбек
нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру
Мектепке дейінгі және бастауыш
Мектепалды сыныпта Жеке даму картасы толтыру;
жылына 3 рет мониторинг; оқытудың тәжірибелік, ойын,
зерттеу әдістерін қолдану
Баланың қызығушылығына сай әрекеттер, көрсетуорындау тәсілі
Тіл және әдебиет (қазақ тілі, әдебиеті, ағылшын, т.б.)
«Адал азамат» құндылықтарын интеграциялау; ЖИ
арқылы мәтін құрастыру, қателерді түзету, иллюстрация
жасау; аутенттік мәтіндер арқылы мәдениетаралық
байланыс
ChatGPT, DALL·E, мәтін талдау, пікірталас, жобалық
жұмыс
Математика
Құндылықтарды есептер арқылы дамыту (әділдік,
патриотизм, бірлік, креативтілік); ЖИ арқылы есептер
генерациялау
Онлайн-тренажёрлер, автоматты қате талдау жүйелері
Информатика
Цифрлық этика, авторлық құқық, киберқауіпсіздікке
үйрету; ЖИ құралдарын бағдарламалау, деректер талдау,
код генерациясында пайдалану
Генеративті ЖИ, хакатондар, ІТ-жобалар
Жаратылыстану
Экология, табиғатты қорғау, зерттеу әдістері; ЖИ
арқылы құбылыстарды модельдеу, деректерді
визуализациялау
Виртуалды зертханалар, симуляторлар
Физика
Ғалымдардың еңбегін насихаттау, ғылыми этика; ЖИ
арқылы модельдеу, есеп шығару; жобалық зерттеу
жұмыстары
Оптикалық құралдар жасау, энергия тиімділігі жобалары
Химия
Қазақстанның пайдалы қазбаларын зерттеу, экологиялық
жауапкершілік; ЖИ және 3D-модельдеу арқылы
материалдар құрастыру
ChemCollective, Avogadro, ChemSketch
Биология
Экожүйелерді қорғау, Қызыл кітаптағы түрлер;
жергілікті экожобаларға қатысу
Ақпараттық науқан, волонтерлік эко-акциялар
11.
Қорыта айтқандаБұл әдістемелік нұсқау хат 2025–2026 оқу жылында
мектептерде білім берудің жаңа стандарттары мен тәрбие
әдістерін жүйелі түрде ұйымдастыруды қамтамасыз етуге
бағытталған маңызды құжат. Оның басты мақсаты —
білім беру процесін сапалы, әділетті, инклюзивті,
цифрлы және құндылыққа негізделген жүйе ретінде
жетілдіру.
Образование